Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дурысы.doc
Скачиваний:
23
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
40.25 Mб
Скачать

«Kfc» мейрамханасының өнім саясаты

«KFC» мейрамханасы өз жұмысын бастапқыда инновациялық өнім ретінде бастады. Бұл мейрамханада алғашында тауарлардың бір ғана өнімдерін толқтырып, жаңа өнімдер дайындай бастайды. Жаңа өнімдер идеясы мыналардан туындайды:

  • Тұтынушылық қызмет көрсетуден (пікір қалдыру карталары);

  • Галоп сұраулар «gallop survey» (құпия сатып алушылар);

«KFC» мейрамханасында жаңа өнімдер инновациясы мәселесін шешетін «Сапа Сенімділігі» бөлімі қызмет жасайды. Бұл бөлім жаңа өнімді шығару туралы мәселені, оны бағалауды, немесе оны мүлде шығармау жайлы қорытындыны жүзеге асырып отырады.

Мейрамхана жаңа өнімдері міндетті түрде әрі тегін негізде апробирлеу мақсатында тұтынушылар арасында дигустация жүргізу арқылы сыналады.

«KFC» жылдам тамақтандыру мейрамханасының өнімдік микс стратегиясы келесілерге қатысты іске асады:

  • Бәсекелес фирма

«KFC» мейрамханасы McDonalds мейрамхансымен өте күшті бәсекелік позициясында. Олардың тауарлары көбінесе нарықта бірдей жерде сатылады.

  • Атрибуттары

«KFC» мейрамханасының бренд ретінде болуының өзі атрибут.

  • Орын және сан

«KFC» өнімдері жоғары сапа мен бағаға негізделеді.

Мейрамхананың негізгі өнімдеріне тоқталатын болсақ, олар: Классик;Зингер;Боксмастер (түпкінұсқасы немесе ащы); Твистер, мини-твистер (түпкінұсқасы немесе ащы); Лонгер; Лонгер Классик; Техас бургер (бекон); Биггер; Суприм; Грандер;

Сурет-1. «KFC» мейрамханасының өнімдері

Салаттары

Цезарь; Пикантный (татымды); Веджи; Коул-слоу Цезарь; Коул-слоу; Пиканте; Грик;

Сурет-2. «KFC» жылдам тамақтандыру мейрамханасының логотипі

«KFC» мйерамханасының брендінің атрибуттарына тоқталатын болсақ:

  • Бренд атауы: KFC

  • Түсі: қызыл және ақ

  • Символы: Колонел Харланд Сандерстің суреті мен «KFC» жазуы

  • Мастер бренд: брендтің артықшылыққа ие болғаны соншалық, ойға бірден келеді.

Сонымен қатар, «KFC» мейрамханасы өзіндік жеке бір реттік орау түрлерін жасайды. Мейрамхана отбасылық орау түрлерін де ойлап тапқан. Олар адам денсаулығына және қоршаған ортаға зиянын тигізбес үшін экологиялық таза, қағаздан жасалған орамаларды жасайды. Сондай-ақ, брендтік маркировкасы да бар. Орамалардың артықшылықтары:

  • Экологиялық таза

  • Ыстықты ұзаққа сақтайды

  • Тағамның артық майларын сіңіріп алады

  • Ыңғайлы

«Kfc» мейрамханасының баға саясаты

Алғашында «KFC» мейрамханасы өзінің даму сатысына қарай «қаймағын сүзіп алу» стратегиясын кеңінен қолданды. Мейрамхана өнімдерінің бағасы өте жоғары және жоғары тап өкілдері ғана мақсатты аудиториясы болған. Кейіннен, біртіндеп «нарыққа терең ену» стратегиясын алға тартып, жоғары тап пен орта тапқа бірдей бағытталған нарықтық ұстанымға көшеді.

Сонымен қатар, «KFC» мейрамханасы «бірегей баға» стартегиясын да ұстанады. Баға дайындалатын өнімге кететін шикізат өнімдеріне қарай және үкімет саясатының нұсқауымен анықталады. Үкімет салықты одан әрі көлемді алу мақсатында «KFC» мейрамханасының баға саясатына жиі әсер етіп отырады.

«KFC» мейрамханасының өзінің өнім тобының кейбіріне ғана қолданылатын бірегей бағалық стратегиясы бар. Мысалы, орташа көлемдегі сусынымен және фри-картоптарымен бірге сатылатын 2 чизбургерге тапсырыс беруге болады. Сонымен қатар, бұл тапсырысты қажетті көлемде жасауға, яғни бұған үлкен көлемдегі сусын және фри-картоптарын қосады . Тұтынушылар өз қалаулары бойынша өнімдер тобын құрастыра аласыз.

«KFC» мейрамханасы өзінің өнім тобына стартегияларын таңдаған соң, баға қоюды есептейді. Баға белгілеуді есептеу келесі критерийлерге негізделеді:

  • «KFC» мейрамханасы өз тауарларына тұтынушылық ерекшелітерді сақтай отырып, адаидардың әр түрлі көзқарастарына сай әр түрлі баға белгілейді;

  • Олар негізгі баға белгілеу стратегиясын ұстанады;

  • Баға белгілеу үшін үкіметтің нұсқауы бойынша салықтар мен акциздерді қоса есептеген соң қорытынды баға қойылады;

  • Өнімдерге баға нарық сегиентіне байланысты жоғарырақ және бәсекеге қабілетті;

  • Баға белгілеуде нақты және нормативті баға түрлері ескеріледі;

Сонымен, баға қоюды есептейтін болсақ, келесідей:

Бір жылдық мейрамхананың тауық өнімінің жалпы фунты

=1.914 млрд.

Бір жылдық мейрамхананың сатылған тауық бөлшектері

= 5.89 млрд.

Жалпы бөлшек саудадағы сатулар көлемі

= $8.9 млрд.

Бір тауық бөлшегіне сату бағасы

= жалпы бөлшек саудадағы сатулар көлемі / бір жылдық сатылған тауық бөлшектері = $8.9млрд. / 5.89 млрд.=$1.51

Нақты баға = $6 000 000 000 деп есептейміз

Ауыспалы баға

= $675 000 000

Маржиналды табыс = $8 900 000 000*25%=225000000$

Бір тауық бөлшегіне айнымалы баға= $675000000 / 5890000000= $ 0.115

Өнімнің өзіндік құны

= айнымалы баға + нақты баға/ сатылған тауық бөлшектері= 0.115 + 6000000000 / 5890000000= 0.115$ + 1.02$= $1.135

25%-күтілетін қайтарым мөлшері

Баға қою

= өнімнің өзіндік құны / (1 – сатудан күтілетін қайтарым)=1.135$ / (1-0,25)= 1.135 $/ 0.75= $1.5

Сурет-3. «KFC» мейрамханасының негізгі тауарлары мен бағалары