Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3 ,,,,,.doc
Скачиваний:
13
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
185.86 Кб
Скачать

6. Жұмыспен қамтылу мен жұмыс уақытын ұйымдастырудың икемді нысандарын қолдану.

Жаһандану жұмыспен қамтылудың икемді нысандарының пайда болуының себебіне айналған жоқ, бірақ олардың жаһандану үдерісіне тартылған халықаралық кәсіпорындарда дамуына ықпалын тигізеді.

Соңғы уақытта, сондай-ақ келісімдік, жұмыспен біржақты қамтылудың, үйдегі жұмыстың үлесі ӛсіп келеді. Бұл жастар, үй шаруашылығындағы әйелдер сияқты, бұрын жұмыс күшін ұсынуға қатыспаған әлеуметтік топтардың еңбек нарығына шығуына ықпал етеді.

Еңбекті әлемдік нарықта ұсыну да мардымды ұлғайып келеді. Жұмыс күшін ұйымдастырудың жаңа нысандары (еңбектің икемді ережелері, жұмыстардың сырғымалы графиктері, шетелдік еншілері мен ӛкілдік компаниялардағы уақыт белдеулері айырмашылығын пайдалану) еңбек ұсынысы құрылымындағы ӛзгерістер мен компания қызметінің аумақтық ұлғаюына реакция ретінде пайда болды.

ХХ ғ. 90-шы жылдарының аяғы мен жаңа ғасыр басының ажыратылатын ерекшелігі батыс компанияларының кӛбісіндегі уақытша қызметкерлердің үлкен және үнемі ұлғайып келе жатқан үлесі болды [8]. Бұл үрдіс қазір де жалғасып келеді. Мысалы,

АҚШ-та 2003 жылдың мамырынан бастап желтоқсанға дейін уақытша жалданушылардың саны 166,000 адамға дейін ұлғайды. Кәсіпкерлердің (ӛздігінен қамтылғандар) саны да 2004 жылы 330,000 адамға дейін ӛскен [9].

Бұл, бір жағынан, тұрақты жұмыскерлерді жалдау мен жұмыстан босату кезіндегі қатаң және қымбат процедуралардың сақталуын қажет ететін дамыған елдердің кӛбісіндегі қатаң еңбек заңнамасымен, екінші жағынан, тәуекелділікті азайту мақсатында компанияның міндеттемелерінің барлық категорияларын ең жоғарғы деңгейде қысқартуға ұмтылатын қаржы менеджментінің талаптарынан шығады. Еңбек құнының негізгі шығындарының бір бабы екендігін есепке ала отырып, корпорациялар нарық конъюнктурасына тәуелді болып табылатын жалақы қорын ӛзгермелі шығындар категориясына аударуға ұмтылуда. Дамыған елдерде сұраныстың ӛсуі ғана емес, сонымен бірге тұтас әлеуметтік категорияның пайда болуы есебінен уақытша қызметкерлер ұсынысының да ұлғайғандығы байқалады. Зейнеткерлер немесе зейнеткер жасына тақалған адамдар, жас аналар және т.с.с. үшін уақытша еңбекке орналасу тартымды болып табылады.

Аутсорсинг (оutsorsing) те осы бағыттағы маңызды үрдістердің бірі болып табылады. Олардың дамуы экономикалық қызметтің әртүрлі салаларында байқалады. Мысалы, Progressive Policy Institute зерттеу институтының деректері бойынша, 2015 жылға қарай АҚШ-да ақпараттық технология садасында 3.9 млн. жұмыс орны жасалады. Американдық компаниялар тағы да 3.3 миллионнан 14 млн. дейін жұмыс орнын АҚШ-тан тысқары жерде жасайды.

Diamond Cluster International консалтингтік фирмамының американ корпорацияларының топ-менеджерлерінің арасында ӛткізілген сұранама да олардың 86%-ның ӛздерінің ақпараттық технологиялармен айналысатын бӛлімшелерін басқа елдерге ауыстыруды кӛздейтіндігін кӛрсеткен. Сұранама, сондай-ақ, бұрын аутсорсингтен тәжірибесі бар топ-менеджерлердің 74%, осындай іс-әрекеттің нәтижесіне қанағаттанатындығын кӛрсеткен [10].

Қазір кадрларды басқару қызметі сыртқы мамандандырылған компанияларға жиі беріледі. Жұмыс істейтін американдықтардың 2 млн. астам келісім-шарттарын (яғни оларды жалдау, жұмыстан босату, жалақы тӛлеу, біліктілігін арттыру) еңбек ресурстары

менеджменті бойынша мамандандырылған компаниялар басқарады.

Қорытындысында, еңбек қатынастарының дамуындағы негізгі үрдіс еңбек контрактыларын жасау мен әрбір жұмыскер үшін еңбек шарттарын жекелеп қарастыру және, соның салдары ретінде, жұмыспен қамтылудың икемді нысандарын тарату болып табылады.

7. Жұмыс күшінің кәсіби-біліктілік құрамы да ҒТП байланысты, ескі кәсіптердің шайылуы және жаңалардың пайда болуымен бірге ӛзгерістерге ұшырауда; адам капиталы елдер мен фирмалардың бәсекелік қабілеттілігінің шешуші факторына айналып келеді.

Соңғы уақытта жиірек қолданылатын түсінік «білімдік қоғам» («білімдік экономика», «білімдер революциясы») - knowledge society (knowledge economy, knowledge revolution). Білім ең жоғары құндылыққа айналып келеді. Кроуфорд «білімдер экономикасын», оның белгілерін аша отырып сипаттайды, олардың ішіндегілерге тӛмендегілер кіреді:

- ӛнеркәсіп пен қызмет кӛрсету аясының автоматтандыру;

- қызмет кӛрсету аясы үлесінің ӛсуі (әсіресе денсаулық сақтау, білім беру, бағдарламалау, телекоммуникациялар); соған сәйкес жұмыспен қамтылу құрылымының ӛзгеруі;

- экономикалық, саяси, қоғамдық ӛмірде әйелдердің рӛлінің күрт ӛсуі;

- бала туушылықтың тӛмендеуі және соған сәйкес демографиялық мәселелердің туындауы;

- географиялық жылжулар, дамудың білім мен зерттеулердің айналасында шоғырлануы [11, 53 б.].

Бұл үдерістер тӛмендегідей себептермен пайда болды:

Біріншіден, негізгі ресурсы капитал болып табылатын осының алдындағы экономика тұрпатына қарағанда, қазіргі экономиканың айырмашылығы оның білімдерге негізделетіндігі.

Екіншіден, экономикаға Интернет үлкен әсер етуде, оның негізгі белгісі – кӛзді ашып-жұмғанша ақпаратпен алмасу, білімді тарату, ұйымдар мен адамдар арасындағы байланысты іске асыра алу мүмкіндігі.

Үшіншіден, бизнестің жаһандануы жүзеге асырылуда. Ұлттық экономика әлемі жаһандық экономика әлеміне ауысып келеді [12].

Экономиканың кәсіптер мен машықтыққа қажеттілік

динамикасы жұмыс күшінің кәсіби-біліктілік құрылымының ӛзгерістерінен кӛрініс табуда.

Ӛнеркәсібі дамыған елдердің тәжірибесі еңбек ӛнімділігі жоғары деңгейіне жеткенде, ӛнеркәсіп ӛзінің экономикалық қызметтерін жұмыспен қамтылудың салыстырмалы саны орын алғанда да орындай алатындығын дәлелдеді. Мысалы, АҚШ мен Еуропада қазіргі уақытта ӛнеркәсіп жұмысшыларының саны барлық жұмыспен қамтылған тұрғындардың 20% жуығын құрайды. Болжауларға сәйкес, 2010 жылы ол 5-10%-ға дейін қысқарады. Егер АҚШ-та XX ғ. басында ауылшаруашылығы жұмысшыларының үлесі барлық жұмыс күшінің 50% құраса, болжаулар бойынша, 10-15 жылдан кейін олардың саны екі есеге қысқарады [13].

Сонымен бірге дамыған елдерде қызмет кӛрсету аясындағы жұмыспен қамтылғандардың ӛсуі байқалады.

Дамыған нарықтық экономикалы елдердің кӛбісінде орташа арнайы білімі барлар жұмыскерлердің үлесі жоғары кәсіби деңгейлі мамандардың үлесінен асып отыр, ал кеңсе қызметкерлері жұмыспен қамтылғандардың мардымды бӛлігін құрайды.

Бүгінгі күні тұрақты, ашық және кеңінен тарап келе жатқан әлемдік экономиканы қамтамасыз ететін халықаралық ынтымастық мәселесі бұрынғыдан да жоғары мәнге ие болуда. Әлемдік саудадағы жалғасып келе жатқан ӛсу нарықтардың ӛзара тиімді түрде ұлғаюын білдіреді, ал бұл ӛндіріс пен жұмыспен қамтудың ӛсуінің жоғарылауына алып келетіндігін кӛрсетеді. ТШИ мен басқа нысандағы капиталдың неғұрлым еркін ағымы осы сияқты ресурстарды анағұрлым тиімді бӛлуге, экономикалық ӛсуді жоғарылатуға алып келеді. Экономикалық ӛсуді жоғарылату кӛптеген мәселелерді, тіпті ең құрығанда, әртүрлі даму деңгейінде тұрған кӛптеген елдердегі жұмыспен қамтылу саласындағы мәселелерді жұмсартудың кілті болғандықтан, жаһандануға қатысты оңтайлы кӛзқарасты да қабылдаудың маңызы зор.

Сонымен бірге, халықаралық ынтымастық бүгінгі жаһандану үдерісінен алынатын нәтижелерді жақсарту үшін қажет деп санайтын бірқатар бағыттар да бар. Бұл кӛптеген зерттеулер мен халықаралық ұйымдардың құжаттарында кӛрсетілген. Қойылатын мәселелердің бірі дамуы жағынан тӛменірек елдердің едәуір санының, әсіресе, Сахараның оңтүстігіне қарай орналасқан Африка елдерінің жаһанданудың жемістерін пайдалану мүмкіндігінен тысқары қалуы болып табылады. Ӛсіп келе жатқан ТШИ мен

капиталдың басқа нысандағы ағымдары бұл елдерді айналып ӛтуі жағдайында, бұлардың әлемдік экономикадағы үлесі түсіп кетті. Шынында да, тікелей шетелдік және портфелдік инвестициялардың ағымдары негізінен неғұрлым жоғарырақ табысы бар және анағұрлым жетістікті дамып келе жатқан елдерде жинақталды. Бұл мәселені шешудің жолы бұл елдердің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатуға бағытталған ұлттық саясатында болып табылады, бірақ қазіргі кезде бұл елдердің дамуын тежеп тұрған негізгі кедергілерді жеңу үшін халықаралық ықпал қажет.

Әрбір елдің нағыз ұлттық мүдделері ең алдымен мемлекеттік тәуелсіздікті, тұрмыс жағдайын, халықтың ӛмір сүру сапасының жоғарылығын, оның рухани құндылықтарын сақтауды қамтамасыз етудің талаптарымен анықталады. Бұл мүдделерді халықаралық ынтымақтастықтың, оның ішінде, экономикалық саланың сәйкес басым бағыттары талап етеді. Шын мәнінде тәуелсіз мемлекеттің ӛзінің нарықтарын ашуы, шетел капиталын тарту және халықаралық кооперацияға қосылу сияқты үдерістер міндетті түрде ұлттық бақылауда болады. Ұлттық экономикаларды ашу міндетті түрде ішкі нарықты қорғаумен және экономикалық мүдделерді іске асыруға қажетті ӛмірлік маңызы бар салаларды шетелдік инвестициялауды шектеумен, ӛз экономикасының бәсекеге қабілеттілігінің артуын ынталандырумен сәйкестендіріледі. Мемлекет ақпараттық және білім беру саясатында ұлттық мәдениеттің бірінші кезекте болуын қамтамасыз етеді және әдеттегі рухани құндылықтарды қолдайды және қорғайды. Басқаша айтқанда, ұлттық экономикалардың ашықтылығы, экономикалық дамудың жаһандануы мен ұлттық қауіпсіздік тығыз ӛзара байланыста болады.

Осыған орай, қауіпсіздік оның кең мағынадағы түсінігінде бейбітшілікке, тәуелсіздікке, тұрақтылық және жекелеген елдер мен тұтас аймақтарға қатысты факторлар кешені ретінде қарастырылады. Экономика мен қауіпсіздіктің ӛзара байланысының, ең кемінде, тӛмендегідей тӛрт негізгі жағын бӛліп кӛрсетуге болады:

- экономика ішкі әлеуметтік-саяси тұрақтылықтың негізі болып табылады;

- экономика халықаралық ынтымақтастық пен аймақтық интеграция үшін база ретінде болады;

- бұл сӛздің ӛз мағынасындағы экономикалық қауіпсіздік деген де бар;

- экономика қорғаныстың жеткілікті деңгейін қамтамасыз етудің басты шарты болып табылады.

Егер ұлттық мүдде, ұлттық қауіпсіздік экономиканың абсолютті жабықтығы тұрғысынан қарастырылатын болса, олар ӛнімділігі тӛмен категорияларға айналуы мүмкін. Мұнда мәселе әлемдік ӛндіріс пен саудадағы құрылымдық ӛзгерістердің негізінде халықаралық еңбек бӛлінісі жүйесіндегі терең ӛзгерістердің жатқандығында болып отыр. Бұл ӛзгерістер интеграцияның жылдамдауымен әлемдік экономиканың ӛзара тәуелділігінің күшеюі жағдайында ӛте ірі компаниялардың, ең бастысы ТҰК (трансұлттық компаниялардың) шешім қабылдайтындығының нәтижесі болып табылады, сондай-ақ жекелеген елдердің экономикалық даму деңгейлері мен қарқындарындағы айырмашылықтарды кӛрсетеді. Халықаралық еңбек бӛлінісінің даму үдерісін ұлттық, салалық, аймақтық және ішкі фирмалық, сонымен бірге осы деңгейлер бойынша жұмыспен қамтылу деңгейінде қарастыру тиімді болып табылады.

Ұлттық деңгейде институционалдық факторлар мен мемлекеттің білім беру, мамандық дайындау, жұмыс күшінің сапасы, инновациялық үдерістердің қарқындылығы, іскерлік белсенділікті ұзақ мерзімдік жоспарлаудың кепілділігі және т.с.с. аясындағы саясатына басты назар аударылады. Мәселенің бұл қырлары, жиынтық түрде алғанда, жекелеген елдердің маңызды бәсекелік артықшылықтарын құрайды.

Экономиканың салалық даму тұрғысынан алғанда, халықаралық еңбек бӛлінісінің ӛзгерістерін бағалағанда бір салалардың ӛнімдеріне деген сұраныстың басқалардың ӛнімдеріне қарағанда тезірек ӛсетіндігін есепке алуға мүмкіндік береді. Ӛнімдеріне жоғары сұраныс орын алған салалардың жеткілікті саны бар елдер бәсекелік артықшылықтарға ие болады. Талдаудың салалық аспектісі, сонымен қатар, жоғары технологиялы салалар үлесі ӛсіп отырағн елдерде жұмыс күшінің құрылымындағы жоғары білікті кадрларының жоғары үлесі қалыптасады. Бұл да елдің маңызды бәсекелік артықшылығы болып табылады.

Фирма тұрғысынан алғанда, халықаралық еңбек бӛлінісінің оның іс-әрекетіндегі мынадай бағыттарын анықтайтындығы анық: бәсекенің шиеленісуі, ӛндірістің неғұрлым жетілген әдістерін

қолданудың, ӛндірушілер мен тұтынушылар арасындағы анағұрлым қарқынды бірлестіктің қажеттілігін тудырады, сапаға, икемділікке және сыртқы ортадағы ӛзгерістерді дереу сезінуге деген талаптарды күрт арттырады. Осыған байланысты кез-келген ӛзгерістерге жылдам сезімталдық білдіруге мүмкіндік туғызатын қалыптасқан ақпараттық жүйесі мен инфрақұрылымы бар фирмалар бәсекелік артықшылықтарға ие болады.

Осы айтылғандарды негізге ала отырып, ұлттық экономикалардың ӛсіп келе жатқан ашықтығы мен экономиканың жаһандануы жұмыспен қамтылуды дамыту және ұлғайтудың неғұрлым жоғары деңгейіне қол жеткізуге мүмкіндік беретін жолдарды ашады деген тұжырым жасауға болады. Халықаралық сауда мен инвестициялар ауқымының ӛсуі нарықтарды ӛзара тиімділікпен дамытудың, әлемдік экономикада ресурстарды, оның ішінде еңбек ресурстарын бӛлуді жетілдірудің негізі бола алады. Бұл әлемдік экономиканың жаһандануының ұлғаюына алып келеді, оның артықшылықтарын дамудың әртүрлі деңгейінде тұрған елдер пайдалана алады.

Дегенмен, экономиканың ашықтығы жағдайында қорғауды қажет ететін «стратегиялық сектор» еңбек нарығы болып табылады.

Қазіргі жағдайдағы ұлттық еңбек нарығының дамуын талдауды жаһанданудың оған әсер ететін негізгі бағыттарын зерттеуден бастау қажет.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]