Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3 ,,,,,.doc
Скачиваний:
13
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
185.86 Кб
Скачать

1. Материалдық ӛндірістегі, әсіресе, дәстүрлі салалардағы жұмыспен қамтылудың қысқаруы жағдайында оның жаңа жоғары технологиялы салалар мен қызмет кӛрсетулер аясына құйылуы.

Бүгінгі күні «жаһандану» атына ие болған ұлттық экономикалар нарықтарының өзара тәуелдігі жоғары білікті еңбек нарығындағы жағдайды анықтайды және жұмыс іздеушілерге өзгертілген талаптар қояды. Мамандардың болжауы бойынша, жақын арада сұранысқа ие болып қала беретін барлық елдер үшін ортақ мамандықтардың ішінен «бизнеске қызмет етуге» (Business Services) кіретін басқару, бухгалтерлік есеп және қаржы, аудит, консалтинг, сонымен қатар мемлекеттік қызмет, медицина мен тұрғындарға әлеуметтік қызмет көрсету, ақпараттық технологиялар және қонақүй шаруашылығын бөліп көрсетуге болады [3]. Мысалы, Ұлыбританияда, Варвика университетінің жанынан ашылған еңбекке орналастыру бойынша Ғылыми-зерттеу институты (Institute for Employment Research, University of Warwick) мамандарының пікірінше, банк пен сақтандыру ісімен, компанияны басқарумен, аудит және консалтингпен, ақпараттық технологиямен байланысты бизнесте миллионнан астам орын пайда болады. Жаңа Зеландияда, Еңбек министрлігі үкіметтік тобының (Department of Labour's, Labour Market Policy Group) деректеріне сәйкес, бизнес саласындағы барлық вакансияның 80% ғана жұмыспен қамтылған. Ирландық рекрутингтік портал IrishJobs.ie. аналитиктері елде басқару кадрларының жетіспеушілігінің ӛткір мәселеге айналғандығын атап кӛрсетуде.

Германияда жоғары білікті менеджерлермен таңқаларлық жағдай туындады. Соңғы 15 жылда Германия ЖОО болашақ басқарушыларды шығаруды екі еседен артық дәрежеде еселендіргенімен, ол бұрынғыдай жоғары білікті менеджерлерге қажеттілікті басынан кешіруде. Еңбек нарығы мен кәсіби біліктіліктің Нюрнбергтік институтының (IAB) болжауы бойынша, 2010 жылға қарай қазіргі бар әрбір 1000 жұмыс орнына сәкес басқару саласында қосымша 420 орын пайда болады, ал консалтингте бұл цифр екі есеге артады.

Еңбекке орналастыру бойынша Француздық ұлттық агенттігі (APEC) аудиторлық компаниялар үшін жас мамандарды таңдап алудың ең жоғары индексін атап кӛрсетеді. Ол 97 %-ға тең.

2. Жұмыс күшінің жинақылығы кӛрсеткіштері мен сипаттамаларының өзгеруі.

Жаһанданудың жинақылыққа әсерін зерттеу сұрағындағы қалыптасқан екі негізгі ой: жаһандану, тұтас алғанда, кӛші-қонды тӛмендетеді және жаһандану жоғары білікті жұмыскерлердің дамушы елдерден дамыған елдерге кӛші-қонын ұлғайтады дегенге барып саяды.

ТШИ жаңа жұмыс орындарын жасай отырып, көші-қон ағымдарын қысқартады. Сонымен қатар, АКТ белгілі жұмыстарды орындауды басқа елдерде тұратын қызметкерлерге тапсыруға мүмкіндік береді, яғни кӛші-қон ағымдарын тӛмендетуге ықпал етеді. Екінші жағынан, халықаралық деңгейдегі ұлғайып келе жатқан табыстағы теңсіздік заңды да, сондай-ақ заңсыз да кӛші-қонды ӛсірудің мықты ынталандыру факторы болып табылады. Тұтас алғанда, жұмыс күшінің елдер арасында қайта құйылуы, еңбек ресурстарын бӛлудегі үйлесімдікке ықпал ететіндіктен, еңбек ӛнімділігінің ғаламдық ӛсуіне алып келеді. Қазіргі кӛші-қоға тән ерекшелік оның ағымдарының екі бағыттан тұратындығында болып табылады, олай болса, бір мемлекеттің өзі донор-ел де, реципиент-ел де бола алады. Мысалы, Ұлыбритания мен АҚШ қатарынан әлемдегі басты рецепиент-ел де, жекелеген елдер үшін донор да болып саналады (АҚШ Канада үшін донор, Ұлыбритания Австралия үшін донор).

АҚШ сияқты Канадада да жасырын кӛшіп-қонушылардың саны үлкен. Мамандардың бағалаулары бойынша, АҚШ бұл цифр 4,5 млн. адамнан асады, олардың кӛбісі Мексикадан шыққандар болып табылады [4].

Батыс Еуропа да жұмыс күшінің халықаралық кӛші-қоны ең ірі орталықтарының бірі болып табылады. 1950 жылдан бастап 1990 жылдар аралығында осы аймақтағы кӛшіп келушілердің саны 5,1 млн. адамнан 17 млн. адамға дейін ӛсті. Олардың екі жақтық ағымы Қазақстанға да тән.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]