Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3 ,,,,,.doc
Скачиваний:
13
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
185.86 Кб
Скачать

Жаһандану жағдайындағы әлемдік еңбек нарығының даму тенденциялары

Қазіргі кезде еңбек нарығының негізгі даму және өзгеру бағыттары жаһандану үдерістерімен байланысты болып табылатындығы сөзсіз.

Эканомикалық Кеңестер Республикалар Одағының (ЭКРО) болжамы бойынша, келешектегі 20 жылдықта жұмысшы күшін ұсынудың жоғарғы тапшылығы , жоғарғы маманданған еңбек саласында болады. Егер де Еуро Одақтағы (ЕО) экономикалық белсенді халықтың 25-64 жас аралығындағы азаматтардың білімдері төмен болса, онда 2000-2010 жж, 15% төмендейді, ал жоғары болса 12%-ға артады, сонда барлық категориялардың жалпы өсімі 3% ғана құрайды.

1990 ж. ІІ жартысында ақпараттық жүйе саласында жұмысбасты мамандардың 9-10% өсуі Финляндияда, Нидерландыда байқалды, ал қазір оның кейбір сегменттерінде дағдарыстық жағдай байқалуда және техникалық өндіріспен байланысты кейбір жұмыс топтарында жұмыссыздық орын алуда, дәлірек айтқанда кәсіптік программистердің тапшылығы пайда болды. Мысалы, Австралияда ақпараттық технология саласында 2001-2006 жж. мамандардың жетіспеуі, 27,5 мың адамға бағаланды.

Сонымен қатар, кейбір жоғары технологиялық секторларда өсу қарқынының төмендеуі, әсіресе АҚШ-тағы миграция ағымын төмендету мүмкін. Білім, бизнес, ғылыми-зарттеушілік тәжірибелік конструкторлық жұмыстар саласындағы мамандар миграциясының интенсифтендірілуі жаһандануға мүмкіндік береді.

Әлемдік бизнес-құрылымдардың қалыптасуын айқындайтын құрал – трансұлттық компаниялар (ТҰК) қызметінің кеңінен тарауы болып табылады. Қазір дүние жүзінде 65 мыңдай ТҰК бар, жалпы алғанда оның 850 мың шетелдік бөлімдері бар, ол дүниежүзілік ЖІӨ үлесі мен дүниежүзілік экспорттың 1/3 бөлігін құрайды. 1990-2002 жж. олардың персоналдарының жалпы саны 24 млн. адамнан 54 млн адамға дейін өсті. ТҰК-дың шетелдік аймақтарының экономикалық өсуі, оларды басқарудың және мамандарының белсенді миграциясын талап етеді.

Дамыған мемлекеттердегі азаматтардың интенсивті түрде ығысуы, ТҰК көлемінде жүзеге асырылды. 2001 ж АҚШ-та ТҰК-да қызмет жасайтын қызметшілердің 328 мыңы жұмыс визалары бойынша кірді, оның ішінде 96 мың азаматтары жоғары білім мамандар. АҚШ пен Канада арасындағы барлық жоғары кәсіби маманданған мигранттардың 5-10% үлесі филиалдар арасындағы персоналдар айналымына тиеді. Мұндай мигранттардың кеңінен тарауына мына факторлар әсер етеді, мигранттарды қамтамасыз ету бойынша шығындарын жоғарылығы , жоғары кәсіби маманданған персоналдарды жалдаудың тиімділігі, сонымен қатар заманға сай байланыс құралдарын белсенді қолдану. Мысалы, ТҰК бағыты бойынша шетелдік 47 мыңға жуық британдық азаматтар жұмыс жасайды, ал оларды қамтамасыз ету үшін шамамен 1 жылға 6,3 мың доллар қаржы жұмсалады. АҚШ пен Үндістанда еңбекақы бойынша айырмашылық, кәсіптік маманданған инженерлер мен программистер 10 есе көп.

Беруші және қабылдаушы мемлекеттердегі мамандар миграциясына «миграциялық саясат» қолайлы болып табылады. Соңғы 10 жылдықта қабылдаушы мемлекеттердің миграциялық саясатында біршама өзгерістер орын алды, дәлірек айтқанда, саясаттың жүйелік сипатын және жоғары білімді мамандар категориялары мен студенттердің тапшылығын ескере отырып, келуші шетелдік азаматтардың білімдік және арнайы кәсіптік сипаттағы бағытын күшейтті, сонымен қатар мигранттардың еңбек нарығына кіруінің жеңілділігін саясат барлық жағынан бақылайды. Бірқатар донор (беруші)мемлекеттер Қытай,Корея, Жапония, Чили және Бразилия, өздерінің үздік оқитын азаматтарын шетелдерге оқытып, тәжірибе алуға әсіресе аспирантураға оқытып PhD дәрежесін алуға мүмкіндіктерін беріп отырды.

Алайда еңбек нарығының жаһандану кезеңіне ісер етуі әрқалай болады.Олар әртүрлі елдерде экономиканың әртүрлі секторлары мен салаларында іртүрлі көрңніс табуы мүмкін.

Тӛмендегі суретте кӛрсетілген қазіргі кезеңдегі еңбек нарығының даму және ӛзгеру бағыттарын келесідей түрде сипаттауға болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]