Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3. aj-jobalau_A.doc
Скачиваний:
47
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
330.24 Кб
Скачать

Ақпараттық жүйелерді жобалау

  1. Ақпараттық жүйелерді жобалаудың негізгі түсініктері. Жобалаудың технологиялары мен әдістері.

  2. Ақпараттық жүйелердің өмірлік айналымы. Ақпараттық жүйелердің өмірлік айналымы үдерістері, стадиялары.

  3. Ақпараттық жүйелердің өмірлік айналымы модельдерінің классификациясы. Салыстырмалы талдау жүргізу.

  4. Ақпараттық жүйелерді талдау мен жобалаудың негіздері. Жобалаудың негізгі қағидалары.

  5. Ақпараттық жүйелерді құрылымдық талдау мен жобалаудың мәні. Құрылымдық жобалаудың әдістемелері.

  6. Ақпараттық жүйелерді объектіге бағытталған талдау мен жобалаудың мәні. Объектіге бағытталған тәсілдеме қағидалары. UML диаграммаларды қолдану.

  7. Ақпараттық жүйелерді құрылымдық және объектіге бағытталған жобалаудың CASE-технологиялары.

  8. Ақпараттық жүйелердің функционалды бөлігін жобалау. SADT (IDEF0) және DFD әдістемелерінің міндеті мен құрамы.

  9. Ақпараттық модельді жобалау. Деректер қорын жобалау сатылары. ER–диаграммалар.

  10. IDEF1X әдістемесін қолданып, ақпараттық жүйелерді логикалық және физикалық жобалау.

1. Ақпараттық жүйелерді жобалаудың негізгі түсініктері. Жобалаудың технологиялары мен әдістері.

Ақпараттық жүйелер дегеніміз ақпаратты жинауға, сақтауға, іздеуге, талдауға және таратуға бағытталған қолданбалы бағдарламалық өнім.

Ақпараттық жүйелер кіріс ақпаратты (қандайда бір мәліметтер, нұсқаулар) және шығыс ақпаратты (есептеу, есептеулер) қамтиды, яғни ақпараттық жүйелер кіріс ақпараттарды өңдеп, шығыс ақпараттарды нәтиже ретінде береді. Амалдарды, әрекеттерді бақылап отыратын кері байланыс механизмі де жүзеге асырылынады. Басқа жүйелер сияқты ақпараттық жүйелер де қоршаған ортада болады.

Ақпараттық жүйелердің құрамына кіретін типтік бағдарламалық компоненттер жүзеге асырады:

- енгізу/шығару диалогын;

- диалог логикасын;

- мәліметтерді өңдеудің қолданбалы логикасын;

- мәліметтерді басқару логикасын;

- файлдармен немесе мәліметтер қорын басқару әрекеттерін;

Соңғы уақыттарда мекемелерде корпоротивті ақпараттық жүйелерді тұрғызу маңыздылығы қазіргі таңдағы шарттарда бизнесті басқарудың қажетті инструменті ретінде қарастырылып отыр. Корпоративті ақпараттық жүйелер – бағдарламалық қамтамасыздандыру орнатылған және бапталған арнайы бағдарламалық өнім және есептегіш аппараты платформаның жиынтығы.

Жүйелер мен жүйелік талдау. Жүйе, иерархия, иерархия принциптері, сыртқы орта, декомпозицияның әртүрлі түрлері. Жүйелік талдау сатылары: есептің қойылымы, жүйені құрылымдау, модельді құру және зерттеу. Ақпараттық жүйелерді жобалаудың кеңейтілген кезеңдері мен сатылары.

АЖ жобалаудың әдіснамасының негізгі түсініктерінің бірі – оның бағдарламалық қамтамасыздандыруының (БҚ) өмірлік циклі түсінігі. БҚ ОЦ-оны жасаудың қажеттілігі туралы шешім қабылдаған уақыттан қолданудан толық шығарылып тасталатын уақытына дейінгі үзіліссіз процесс.

Жобаны басқару жұмыстарды жоспарлау және ұйымдастыру, әзірлеушілердің колективін жинақтаумен, орындалатын жұмыстардың мерзімін және сапасын бақылаумен айналысады.

Жобаны техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету жобаны жүзегеасыратын әдістермен инструменталды құралдарды таңдауды қамтамасыз етеді.

Ақпараттық жүйелерді жобалаудың кезеңдері. Концептуальды, логикалық және физикалық жобалау. Ақпараттық және оптимизациялық есептер. Ең тиімдісін таңдау мақсатымен алгоритмдердің сапасын бағалау. Ақпараттық жүйелердің әртүрлі құрылымдарын көрсетудегі формальдық көзқарас.

2. Ақпараттық жүйелердің өмірлік айналымы. Ақпараттық жүйелердің өмірлік айналымы үдерістері, стадиялары.

Әр жобаның өмірлік айналымы (жобаның пайда болу мезетінен оны жүзеге асыру, аяқталу мезетіне дейінгі аралық) бар.

Өмірлік айналымның фазаларға, фазаларды стадияларға, стандияларды сатыларға бөлу қабылданған. Жоба сатылары: жобаны жоспарлау; жобаның ашылуы; жоба алдындағы зерттеу; өндіру; жұмысты сынау және өткізу; қызметкерлерді оқыту; жобаның аяқталуы. Жобаның өмірлік айналымын үш фазаға бөлуге болады: бастапқы, инвестициялық, эксплуатациялық. Бірінші фазада жобаның дамуын зерттеу мен жоспарлау, жоба негіздемесін жасау, алғашқы ойларды іске асыруды талдау, инвестициялық жоба алдындағы негіздемесі мен өміршеңдігін бағалау, объектінің орналасу орнын таңдау және келісімін беру, жобаның жоба-сметалық құжаттарын және жоспарын құру жүргізіледі. Инвестициялық фаза сауданы жүргізу, ресурстарды сатып алу мен жеткізуге келісім жасау мен құрылыс–монтаж жұмыстарын жүргізуден тұрады. Осы этапта жобаны басқару жүйесін, коммуникация жабдықтарын қосу жүргізіледі, құрылыстың жедел жоспары мен машиналар механизмдерінің жұмыс графигі жасалады, мониторинг жүргізіледі, жоба жоспары бақыланады және қажет жағдайда түзетулер енгізіледі. Инветициялық фаза объектісін өткізу, ресурстарды демобилизациялау, жұмыстарды іске қосумен аяқталады. Аяқталу фазасында объектіні эксплуатациялау, жабдықтарды айырбастау, жобаны модернизациялау және оны жабу жүргізіледі. Жинақталған тәжірибе жобаны басқарудың ұйымдастырушылық және техникалық жүйесіне өзгерістер енгізу кезінде қолданылуы мүмкін. Жобаны бөлу төрт ірі сатыдан тұрады: жобаны бастау, жоспарлау, іске асыру, аяқтау. АЖ жобасының сатылары: мақсатты анықтау, жобалау, орындалу; қолдану. Программалық өнімнің өмірлік айналымы – бұл оны құру мен жүзеге асырудың бүкіл кезеңі, яғни оның пайда болу мезетінен бастап қолдануды тоқтатқанға дейін кезең. ISO:1995 халықаралық стандартпен анықталатын өмірлік айналымның үдерістері 3 топқа бөлінеді. 1.Негізгі үдерістер: алу, жеткізу, құру, эксплуатация, сүйемелдеу. 2.Қосымша үдерістер: құжаттар, конфигурацияны басқару, сапаны қамтамасыз ету, варификация, аттестация, бірлесіп бағалау, аудит, мәселелерді шешу. 3.Ұйымдастыру үдерістері: басқару, инфроқұрылымды құру, жетілдіру, оқыту.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]