Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3. aj-jobalau_A.doc
Скачиваний:
48
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
330.24 Кб
Скачать

7. Ақпараттық жүйелерді құрылымдық және объектіге бағытталған жобалаудың case-технологиялары.

CASE-технологиялары Жүйеге талаптар қою және жобалау үдерістерін қысқарту үшін CASE жабдықтары қолданылады. XX ғасырдың 70 – 80 жылдары талдаудың құрылымдық технологиясы қолданыла бастады. Құрылымдық технология графикалық көрнекті техниканы қолдануға негізделген. Графиктік техника әртүрлі модельдерді сипаттауға арналған. Қазіргі кезде CASE кұрделі құрылымды сүйемелдеу үдерістерін қамти алады. CASE технологиялары келесілерден тұрады:

  • Ақпараттық жүйелерді жобалау әдістері;

  • Нотация( жүйе элементтерін бейнелеу тәсілі);

  • Инструменталды жабдықтар;

CASE жабдықтардың негізгі функциялары:

  • Жобаның орталықтандырылған деректер қорында сақталынады. Орталықтандырылған ДҚ репозиторий деп аталады. Ол әртүрлі типті объектілерді сақтай алады:Диаграмма,Деректерді сипаттау, Программаның алғашқы коды, Программалық жабдықтау мен ДҚ жобалау. CASE жабдықтардың қолдану реті:

  • Жүйенің логикалық моделі құрылады

  • Нақты программалау тілі немесе физикалық үлгіні құру үшін деректер қорын басқару жүйесі таңдалынады

  • Физикалық модель әрі қарай өңделінеді

  • Программаның мәтінін немесе дискідегі деректер құрылымын автоматты түрде генерациялау орындалады.

  • Кері жобалау (реинженеринг). Бұл жағдайда CASE жабдықтарды қолдану кері бағытта болады, яғни программа мәтінін немесе дискідегі деректер құрылымын логикалық моделге ауыстырамыз

  • Физикалық түрде іске асырумен жүйелер моделін синхранизациялау. Бұл жағдайда жүйенің физикалық моделіне қажетті өзгерістер енгізілуі мүмкін

  • Сапаны автоматты түрде қамтамасыз ету және модельді қателерге тексеру

  • Құжаттарды автоматты түрде генерациялау.

CASE технологияларды қолданудың мақсаты: жүйені жобалау мен талдау сатыларын максималды түрде автоматизациялау.

Заманауи CASE жабдықтар ақпараттық жүйелерді талдау мен жобалау кезінде объектіге бағытталған технологияларды қолданады.

CASE жобалаудың бір – бірінен ерекшелігі жүйенің декомпозициясы (орындалатын жұмыстар), тәсілдерін талдау болып табылады. Жобалаудың заманауи әдістері:

Әдістеме

Модель типтері

SADT (Structured Analysis and Design Technique)

Функционалды модель

DFD (Data Flow Diagrams)

Функционалды, ақпараттық және компонентті

ERD (Entity-Relationship Diagrams) – мағына – мән диаграммасы

Ақпараттық

STD (State Transition Diagrams) – күй диаграммасы

Күйлік модель

Flowcharts(блок - схема)

Күйлік, ақпараттық және компонеттік

8. Ақпараттық жүйелердің функционалды бөлігін жобалау. Sadt (idef0) және dfd әдістемелерінің міндеті мен құрамы.

IDEF0 (Integration Definition for Function Modeling) әдістемесінде бизнес-үдеріс элементтер (жұмыстар) жиынтығы түрінде беріледі, олар өзара байланыста болады, сонымен қатар әр жұмыста қолданылатын ақпараттық, еңбек және өндірістік ресурстарды көрсете алады.

• IDEF0 әдістемесі бүкіл жүйені кезектесетін функциялар жиынтығы ретінде модельдеуге мүмкіндік береді.

• Белгілеулер мен тұрғызу ережелерінің қарапайым жүйесі модельдеу кезінде нақтылық пен айқындықты қамтамасыз етеді.

IDEF0 (Integration Definition for Function Modeling) әдістемесінің нәтижесі – модель, ал модель – жүйе көрінісі. Модель диаграммалардан, мәтін фрагменттерінен (диаграмма атауы), түсініктемелерден (жоба аты, авторы мерзімі және т.б) тұрады. Диаграмма – модельдің негізгі компоненті болып табылады. Диаграммадағы барлық функциялар блоктар мен доғалар түрінде берілген.

IDEF0-дің негізгі 4 элементі :

1. Функционалды блок (Activity Box) – қарастырылып отырған жүйенің (әр функционалды блоктың өзіндік ерекше нөмірі болуы керек) нақты функциясын бейнелейді.

2. Интерфейсті доға (Arrow) – функционалды блокпен өңделетін және оған әсер ететін жүйе элементі.

3. Декомпозиция (Decomposition) – күрделі үдерістің құрамдас бөліктерге бөлінуі.

4. Глоссарий (Glossary) – анықтамалар, түйінді сөздер, түсіндірмелер жиынтығы. IDEF0-дің әр элементі үшін беріледі: диаграммалар, функционалды блоктар және интерфейсті доғалар.

IDEF0 әдістемесі келесі концепцияларға негізделген:

1. Блоктық моделдеудің графикалық көрінісі.

IDEF0 диаграммасының “блоктар мен доғалар” графикасы блоктан, кіріс, шығыс, басқару, механизм доғаларынан тұрады.

2. Қысқалығы. Жүйенің архитектурасы толық материалдарды қамту үшін нақты болу керек.

3. Ақпаратты беру. IDEF0 диаграммасында ақпаратты беруді жақсартуға арналған жабдықтар:

- блоктар мен доғаларға негізделген диаграммалар;

- блоктар мен доғаларды сипаттайтын қосымша мәтін белгілері;

- диаграммалар иерархиясындағы түйіндер сұлбасы;

- оқуды жеңілдету үшін әр диаграмма 6 ішкі функциялармен шектелген.

4. Әдістемесі. Қадам бойынша орындалатын үдерістер модельдеу, интеграция есептерін шеше алады.

Кез-келген IDEF0 диаграммасын құру кезінде мына талаптар қанағаттандырылуы тиіс:

- диаграмма мақсатының модель мақсатына сәйкес келуі;

- кейінгі доғалардың бастапқы (негізгі) диаграмма доғаларына сәйкес келуі;

- диаграмма мазмұнының базалық блок мазмұнына толық сай келуі.

Процестер моделін DFD диаграмма/ымен толықтыруға сипаттама бер.

DFD диаграммалары IDEF диаграммасына қосымша ретінде қолданылады. DFD диаграммалары құжат айналымдарын және ақпаратты өңдеуді сипаттайды. Негізінен, DFD диаграммалары АЖ-лерді жобалауға арналған. DFD диаграммалары ақпарат көздерінен, ішкі жүйелерден, үдерістерге ақпарат тасымалдайтын ақпараттық ағын туындайды.

Сыртқы мағына (внешняя сущность) ақпараттарды қолданушы DFD диаграммаларын қолдану кезінде графикалық нотацияның элементтерін қолданады. DFD диаграммасының авторы Эд Иордан және Том де Марко. Қазіргі кезде ең кең таралған нотация - Гейн Сарсон.

DFD диаграммасының графикалық нотациясының элементтер:

Атауы

Иордан нотациясы

Гейн-Сарсон нотациясы

Деректер ағыны

AutoShape 2аты

AutoShape 3аты

Үдеріс (жүйе, ішкі жүйе)

Oval 4

AutoShape 5

Деректерді сақтау орны (хранилище данных)

Rectangle 6

нөмірі аты

AutoShape 8

Сыртқы мағына (внешняя сущность)

аты

аты

Деректер ағыны ақпарат көзінен қабылдағышқа тасымалдайтын материалды объектіні анықтайды. Әр деректер ағынының атауы бар. Бағыттауыш бағыты деректер ағынының бағытын көрсетеді. Әр үдеріс етістік түріндегі сөз тіркестерінен немесе сөйлемнен тұрады. Үдеріс нөмірі үдерісті идентификациялау үшіг қолданылады. Деректерді саұтау орны - ақпаратты сақтауға арналған абстрактілі құрылғы. Ақпаратты кез келген уақытта ақпаратты сақтау орнына қоюға немесе алып тастауға болады. Деректер қоймасының нөмірі мен аты болады.

Кассир АЖО (Автоматтандырылған жұмыс орны)

1 клиент туралы деректер

2 Клиент

шоты

Прямая со стрелкой 30Прямая со стрелкой 31

Прямая со стрелкой 256

Деректер қоймасы картотекада жәшік түрінде болады. Ақпарат көзі немесе қабылдағыш ретінде материалдық объект немесе физикалық тұлға қолданылады. Мысалы, тапсырыс беруші, персонал, қойма, ережелер, т.б. Әр деректер қоймасының бір кіріс, бір шығыс ағыны болуы керек.Басқару үдерісі - шығыстағы басқаруда сигнал пайда болатын үдеріс.

DFD моделі жүйенің функционалды объектісінен басқа ақпарат туралы мағлұматтан тұрады. DFD диаграммасының мазмұны:

1. ақпаратты өңдеу функциясы - жұмыс

2. ақпаратты өңдеуге қатысатын құжаттар, объектілер, қызметкерлер немесе бөлімдер.

3. сыртқы объектңлер мен интерфейстерді қамтамасыз ететін сыртқы сілтемелер.

4. құжаттарды сақтауға арналған кестелер.

Сұраныстарды орындау:

AutoShape 19AutoShape 20

Резюме

ДҚ

AutoShape 22AutoShape 23AutoShape 24AutoShape 25AutoShape 26AutoShape 27AutoShape 28

клиент сұранысын жасау резюмені өңдеу шығу

өту туралы ақпарат алу

тесттен өтуге сұраныс

жасау

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]