Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3 ,,,,,.doc
Скачиваний:
13
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
185.86 Кб
Скачать

1.Еңбекті қолданудағы дәстүрлі, географиялық салалық дағдының бұзылуы.

Қазіргі уақытта жаһандық экономикаға қатысу ӛсу мен даму үшін кең ауқымды мүмкіндіктер береді. Ӛндірістің интернациялануы капиталды, технологияларды, ӛндірістік машықтануларды берумен бірге жұмыспен қамтылуды ұлғайту мен табыстарды артттыру үшін жаңа жолдарды ашады.

Жаһандық интеграцияның қозғаушы күші ретіндегі техникалық прогресс жұмыпен қамтылудың жаңа мүмкіндіктерін жасайды. Сауда да, жаһанды экономиканың динамикалық дамуының тағы бір шешуші қырларының бірі ретінде, ғаламдық нарықтарға кіріп үлгірген кӛптеген елдердегі жұмыспен қамтылуды іске асырудың қозғаушы күші болып табылады.

Бірқатар дамушы елдер қазіргі өңдеу өнркәсібі өнімдері экспортын дамыту есебінен жетістікке жетті және сауданың дамуыесебінен қамтамасыз етіліп отырған осы экономикалық ӛсу жұмыспен қамтылуды ұлғайтуға да, жалақыны арттыруға да мүмкіндік берді.

Халықаралық компаниялар жұмыс орындарының санын ұлғайтуда. Неміс компанияларының шетелдердегі еншілері бойынша 2002 жылғы деректеріне талдау жасау барысында, оларда 4,439 миллион шамасындағы қызметкерлердің жұмыс істейтіндігі анықталды, бұл елдің ішіндегі жалпы қамтылғандардың 12%-н құрайды [1]. Осы қызметкерлердің ішіндегі бір миллионға жуығы Орталық және Шығыс Еуропа мен Қытайда тұрады және жұмыс атқарады.

Қазіргі кезеңде жұмыс күшінің интернационалды бағасы мен құнының құрылу үдерісі жүруде және жетекші елдердегі ұқсас мамандықты және жұмыспен қамтылғандар аясындағы жұмыскерлердің жалақы деңгейіндегі алшақтықтың азаюын байқауға болады. Әлемдік шаруашылық үдерістеріне қосылу дәрежесіне, экспорттың ӛсуіне, ТҰК қызметінің кеңеюіне байланысты «үшінші әлем» елдерінде еңбекақы деңгейінің кӛтерілуі орын алуда.

Жұмыс күшінің білім деңгейіне, біліктілігіне қойылатын талаптар ӛзгеруде, шетелдік жұмыс күшін жалдаудың типтік келісім-шарттары, жұмыс пен мамандардың өмір сүру жағдайлары стандартталуда. Өмір сүру бейнесінің ұлттық ерекшелігінің әртүрлілігіне қарамастан, жұмыскерлердің ӛмірлік қызметінің әмбебап жағдайлары қалыптасып келеді

1-сурет – Қазіргі кезеңдегі еңбек нарығының даму және ӛзгеру бағыттарының үлгісі. (Ескерту - автордың зерттеуі бойынша жасалған).

Жалақы деңгейіне міндетті түрде еңбек нарығындағы бәсеке де әсерін тигізеді. 1870-1913 ж.ж. АҚШ-қа, Канадаға, Австралияға, Аргентинаға Ұлыбританиядан, Ирландиядан, Германиядан ондаған мың білікті жұмысшылар қоныс аударды. Осының салдарынан, Американ экономисі Джеффри Уильямсона Jeffrey Williamson есептеулері бойынша, АҚШ білікті жұмысшылардың саны 24%-ға, ал Ирландияда - 45%-ға тӛмендеді [2]. Нәтижесі американ ӛнеркәсібіндегі жалақылардың тӛмендеуі мен Еуропа ӛнеркәсібіндегі жалақылардың ӛсуі болды. Қорытындысында еуропаның білікті жұмысшысының жалақысы біліктілігі бойынша онымен бірдей америкпндықтың жалақысынан 136 %-ға жоғары болды. Бұл американдық ӛнеркәсібіне тезарада еуропа нарықтарын басып алуына мүмкіндік берді. Осы жағдайда ықпалды американ кәсіподақтары, қолда бар жұмысшылардың мүдделерін қорғау үшін, 1897 жылы АҚШ-қа қоныс аударған барлық кӛшіп келушілер үшін, ағылшын тілінен міндетті түрде емтихан тапсыру туралы заң қабылдауға қол жеткізді. Бір жағынан, жұмыс орындарын жасауға, жаңа технологияларды дамытуға және тұрғындардың ӛмір сүру деңгейін жоғарылатуға мүмкіндік беретіндіктен, жаһандану үдерістері «кедей» елдерге тиімді болып табылады. Екінші жағынан, мұндай құрылымдар әлемдік конъюнктура мен жұмыс беруші компанияның жағдайын тәуелді болады. Егер трансұлттық корпорация дағдарысты бастан кешіріп жатса, ол, әдетте, ең алдымен АҚШ тысқары ӛмір сүріп жатқан ӛз бӛлімшелерінің жұмыскерлерінен құтылады.

Жұмыс орындарын шайып жіберетіндіктен және олардың ақпараттық технологиялар аясындағы әлемдік озықтылықтан айыратын болғандықтан, бұл үдеріс «бай» елдерге тиімді емес. Бірақ, екінші жағынан, анағұрлым бәсекеге қабілетті тауарлар мен аралас салаларда жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік беретіндіктен, жаһандану үдерісі объективті түрде «бай» елдерге де тиімді екендігін айта кету керек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]