Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3 ,,,,,.doc
Скачиваний:
13
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
185.86 Кб
Скачать

4. Жұмыспен қамтылу мен еңбекті ұйымдастыруды фундаменталды қайта құрудың жаңа механизмдерін құру.

Байланыстың ғаламдық желілері, жұмыс орындары деңгейіндегі сегменттелген еңбек түрлерінің ӛзара әрекеті арқылы аймақтық, халықаралық деңгейлерде жұмыспен қамтылудың жаңа механизмдері пайда болуда. Қазіргі телекоммуникациялық технологиялар жұмыспен қамтылудың жаңа түрі – тележұмыстың (telecommuting) құрылуына мүмкіндік берді.

Еуропада «тележұмыс» түсінігі осы саладағы зерттеулерді, атап айтқанда, тележұмысты ауылдық және мәселесі шешілмеген аудандардағы экономикалық белсенділікті дамытудың құралы ретінде пайдалану үшін қаржыландырған, Еуропалық комиссияның арқасында тарай бастады. Бүгінгі күні Еуропалық Бірлестік қашықтықтан қамтылатын еңбек қызметіне: «компьютерлер мен телекоммуникацияларды жұмыстың дәстүрлі географиясын ӛзгерту үшін пайдалану» деген анықтаманы береді. Ол мынадай түсініктер мен сипаттамаларды тӛмендегілерді, атап айтқанда:

- үйге жақын жерден арнайы алыстатылған орталықтағы жұмысты;

- бірнеше жердегі бӛлінген ұжым жұмысын (олардың кейбіреуі үйде, ал қалғандары дәстүрлі жерлерде болуы мүмкін);

- жұмыскердің орталықтың орналасу жерінен тәуелсіз болуы оған үнемі байланысты үзбей және ақпараттық базалармен байланыста бола тұра, офис, клиенттері, әріптестері, үйінің т.с.с. арасында қозғалып отыруға мүмкіндік береді;

- жинақылық жұмыскерге жұмысты қонақ үйінен, әуежайдан, автомобиль мен ұшақтан алуды қамтиды.

5. Еңбек нарығындағы жұмыскерлердің іріктелуінің күшеюі.

Жаһандану үдерісінің күшеюі әсерінен жоғары білікті жұмыс күшінің артықшылықтары (қазіргі ғылыми-техникалық прогрестің талаптарына жауап беретін және жоғары экспорттық әлеуетінің иесі болып табылатын) үнемі ӛсуде, соның салдары ретінде еңбек сұранысының тӛмен білікті жұмыскерлерден неғұрлым білікті жұмыскерлерге қарай жылжуы орын алуда. Сұраныстың мұндай жылжуы, табыстардағы теңсіздіктің күшеюі және негізінен тӛмен білікті жұмыскерлердің арасындағы жұмыссыздықтың ӛсуімен бірге, жұмыскерлердің осы екі категорияларының еңбек ақысындағы алшақтықтың ұлғаюына алып келді.

Елдер арасындағы жұмыспен қамтылу мен табыстар деңгейлеріндегі айырмашылықтар тек сұраныстың сипатымен ғана емес, сонымен қатар еңбек нарығының құрылымындағы айырмашылықтармен де түсіндіріледі. Еңбек нарығы орталықтанбаған, салыстырмалы түрде жалақы деңгейі икемді болып табылатын елдердегі (мысалы, АҚШ, Ұлыбритания) біліктілігі тӛменірек жұмыскерлерге салыстырмалы сұраныстың қысқаруы жұмыскерлердің осы категориясының жалақы деңгейінің қысқаруына алып келді. Жалақының қатаң деңгейі мен еңбек нарығы орталықтандырылған елдерде (Франция, Германия, Италия), керісінше, бұл жұмыспен қамтылудың қысқаруын туғызды [6].

Дамыған елдердегі жұмыссыздықтың ӛсуінің негізгі себептері:

- жаңа технологиялардың енгізілуі ӛнеркәсіптегі жұмыс орындарының қысқруына алып келеді, әлеуметтік қысымды күшейтеді;

- ӛндіріс құрылымының ӛзгеруі мен еңбек сыйымдылықты тауарларды жаппай ӛндіруді дамушы елдерге ауыстыру, бұл осы елдердің дәстүрлі салаларына ауыр зардап әкеледі, кӛптеген

ӛндірістердің жабылуын тудырады (жұмыс күшінің құны жоғары елдердің компанияларының ӛз ӛндірістік қуаттарының бір бӛлігін жұмыс күшінің құны тӛмен елдерге ауыстыруы);

- жұмыс күшінің ӛскен жинақылығы.

Соңғы жылдары АҚШ пен әлемнің индустриалды дамыған басқа елдері жаңа феноменге де соқтықты [7]. Егер бұрын жаһандану үдерісі «кӛк жағалы- жұмысшыларға қауіп тӛндірсе, енді қауіпті жағдайда, зияткерлік еңбекпен айналысатын «ақ жағалы»-мамандар да қалуда.

Бірінші топты дене еңбегімен қамтылған жұмыс күші құрайды. Соңғы топты негізінен басым түрде денелік емес еңбек, яғни ой еңбегі қызметкерлері құрайды. Топтардың әрқайсысы бірқатар ішкі топтардан тұрады. Мысалы, «кӛк жағалыларға» білікті, жартылай білікті және біліктілігі жоқ жұмысшылар жатқызылса, «ақ жағалыларға» мамандар, басқарушылар, әкімшілік қызметкерлері, кеңсе қызметкерлері т.с.с. жатқызылады.

Телекоммуникация мен Интернеттің дамуы, деректерді электрондық беру бойынша қызметтер мен халықаралық телефон соғулардың құнының күрт түсуі бағдарламашыларға, телефондық операторларға, кӛрсетілімдерді ӛңдеу саласындағы мамандарға, дизайнерлерге және т.с.с. бүгінгі күні қауіп тӛндіруде. Американ корпорациялары АҚШ аумағындағы тұтынушылармен байланыс бойынша бӛлімдерін жауып жатыр және оларды Индияға ауыстыруда: оларға, телефондық оператор-американдыққа $12.57 тӛлегеннен гӛрі, Индияда ағылшынша сӛйлейтін оператор сағатына $1 кем ақшаға жұмыс істеуге даяр болып тұрғанда, халықаралық телефондық қоңырау соғудың құнын тӛменірек тӛлеу тиімдірек [7]. АҚШ-тан тысқары елдерден, полиграфиялық ӛнімдердің түп нұсқасы-макеті мен интернет-сайттарды құрастыратын дизайнерлерді, аудармашыларды, бухгалтерлер мен құжат айналысы бойынша мамандарды, магнитофонға жазылған және т.с.с. жазбаларды оқи алатын хатшыларды жалдайды. Одан басқа, американдық корпорацияларға кӛбіне АҚШ-тан тысқары жерде жұмыс атқарған ыңғайлырақ, себебі «кедей» елдерде кәсіподақтар әлсіз, табиғатты қорғау заңнамалары мен еңбектің қауіпсіздігі нормалары және т.с.с. жұмсағырақ.

Бүгінгі күні осындай үдерістердің әрі қарай дамуының қандай салдарларға алып келетіндігі, олардың әлемнің жекелеген елдеріндегі жағдайларға қалай әсер ететіндігі толық дәрежеде анық

емес. Бұл үдерістердің оң және теріс жақтары да бар. Оған қоса, бұл үдерісті жақтаушылардың да, қарсыластарының да кӛптеген дәлелдемелері теріске шығарылуы мүмкін. Мысалы, Forrester Research зерттеу орталығы АҚШ 2010 жылға қарай 1,6 млн. «ақжағалыларды» болжамдады. Жұмыс орындарының неғұрлым әлсіздігі бағдарламалық қамтамасыз ету, әкімшілік жұмыстар, сондай-ақ қаржы мен маркетинг аясында орын алмақ. Осылайша, АҚШ жыл сайын 220 мыңға жуық жұмыс орындарын жоғалтады, бірақ АҚШ экономикасы қалыпты қызмет атқарып тұрғанда, ай сайын шамамен сонша жұмыс орындары құрылады. Economy.com тәуелсіз зерттеу орталығы АҚШ апта сайын шамамен 7 мың жұмыс орындарын «экспорттайды», осыған қарамастан, 2001 жыл мен 2003 ж.ж. кезеңінде жұмыссыздық бойынша жәрдемақы алу үшін аптасына 300 мыңға жуық американдықтар ӛтініш беріп отырған, олай болса – бұл үдерістер әзірге әлемнің алып экономикасына соншалықты зор қиратушылық әсерін тигізіп отырған жоқ деуге болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]