Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
диплом жалпы болим.docx
Скачиваний:
143
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
606.24 Кб
Скачать

5.4 Еңбек қорғаудағы өртке қарсылық шаралары

Жадықтардағы өрттің шығуы көп жағдайда машина жұмыс істеп тұрғанда, оның электроқозғалтқышы, электрсымдары және электр бөліктері асқын жүктемеде болуына байланысты орын алады. Осының әсерінене олар жіберілетін шегіне асып қызып кетеді де тұтанады.

Ұнтақтау бөлімшесінің өртке қауіпсіздік категориясын, «Д» категориясына жатқызуға болады.

Өртене бастаған материалды оның жану қажетін ескеретін және өртке қарсы құрылғылардың көмегімен, құммен, сумен өшіреді.

Өрт қаупі болған жағдайда дер кезінде өртсөндіргіштерге хабар беру керек. Өртсөндіргіштер келгенше, өртті өз бетінше қолда бар, өртке қарсы құрал жабдықтармен оны сөндіре беру қажет. Оның басқа да жабдықтарға және ғимараттарға ауысуына жол бермеу керек.

Ұнтақтау бөлімшесіндегі өрттің болғанын білдіретін құралғы ретінде, қолмен іске асыратын құрал пайдаланылады, ол сәйкесті кнопканы басқан кезде дискретті сигналдар жібере бастайды.

Өрттің алдын алу үшін, алдынала жұмыстары жүргізіліп отырады. Жұмысқа қабылданушымен өрт қауіпсіздігі туралы нұсқау және оқыту жүргізіледі. Бірінші нұсқауды өртке қарсы топтағы немесе мекемеден өрт қауіпсіздігіне жауапты адам жүргізеді. Екінші нұсқауды жұмыс орнындағы аға шебер жүргізеді.

Жұмыс орны мен жабдықтардың-өртенуінің алдын алу үшін, оларды таза ұстап, өндіріс қалдықтары мен тез жанғыш сұйықтардан тазалап отыру керек.

Жұмыс орындарын, электр құрылғыларын және өрт сөндіру жабдықтарына өтетін жол ашық болу керек. Бөлімшеде өрт қалқаны орнатылуы қажет. Әр қалқанды ОП-5 және ОУ-8 өрт сөндіргіші, азбест немесе өртке төзімді материал салынған қапшық |2x2м|, балта, құрғақ құм салынған жәшік және жалпақ күрек болуы қажет.

Әр өрт қалқанының жанында әрбір жабдықтың жұмысшы адамдарының тізімі жазылып тұруы керек.

Электрқозғалқыштардағы, электр қондырғылардағы пайда болған өртті өшіру үшін ОУ-2, ОУ-5, ОУ-5, ОУ-8, ОУ-80 типті көмірқышқылды өртсөндіргіштер қолданылады. Ал, электрқондырғыштарына байланысты емес, яғни басқа жабдықтарда және ғимараттардағы өртті сумен, құммен, ОП-5 типті көбікті өртсөндіргішпен және ОП типті ұнтақты өрт сөндіргішпен өшіреді.

Жобаланатын ғимаратта келесі байланыс және дабылнама жүйелері қарастырылған:

  • телефонды байланыс комбинаттың комутаторымен – 7 аппарат;

  • қаламен байланыс – 4 аппарат;

  • диспетчерлік байланыс комбинат директорымен, бас инженердің операторымен;

  • жоғары дауысты байланыс, негізгі цехтармен.

5.5 Дабылдама жүйесі

Ұнтақтау бөлімшесінде дабылнаманың екі түрі орнатылған:

а) жабдықтың асқын жүктемелік режимде істеп тұрғанын білдіретін авариялық дыбысты және жарықты дабылнама.

б) негізгі жабдықтың іштен шығуы және тоқтауын білдіретін авариялық және жарықты дабылнама.

5.6 Жарықтандыруды есептеу

Адам қоршаған ортадағы информацияның 90% көру процесі арқылы қабылдайды. Сондықтан көз арқылы алынған ақпарат көбіне ортаның жарықтығына байланысты болады.

Өндіріс бөлмелерінде жарықтандыру табиғи және жасанды түрде жүргізіледі.

Табиғи жарықты өндірісте бағалау үшін-табиғи жарықтану коэффициентін (ЖЖК) қолданамыз. ЖЖК-қатысты өлшем, көлемнің ішкі жарықтануы, сыртқы жарықтануынан неше есе кем екенін көрсетеді. Ол процентпен өлшенеді және мына формуламен анықталады:

e=Еішсырт= 100% (1)

мұндағы: е-табиғи жарықтандыру коэффициенті

Цехты бірқалыпты жарықтандыру үшін нүктелік жарықтандыру әдісі қоладнылады. Цехты жарықтандыру аралас әдіспенен жасалған; олар табиғи және жасанды жарықтандыру. Цехтың жалпы көлемі: 952,7 м2 болғанда, жарықтандыру нормасы Ен=150 лк. Жарықтандыру құрылысы ретінде ЛЛ - 30 F – 2100 лм люминисентті шамдар қолданамыз. Егер цехтың ені – 39,4 м, ұзындығы – 24 м , биіктігі - 7.

Шамның бағанадағысанын анықтаймыз:

m = l/lcb = 39,7/24 =1.6 1 дана аламыз

Шамның қатар санын анықтаймыз:

N = EH · S · k / n · Fn · z · ƞ · m (2)

мұндағы, n – жарық шамдағы шам саны - 2

z – минималды жарықтандыру коэффиценті – 1,1

ƞ – жарық ағынының қолдану коэффиценті. Ол өндіріс үйінің индексіне байланысты:

i = S / h (А+В) = 952,7 / 7(39,7+24) = 2,1 (3)

ƞ – 0,42 тең.

N = 150·952,7·1,4/2·2100·1,1·0,42·1=103,1