Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
диплом жалпы болим.docx
Скачиваний:
143
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
606.24 Кб
Скачать

5.3 Еңбек қорғаудағы өндірістік тазалық шаралары

5.3.1 Зиянды өндірістік факторлар

Ұнтақты дайындау цехтары, желі солтүстік шығыс бағытында соғатын және жазық далалы келетін шығыс Қазақстан жағдайын ескере отырып салынған. Сондықтан цех ғимараты жел бағытына 600 бұрышпен салынған. Осыған байланысты ұсақтау бөлімінде жыл бойы шаңды сору, яғни желдету жақсы қамтамасыз етіледі.

Ғимарат пен оның ішіндегі заттардың салынуы мен пайдалануы, ғимаратты пайдаланудағы құрылыс ережелеріне, техника қауіпсіздігіне және өндіріс тазалығына сай жүзеге асырады.

Ұнтақтағыштың жұмыс кезінде адамның денсаулығына кері, зиянды әсерін тигізетін шу мен діріл пайда болады. Және де қошаған ортаның шаңдануы да өте жоғары 11мг/м3 дейін, бөлімшедегі шаңның шекті шақтама нормасы 2 мг/м3 тан аспауы керек. Өндірістік операциясы кезінде респираторлар тығу керек. Ауыз арқылы улану, асқазан ауруларына шалдықтырады.

Жоғарыда аталған зиянды өндірістік факторлардың алдын алу үшін техникалық процестердің атмосфераның жіберетін улы заттарды ұстайтын, шаңды камералар орнатылуы қажет, ғимараттардың ішінде әр жерде желдеткіштер, діріл мен шу деңгейін азайтатын қондырғылармен айла бұйымдар қолданылуы қажет.

Ұнтақтау цехтары ең көп мөлшерде шаңданған бөлімшелер қатарына жатады. Ірі ұсақтау бөлімшесінде ұнтақты ұсақтағышқа тиегенде және одан түсіргенде айтарлықтай шаң көтеріледі. Ауадағы шаңның шахтама мөлшеріне байланысты. Құрамында кварцы бар шаңның шахтама нормасы төмендегідей: α% дейін -10м23, 2-10% аралығында - 4 м23, 70% дейінгіде - 2 м23.

Шаңның мөлшерін азайту үшін ұсақталатын материалды вагоннан ұнтақтағышқа түсірер кезінде технологиялық процеспен жіберілетіндей етіп дымқылдандырады.

Дыбыстың қысымын өлшеу үшін бел деген өлшеу бірлігі қолданылады. Шуға қарсы шаралар жалпы ортақ сипатты және жеке қоғаныс ретінде жүргізіледі. Адамның шуды қабылдау диапазоны шамамен 130дб, ал 140дб адам көтере алмайды.

Шуды азайту үшін жобада қарастырылған металды бөліктердің орнына металл емес әртүрлі төсеніштермен ауыстырады және машиналармен механизмдердің соқтығысатын бөліктерінің арасын майлайды.

Ұнтақтағыштың жұмысы кезінде адамның денсаулығына зиянды әсерін тигізетін діріл пайда болады. Жұмыс орнының өндірістік діріліне санитарлық нормалармен шекті шахтама амплидудалар, жылдамдықтар және теңселмелі жүйелердің үдеуі тағайындалған. Жарықтандыру нормасы қондырғылармен және гимараттың ішіне керекті жарықтандырғыштармен қадағаланады. Жұмыс орындарын жарықтандыру үшін, ұзаратын 12В жарықтандырғышын қолдануға болады. Дірілге қарсы шаралар:жабдықтарды іргетастарға жақын қою, құрылымдардың тығыз қатты қосындылары бар жерге төсеніштер, қою, машиналармен оның орнатылған базасының арасына амортизаторлар қою.

5.3.2 Санитарлық тұрмыстық жағдай

Санитарлық тұрмыстық жағдайды жасау - әр өнеркәсіптің маңызды құраушы бөліктерінің бірі, ол дегеніміз жұмысшылардың таза және қауіпсіз жұмыс істеуіне жағдай жасау, ғимараттар мен жабдықтарды пайдаланудағы санитарлы тұрмыстық жағдайды, температураны, ылғалдылықты, ғимараттығ ішіндегі ауаның қозғалу жылдамдығын, жарықтануын және жұмыс орныдарының шаңдануын, діріл меен шу деңгейінің әсерін қадағалайтын санитарлық нормамен регламенттелген.

Өндірістік ғимараттағы температура, ылғалдылық пен ауаның қозғалу жылдамдығымен анықталатын микроклимат жұмысшылардың ағзасының термореттелуіне әсерін тигізеді және де сонымен қатар еңбек өнімділігіне де әсерін тигізеді. Ұнтақтау бөлімшелерінде санитарлық норма бойынша температура 14 0C ден төмен болмауы керек, ылғалдылық шамамен 80%, ал ауаның қозғалу жылдамдығы 0,2 м/с және жылы күндері 0,3 м/с тен аспауы керек. Микроклимат ғимаратта орналасқан жылытпалы құралдар мен ағынды-ұзармалы вентиляция көмегімен сақталады.

Ғимаратты жылытудың бөлмелерде қажетті температураны ұнтақтауға ғана емес, ғимараттың сақталуы үшін де маңызы зор, өйткені дұрыс жылытылмайтын ғимарат ылғалдылық әсерінен бұзылуға ұшырайды. Ғимаратты өндіріс агрегаттары жасанды жарық көздері адамдар, тағы басқалары бөлетін жылудың деңгейі төмендегенде, ғимаратты жылыту қажет. Жылудың бөлінуін сағатына 20 ккал/м3 аспайтын ғимараттар қажет етеді. Жабдықтардан, материалдардан, адамдардан бөлінетін жылу сағатына 20 ккал/м3 аспайтын цехтар мен бөлімшелерде, жұмыс орындарындағы температура +30C - + 220C дейін, ал жылдың жылы мезгілдерінде +170C- +280C дейін болу керек. Ал жұмыс орнынан басқа жерлердегі температура санитарлық нормадан 1-20C төмен болуына болады. Бұл жобада жылудың, суық мезгілдегі бөлмені жылытудың нормативін белгілеу құрастырылған. Санитарлық норма бойынша өндірістегі жұмыс аумақтарының суық жыл мезгіліндегі салыстырмалы ылғалдылығы 80%, ал жылы мезгілде +250C- де 70%-тен аспауы керек.