Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
диплом жалпы болим.docx
Скачиваний:
143
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
606.24 Кб
Скачать

5.1 Еңбекті қорғаудағы ұйымдастыру шаралары

Ұнтақтық металлургия цехқа жұмысқа тұрған жұмыскерлер ме жұмысшылар еңбек келісім шартына отырады.

Цехқа жұмысқа келісіп бұрын жаңа қабылданған жұмыскер жалпы қауіпсіздік ережелерін және өрт қауіпсіздігі ережелері жөнінде нұсқау алу керек.

Еңбек стажына қарамай барлық жұмыскерлер әр тоқсан сайын техника қауіпсіздігі туралы, өрт қауіпсіздігі туралы және еңбек ету құқығы мен міндеттері туралы нұсқау алып отыруы керек.

Жұмысқа алғаш қабылданған адамдарға бес күн ішінде еңбек кітапшасы ашылады.

Ұнтақты дайындау медициналық тексеруден өткен, 18 жасқа толған адамдар алынады.

Жаңа қабылданған жұмыскерлер міндетті түрде еңбек ету ережелері бойынша екі күндік оқудан өтуі керек, кейінірек жұмыс орнында бөлім және цех әкімшілігінен нұсқау алады.

Цехтың барлық жұмыскерлері жылына бір рет цех әкімшілігі тағайындаған комиссияға техника қауіпсіздігі бойынша емтихан тапсырады.

5.2 Еңбек қорғаудағы техникалық қауіпсіздік шаралары

Техника қауіпсіздігі жалпы және негізгі болып бөлінеді.

Жалпы техникалық қауіпсіздігі барлық өнеркәсіп пен барлық цехтарда орындалуы керек, себебі олар цехтың технологиялық ерекшеліктерін ескереді.

Жабдықты жөндеу кезіндегі қауіпсіздікті сақтау үшін қозғалатын бөліктердің сыртының жабдықты пайдалана алатындай және жұмыс істейтін қызметкерлер сиятындай етіп қоршау керек, оның ішінде демонтаж кезінде шешілген және қосымша бөлшектер де тұруы қажет. Барлық 0,3м-гі биіктіктегі алаңшылардың еденінің үстінде 1м биіктікке дейін сүйеніштері болуы керек. Сүйініштің төменгі бөлігінде 140мм кем болмайтын, түгел қамтитын борты болуы керек.

Цехтағы машиналардың орналастырылуы қызмет көрсететін жұмысшылардың цех ішінде еркін қозғалуына, қосымша бөлшектердің әкелуіне және басқа да бөлшектерді жинауға мүмкіндік беруі керек. Құбырлар мен науашалар алаңшалардың астында жасырынып тұруы қажет немесе жұмысшылар жүретін жерлерде, еденмен санағанда 1,1-2м биіктікте орнатылуы қажет.

Машиналарды пайдалану кезіндегі техника қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар келісімдегідей:

Жабдықтар берік іргетастарда сенімді орнатылуы қажет, олардың бөлшектері қаптамамен қапталуы қажет. Қапталу биіктігі 2м –ден кем болмауы керек және ол берік және сенімді қорғалатын жабдықтарға немесе іргетасқа бекітіледі. Олар үлкен соққылы жүктемелерді қабылдай алатындай болу керек.

Жұмыскерлерге қауіп төндіретін негізгі қауіпті бөлшектерге айналатын бөлшектерді жатқызуға болады, оларды міндетті түрде қаптау қажет. Ал жабдықтың жұмысына қауіп төндіретін металл сынықшалары, олар кеннің құрамында кетіп ұсақтағыштың сыналанып қалуына әкеліп соқтырады, сондықтан мұндай металл сынқтарын бөліп алу үшін, металл іздегіш немесе металл бөлгіш қолданған жөн.

Өндірістік операциясы кезінде респраторлар жағу керек. Ауыз арқылы улану, асқазан ауруына шалдықтырады. Қолды 2% соды ерітіндісімен жуу қажет. Жұмыс орындарында тамақ ішуге, шылым шегуге болмайды.

Ұнтақты дайындау цехы жоғары электр қауіпті категорияға жатады. Мұнда көптеген ток соғатын электроқондырғылар бар.

Электрқауіпсіздігі – техникалық және ұйымдастырылған шаралар жүйесі, ол адамдарды электртогының, электрөрісінің және т.б. қауіпті және зиянды әсерлерден сақтайды. Адам шығынына алып келетін негізгі себептер ол электр тогына кездейсоқ түсіп қалу немесе үлкен кернеуде тұрған ток жүретін сымдарға жақан арақашықтықта тұру, электр жабдықтарының сыртындағы изоляциясының бұзылуы және жұмысшылар жұмыс істеп жатқан жердегі ток өтетін бөліктердің анық жерлерінде кернеудің пайда болуынан және т.б. себептерден болады.

Байыту фабрикасының ұсақтау цехының электржабдықтары 40/6 подстанциясынан, қуаты 6300кВт екі трансформатормен қоректенеді.