Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
отчет жакон.docx
Скачиваний:
21
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
187.08 Кб
Скачать

V дәреже – эстетикалық көрсеткіштер

-құрылымдаудың заманауи бағытына сәйкестігі;

- функциялық – құрылымдық бейімделгіштігі;

-көркемдік – реңктік безендірілуі

ЖҚҚ- н беру тәртібі

Кәсіпорында « Жұмыс орнының әкімшісі» (ЖОӘ) ақпараттық бағдарламасы әзірленген, оған бас директор кәсіптер бойынша әзірленген және бекіткен арнайы киім беру нормалары енгізілген.

Қызметкерлерге берілген жеке қорғану құралдары бой мен мөлшерлерге, орындалатын жұмыстың сипаты мен жағдайларына сәйкес келуі және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс. Сәйкестік сертификаты жоқ жеке қорғану құралдарын сатып алу мен беруге жол берілмейді.

-Жеке қорғану құралдары қызметкерлерді жұмысқа қабылдау не оны басқа жұмысқа ауыстыру кезінде не осы құралдарды пайдалану мерзімінің аяқталуына байланысты белгіленген нормада беріледі. -Жеке қорғану құралдарын пайдалану мерзімдері күнтізбемен белгіленеді және ол қызметкерге нақты берілген күнінен бастап есептеледі.    -Жеке қорғану құралдары сертификатталған болуға және де киюге ыңғайлы, қозғалуға бөгет жасамайтын болып, қызметкерлердің өлшемдеріне сәйкес іріктеліп берілуге тиіс. -Жеке қорғану құралдары (противогаздар, өздігінен құтқарғыштар, сақтандыру белбеулері, масаханалар, каскалар және де өзге де құралдар) жүйелі түрде сынақтан өткізілуге және олардың дұрыстығы тексерілуге тиіс, қорғаныш қасиеттері төмендеген сүзгіштер, шынылар және де өзге де бөлшектер уақытында ауыстырылуы керек. Тексеруден кейін жеке қорғану құралдарында келесі сынақ мерзімдері туралы белгі (таңба, мөртаңба) қойылуға тиіс.Жұмыс беруші жеке және ұжымдық қорғану құралдарына тиісті күтімді ұйымдастырады, жеке және ұжымдық қорғану құралдарын алдын-ала өңдеуді, сондай-ақ оларды жөндеуді уақытында жүзеге асырады.    -Еңбек жағдайлары бойынша қажет болған жағдайда ұйымдарда жеке қорғану құралдарын алдын ала өңдеуге арналған кептіргіштер, камералар мен қондырғылар орнатылуға тиіс.       Егер Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен нормалар бойынша қызметкерлерге арнайы киім мен арнайы аяқ киімнің екі немесе үш жинақтамасын беру көзделсе, жеке қорғану құралдарын профилактикалық өңдеу және жөндеу жұмыс уақытында жүзеге асырылуы мүмкін, ал қызметкерлерге осы уақытқа жұмыс берушілерде осы мақсаттарға қажетті мөлшерде болуға тиіс арнайы киімнің, арнайы аяқ киімнің ауысымдық жинақтамалары беріледі. -Осы кезеңге белгіленген жұмыс уақыты нормасын толық орындаған қызметкерге сабын берудің айлық нормасы 500 грамнан төмен болмауға тиіс.

Зауытқа жаңадан жұмысқа алынған әрбір жұмысшы мен маман үшін арнайы киім дүкенінде берілген ЖҚҚ – н есепке алудың жеке карточкасы толтырылады. Дүкеннің үй жайында вестибюль, өлшеу бөлмесі бар көрсетілім залы мен қойма қарастырылған. Көрсетілім залында нормативтік –техникалық құжаттар, сондай –ақ арнайы киімнің арнайы аяқкиімнің, аяқкиімнің және басқа да ЖҚҚ- ң өлшемдік- бойлық межелгі бар кестелер ілінген.

Арнайы киім дүкені персоналының міндетіне ЖҚҚ – н беру, есепке алу және сақтау, іріктеу, өлшеп көру кіреді. Кәсіпорында сондай – ақ тігін учаскесі де бар, онда стандартты емес өлшемдері бар персонал үшін арнайы киімді бой мен өлшем бойынша лайықтау жүргізіледі.

Нормалар кәсіпорынның кәсіптері тиісті салалық нормаларда қарастырылған әрбір қызметкерлеріне әзірленеді. Аварияларды (өрттер, жарылыстар мен басқа да оқиғалар) оқшаулауға және жоюға арналған ЖҚҚ қарастырылған. Бұл жағдайда қорғаныстың тиісті құралдары үнемі авариялық қызметтердің (ӘАТҚҚО, ӨҚО) қарамағында болады, авария орталығынан шығару үшін немесе авариялардың салдарларынан сақтандыру жөніндегі жедел іс –әрекеттер үшін пайдаланылады. Авариялық мамандандырылған қызметтер жылу қайтаратын костюммен (ТОК) және өрт сөндірушінің жауынгерлік киімімен (БОП) қамтамасыз етілген. ТОК -200 құтқарушыны қоршаған ортаның температурасы 200 С-қа дейін болған кезде жылулық әсерлерден, ашық отпен жасқанғанда 20 секундтан артық емес уақыт, сондай –ақ жұмыс аймағындағы ауаның құрамындағы артық зиянды газдар мен уыттыларын қосқанда басқа да сұйықтықтардың буларынан, судан, беттік –белсенді заттар ерітінділерінен, шоқтардан немесе басқа да қоспалардан қорғауды қамтамасыз етеді. БОП -200 минус 40ͦ С – тан плюс 1600ͦ С –қа дейінгі температураға шыдайтын жылуға төзімді винилді былғарыдан немесе киізден жасалады.

Ашық ауадағы жұмыстарды орындайтын зауыт қызметкерлері тиісті нормалардан бөлек қысқы уақытта жүн бетперделерден және үсуге қарсы креммен, ал жазға уақытта шыбын – шіркейлік торлармен және масаға қарсы маймен қосымша қамтамасыз етіледі.

2.4.«КазФерроСталь» Жауапкершілік Шектеулі Серіктестігінде жеке қорғану құралдарын күтіп ұстауды ұйымдастыру

-Кәсіпорында ЖҚҚ-н тиісті дәрежеде күтіп ұстауға арналған кір жуатын және химиялық тазалау орны бар. Құрылымдық бөлімшелерден ластанған арнайы киімдер бекітілген графикке сәйкес кір жуудың орталықтандырылған пунктіне жеткізіледі. Жұмыс ауысымы ішінде 73 кг арнаулы киім жуылып, химиялық тазартудан өткізіледі. ЖҚҚ-н алдын ала өңдеу ауысымдар аралығындағы үзілістер кезінде жүргізіледі.

Кейбір кәсіптер үшін нормалар бойынша жұмысшылар мен қызметшілерге ЖҚҚ-ның ауысымдық жинақталымын беру қарастырылған, мұндай жағдайда өңдеу басқа уақытта орындалады. Қажет болған жағдайда ЖҚҚ –на ұсақ –түйек жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

-«КазФерроСталь» ЖШС – да қабылданған талаптар мен тиісті логотиптерге сәйкес арнаулы киімнің жаңа дизаины әзірленеді, ескі үлгідегі арнаулы киімді алмастыру кезеңдер бойынша жүзеге асырылуда.Қазіргі сәтте арнаулы киімнің 30 % дан астамы алмастырылды.

ЖҚҚ – сақтаудың тәртібі

-Кәсіпорында ЖҚҚ –н сақтау үшін арнаулы қоймалық үй-жайлар бөлінген. Үй- жайлар ЖҚҚ-н түрлері, мөлшерлері мен бойлары бойынша орналастыруды қамтамасыз ететін бірнеше қабаттан тұратын ұяшықтары бар сөрелермен, ілгіштермен және де басқа құралдармен жабдықталған. ЖҚҚ- ның дұрыс сақталуын тексеру үшін бір тоқсанда олардың жай күйін бір реттен кем емес көзбен таңдамалы шолып шығу өткізіледі және кемшіліктер айқындалған кезде тиісті шаралар қабылданады.

-Қызметкерлерге берілген ЖҚҚ-н сақтау үшін арнаулы жабдықталған үй – жайлар (киім шешетін орындар) берілген. Кәсіпорынның әрбір қызметтеріне екі: біреуі- таза киімді сақтауға, екіншісі-арнаулы киімді сақтауға арналған шкаф қарастырылған.