Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
отчет жакон.docx
Скачиваний:
21
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
187.08 Кб
Скачать

1.«КазФерроСталь» Жауапкершілік шектеулі серіктестігіне сипаттама

1.1 «КазФерроСталь» Жауапкершілік шектеулі серіктестік зауытында еңбекті қорғау

Кәсіпорын өз қызметін 1995 жылдан бастаған болатын. Ол кезде жиналған металл сынықтарының бәрі түгелімен шет елдерге жөнелтілетін. Металл сынықтарын өз елімізде балқытып, қажетті тауарға айналдырумен ешкім айналысқан емес. Бұл бағыттағы бастапқы өндірісті ұйымдастыру көптеген қаражат, арнайы мамандар мен қажетті құрал-сайман талап етті. Сонымен қатар, ат салушы жандардың ниеті мен қызметінің де маңызы зор еді.Олардың ішінде Татьяна Южакова – әйел адам арасында өте сирек кездесетін кәсіпші – металлург маманы. Зауытта «темір таудың ханымы» деген атаққа ие болған Татьяна металл сынықтарын қабылдап, оны іріктеп, құрыш балқыту цехына жөнелтеді. Металлургия зауытын ұйымдастырудағы алғаш қадамдарын оның есінде анық қалған. Зауыт іргесі қаңыраған бос жерде салынды. Ол кездегі заман тұрмысы қиын болатын, дегенмен, кәсібін берік ұстаған адамдар да аз емес еді. Осындай адал жандар пиғылынан елімізде «КазФерроСталь» сияқты кәсіпорын пайда болған. Ал, 2003 жылы электробалқыту цехы құрылысына кірістік. Цехтың алғашқы өнімі 2004 жылдың 8 наурызында, әйелдер күні қарсаңында шықты. Осы күнді кәсіпорынның дамуындағы жаңа сатысының басталуы деп айтуға болады. - Саладағы бәсекелік орта күннен күнге өсіп келеді, сондықтан зауыт бір орында тұрмай, ілгері даму жолдарын іздестіруде. Қазіргі таңда зауыттың жылдық өндіріс қуаты 60 мың тоннаға жеткізілген. Енді кәсіпорын басында прокат станының құрылысына кірісіпте кеткен. Құрылыс аяқталған соң, прокатқа арналған бастапқы өнім шығарудан, соңғы сатыдағы дайын бұйым өндіруге көшеді. Бұрыштықтар, швеллер, балкалардың түрлері – құрылыс саласында кеңінен қолданылатын металл бұйымдары. Әзірше, Қазақстанда мұндай бұйымдарды өндіретін бір де бір зауыт жоқ. Кәсіпорын стратегиясында тура есеп жатыр – қазірде шетелге жөнелтілетін металл брустарының экспорт бағасы 700-800 АҚШ доллар шамасында. Соңғы өнім бағасы ішкі нарықтың өзінде одан екі есе артық. Және оған сұраныс та жыл сайын артуда.

Бұл кәсіпорынның тұтыну ортасын шетелден ішкі нарыққа қайта бағыттаған кездегі тиімділік көрсететін сирек жағдайлардың бірі шығар.

Болат өндірудің жылдық көлемі- құйылған дайындама бойынша 60 тонна. Қазіргі кезде зауытта жұмыс істейтіндер саны 478 адамды құрайды. Зауытта 13 цех орналасқан, оның 7 цехы негізгісі болып табылады. Транспортты цех, кислородты-компрессорлы цех, механикалық ремонт цехы, электрлі- қуатты цех, инженерлі-механикалық қамтамасыздандыру цехы,жөндеуден өткізу цехы.

Зауыт штатында еңбекті және қоршаған ортаны қорғау қызметі бар, оның құрамында кәсіпорындағы еңбектің қауіпсіз және зиянсыз жағдайларын жасау жөніндегі жұмысты ұйымдастыратын және жұмыстардың жүзеге асырылуына бақылау жасайтын еңбекті қорғау бойынша маман бар.

Зауытқа жұмысқа кірген адамдар Қазақстан Республикасы Еңбек кодексі талаптарына сәйкес тікелей жұмыс орнында кіріспе нұсқамадан өткізіледі. Зауытта Қазақстан Республикасы Еңбек кодексі талаптарына сәйкес тікелей жұмыс орнында кіріспе нұсқамадан, білімін тексеру мен нұсқамадан өткізіледі. Зауытта Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 16.07.2007 жылғы №157 –ө бұйрығымен бекітілген еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу және бекіту Ережесі талапатрына сәйкес «КазФерроСталь» ЖШС-де еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтарды әзірлеу мен бекітудің тәртібі туралы Ереже дайындалған. Осы ережеге және еңбекті қорғау жөніндегі маман зауыттың құрылымдық бөлімшелерінің басшылары және қызметкерлер өкілдерінің қатысуымен жасаған тізбеге сәйкес учаскедегі, цехтағы, қызметтегі, зертханадағы әрбір кәсіп, сондай- ақ жұмыстардың жекелеген түрлері (биіктіктегі жұмыс, сынақтар) үшін әзірлеген лауазымдық нұсқаулықтар қайта қаралды. Тұтастай алғанда еңбекті қорғау мен өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша жұмысты ұйымдастыру « КазФерроСталь» ЖШС ұжымына алғащқы болат қорытылған 2004 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейінгі аралықта шамалы жалпы жарақаттанушылықпен, ауыр және өліммен аяқталатын жарақаттанусыз жұмыс істеуге мүмкіндік берді: 2006 жылы бір жарақат тіркелді.