Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
отчет жакон.docx
Скачиваний:
21
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
187.08 Кб
Скачать

Еңбекті қорғау жөніндегі іс-шараларға арналған шығындар

Өндірістік зияндылықтардың негізгі көздері электрмен болат балқыту цехында орналасқан. Бұл құрамында марганец бар шаң және электр доғалық пештер мен шөміш –пеш агрегаты жұмыс істеген кезде бөлінетін зиянды газдар: күкіртті ангидрид, азоттың қостотығы, көміртек тотығы. Сондықтан зауытта бұл цехтағы еңбектің санитарлық гигиеналық жағдайларын жетілдіруге, өндірістік зияндылықтарды азайтуға көп көңіл бөлінеді.

Жұмыстар орындалатын жермен байланысты қауіптіліктер

Қауіптіліктің атауы

Төндірілетін қауіп

Салдарлары,(ұнамсыз оқиғалар,залалы)

Өтпелер мен шығатын жерлер

зақымданған едендер, салбыраған кәбілдер, ылғыл еден, мұз, қоқыс, бет көлбеулігі, тегіс емес баспалдақтар, еден деңгейінің өзгеруі және басқалар

құлау, таю және басқалар

Биіктіктегі жұмыс

шатырдың осалдығы, шатырдың шеті, басқышта тұрып жұмыс істеу, едендегі тесіктер

биіктіктен құлау

Кедергілер

төбенің аласалығы, өткір заттар

соққылар, кесіп алулар және т.б.

Сұйықтықтардың үстінде немесе жанындағы жұмыс

жинақтаушылар, су қоймасының үстіндегі жұмыс және т.б.

сұйықтыққа құлау:

-батып кету

-улану

тұншығу

Авариялық жағдаяттар

шығатын есіктердің жабықтығы,шығатын жерлерге заттардың үйілуі, шығатын жерге дейінгі ұзын жолдар және басқалар

өрт немесе басқа да авариялық жағдаят кезінде шығудың мүмкін еместігі

Көлік

автомобил, темір жол, жаяу жүргіншілер

өліммен аяқталатын оқиғалар, жарақаттанулар

Табиғи қауіптіліктер

найзағай, күшті жел, мұздың еруі

өліммен аяқталатын оқиғалар, жарақаттанулар, аурулар және т.б.

1.2. «КазФерроСталь» Жауапкершілік Шектеулі Серіктестігінде қауіпсіздік техникасы мен өнеркәсіптік санитария мәселелеріне үшсатылық бақылау жасау

Өндірістің жалпы мәдениетін одан әрі арттыру, еңбек жағдайларын, өнеркәсіптік санитарияны, жарақаттану мен ауруға шалдығушылыққа қарсы күресті жақсарту мақсатында «КазФерроСталь» ЖШС – де қауіпсіздік техникасы мен өнеркәсіптік санитария мәселелеріне үшсатылық бақылау жасау туралы Ереже әзірленіп, қабылданды. Осы ережеге сәйкес Зауыт әкімшілігі қауіпсіздік техникасы мен өнеркәсіптік санитария жағдайына тұрақты бақылау жасауды ұйымдастырады. Бақылау жасау сатылар бойынша жүргізіледі.

Бірінші саты: Оперативтік бақылаудың бірінші сатысын өткізу кезінде күн сайын ауысым алдында учаске (ауысым) мастері бригадирмен бірге жұмыс орындарын, жабдықтардың жай- күйлерін тексереді және айқындалған кемшіліктерді жою шараларын қабылдайды. Тексерулердің нәтижелері бақылау жасаудың бірінші сатысының журналына тіркеледі. Тексеруден кейін учаске жұмысшыларына еңбекті қорғау жөнінде бес минуттық нұсқама өткізіледі, айқындалған бұзушылықтарға талдау жасалады. Мастерлер күн сайын білікті жұмысшылардан еңбекті қорғау бойынша жауапты адамдарды тағайындайды, олар жұмыс ауысымы кезінде жұмысшылардың өнеркәсіптік қауіпсіздік пен еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын, еңбекті қорғау бойынша лауазымдық нұсқаулықтарды сақтауына бақылау жасайды.

Екінші саты: Құрамына механик, энергетик, цех технологы мен зауыттық еңбекті қорғау қызметінің маманы кіретін, цех бастығы басқаратын комиссия аптасына бір рет жабдықтардың, жұмыс орындарының, өтпелер мен көлік өтпелерінің жай –күйіне, дайындамалар мен бөлшектерді жинастырудың дұрыстығына, жұмыс істеушілердің өнеркәсіптік қауіпсіздік пен еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын, еңбекті қорғау бойынша лауазымдық нұсқаулықтарды сақтауына тексеру жүргізеді. Бақылау жасаудың бірінші сатысы өткізілген кезде айқындалған кемшіліктердің жойылуы тексеріледі. Бақылау жасаудың екінші сатысының комиссиясы мастерлердің жұмысына бақылау жасайды, оларға цехтағы еңбек жағдайларын сауықтыру жөніндегі шараларды жүзеге асыруына көмектеседі. Тексерулердің нәтижелері бақылау жасаудың екіншк сатысы журналына тіркеледі.

Үшінші саты: Зауыт директоры бекіткен график бойынша апта сайын құрамына бес мамандар, медсанбөлім, еңбек және қоршаған ортаны қорғау, өрттен қорғау қызметінің қызметкерлері кіретін, бас инженер төрағалық ететін комиссия цехтарды, учаскелерді, қызметтерді тексереді. Бақылау жасаудың үшінші сатысының комиссиясы еңбекті қорғау жөніндегі барлық қолда бар құжаттаманы ( еңбекті қорғау бойынша мерзімдік нұсқама журналдары, бірінші және екінші сатыдағы бақылау жасаудың журналдары және т.б. ), өнеркәсіптік санитарияның, еңбекті қорғау мен өндіріс мәдениетін тексереді. Тексерудің нәтижелері цехтағы, учаскедегі, қызметті еңбекті қорғау мен өндіріс мәдениетінің жай – күйін бағалаудың бақылау қағазына жазылады.

1.3«КазФерроСталь» Жауапкершілік Шектеулі Серіктестігіндегі үшсатылық бақылау нәтижесі

Бас директордың 05.01.2009 жылғы бұйрығына сәйкес әрбір айдың соңғы бейсенбісі « Еңбек қорғау күні» деп жарияланды. Бұл күні кеңес өткізіледі, онда мынадай мәселелер қарастырылады:

  • Бақылау жасаудың үшінші сатысын өткізу жұмысының нәтижелері;

  • Бөлімшелердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік пен еңбекті қорғаудың жай-күйі (график бойынша басшылардың есебі);

  • Еңбекті қорғау жағдайларын одан әрі жақсарту жөнінде белгілеген қаржыны игерудің орындалуы;

  • Еңбекті қорғау жөніндегі бұйрықтар мен өкімдердің орындалуы;

  • Өндірістік жарақаттану оқиғаларын талқылау.

Кеңесте бақылау жасаудың үшінші сатысын өткізу комиссиясы еңбекті қорғаудың жай –күйіне қойған айыптық баллдарының қосынды нәтижелері бекітіледі және бөлімшенің өнеркәсіптік қауіпсіздік пен еңбекті қорғау бойынша рейтингі анықталады.Мысалы, қосындысында 10 айыптық ұпайдан аз жинаған бөлімшедегі өнеркәсіптік қауіпсіздік пен еңбекті қорғаудың жай – күйі жақсы, 10 нан 18 баллға дейін жинағандардыкінде - қанағаттанарлық, 19 баллдан жоғарғыларда-қанағаттанғысыз деп бағаланады.

«Жақсы» бағасын алған бөлімшелердің басшылары ақшалай сыйлықақымен марапатталады. Мысалы, 2008 жылы наурыз айында ( бақылау жасаудың үшінші сатысының нәтижелері мен баллдық жүйе бойынша 10 айыптық балдан төменгі нәтижеге сәйкес) еңбекті қорғау жөніндегі жақсы көрсеткіштері үшін № 7 газ қазандығы цехының бастығына сыйлықақы берілді.

Үшсатылық бақылау жасауды өткізуден басқа еңбекті қорғау бойынша маман күн сайын барлық өндірістік учаскелерді аралап шығып, жұмыс істеушілердің еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын сақтауына және бақылау жасайды.

2.«КазФерроСталь» Жауапкершілік Шектеулі Серіктестігінің саясаты.

2.1. «КазФерроСталь» Жауапкершілік Шектеулі Серіктестігінде жұмысты ұйымдастыру

Өндірістік персоналдың еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын сақтауға жауапкершілігін күшейту мақсатында бас директордың 17.04.2008 жылғы бұйрығымен Зауытта еңбекті қорғау бойынша айыппұлдық талондар енгізілді.

Егер қызметкер еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздіктің ережелері мен нормаларын бұзса, онда оған айыппұлдық талон беріледі және бұйрыққа сәйкес онымен бірінші рет әңгімелесу өткізіліп ескерту жасалады. Егер ол екінші рет бұзушылыққа жол берсе, онда өз қызметтеріне тиісті талап қоя білмеген оның тікелей бастығы (тиісті бөлімшенің басшысы) жазаланады. Қызметкер еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және лауазымдық нұсқаулықтардың ережелері мен нормалары талаптарын үшінші рет бұзса, онда онымен еңбек қатынастары тоқтатылады.

Сонымен қатар, зауыттағы өнім өндіру көлемі артып,жұмысшылардың арасында белсенділері болса, оларға арнайы сыйлықақылар беріледі.Ай сайын 10 пайыздық мөлшерде жұмыс зияндылығына және ерекше жұмыс нәтижелерін көрсеткен жұмысшыларға 5 пайыздық қосымша ақы төленеді.

Аттестаттаудың нәтижелері бойынша еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғаудың жай - күйін одан әрі жақсарту жөніндегі шаралар белгіленеді, олар зауыт басшылығындағы жауапты тұлғаларға оларды жүзеге асыру жолында барлық қажетті іс – әрекеттерді қабылдауды және өндірісте жазатайым оқиғалардың туындау тәуекелі мен жұмыс орындарындағы зиянды өндірістік факторлардың әсерін барынша азайтуды міндеттейді.

2.2.«КазФерроСталь» Жауапкершілік Шектеулі Серіктестігіндегі жұмысшыларды тағаммен қамтамасыз ету және медициналық шаралары

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. бұйрығымен өндірістер, цехтар, мамандықтар және лауазымдар тізімі бекітілген, сондай-ақ зиянды (ерекше зиянды) және/немесе қауіпті еңбек шарттарымен жұмыстар, ауыр жұмыстар тізбесі бекітілген, оған сәйкес осындай өндірістердің қызметкерлеріне еңбек ақының жоғарылатылған мөлшеріне, жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтылығына, қосымша төленетін жыл сайынғы еңбек демалысы құқығы ұсынылады.