Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ксіпорын ндірістік орлары.doc
Скачиваний:
121
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
81.92 Кб
Скачать

1.3 Кәсіпорыннын жарғылық қоры

Жарғылық капитал (қор) мемлекет, басқа меншік иесі немесе құрылтайшы берген кәсіпорын (ұйым) мүлкінің (капиталының) мөлшерін сипаттап көрсетеді. Ол алғашқыда шаруашылық жүргізуші субъектілерін құрғанда, өндірістік капиталды, материалдық емес активтерді, айналым құралдарын сатып алудың көзі болып табылады. Жарғылық капиталдың есебінен кәсіпкерлік кызметті жүзеге асыруға қажетті жағдайлар жасалады.

Мемлекеттік кәсіпорындардағы жарғылық капитал өндірістік капиталдарды (айналым және негізгі капиталдардың) өндіріс процесінің натуралдық-заттай элементтерін құруға арналған меншікті қаражаттардын негізгі көзі болып саналады.

Акционерлік қоғамның жарғылық капиталы кұрылтайшылардың жарнасы есебінен немесе жарналарды құрылтайшылар мен қатысушылардың акцияларына айырбастау жолымен құрылады.

Жарғылық капиталдың мөлшері шаруашылық қызмет процесінде өзгеріп отырады, негізгі капиталға жұмсалатын күрделі салымдар, пайда есебінен болатын айналым капиталының өсімі, тауар-материалдық құндылықтарды бағалауға дейінгі және капиталдың басқа толығулары нәтижесінде көбейеді, сондай-ақ негізгі құралдарды есептен шығару немесе басқаға беру, оның тозығын есептеу, зияндарды шығару, материалдық игіліктердің бағасын түсіру есебінен кемиді.

Кәсіпорындардың қарамағында қалатын қаражаттар негізінде, яғни салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді өтегеннен кейін кәсіпорындар мен ұйымдар тұтыну қоры мен қорлану қорларын құрады.

Тұтыну қоры мыналарды қамтиды:

  • бүкіл персоналдың (өндірістік, өндірістік емес) еңбегіне ақы төлеу шығындары;

  • ақшалай төлемдер, оның ішіне жылдың қорытындысы бойынша сыйақы мен төлемдер;

  • еңбегі үшін көтермелесудің ақша және натуралдық нысандағы басқа түрлеріне жұмсалған қаражаттар;

  • материалдық көмек;

  • еңбек және әлеуметтік жеңілдіктерді белгілеуге жұмса- латын қаражаттар;

  • Еңбек ұйымдарының акциялары мен ұжым мүшелерінің кәсіпорынның мүлкіне қосқан салымдарына қарай төленетін табыстар (дивиденттер, пайыздар);

  • басқа да жеке сипаттағы төлемдер.

Сөйтіп тұтыну қоры еңбек ақыға төленетін қаражаттар мен қызметкерлерді материалдық көтермелеу және әр түрлі әлеуметтік төлемдер үшін кәсіпорындар қарамағында қалатын пайданың бір бөлігі есебінен құрылады. Қордың қаражаты қызметкерлердің жеке тұтынуына жұмсалады.

Қорлану қоры мыналардың есебінен қалыптасады:

  • кәсіпорынның қарамағында қалатын пайда (табыс);

  • негізгі капиталды қалпына келтіруге жұмсалатын амортизациялық төлемдер;

. шығып қалған мүлікті өткізуден түскен түсім-қаржы;

  • банктердің несиесі;

  • басқа да көздер.

Қорлану қоры ұлғаймалы ұдайы өндірісті қамтамасыз етуге арналған шығындарды қаржыландырады, яғни:

  • негізгі және айналым капиталдарын молайтуға (арттыруға);

  • ғылыми-техникалық прогресті дамытуға, жаңа өнімдерді игеруге;

  • табиғат қорғау шараларын жүзеге асыруға;

• өндірістік инфрақұрылым объектілерін салуға қатысуға пайдаланылады.

Ірі кәсіпорындар мен ұйымдар кешенді тұтыну мен қорлану қорларының орнына құрылу көздері мен шығындарының мазмұны жағына ұқсас мынандай жеке қорлар құра алады: еңбекке ақы төлеу, өндірісті дамыту, әлеуметтік даму т.б. қорлары.

Кәсіпорындар мен ұйымдардың валюта қорлары валюта қаражаттарының есебінен мынандай көздерден қалыптасады:

  • экспорттан валюталық түсім-ақша;

  • жарғылық капиталға түсетін жарналар;

  • банктердің, оның ішінде шетел, басқа қаржы мекемелердің және шетелдік заңды тұлғалардың валюталық несиелері;

  • ішкі валюта рыногында өкілетті банктер мен айырбастау пункттері арқылы валюта сатып алу;

• резидент еместер көрсететін қаржы көмегі (гранттар).

Қорытынды

Нарықтық экономика жағдайында әртүрлі меншік түріндегі кәсіпорындар техника мен технологияны пайдалана отырып өз қызметін бәсекеге қабілетті етеді. Ал олардың бәсекеге түсетіндей өнім өндіруі(қызмет көрсетуі), осы өндірілген өнімдердің (көрсетілген қызметтердің) жоғары сапада болуы сөзсіз. Бірақ оларда сапалы өнімдерін уақытында өткізіп пайда алу үшін, оларды тұтынушыға қолайлы бағаға сатуға тура келеді. Содан-соң тұтынушылар өз қажеттілігін қанағаттандырады. Сөйтіп ел экономикасының өсімі жоғары болады.

Сондықтан, негізгі қорлар кез келген кәсіпорынның қалыптасуына және дамуына ең қажетті бастапқы каржы көзі болып саналады.

Өндірістік негізгі қордың құрылымы қоғам арасында салынатын қаражат салмағының айырмашылығын көрсетеді. Яғни актив бөлігінде негізінен өндірістің айнымалы қаржыларының жұмсалуы көзделеді. Сондай-ақ өндіріске қызмет ететін шешуші бөлімнің және өндірісте сипатталуға мүмкін болатын кәсіпорын шығарған бұйым, сонымен қатвар құрал-саймандар яғни өнімді өндіруге қатысатын негізгі қорлар жатады. Негізгі қордың актив бөлігінің өсуі өндірісте еңбек өнімінің артуына өндірістің тиімді дамуына әсер етеді. Пассив бөлігіне ғимараттар, транспорттар, беріліс қондырғылар жатады. Олар өндіріс процесінде бірнеше рет қатысып өндірістің актив бөлігінің тиімді жұмыс жасауын қамтамасыз етеді.

Қорыта айтқанда негізгі қордың тиімділігін көтеру үшін: олардың жүктелу деңгейін, қорларды жаңарту, қазіргі заманғы техникалық жабдықтарды пайдалану және де мамандандырылған жұмысшыларды пайдалануды арттыру қажет.

Қолданылған әдебиеттер.

  1. Экономика предприятия.В.Я. ГорфинкеляВ.А. Швандара.Москва 2000.

  2. Экономика предприятия.В.Я. ХрипачГ.З. СумаЭкономпресс 1999 г.

  3. Экономика учебная.А.П. Казанов.Москва 1999 г.Экономика предприятия.Н.В. Минеева.

  4. Нарықтық экономика негіздері. Б. Жүнісов.У. Байжомартов.Ү. Мамбетов

Алматы 1999 ж.

  1. Экономика предприятияС.Т. Купешова.Жалпы экономикалық теория.Ө.Қ. Шеденов.Б.А.ЖүнісовБ.И. Комягин.

15