Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
диплом-перевод.doc
Скачиваний:
42
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
823.81 Кб
Скачать

1173 К температурада αCu мыс негізінде қатты ерітіндімен тепе-теңдікте және αFe негізінде қатты ерітінділер Cu2s - Cu4FeS3,08 кездеседі.

Cu-Fe-S жүйесінің қорытпалар ликвидусы бетінің проекциясы [85] бойынша 2.2 суретте келтірілген. Cu-Cu2S қимасы, эвтектикасы бар монотектикалық тәрізді диаграмма болып табылады. Cu2S-CuFeS2 қимасы екі диаграмманы қамтиды: Cu2S-Cu5FeS4 және Cu5FeS4-CuFeS2. Біріншісі жоғары температураларда қатты ерітінділер қатарын көрсетеді, олар ≈973 К температурада Cu2S және Cu5FeS4 ыдырайды. Cu5FeS4 қосындысының балқу температурасы 1324 К құрайды. Екіншісі Cu5FeS4-CuFeS2 конвариантты тепе-теңдік температурасы 1148 К болатын эвтектикалық типті диаграмма болып табылады (l5 нүктесі).

Сурет 2.2. Cu-Fe-S жүйесінің күй диаграммасының ликвидус бетінің проекциясы

CuFeS2-FeS1,08 қимасы қатты күйде ерігіштігі шектеулі және эвтектикалық түрлену темпераутрасы 1169 К болатын эвтектикалық типті квазибинарлы кесінді болып келеді (l7 нүктесі).

Cu-Pb-S жүйесінің күй диаграммасы, Cu-Pb-PbS-Cu2S төртбұрышымен шектелген қорытпалар облысында зерделенді [86]. Cu-Pb-Cu2S қорытпалар облысында жүйе Cu-Pb, Pb-Cu2S және Cu-Cu2S екілік жүйелерінде, сонымен қатар үштік жеке жүйеде сұйық күйде араласпауымен сипатталады. Осыған ұқсас Pb-Cu2S-PbS жеке жүйесі де сипатталады.

2.3 Суретте диаграмманың жалпы түрі келтірілген. [86] жұмыста араласпайтын сұйық күйде күй диаграммаларының егжей-тегжейлі теориялық шолуы бар.

Сурет 2.3. Cu-Pb-S жүйесінің күй диаграммасының изотермиялық қимасы

Қорғасын өндірісінің штейндер негізін қорғасын, темір мен мыс сульфидтері құрайды. FeS-PbS эвтектикалық типті жүйесінің псевдобинарлы диаграммасы [87]. Қорғасын мен темір сульфидтері сұйық күйде шексіз ерігіштікке ие және қатты күйде дерліктей толық араласпайды. Бұл жүйеде, балқу температурасы 1140 К болатын 74,2% PbS кездесетін бір эвтектика бар.

Pb-Fe-S үштік жүйесі (1473 К температурада изотермиялық кесінді) 2.4 суретте көрсетілген.

Сурет 2.4. Pb-Fe-S жүйесінің күй диаграммасының изотермиялық қимасы

Микроскопиялық және термиялық талдаумен, Cu2S-FeS-PbS квазиүштік жүйесі зерттелді, ол Cu2S-PbS жүйесінің қос эвтектикалық нүктесімен дерліктей сәйкес келетін, үштік эвтектика нүктесімен өрнектелген қарапайым эвтектикалық типті жүйе болып табылады. 1273 К температурада Cu2S-FeS қоспаларында қорғасын ерігіштігі анықталды [88]. Қоспадағы мөлшерінің артуымен қорғасын ерігіштігі 30-дан 7,0 мас. %-ға дейін төмендейді.

Г.Г.Уразов және Н.Н.Ногинов зерделеген PbS-FeS-Cu2S үштік жүйесі аталған сульфидтердің балқымада өзара толық ерігіштгімен және біріншілей бөлінудің төрт өрісімен сипатталады: пиротин, борнитті қатты ерітінді, күкіртті қорғасын мен мыс колчеданы [89].

Cu-Pb-Fe-S жүйесінің күй диаграммасын С.С.Новоселов және Г.Г.Уразов егжей-тегжей зерделеді [6]. Cu-Cu2S-FeS-Fe облысында кездесетін қорғасын тек металды түрде болады. Штейнде ерігкн қорғасын концентрациясы (жалпы мөлшері) ондағы қорғасын сульфиді мөлшерінің артуымен жоғарылайды және металды темір мөлшерінің артуы мен штейннің мыспен байытылуына қарай төмендейді. Штейнде қорғасын мөлшері FeS-Cu2S-S үшбұрыш облысына өту кезінде ұлғаяды. Мұнда қорғасын металды және сульфидті түрде кездеседі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]