Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК, Кошимбаев.doc
Скачиваний:
63
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
3.13 Mб
Скачать

Глоссарий

  1. Ашық қалыпта қалыптау – кейбір технологиялық функцияны орындаушы қылаудың пайда болуымен қалыптау.

  2. Көп жылғалы қалыпты қалыптау – күрделі түрі бар соғылманы дайындаушы және қалыптаушы жылғаларда кезекпен соғып өңдеу.

  3. Ұяқалып – металдарды қысыммен өңдеу процесінде дайындамаға керекті түр және өлшемді беретін технологиялық жабдықтың бөлімі.

  4. Жылға – деформацияны жүргізгенде дайындаманың түрін және өлшемін өзінің түріне және өлшеміне сәйкес ететін қалыптың қабырғасымен шектелген қуыс.

  5. Шөгеру жылғасы – бастапқы дайындаманың ұзындығын кішірейту есебінен оның бір бөлімінің қимасын үлкейтетін жылға.

  6. Алғашқы-дайындаушы жылға – алғашқы және дайындаушы жылғалардың жұмысын атқаратын жылға.

  7. Алғашқы жылға – қалыптың қуысының өлшемі және түрі ақырғы жылғаға жақын, бірақ қылау арнасы жоқ жылға.

  8. Ақырғы жылға – қалыптың қуысының өлшемі және түрі ыстық соғылманың сызуына сәйкес келетін қылау арнасы бар жылға.

  9. Ақырғы сыртпішіндеу жылғасы – қалыптың қуысының өлшемі және түрі ыстық соғылманың сызуына сәйкес келетін көлденең соғу машинасының жылғасы.

  10. Қиюшы жылға – радиалды қылауды соғылмадан бөлу үшін қолданатын көлденең соғу машинасының жылғасы.

  11. Кесуші жылға – шыбықтан соғылманы бөлу үшін қолданатын көлденең соғу машинасының жылғасы.

  12. Таза жылға – соғылманың түрі мен өлшемін дәл етіп алу үшін қолданатын жылға.

  13. Жаншу жылғасы – бастапқы дайындаманы соғылманың ұзындығы бойынша кішкене ұзындатып кейбір қимада оның енін үлкейтетін тоқпақ немесе баспақ жылғасы.

  14. Жылжыту жылғасы – бастапқы дайындаманың кейбір жерлерінің көлденең қимасының ауданын кішірейтетін, ал кейбір жерлерінің үлкейтетін тоқпақ жылғасы.

  15. Ұзарту жылғасы – бастапқы дайындаманың көденең қимасының ауданын кішірейту арқылы ұзындығын үлкейтетін тоқпақ жылғасы.

  16. Қалыптайтын жылға – баспақтың немесе тоқпақтың алғашқы және ақырғы жылғалары.

  17. Арнайы созу жылғасы – дайындаманың үлкен ұзындықты аяққы бөлімдерін конусқа созуға қолданатын жылға.

  18. Тоқпақ қалыптарының кесуші жылғасы – жасалған соғылманы шыбықтан бөлуге қолданатын жылға.

  19. Арнайы сыртпішіндеуші жылға – соғылманың өсінді бөлімдерін алу үшін қолданатын жылға.

  20. Сыртпішіндеу жылғасы – соғылманың жоғарғы көрінісі түріне жақындататын түрді беруге қолданатын тоқпақ немесе баспақ жылғасы.

  21. Қалыптау еңiсi – соғылманың бетiне деформациялайтын құралдың қозғалыс бағытына параллельдi етiп орналастыратын еңiс;

  22. Шөктеу, шөкпе – бастапқы дайындаманың көлденең қимасының ауданы мен соғылманың көлденең қимасы ауданы қатынасымен анықталатын мөлшер;

Мазмұны

1

Пәннің оқу программасы- SYLLABUS

3

1.1

Оқытушы жайлы мәліметтер

3

1.2

Пән жайлы мәліметтер

3

1.3

Пререквизиттер

3

1.4

Постреквизиттер

3

1.5

«Көлемдік қалыптаудың технологиясы» қысқаша мазмұны

3

1.6

Тапсырмалардың тізімі мен түрлері және оларды орындау кестесі

4

1.7

Пән бойынша оқу-әдістемелік материалдар

5

1.8

Білімді бақылау және бағалау

5

1.9

Курстың саясаты және процедурасы

8

2

Негізгі таратылатын материалдар мазмұны

8

2.1

Курстың тақырыптық жоспары

8

2.2

Дәрістік сабақтар конспектісі

9

2.3

Зертханалық сабақтардың жоспары

117

2.4

Оқытушы жетекшілігімен өтетін студенттердің өздік жұмысы (СОӨЖ) аясында өтетін сабақтар тақырыбы

122

2.5

Студенттердің өздік жұмыстары (СӨЖ) аясында өтетін сабақтар тақырыбы

123

2.6

Пән бойынша курстық жұмыстың тақырыбы

124

2.7

Өзіндік бақылау үшін тестілік тапсырмалар

124

2.8

Пән бойынша экзамендік сұрақтар

128

Глоссарий

132

Смаилова Гүлбаршын Әбілқасымқызы

Кошимбаев Бауржан Ш.

МАТЕРИАЛДАРДЫ ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ ӘДІСТЕРІ

Пәнінің оқу - әдістемелік кешені