Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК, Кошимбаев.doc
Скачиваний:
63
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
3.13 Mб
Скачать

Студенттің білімін бағалау

Баға

Әріп эквиваленті

Рейтингті балл (процент)

Балл

Өте жақсы

А

95-100

4

А-

90-94

3,67

Жақсы

В+

85-89

3,33

В

80-84

3,0

В-

75-79

2,67

Қанағат

С+

70-74

2,33

С

65-69

2,0

С-

60-64

1,67

D+

55-59

1,33

D

50-54

1,0

Қанағатсыз

F

0-49

0

Модульдар бойынша және аралық аттестация өткізуге арналған сұрақтар тізімі.

1-модуль:

  1. Механахимия қандай заңдылықтарды зерттейді ?

  2. Материалдарды қирату процесінің қозғалту күші болып не саналады ?

  3. Материал беріктігіне не әсер етеді ?

  4. Кристалдық денеге жүктеме түсірген кезде оның қирауының негізгі сатыларын айтып беріңізші.

  5. Пластикалық металдардың қирау қисық сызығын бейнелеп беріңізші.

  6. Металдық және керамикалық материалдардың қирау процестерінде қандай айырмашылық бар ?

  7. Керамика қирағанда пайда болатын қирау түрлерін айтып беріңізші.

  8. Бөлшектерді қиратуға жұмсалатын жұмыс қандай сыңарлардан тұрады ?

  9. Бөлшектерді қиратуға жұмсалатын жұмыстың қандай сыңары пайдалы деп есептеледі ?

  10. Металл ұнтақтарын алатын технологиялық циклдың негізгі операциясын айтып беріңізші.

  11. Ұнтақтарды диспергрлеу үшін қолданылатын қондырғылардың негізгі түрлерін айтып беріңізші.

  12. Темір болқымаларын немен және қалай тозаңдатады ?

  13. Тозаңдатылған темір ұнтақтарын алу үшін қолданылатын шикізаттың негізгі түрін айтып беріңізші.

  14. Темір, феррохром, ферросилиций, болат қорытпаларының ұнтақтарын алатын технологиялық сұлбаны бейнелеңізші.

  15. Темір және оның қорытпалары ұнтақтарын жасаған кездегі энергия тасушының қысымын және температуралық режімін айтып беріңізші.

2-модуль:

  1. Сұйық өндірістік қалдықтан металдарды шығарудың ең нәтижелі тәсілі туралы айтып беріңізші.

  2. Сұйық өндірістік қалдықтардың мүмкін болатын түрлері туралы айтып бперіңізші.

  3. Сұйық қалдықтардың концентрациясын жоғарлату тәсілдері туралы айтып беріңіші.

  4. Қандай металдардың ұнтақтарын балқыманы ортадантеуіп тозаңдату тәсілімен алады ?

  5. Ортадантеуіп күш түсіріп балқыманы диспергирлейтін негізгі тәсілдерді айтып беріңізші.

  6. Айналатын оқбақыр тәсілімен ұнтақ алғанда неден материалдың гранулометрикалық құрамы тәуелді болады ?

  7. Ортадантебетін тәсілдерімен балқыманы диспергирлеген кезде қолданылатын жылу энергиясының көзі туралы айтып беріңізші.

  8. Айналатын электрод және диск тәсілдерін қолдып тозаңдатқан кезде ұнтақтың грануметрикалық құрамын анықтайтын факторларды айтып беріңізші.

  9. Ортадантеуіп диспергирлейтін тәсілді қолданып алынған ұнтақты оттегімен әсерлетпеу үшін қандай әдісті қолданады ?

  10. Тұтас металды баспақтаудан ұнтақтық денені баспақтаудың айырмашылығы неде ?

  11. Ұнтақты баспақтаудың жағдайын таңдау қандай факторлардан тәуелді болады ?

  12. Ұнтақтық денені тығыздаудың негізгі сатылары туралы айтып беріңізші.

  13. Баспақтау тығыздығының баспақтау қысымынан тәуелділігін сипаттайтын теңдеуді жазып беріңізші.

  14. Баспақтау факторы және көрсеткіші сияқты баспақтау процесінің көрсеткіштері нені ескереді ?

  15. Баспақтау факторын анықтауға мүмкіндік беретін теңдеуді жазып беріңізші.

Аралық аттестацияға арналған сұрақтар

    1. Алюминий және магний ұнтақтарын алудың технологиясын бейнелеп беріңізші.

    2. Мыс және олардың қорытапаларының ұнтағын қалай алады ?

    3. Титан және олардың қорытапаларының ұнтағын қалай алады ?

    4. Механикалық әсер етудің нәтижесінде қатты дененің жанасу аймақтарында қандай өріс пайда болады ?

    5. Механаөңдеген кезде материалда қандай физика-химиялық процестер жүреді ?

    6. Жұқа ұнтақтауды қандай жабдықтарда жүргізеді ?

    7. Атанақтардың пішініне қарай диірмендерді қалай бөледі ?

    8. Ұнтағыш диірменнің пішініне қарай диірмендер қалай бөлінеді ?

    9. Ұнтақтау мен араластыру процестерінің нәтижелігі немен анықталады ?

    10. Диірменді жұктеу немен анықталады ?

    11. Ұнтақтардың дисперлігін бағалау үшін қандай тәсілді қолданады ?

    12. Диспергирлеген кезде материалда қандай процестер жүреді ?

    13. Диспергирлеудің дәрежесі немен сипатталады ?

    14. Қандай физика-химиялық құбылыстар қатты денелердің диспергірленуін қоштайды ?

    15. Сырғу үйкелісі пайда болған кезде заттардың түйісетін жерлерінде температура қанша мөлшерге көтеріледі ?

    16. Механикалық белсендірген кезде жылудың бөлінуіне не себеп болады ?

    17. Наноматериалды алудың механахимиялық технологиясын қалай іске асырады ?

    18. Мүштіктік баспақтаудың артықшылығы мен кемшілігі туралы айтып беріңізші.

    19. Мүштіктік баспақтаудың негізгі тәсілдерін айтып беріңізші.

    20. Мүштіктік баспақтау тәсілдерімен жұқа бұйымдарды алуға болама ?

    21. Мүштіктік баспақтау тәсілімен бұйымды жасағанда, ұзындық пен пішінге қандай шектеулерді қойады ?

    22. Мүштіктік баспақтауды қолданғанда, баспақ-қалып ұяқалыбындағы ұнтақты ауаның оттегісімен әсерлесуден қалай қорғауға болады ?

    23. Қақталып жабыстырылған бұйымда кеуектілікті жабудың мөлшері қандай ?

    24. Жабық кеуектілігі бар қақталып жабыстырылған дененің тығыздығын қалай анықтайды ?

    25. Баспақтаудың алдында не үшін төменгі сотанды ұяқалып қуысына кіргізеді ?

    26. Ұнтақтық денені баспақтаған кезде көлемдік өзгерулерді қалай анықтайды ?

    27. Ұнтақтарды баспақтағанда бүйірлік үйкелісті қалай азайтады ?

    28. Автоматты баспақтарда бұйымдарды баспақтағанда майды қайда және қалай еңгізеді ?

    29. Автоматты баспақтарда ұнтақтарды баспақтағанда дәлмөлшерлеудің қандай тәсілін қолданады ?

    30. Баспақ-қалыпта толтырғанда қолданылатын дәлмөлшерлеу тәсілдері туралы айтып беріңізші.