Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК, Кошимбаев.doc
Скачиваний:
63
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
3.13 Mб
Скачать

5В071200 - «Машинажасау» мамандығының оқу-әдістемелік кешеніне

ПІКІР

Ұсынылып отырылған оқу-әдістемелік кешенінің құрылымы және мазмұны нормативтік құжаттардың талаптарына толық сәйкес келеді. Пәннің оқыту мақсаты және міндеттері, осы пәнді оқуға негіз болатын пәндердің тізімі және де басқа мәліметтері стандарт талаптарына сай орындалған.

Ұсынылып отырған оқу-әдістемелік кешен дәрістік, зертханалық сабақтарды, студенттердің өзіндік жұмыстарын оқытушымен аудиторияда және аудиториядан тыс өткізу үшін арналған. Келтірілген зертханалық сабақтардың атаулары жоспарланған мамандықтың мемлекеттік стандартына пәннің құрылымына сай келеді.

Оқу-әдістемелік кешеннің негізгі мақсаты өндірісті құрылымдық дайындау әдістерін, оқу және тәжірибе жүзінде меңргеру, және де қазіргі кездегі жабдықтарды, құралдарды, қалыптарды, баспақ-үлгілерін, әбзелдерді тиімді пайдалану болып табылады. Өндірісті құрылымдық дайындаудың теориялық және қолданбалы сұрақтары құрылымдық негізделінген автоматты жобалау жүйелерін қолдану.

Ұсынылған әдебиеттер тізімінің саны айтарлықтай жеткілікті келтірілген осы пәнге қатысты сұрақтарды ғылыми және методологиялық деңгейде қамтамасыз етеді.

«Өндірісті құрылымдық дайындау жүйесі» пәніне арналған 5В071200 — Машинажасау мамандығына ұсынылып отырған оқу- әдістемелік кешені құрылымы және мазмұны бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыкәсіптік білім стандартына толығымен сай келеді.

Техника ғылымының

докторы, профессор М.Р. Түсіпбеков

5В073800– «Материалдарды қысыммен өңдеу технологиясы» мамандығының студентеріне арналған «Көлемдік қалыптау технологиясы» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешеніне

ПІКІР

Оқу-әдістемелік кешенінде көлемдік қалыптау технологиялық үрдісін жобалау үшін керекті негізгі мәліметтер берілген. Химиялық құрамның және өндіру технологиясының дайындаманың механикалық қасиетіне әсері, ал тағы да әр түрлі температураларда және деформациялау жылдамдығында осы дайындаманың соққыштық қасиеті көрсетілген. Көлпемдік қалыптаудың режімдерін, дайындамаларды қыздырудың, ал тағы да соғылманы суытудың жылдамдықтарын таңдау бойынша ұсыныстар берілген. Қалыпталған соғылмаларға әдіп, шақтама және кенерме белгілеудің әдістемелері көрсетілген. Соғылмаларды топтастыру және әр түрлі жабдықтарда ыстықтай көлемдік қалыптаудың технологиялық үрдісін жобалаудың мысалдары келтірілген. Тоқпақтық қалыптардың жылғаларын құрылымдау және есептеу үшін керекті ұсыныстар берілген. Қосиінді ыстықтай қалыптау баспағында және көлбеу соғу машинасында ыстықтай көлемдік қалыптауды жүргізудің ерекшеліктері көрсетілген.

5В073800– «Материалдарды қысыммен өңдеу технологиясы» мамандығының студентеріне арналған «Көлемдік қалыптаудың технологясы» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені, студентер пәнді өз бетінше талқылаған кезде, зертханалық сабақты орындаған кезде және пәннің теориялық бөлімін оқыған кезде, оларға жақсы көмек беруді өзіне мақсат қойады.

Оқу-әдістемелік кешені КР МЖБС талабына, 5В073800– «Материалдарды қысыммен өңдеу технологиясы» мамандығының мамандық сипатамасына және жұмысшы оқу жоспарына сәйкесті жасалған. Сондықтан осы оқу-әдістемелік кешені пәннің негізгі мазмұнын толық бейнелейді.

Оқу-әдістемелік кешені пәннің оқу дәріс конспектісінен, әдістемелік материалдан, студенттер өз бетімен жұмыс істеу үшін қажетті оқу-сараптамалық материалдан, керекті әдебиет тізімінен тұрады. Бақылау сұрақтары студенттерге, осы пән бойынша өзінің алған білімін бақылауға мүмкіндік береді.

Оқу-әдістемелік кешені студенттердің танып білерлік және творчествалық істерін белсендетуге және дәрістік пен дәрістен тыс уақытта студенттердің өз бетінше жасайтын жұмыстарын ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Оқу-әдістемелік кешенін металлургиялық және машинажасау мамандықтарының студенттері мен магистрантары да қолдана алады.

64