Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК, Кошимбаев.doc
Скачиваний:
63
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
3.13 Mб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті

Өнеркәсіптік инженерия институты

Білдекжасау, материалтану және машина жасау өндірісінің технологиясы кафедрасы

.

СТУДЕНТ ПӘНІНІҢ ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

«Материалдарды зерттеу және бақылау әдістері»

пәні бойынша

5В073800– «Материалдарды қысыммен өңдеу технологиясы» мамандығына арналған

АЛМАТЫ 2013

«Материалдарды зерттеу және бақылау әдістері» пәнінің оқу-әдістемелік кешені Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің 5В073800– «Материалдарды қысыммен өңдеу технологиясы» мамандығында оқитын студенттерге арналған.

Құрастырушы: Білдекжасау, материалтану және машинажасау өндірісінің технологиясы кафедрасы (БМжМӨТ), Алматы: ҚазҰТУ, 2013.

Құрастырған: Смаилова Г.А. - техника ғылымдарының кандидаты, доцент., Кошимбаев Бауржан Ш. аға оқытушы.

Андатпа

«Материалдарды зерттеу және бақылау әдістері» жалпы кәсіптік циклды пәндерге жатады. Пән бойынша оқу-әдістемелік кешенін құру заңына сәйкес және мемлекеттік жалпы жоғары кәсіптік стандарт негізінде құрастырылған. Бұл оқу-әдістемелік кешені барлық керек бөлімдерін қамтиды: пән міндеті және мақсаты келтірілген, оның инженер жүйесінде бакалаврларды дайындаудағы басқа пәндермен байланысы және қолданылуы керек білімнің минимумдығы және пән бойынша игеруге керек білімін толықтыруға бөлімдері келтірілтен.

5В073800 – «Материалдарды қысыммен өңдеу технологиясы» мамандығы студентеріне арналған “«Материалдарды зерттеу және бақылау әдістері» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені, студентер пәнді өз бетінше талқылаған кезде, оларға жақсы көмек беруді өзіне мақсат қояды.

Оқу-әдістемелік кешені КР МЖБС талабына және жұмысшы оқу жоспарына сәйкесті жасалған. Сондықтан осы оқу-әдістемелік кешені пәннің негізгі мазмұнын толық бейнелейді.

Оқу-әдістемелік кешені пәннің оқу бағдарламасынан, дәріс конспектісінен, әдістемелік материалдан, студенттер өз бетімен жұмыс істеу үшін қажетті оқу-сараптамалық материалдан, керекті әдебиет тізімінен тұрады.

Оқу-әдістемелік кешені студенттердің танып білерлік және творчествалық істерін белсендетуге және дәріс пен дәрістен тыс уақытта студенттердің өз бетінше жасайтын жұмыстарын ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Оқу-әдістемелік кешенді машинажасау мамандықтарының студенттері мен магистрантары қолдана алады.

Кесте , суреттер .

© Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті, 2013

1 Пәннің оқу бағдарламасы – syllabus

1.1 Оқытушы жайлы мәліметтер:

Сабақты өткізетін оқытушы

Смаилова Г.А. - техника ғылымдарының кандидаты, доцент., Кошимбаев Бауржан Ш. аға оқытушы.

Қатысу ақпараттары: 8-702-100-17-00

Кафедрада болу уақыты:

БМжМӨТ кафедрасының дәрісханалары мен зерханалары.

Кафедрада болатын уақыты: сағат 900 – 1700.

1.2 Пән жайлы мәліметтер:

Атауы: «Материалдарды зерттеу және бақылау әдістері»

Кредиттер саны: 2.

Жүргізу орны: БМжМӨТ кафедрасының дәрісханалары мен зертханалары.

Оқу жоспарынан көшірме 1-кесте

Курс

Семестр

Кредит

Бақылау түрі

Дәріс

Зертханалық сабақ

Тәжірибе-лік сабақ

СӨЖ

СӨЖО

Барлығы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

3

7

2

1

2

-

3

3

9

Е

1.3 Пререквизиттер: математика; физика; материалтану.

1.4 Постреквизиттер: дипломдық жоба

1.5 Пәннің қысқаша мазмұны

«Материалдарды зерттеу және бақылау әдістері» пәні материалдар, олардың қасиеттерің химиялық құрамы мен құрылымына, өндеу тәсілдеріне және пайдалану жағдайларға тәуелділігін білдіретін ғылым, материалдардың құрылымын зерттеудің арнайы эксперименттік әдістер жиынтығын қарастырады. Пәнді оқытудың мақсаты болып зерттеудің бірқатар казіргі заманғы әдістерінің теориялық негізін, олардың мүмкіндіктері мен шектеулерін оқып білу, материалдардың құрылымы және қасиетімен байланысы кешенді білімді студенттерге беру болып саналады.

Осындай білімді беру, қазіргі уақытта қолданылып жатқан көпдеңгейлі инновацилық білім беру бағдарламасын іске асыру жағдайы шегінде жүргізіледі.

«Материалдарды зерттеу және бақылау әдістері» пәні, осы пәннің көмегімен материалдарды қысыммен өңдеу технологиясы саласы аймағында инженерлік білімді алатын, 5В073800 – «Материалдарды қысыммен өңдеу технологиясы» мамандығы студенттері меңгеріп, кейін сәйкесті қызмет атқара алатын мамандықдықпен байланысты пән болып саналады.

«Материалдарды зерттеу және бақылау әдістері» пәнін оқытудың мақсаты болып бакалаврлық міндетті қалыптастыратын білімді, іскерлікті және дағдыны студенттерге беру болып саналады. Осындай білімді алу негізінде студенттер материалдарды қысыммен өңдеу процестерін жоболаудың ұтымды негізін жасап талдай алатын дәрежеге жетулері қажет. Осы процестер керекті сапасы бар бұйымды алуды қамтамасыз етулері қажет.