Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дедфи.doc
Скачиваний:
39
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
2 Mб
Скачать

Standard парағы

- Объектілер репозитариясын ашу (File/new)

- бұрыннан құрылған файлды ашу (File / open file)

-файлды дискіде сақтау (File / Save as….) (Ctrl+S)

- дискіге жазып барлық файлдарды сақтау (File / Save all)

- бұрыннан құрылған программаның жобасын ашу (File / open)

(Ctrl+F11)

- жобаға жаңа файлды қосу (Project / Add to Рroject) (Shift+F11)

- жобадағы файлды жою (Project / Remove from Project)

View қарап шығу тобы

- екпінді жобаның құрамындағы модульдер тізімінен қажетті

модульді таңдау (View / Units) (Shift+F12)

-екпінді жобаның құрамындағы формалардың тізімінен керекті форманы таңдау (View / Form) (Ctrl+F12)

-форманың терезесінен программа кодының терезесіне және одан

кері өту (View / Toggle Form Unit) (F12)

-жаңа форманы құру (View / New Form)

Debug (түзету ) тобы

- программаны компиляциялау және орындау

- түзету енгізіп жатқан программаның жұмысын уақытша тоқтату

(Run / Program Pause)

-қадамдық тексеру ішкі пограмманың жұмысын бақылау тәртібінде

орындайды.

Custome (баптау) тобы

-Delphi ортасының құрамындағы анықтама жүйесін іске қосу.

(Help / Cоntents)

- Delphi ортасының екпінді күйін сақтау.

Компоненттер жинағы – Delphi-дің негізгі ерекшелігі. Ол негізгі терезенің оң жағында орналасып, қажетті компонентті тез табуға арналған белгішелерден тұрады.

Компонент деп – белгілі бір қасиеттері бар және форма терезесінде кез-келген объектіні орналастыру мүмкіндігін туғызатын функционалды элементті атайды. Delphi ортасының компоненттері 19 топқа бөлінген, ол топтарды парақтар деп атайды. Компоненттер көмегімен программаның негізі – қаңқасы құрылады (терезелер, батырмалар, таңдау тізімдері және т.с.с.)

Батырмалар тақташасы сияқты компоненттер палитрасын икемдеуге болады. Ол үшін компоненттер палитрасына кіретін кез-келген пиктограммада тышқан тетігінің оң батырмасын таңдау арқылы арнайы редакторды іске қосу қажет.

Ашылған менюдегі Рroperties (қасиеттер) пунктін таңдағанда оның терезесі шығады.

Delphi ортасының компоненттері бағдарлама орындалғандағы көріністің пішімін анықтайтын бөлек элементтері ретінде қолданылады. Сонымен қатар, Delphi ортасының көрініспен жұмыс атқармайтын, яғни визуалды емес көптеген маңызды компоненттері бар. Дәлірек айтсақ, компонент алдын-ала даярланған бағдарламаның үзіндісі, оны қажет болғанда құрылып жатқан бағдарламаға ендіруге болады деп түсіну керек.

Delphi ортасының құрамына бірнеше компоненттер кіреді. Солардың кейбір маңыздыларын қарастырайық. Standard парағы.

Сурет 1.4 Standard парағы

Standard парағының құрамына келесі компоненттер кіреді. Төмендегі «Кесте 3» - де командалар мен олардың функцияларына сипаттама бберілген.

Кесте 3 Standard парағы компоненттері

Белгісі

Аты

Атқаратын жұмысы

Frame

Жиектері бар форма тәрізді аумақ, басқа компоненттерді контейнері ретінде қолданылады

Main Menu

Бағдарламаның негізгі меню жүйесі. Компонент арқылы күрделі меню құрып, жұмыс атқаруға болады.

Popup Menu

Көмекші немесе локалды меню. Әдетте бұл меню тышқанның оң батырмасын басқанда пайда болады.

Label

Белгі. Компонентке шағын жазу орналастыру мақсатында қолданылады.

Edit

Енгізу қатары. Бір мәтіндік жолды енгізу, көрсету және түзету амалдарын орындауға қолданылады.

Memo

Көпжолдық мәтін редакторы. Енгізу және шығару амалдарын орындауға қолданылады.

Button

Нұсқаулық батырма. OnClick оқиғасын өңдеуші үзінді кейбір нұсқауларды орындайды.

Кесте 3 жалғасы

Check Box

Тәуелсіз ауыстырғыш. Бағдарламаны орындалу барысында тышқанды басқанда енгізілетін ауыстырғыштың Checked мәні өзгертіледі.

Radio Button

Тәуелді ауыстырғыш. Әдетте ол осындай тағы да бір компонентпен бір топқа біріктіріледі. Тышқанмен сырт еткізгенде алдыңғы таңдалған компоненттің босатылуына себеп болады.

List Box

Таңдау тізімі. Опциялар варианттарының тізімін ұсынады және таңдалған бір опцияны бақылауға мүкіндік туғызады.

Combo Box

Қиыстырылған таңдау тізімі. Таңдау тізімінен және мәтін редакторынан тұрады.

ScrollBar

Басқару белдеулері. Windows терезелері сияқты тік және көлденең белдеулерін ұсынады.

GroupBox

Элементтер тобы. Бір мағыналық компоненттерді біріктіру.

RadioGroup

Тәуелді ауыстырғыштар тобы. Бір-бірімен байланысқан бірнеше ауыстырғыштармен жұмыс атқаруға мүмкіндік туғызады.

Panel

Тақташа. Бірнеше компоненттерді біріктіру үшін қолданылады. Ішкі және сыртқы жиектері бар, жаншылған және дөңесті эффектілерін көрсетуге болады.

ActionList

Әрекеттер тізімі. Пайдаланушының бір тектес элементтер тобындағы басқару элементін таңдау әрекетіне, бағдарламаны сезіндіру амалдарын орындатуға арналған.

Additional парағының құрамына сұхбаттасу терезелерін орналастыру үшін қолданылатын келесі компоненттер кіреді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]