Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дедфи.doc
Скачиваний:
39
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
2 Mб
Скачать

Сурет 2.1 Пішін терезесі

Алдымен бұл терезе бос болады, дәл айтсақ Windows стандартты интерфейстік элементтерінен, яғни жүйелік менюді шақыру, терезені үлкейту/кішірейту, жабу батырмаларынан, тақырып қатарынан және қоршалған шегінен тұрады. Бұл терезенің жұмыс аумағы координаттар торының нүктелерімен реттеліп тұрады.

Программалау Lego конструкторының бөлшектерімен атқарылатын жұмыс сияқты компоненттер жинағынан қажетті компонентті таңдап, форманың терезесіне орналастырудан басталады. Сөйтіп, форма терезесінде қажетті компонеттер бірінен соң бірі орналасады.

Бұл ерекшелік – визуалды (көзбен шолу) программалаудың негізі болып табылады. Программалаушы әр мезгілде құрылатын программаның терезесін бақылап отырып, қажетті өзгерістерді кез келген мезетте енгізу мүмкіндігіне ие болады.

Жоғарыда айтылғандарды басшылыққа ала отырып, оқу программасына арналған форма құруға болады. Бұл процесті жеңілдету үшін әрбір компоненттің қасиеттерін келтірейік. Компоненттердің орналасу ретіне қарай келтірейік, яғни алдымен форма дайындалады, одан кейін формаға панель орналасады, оған батырмалар мен енгізу жолы орналасады, ал белгі мен көп жолдық редактор панельдің үстіне форманың бос жеріне орналасады.

Компоненттердің өлшемі 800х600 экран мүмкіндігін ескере отырып, тағайындалған.

Кесте 9 Пішіндер компоненттері

Компоненттер

Объектілер инспекторы терезесіне енгізілетін өзгертулер (қасиеті және мәні)

Form1: Tform

Caption: Оқу программасы

Height:375

Name: fmExample

Position: PoscreenCenter

Width: 544

Panel1: Tpanel

Align: Albottom

Bevelouter: Bvnone

Caption: бос қалдыру

Height: 84

BBRun: TRunTbitBtn

Kind: BkOk

Left: 32

Name: BBRun

Top: 288

BbClose: TbitBtn

Kind: BkClose

Left: 128

Name: BbClose

Top: 48

Кесте 9 жалғасы

Edinput: Tedit

Name: Edinput

Left: 128

Text: бос қалдыру

Top: 16

Width: 544

LbOutput: Tlabel

Align: Albottom

Caption: бос қалдыру

Name: Lboutput

MmOutput: Tmemo

Align: Alclient

Lines: бос қалдыру

Name: mmOutput

ScrollBars: SSBoth

WordWrap: False

Форманың өлшемі Height (биіктік) және Width (ені) ескертусіз алынған өлшеммен сәйкес келеді. Position қасиеті экранның жиектеріне қатысты форманың орналасуын басқарады. Podesigned і форманы Poscreen Center экранның центрі бойынша симметриялы етіп орналастыруды талап етеді.

Align қасиеті ол өзі орналасатын контейнерге салыстырмалы орналасатын компонентті туралау тәсілін көрсетеді. Контейнер – оған басқа компоненттерді орналастыруға болатын орын болып табылады. Осындай контейнердің бірі – Panel компоненті. Біз формаға панельді орналастырдық, оның қасиеті Align, мәні – AlButton ( төменгі жағынан) тағайындадық. Осы мәндерді тағайындағаннан кейін компонент төменгі жиекке тартылады да, бар ұзындығымен созылып орналасады.

Caption (тақырып) қасиеті барлық көрінетін элементке қатысты. Панель үшін оның ортасына орналасатын мәтінді анықтайды.

Панель мен оған орналасақан белгі белгі бір бүтін ретінде қабылдануы үшін панельдің Bevelouter (сыртқы жиек) қасиетіне Bvnone мәні тағайындалған.

Left (солға), Top(жоғарғы жағынан) және Width (ені) қасиеттері компоненттің сол жақ жоғарғы бұрышының орнын анықтайды.

Name (аты) қасиеті программадағы компоненттің атын анықтайды.

Қазіргі практикада қабылданған программалау стилі бойынша атаудың алдына екі әріптен тұратын префикс қойылады. Префикстегі мнемоника программистке атау берілген компоненттің немесе оның қасиетінің типі жөнінде ескертеді. Мысалы, Align қасиетінің барлық мүмкін мүмкін болатын мәні үшін Delphi – дегі стандартты префикс Al (ол Align сөзінен алынған); бұдан ағылшын сөздері:AlButton, AlTop, AlLeft және т.б.алынады.

Енгізу жолы көптеген оқу программаларында тікелей қатысады, сондықтан бұл компонент edinput деп аталады: ed префиксі - бұл edit компонентінің ағылшынша атауынан қысқартылып алынған, ал input программаға мәліметтерді енгізу денегді білдіреді.

Дәл осылайша қысқартылған атаулар: белгіге де арналған (LB – Label сөзінен, Output программаны шығару), көп жолдық редактордағы (mm – Memo сөзінен ), батырмалар OK (BB – BitBtn сөзінен, Run – программаны орындау), Close – жабу.

Edit компонентіндегі text қасиеті экранда пайда болған мезгілдегі енгізу жолындағы мәтіннің мазмұнын анықтайды. Бастапқы мәтін программаға мәліметті енгізуге кедергі жасамас үшін бұл қасиетті өшіруге болады. Дәл осылайша белгідегі Caption қасиетін, көп жолдық редактордағы Lines қасиеттері арқылы өшіруге болады. MmOutput Lines қасиетін тазалау үшін Объектілер инспекторы терезесіндегі осы қасиетті тышқанмен белгілеңіз және қасиетті өзгерту сұхбат терезесін шақырыңыз. MEMO1 мәтінін өшіріңіз де, терезені OK батырмасымен жабыңыз.

MmOutput компонентінің ScrollBars қасиетінің мәні: SSBoth (екі жағынан). Бұл мән Delphi – дередакторға горизонталь және вертикаль орағыш жолақтарының екеуін де тең орналастырады. WordWarp қасиетінің мәніне (сөздерді тасымалдау) False мәнін тағайындау қажет, ол редакторды ұзын мәтіндік хабарларды жахғанда сөздерді келесі жолға тасымалдауды орындамайды. Осы компоненттегі Align қасиетінің мәні Alclient болады, ал ол компоненттен форманың барлық қалған толтырылмаған бөлігін терезенің өлшеміне тәуелсіз алып тұруын талап етеді.

BitBtn компоненті үшін Kind (сорт) қасиеті типтік функцияны анықтайды, ол сұхбат терезелеріндегі батырмалардың қызметін қамтамасыз етеді. BkClose мәні типтік пиктограмма мен Close жазуын анықтайды, оны Delphi батырмаға орналастырады. Сондай-ақ терезені жабудың типтік функциясын да батырмаға орналастырады. Нәтижесінде, программа жұмысын аяқтайтын батырманы аламыз. BkOK мәні BitBtn батырмасын сұхбат терезесін жабуды талап етеді, оның нәтижесі – mrOk. Біздің форма сұхбат терезе болмағандақтан OK батырмасы бұл қызметтіатқармайды. Біз BkOK мәнін тек батырмаға тиісті пиктограмма мен жазуды алу үшін пайдаландық

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]