Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дедфи.doc
Скачиваний:
39
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
2 Mб
Скачать
    1. Delphi ортасының меню жолы

Менюдің “Файл” (File) пункті командаларын қарастырайық. Бұл пунктте «Құру»(Создать), «Ашу»(Открыть), «Жобаны ашу»(Открыть проекта), «Таңдау»(Выбрать), «Сақтау»(Сохранить) және т.б. командалар қарастырылған. Толығырақ сипаттама алу үшін «Кесте 1» -де берілген.

Кесте 1 Менюдің “Файл” (File) пункті командалары

Меню командалары

Сипаттамасы

Создать (New)

Құралатын объекттің типін (қосымша, форма, модуль) таңдауға арналған ішкі меню

Открыть… (Open)

Құрылған проект, форма, модуль, редактордағы тексттік файлды жүктеу үшін ашуға арналған диалогты терезені бейнелейді. Егер модуль форманы сипаттаса, онда бұл форма экранда пайда болады

Открыть проект… (Open Project)

Құрылған проекттi жүктеу үшiн диалогты терезенi көрсетедi (.bpr или .bpk)

Кесте 1 жалғасы

Выбрать (Reopen)

Соңғы жабылған проекттер мен модульдердiң тiзiмiнен тұратын iшкi менюдi көрсетедi

Сохранить (Save)

Редактрленген файлды оның ағымды атымен сақтайды

Сохранить как… (Save As)

Проект файлындағы өзгертулердi енгiзiп ағымды файлды жаңа атпен сақтайды

Сохранить проект как… (Save Project As)

Ағымды проекттi жаңа атпен сақтайды

Сохранить все (Save All)

Барлық ашылған файл, проект пен модульдердi сақтау

Закрыть

(Close)

Ағымды проекттi және онымен байланысты модульдер мен формаларды жабады

Закрыть все (Close All)

Барлық ашылған файлдарды жабады

Использовать модуль (Use Unit)

Таңдалған модульдi белсендi модульдiң сипаттамасына қосады

Печать (Print)

Белсендi файлды баспаға бередi

Выход (Exit)

Проекттi жабады және ортадан шығады

Менюдiң басқа пунктерiн қарастырайық. “Правка” (Edit) пунктi “Отменить” (Undo) және “Вернуть” (Redo) командаларынан тұрады, олар редактормен жұмыс iстеу кезiнде жасалған қате әрекеттердiң салдарын жоюға өте пайдалы. Мысалы, егер қажет текст фрагментi кездейсоқ өшiрiлген жағдайда.

“Отменить” (Undo) командасын орнату үшiн редактор менюiндегi Сервис | Опции редактора (Options | Environment) пунктiн қалай қолдануға болатындығын түсiндiредi. “Отменить” (Undo) командасының мүмкiн санын шектеуге болады. “Вырезать”(Cut), “Копировать”(Copy), “Вставить” (Paste) және “Удалить”(Delete) командаларының қызметi Windows-тың басқа қосымшаларындағы осы командалардың қызметiмен бiрдей, бiрақ Delphi-де оларды тек текстке емес, визуалды компоненттерге де пайдалануға болады.

“Сделать верхним” (Bring To Front), “Сделать нижним” (Send To Back), “Выровнять” (Align) және “Размер” (Size) командалары 1 сабақта талқыланған. Қалған 4 пункт формаладың сыртқы түрiн жылдам “безендiруге” көмектеседi.

“Поиск” менюiнде программаны орындау кезiнде қатенi табуға көмектесетiн “Find Error” (қатенi iздеу) командасы бар. Қате туралы хабарда оның адресi (орны) көрсетiлген жағдайда Сiз менюдiң Search | Find Error пунктiн таңдап, сол адрестi енгiзуіңізге болады. Егер мүмкiндiк болса, Delphi ортасы программада қате жiберiлген орынға сiздi апарады.

Менюдiң “Вид” (View) пунктi командаларын қарастырып, сипаттама берейік «Кесте 2».

Кесте 2 Менюдiң “Вид” (View) пуктiнiң құрамы

Меню командалары

Сипаттамасы

Менеджер Проектов (Project Manager)

Проектiлердiң менеджерiн көрсету

Инспектор объектов (Object Inspector)

Объектiлер инспекторын көрсету. Онда өзгертуге болатын белсендi компоненттердiң қасиеттерiн бейнелейдi

Дерево объектов (Object TreeView)

Сiздiң формаңызға, модульге және т.б. орналастырған визуалды не визуалды емес компоненттердiң сатылы ағаш тәрiздес тiзiмiн көрсету

Список дел

(To do List)

Жасалған iс-әрекеттер тiзiмi

Панель выравнивания (Alignment Palette)

Формадағы объектiлердi әртүрлi параметрлер бойынша түзету

Обозреватель (Browser)

Программадағы объектiлер сатысын, бастапқы текстегi идентификаторды iздеу және т.б. көру құралдарын шақыру

Обзор кода

(Code Explorer)

Сiздiң модулiңiзде сипатталған барлық типтердi, қасиеттердi, әдiстердi, глобалды айнымалыларды көрсететiн ағаш тәрiздес диаграмманы ұсынады

Список компонентов (Component List)

Компоненттер палитрасының альтернативасы. Тышқан болмаған жағдайда компоненттер аты бойынша iздеуде пайдаланады

Список окон

(Window List)

Delphi ортасында ашылған терезелер тiзiмi

Форма/Модуль

(Toggle Form/Unit)

Формадан оған сәйкес модульге өту, тiзiмнен модульдi немесе форманы таңдау

Список модулей (Units)

Проектiдегi модульдер тiзiмi

Список форм (Forms)

Проектiдегi формалар тiзiмi

Менюдiң “Project” (Проект) пунктiнде проектiні компиляциялауға (compile) немесе құруға (build) болады. Егер Compile немесе Run таңдаса, онда Delphi соңғы компиляциядан кейiн тек өзгертiлген модульге ғана қайта компиляция жасайды. Бiр жағынан Build all бастапқы текстке қол жету мүмкiндiгi бар модульдердiң барлығын қайта компиляциялайды. «Проверить» синтаксис (Syntax Check) командасы DCU файлын жаңартпай, тек программа кодының дұрыстығын тексередi.

Ең төмендегi Информация (Information) пунктi программа туралы мына ақпаратты бередi: берiлгендер, ағын және код сегменттерiнiң өлшемi, локальды динамикалық жадының өлшемi және компиляцияланған жолдардың саны.

“Выполнить” (Run) пунктiн программаны компиляциялауға және жүктеуге және де командалық жолдың параметрлерiн программаға беру үшiн қолданады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]