Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дедфи.doc
Скачиваний:
39
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
2 Mб
Скачать

Сурет 1.1 ide терезесі

Интерфейстің құрамына 4 терезе кіреді

1.Негізгі терезе (Projegt1.dpr);

2.Объектілер бақылаушысының терезесі (Object Inspector);

3.Форманың құрастырушының терезесі (Form1.dfm);

4.Программа кодының терезесі (Unit1.pas).

DELPHI бірқұжаттық орта, яғни бір мезгілде тек қана бір қолданбалы программамен жұмыс атқаруға болады. Программа жобасының атауы негізгі терезесінің жоғарғы қатарында көрсетіледі.

Форманың терезесінен Unit кодына жөне одан кері өту F12 пернесі арқылы орындалады.

1.5 Delphi бағдарламасының құрылымы

Delphi ортасы – программист жұмысының өте жоғары тиімділігін қамтамасыз ететін орта.

Delphi ортасын шақырғаннан кейін ортаның жұмысын басқаратын алты негізгі терезе шығады.

  1. Негізгі терезе(Delphi7);

  2. Объектілер тармағының терезесі(Form 1);

  3. Объектілер инспекторының терезесі немесе объектілер қасиеттері редакторының терезесі (Object Inspector);

  4. Броузер (көру) терезесі(Object TreeView);

  5. Программа кодының терезесі(Unit 1.pas);

Программа кодының терезесін көру үшін Ғ12 пернесін басу жеткілікті. Delphi – ді алаш шақырғаннан кейін «Delphi» терезесі барлық терезенің үстіне шығады. Осы терезенің көмегімен Inprise коорпороциясының WEB – беттеріне кіругемүмкіндік туады.

Негізгі терезе. Негізгі терезе құрылатын программаның жобаларын басқаратын негізгі қызметті атқарады. Бұл терезе экранда барлық уақытта болады және ең жоғарғы бөлігінде орналасады. Негізгі терезеде Delphi ортасының бас менюі, пиктографиялық командалық батырмалар жиынтығы, компоненттер палитрасы орналасқан.

Бас меню жобаны басқаруға арналған барлық қажетті командалардан тұрады. Бас менюдің барлық опциялары екінші деңгейде ашылатын опциялар тақырыбын қамтиды.

Бас терезенің барлық элементтері арнайы панельдерде орналасқан, оның сол жақ бөлігінде басқару батырмалары бар. Бас менюден басқа кез келген панельді терезеден алып тастауға болады.

Панельде көрінетін батырмалардың құрамын өзгерту үшін оған курсорды келтіріп, тышқанның сол жақ батырмасын басу жеткілікті. Бұдан кейін ашылған көмекші меню терезесінде барлық панельдердің аттары келтірілген және олардың статусы көрсетілген (жалаушалар). Олардың ішінен Customize – ды (настройка, баптау) таңдағаннан кейін баптау терезесі пайда болады.. енді қажет емес батырмаларды алып тастауға да болады, Commands терезесіндегі тізімнен қажетті батырмаларды таңдап, оны экранға тасып апаруға болады.

Негізгі терезеге жиі пайдаланылатын пиктограммаларды орналасырған ыңғайлы:Project\Syntax Chek – программа командаларының синтаксисін тексеру; View/Debug Windows/Watches – отклаткалық режимді бақылау терезесіне кіру жжәне т.б.;

Delphi – дегі кез келген программа жоба файлынан (файлдың заты .dpr) және бір немесе бірнеше модульдерден (заты .pas) тұрады. Әрбір осындай файлдар Object Pascal – дың программалық бірлігін сипаттайды.

1

4

2

5

3

6

Сурет 1.2 Delphi бағдарламасының құрылымы

1.6 Delphi бағдарламалау тілінің негізгі түсініктері

Кластар – бұл күрделі программаларды жеңілдету және оның сапасын арттыру үшін ойластырылған программистердің ерекше өнер табысы. Кластардың негізінде үш іргелі принцип жатыр, олар инкапсуляция, мұрагерлік және полиморфизм.

Класс – өрістер, әдістер мен қасиеттер деп аталатынүш маңызды ұғымның бірлігін береді. Осы үш маңызды ұғымды бір бүтінге біріктіру инкапсуляция деп аталады. Көпшілік жағдайда, инкапсуляция класты программаның қалған бөліктерінен оқшаулауға мүмкіндік береді, нақты бір есепті шешудің «өзіндік жеткіліктілігін» арттырады. Нәтижесінде класс қандай да бір басқарушылықты арттырады. Мысалы, Tform класы Windows – терезесін құруға қажеттілерден, Tmemo класы – толық басқарылатын мәтіндік редактор жұмысын, Ttimer класы программа жұмысын таймермен қамтамасыз ететін құралдарды қамтиды (немесе инкапсуляциялайды).

Сонымен инкапсуляция дайын программалық жабдықтаумен жұмыс істеуге арналған қуатты құрал болып табылады. Delphi жүйесінің кластар кітапханасы – бұл программа құруға арналған Borland фирмасының программистері құрған кірпіштер жиынтығы екен.

Кез келген класс басқа кластан туындайды. Ол үшін оны хабарлағанда ата- ана кластың аты көрсетіледі:

TchildClass = class (TParentClass)

Туындаған кластан автоматты түрде өзінің ата- анасының өрісі, әдісі және қасиеті шығады және олардың жаңамен толықтырылуы мүмкін. Сөйтіп, мұрагерлік принципі күрделі кластарды кезеңмен құруды және өзінің жеке кластар кітапханасын жасауға мүмкіндік береді.

Object Pascal – дың барлық кластары жалғыз ата – ана ТObject класынан туындаған. Бұл кластың өрісі және қасиеттері жоқ, бірақ өзіне кез – келген объектілердің барлық өмірлік қасиеттерін қамтитын жалпы тағайындалудың әдістерін қамтиды. Программист ТObject класы ата – ана болмаитын класс құра алмайды. Оған төмендегідей бейнелеулер тән:

TaClass = Class (ТObject )

TaClass = Class

Мұрагерлік принципі ТObject класынан оның ұрпақтарына қарай дами отырып, біртіндеп кеңейетін тармақтар кластар құруға әкеледі. әрбір ұрпақ өзінің ата – анасының мүмкіндіктерін толықтырып, оны өзінің ұрпақтарына беріп отырады.

Delphi –дегі кластар тармағы қарайтырайық. TPersistent класы өзінің Тobject ата- анасының мүмкіндіктерін кеңейтеді: ол мәліметтерді файлға сақтап , оны одан қайтадан ала алады, нәтижесінде оның барлық ұрпақтары осы мүмкіндіктерді орындай алады. TComponent класы өз кезегінде, класты құрушының ортасымен әрекеттесіп, оны өзінің ұрпақтарына бере алады.

TControl класы файлдармен және класты құрушының ортасымен жұмыс істеп қоймай, сонамен бірге экранда көрінетін бейнелерді құруға және оның қызметін орындауға қабілетті, ал оның ұрпағы TWinControl Windows терезелерін де құра алады және т.б. «3-сурет».

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]