Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дедфи.doc
Скачиваний:
39
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
2 Mб
Скачать
    1. Delphi ортасының компоненттер тақтасы

Компоненттер тақтасы - Delphi ортасының ең басты байлығы болып табылады. Ол негізгі терезенің сол жақ бөлігінде орналасқан және онда қажетті компонентті жылдам іздеуді қамтамасыз етеді. Олардың ашылатын беттері бар. Компонент деп белгілі бір қасиеті бар программист формалар терезесіне орналастыра алатын қандай да бір басқару элементін түсінеміз. Компоненттердің көмегімен программаның сүлбесі (каркасы) жасалады. Жалпы жағдайда экранда көрінетін терезелер, батырмалар, таңдаулар тізімі және т.б. арқылы орындалады.

Батырмалар панелі тәрізді компоненттер палитрасы түзетіледі. Ол үшін арнайы редактор пайдаланылады, редактор терезесі компоненттер палитрасындағы кез келген пиктограммаға курсорды келтіріп, тышқанның оң жақ батырмасын басқанда және «Properties» опциясын таңдағанда пайда болады. Компоненттер тақтасы қосымшаға қатысатын компоненттерді таңдау мүмкіндіктерін береді. Компоненттер - бұл Delphi – қосымшаны жинауға қажетті «құрылыс блоктары». Компоненттер пиктограмма түрінде тақтада орналасқан. Delphi-ді іске қосқанда «Standart» беті белсенді болып тұрады. Беттердің орналасу тәртібін өзгерту, атын өзгерту, жою, пиктограмма қосу немесе кейбір пиктораммаларды басқа бетке жылжыту үшін Palette Properties диалогтік терезесі қолданылады. Осы диалогтік терезені ашу үшін Component/Configure Palette командасын немесе компоненттер палитрасының кез-келген жерінде тышқанның оң жағындағы контекстік менюдің Properties(қасиет) командасы арқылы жүзеге асады.. Component palette-(компоненттер палитрасы)-бұл Delphi-де көп қолданылатын құралдардың бірі. Ол көптеген сандар бетінен тұрады және олар компоненттер үлесінде болады «Сурет 1.3». Жұмыс барысында пайдаланушы жаңа беттерді құруға және барын кетіруге, кез-келген беттердегіні кетіруге, қосуға және олардың тәртіптерін өзгерте алады.

Сурет 1.3 Компоненттер палитрасы

  • Standard – Delphi-гі басқарудың стандарттық компоненттері, олар алдыңғы Массивтықтық мүмкіндіктерін кеңейтеді;

  • Additional – Delphi-гі басқарудың қосымша компоненттері, олар алдыңғы жзиынтық мүмкіндіктерін кеңейтеді;

  • Win32 – өзінде windows-тың (9x/NT) 32 дәрежелі Массивтығы бар компоненті ;

  • System – Delphi-дің спецификалық жүйелі көрнекі емес компоненті ;

  • Data Access – мәліметтер қорына шығу үшін;

  • Data Controls – мәліметтер қорындағы ақпараттарды көрсету үшін компоненттер;

  • ADO – ActiveX Data Objects (ADO) қолдану арқылы мәліметтер қорына қосылуға мүмкіндігі бар компоненттер;

  • InterBase –Borland Database Engine (BDE) немесе ActiveX Date Objects (ADO) қолданбаусыз, InterBase мәліметтер қорына қосыла алатын компоненттер ;

  • MIDAS – мәліметтер қорының көп буынды технологиялары үшін компоненттер;

  • InternetExpress –Web Server application (Internet–тіркемелер), жұмыс істей алатын тіркемелерді және де multi–tiered database (көп буынды тіркемелер) жұмыс істейтін тіркемені құра алатын компоненттер;

  • Internet – Internet-пен жұмыс істей алатын компоненттер;

  • FastNet components – оның көмегімен тіркемелер әртүрлі Internet – протоколдары қолдана алатын компоненттер;

  • Decision Cube –мәліметтер қорындағы көп өлшемді ақтараттар анализі компоненті (тек Delphi Client/Server);

  • QReport – жазбаша есептерді көрнекі жобалау компоненті;

  • Dialogs – өзіне Windows-тың стандарттық диалогтық терезелерін кіргізетін компоненттер;

  • Win 3.1 - Windows 3.1 басқару компоненттері (тіркемелердің кері сиымдылығы үшін);

  • Samples – құжаттамаларда үлгі ретінде қолданылатын компоненттер ( олардың мәндері /DELPHI/SOURCE/SAMPLES/ папкасында орналасқан);

  • ActiveX –басқа да фирмалармен дайындалған ActiveX, компоненттері;

  • Servers page components – танымал COM- серверлер үшін VCL «белгісін» көрсететін компоненттер.

Компоненттер палитрасы Delphi құралдар панелінде көрінуі де мүмкін

немесе көрінбеуі мүмкін. Осы опцияны басқару View => Component Palette мәзірі бөлімінің көмегімен жүзеге асырылады.

Терезенің негізгі өрісінен сіз терезенің сол жағынан объектілер инспекторын (Object Inspector) көре аласыз, оның көмегімен сіз компоненттерге қасиет бере аласыз және жағдайларды жөндейді. Бұл бетті 2 бағаннан тұрады: сол бағанда қасиеттер аты бар, ал оң жағында қасиеттердің нақты мәні бар.

Пиктограммалық батырмалар арқылы негізгі меню жүйесінің маңызды операцияларына (мүмкіндіктеріне) тез арада жеткізуге болады.

Атқаратын жұмыстарына байланысты пиктограммалық батырмалар 6 топқа бөлінген, әр топ жеке тақташада орналасады және олардың атқаратын жұмысы төменде келтірілген.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]