Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дедфи.doc
Скачиваний:
39
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
2 Mб
Скачать
    1. Объектілер тармағының терезесі

Бұл терезе екпінді формада немесе мәліметтердің екпінді модулінде орналасқан жеке компоненттер арасындағы байланысты көрнекі бейнелеуге арналған. Терезедегі кез келген компонентті белгілеу формалар терезесіндегі сәйкес компонентті екпінді жасайды және объектілер инспекторы терезесінде осы компоненттің қасиеті бейнеленеді. Екі рет тышқанмен белгілеу Code Insight механизмінің жұмыс істеуіне әкеледі, ол OnClick оқиғасын өңдеу үшін дайындалған код терезесіне орналастырады.

Формаға орналасатын кез келген компонент бірқатар параметрлер жиынымен сипатталады: орналасуы, өлшемі, түсі және т.б. Мысалы, компоненттің орналасуы мен өлшемін программист формалар терезесінде компонентті басқара отырып, өзгерте алады. Ал, объектілер инспекторы терезесі қалған өзгертулерді орындауға арналған. Бұл терезеде екі бет бар: Properties (Қасиет) және Events (Оқиға). Properties беті – компоненттің керекті қасиеттерін тағайындау қызметін атқарады, Events беті – қандай да бір оқиғаға компоненттің жауабын анықтайды.

Сурет 2.2 Объектілер инспекторының терезесі

Объектілер инспекторы терезесінің кез келген беті екі бағанды кесте түрінде беріледі, сол бағанда қасиеттің немесе оқиғаның аты, ал оң жақта – қасиеттің нақты мәні немесе сәйкес оқиға өңдейтін қосалқы программаның аты болады.

Кесте жолының оң жақ бағанын тышқанмен белгілеу ондағы көрсетілген қасиеттің мәнін екпінді жасайды, бұдан жолдың оң жақ шетінде үш нүкте (...) немесе ↓ батырмаларының бірі пайда болады. Үш нүкте (...) батырмасын белгілеу күрделі қасиеттің мәнін тағайындайтын сұхбат терезесін экранға шығарады, ↓ батырмасын белгілеу қарапайым қаиеттің мүмкін болатын мәндерінің тізімін шығарады. Объектілер инспекторы терезесінің жоғарғы бөлігінде формада орналасқан барлық компоненттердің ашылатын тізімі орналасады. Форманың өзі де компонент болғандықтан, оның аты да осы тізімде болады.

Тышқанның сол жақ батырмасын басқанда ашылатын терезенің контекстік менюінде терезені түзетуге мүмкіндік беретін опциялар бар. Мысалы, Stay On Top командасын таңдағаннан кейін, Объектілер Инспекторы терезесі оның екпінділігіне тәуелсіз басқа терезелердің үстінде «қалықтап» жүреді.

Кестенің кез келген жолын тышқанды шерту арқылы таңдауға болады. Бұл жолдағы парамеир қарапайым немесе күрделі болуы мүмкін. Қарапайымдарға бір мәнімен анықталатын – сан, символдар жолы, True немесе False мәндерін қабылдай алатын және т.с.с. компоненттің қасиеттері жатады. Мысалы, Caption (тақырыбы) қасиеті бір символдар жолымен, Enabled (қол жетерлік) – True немесе False мәндерімен, ал Heigh (биіктігі) және Width (ені) нақты бір сандық шамалармен анықталады.

Объектілер бақылаушы терезенің жоғары жағында форманың атауы және формадағы орналасқан барлық компоненттержәне оларға қолданылған оқиғалар тізімі орналасып тұрады.

    1. Программалар коды терезесі

Код терезесі – программа мәтінін құрып, жөндеуге арналған. Бұл мәтін арнайы ереже бойынша құрылады және программаның жұмыс алгоритмін сипаттайды. Мәтінді жазу ережелерінің жиынтығы порограммалау тілі деп аталады. Delphi жүйесінде Объект Pascal программалау тілі тағайындалады. Ол кеңінен таралған Pascal тілінің кеңейтілген, жетілдірілген нұсқасы, оны алғаш рет швейцариялық ғалым Н.Вирт 1970 жылы ұсынған және оны Borland коорпорациясының қызметкерлері жетілдірді (олардың құрған тілдері Turbo Pascal, Borland Pascal және Object Pascal деп аталады).

Ең алғашқы Код терезесінде толыққанды Windows терезесі ретінде бос форманы басқаруды қамтамасыз ететін алғашқы шағын мәтін шығады. Жобамен жұмыс барысында программист оған программаны басқаруды жүзеге асыратын алғашқы толықтырулар жасайды.

2.4 Тест бағдарламасының блок-схема алгоритмін өңдеу

Иә Жоқ

2.5 Тестілеу жүйесін құру

Бағдарламаны құру үшін, SpeedButton1, SpeedButton2, SpeedButton3 компаненттерін алып, форма бетіне салдым. Содан соң комноненттердің Properties – қасиеті арқылы тақырыбын (Caption) өзгерттім. Кейін ол компоненттерге төмендегідей процедуралар енгізеді.

procedure TForm3.SpeedButton1Click(Sender: TObject);

begin

Form2.Show;

Form3.Hide;

end;

procedure TForm3.SpeedButton2Click(Sender: TObject);

begin

Form4.Show;

Form3.Hide;

end;

procedure TForm3.SpeedButton3Click(Sender: TObject);

begin

Form5.Show;

Form3.Hide;

end;

procedure TForm3.FormClose(Sender: TObject; var Action: TCloseAction);

begin

Form1.Show;

Form3.Hide;

end;

Нәтижесінде форма бетінен төмендегідей нәтиже көруге болады:

Сурет 2.4 Тестілеу жүйесінің бастапқы бет терезезесі

Келесі, төртінші форма бетіне BitBtn, Label, Image, Bevel, SpeedButton, Timer объектілерін орналастырганнан кейін форма беті мынадай бейнеде болады.

Сурет 2.5 Тестілеу жүйесінің ішкі түрі

Timer объектісінің процедурасын орындатқанда Edit1компонетінен уақыт көрсеткішін, Edit2 компонетінен тест тапсырмасының басталған уақыты, ал Edit3 компонетінен тест тапсырмасын орындауға кетекен уақытты көреміз.:

Рrocedure TForm5.Timer1Timer(Sender: TObject);

begin

Edit1.Text := TimeToStr(Now);

Edit3.Text := TimeToStr(StrToTime(Edit1.Text)-StrToTime(Edit2.Text));

end;

procedure TForm5.Edit2Change(Sender: TObject);

begin

end;

procedure TForm5.Edit1Change(Sender: TObject);

begin

end;

Бағдарламаны орындау барысында форма бетінен төмендегідей нәтиже шығарады:

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]