Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
enbek.doc
Скачиваний:
503
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
1.32 Mб
Скачать

Бақылау жұмысын жазу бойынша әдістемелік нұсқау

Бақылау жұмысы студенттің ағымдағы үлгерімін тексеруге, топ студенттерінің дайындығын анықтау, үлгерімі нашар студенттермен жұмыс әдістемесін ұйымдастыруға бағытталған іс – шара.

Студент бақылау жұмысына дайындалу кезінде:

бақылау жұмысының тақырыбын білуі;

берілген тақырып бойынша теориялық материалды, есепті шығару әдістерін қайталауы, әдебиеттерді, практикалық сабақта шығарылған есептер мен мысалдарды қайталап, еске түсіруі қажет.

Егер студент үнемі жүйелі түрде өткен материалдарды пысықтап отырса, бақылау жұмысына дайындық ешқандай қиындық туғызбайды.

Реферат жазу бойынша әдістемелік нұсқау

Реферат оқытылатын пәннің қандай да бір ірі мәселелерін студенттермен дербес анықтауға, белгілі бір мәселеге қатысты түрлі концепциялар мен ғылыми көзқарастармен танысуға арналған.

Реферат міндетті түрде бірнеше әдеби қайнар көздердің негізінде дайындалады. Онда мәселенің негізгі концепциясы, мамандардың пікірлері, қайнар көздерге сілтемелер, қолданылған ғылыми әдебиет тізімі көрсетіледі.

Реферат тақырыбын тандау студенттермен дербес жүзеге асырылады. Тақырып тандағаннан кейін және пән оқытушысымен кенескеннен кейін, студент тақырып бойынша кітаптардың, ғылыми мақалардың және анықтамалық құралдардың тізімін жасайды. Міндетті түрде тақырыпқа қатысты нормативті құқықтық актілердің, құқыққолданушылық және өзге құжаттардың бары анықталады.

Реферат жоспары ашылатын тақырыптың ішкі тұтастығын көрсетуге тиісті. Реферат құрылымы қысқаша кіріспеден, негізгі бөлімнің 2-3 парақтарынан, қорытындыдан және қолданылған қайнар көздердің тізімінен тұрады.

Кіріспеде (1-1,5 бет) тақырыптың өзектілігі, жұмыстың мақсаты мен міндеті негізделеді.

Негізгі бөлімде мәселе жағдайы, оның тенденциялары, ғылыми концепциялары мен көзқарастар, құжатта қайнар көздер мен практика материалдары анализденеді, негізгі ұғымдар мен жағдайлар көрсетіледі.

Қорытындыда рефераттың мақсаты мен міндетіне сай, тақырыпты зерттеудің негізгі қорытындылары, авторлық тұжырымдар мен практикалық нұсқамалары көрсетіледі. Реферат көлемі 12-15 беттен аспайды.

Пән бойынша есептерді шығару бойынша әдістемелік нұсқау

Есептерді шығару студенттің алған білімін бекітудің бір әдісі болып табылады. Ол келесі кезеңдерден тұрады:

  • есептерді шешу үшін берілген тақырып бойынша дәрістік материалды толық білу керек;

  • есеп шартын мұқият оқып шығу;

  • шешу жоспарын ойластыру;

  • есепті шығаруға қажетті заң нормаларын анықтау;

  • алдымен жалпы түрде шешу, сонан кейін заң нормаларына сілтеме жасау;

  • шешімнің дұрыстығына талдау жасау.

«Қазақстан Республикасы Еңбек құқығы» пәнінен курстық жұмыстың тақырыптары

  1. Еңбек құқығының түсінігі,пәні және мақсаттары.

  2. Еңбек құқығының қайнар көздерінің жүйесі.

  3. Еңбекті құқықтық реттеудің әдістерінің ерекшеліктері және жіктелуі.

  4. Еңбекті к құқықтық қатынастардың субъектілері: түсінігі және жіктелуі.

  5. Халықаралық еңбек құқығының субъектілері.

  6. Еңбек туралы жалпы және арнайы нормалардың жіктелуі

  7. Халықты жұмыспен қамтамасыз ету қағидалары және жұмыстылық саласында кемсітушілікке жол бермеу.

  8. Еңбекті қорғауға азаматтардың құқығын қамтамасыз ету қағидалары.

  9. Нарықтық экономика жағдайларында еңбек заңдылығын реформалаудың құқықтық аспектілері

  10. Еңбекті қорғау мәселелерін реттеуде халықаралық және ұлттық құқықтарының арақатынасы.

  11. Халықаралық еңбек қатынастарының саласында коллизиялық нормалардың жүйесі.

  12. Еңбекті ұйымдастыру және пайдалану қағидалары.

  13. Қазақстан Республикасының еңбек нарығының даму мәселелері және жағдайлары.

  14. Қазақстан Республикасында жұмыспен қамтамасыз етуді құқықтық реттеу.

  15. Еңбектік қатынастар саласында кәсіподақтардың құқықтық мәртебесі.

  16. Еңбектік құқықтық қатынастардың түсініг, түрлері және мазмұны.

  17. Кәсиби одақтардың құқықтық мәртебесі.

  18. Әлеуметтік әріптестік институтының түсінігі,мақсаттары және қағидалары.

  19. Әлеуметтік әріптестік органдарының құқықтық мәртебесі.

  20. Ұжымдық шарттар мен келісімдер туңралы заңдылықтың жалпы сипаттамасы.

  21. Әлеуметтік-әріптестік келісімдер және олардың жіктелуі.

  22. Ұжымдық шарттың түсінігі және мәні.

  23. Халықты жұмыспен қамту саласында мемлекетттік саясаттың негізгі қағидалары

  24. Қазақстан Республикасында халықты жұмыспен қамтуды құқықтық реттеу.

  25. Еңбек қатынастарын реттеуде жергілікті актілердің ролі және мәні.

  26. Халықты жұмыспен қамтудың ұйымдастырушылық-құқықтық нысанары.

  27. Жұмыстылық мәселесі бойынша құзіретті органдардың жүйесі және құқықтқ мәртебесі.

  28. Жеке еңбек шартының түсінігі және мазмұны.

  29. Жеке еңбек шартын бекіту тәртібі.

  30. Жеке еңбек шарты тараптарының түрлерін анықтау мерзімі және субъектілік құрам бойынша жіктеу.

  31. Жеке еңбек шартын вахталық әдіспен жұмыс істейтіндермен бекітудің ерекшеліктері.

  32. Басқа жұмысқа ауысудың түсінігі және түрлері.

  33. Басқа жұмысқа ауысудың басқа жұмыс орнына жылжытудан айырмашылығы.

  34. Басқа жұмысқа уақытша ауысудың ерекшеліктері.

  35. Жеке еңбек шартын бұзу негіздері.

  36. Жеке еңбек шартын тоқтату негіздері және оларды жіктеу.

  37. Қызметкерді жұмыстан шеттетудің негіздері және тәртібі.

  38. Жұмыстан заңсыз шеттетудің құқықтық салдары.

  39. Мемлекеттік қызметшілердің еңбегін құқықтық реттеу.

  40. Жеке кәсіпкерлік саласында жалдамалы қызметкерлерді пайдалануды құқықтық реттеу.

  41. Мемлекеттік қызметшілермен жеке еңбек шарты.

  42. Көші қон еңбешілердің құқықтық мәртебесі

  43. Шетел жұмыс күшін тарту тәртібі және талаптары.

  44. Ішкі еңбек нарығын қорғаудың құқықтық аспектілері

  45. Жұмыс уақытының түрлері және жіктелуі

  46. Демалыс уақытының түрлері және жіктелуі

  47. Жылдық демалыстың түрлері және жіктелуі

  48. Жалақының түсінігі, ұйымдастыру қағидалары және жүйесі

  49. Жұмыстың қалыпты жағдайынан ауытқыған ретте еңбекке ақы төлеудің ерекшеліктері

  50. Жалақыны құқықтық қорғау механизмі және әдістері

  51. Тәртіптік жауапкершіліктің пайда болуының негіздері мен шарттары.

  52. Еңбек құқығындағы көтермелеу шаралары және оларды қолдану тәртібі

  53. Еңбектік және азаматтық құқықтарда келтірген залалы үшін материалдық жауапкершіліктің арақатынасы

  54. Еңбек зақымы мен кәсіби ауырудың салдарынан келтірілген зиянды өтеудің құқықтық аспектілері

  55. Қызметкерлердің жеке санаттарының еңбегін қорғауды қамсыздандыру ерекшеліктері

  56. Еңбекті қорғау институтының кешенді институт ретіндегі сипаттамасы

  57. Еңбек дауларының түрлері және оның жіктелуі

  58. Жеке еңбек дауларын қарау тәртібі

  59. Ұжымдық еңбек дауларын қарау тәртібі

  60. Ереуілді өткізу негіздері және тәртібі

  61. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы құқық саласы ретінде, оның басқа құқық салаларынан айырмашылығы.

  62. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қағидалары

  63. Әлеуметтік-қамсыздандырушылық қатынастар

  64. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының субъектілері

  65. Еңбекке қабілетсіз азаматтарды әлеуметтік-еңбектік сауықтыру; түсінігі және түрлері

  66. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қайнар көздері.

  67. Халықаралық құқық нормалары әлеуметтік қамсыздандыру құқығның қайнар көздері ретінде

  68. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығында шараларды қаржыландыру

  69. Өтіл - әлеуметтік қамсыздандыру құқығының негізгі институттары ретінде

  70. ҚР азаматтарының ынтымақтастық жүйе бойынша зейнетақылық қамсыздндырылуы.

  71. ҚР зейнетақылық реформа: сипаттамасы, даму тенденциялары.

  72. Ынтымақтастық және жинақтаушы зейнетақы жүйелері: олардың жалпы сипаттамасы, даму жолдары.

  73. Жинақтаушы зейнетақы қорлары-Қазақстан Республикасының негізі ретінде.

  74. Жинақтаушы зейнетақы қорларынан азаматтарды зейнетаымен қамсыздандыруды құқықтық реттеу.

  75. ҚР азаматтарды зейнетақымен қамсыздандырудың жинақтаушы жүйесінде бақылау және қадағалау жүйесі

  76. Салымшылар мен алушылардың құқықтық мәртебесі

  77. Қазақстан Республикасы азаматтарының зейнетақымен қамсыздандырудың жинақтаушы жүйесінде ақшалай қаржылардың жылжуын құқықтық реттеу

  78. Жинақтаушы зейнетақы қорларында ақшалай қаражаттарды сақтауды құқықтық қамтамасыз ету

  79. Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт, оның құқықтық мәртебесі, бекіту тәртібі

  80. Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін құқықтық реттеу.

  81. Зейнетақы активтерін инвестициялауды құқықтық реттеу

  82. Зейнетақылық қамсыздандыру жүйесінде кастодиандық қзмет

  83. Зейнетақ активтері: олардың құқықтық мәртебесі, құнды қағаздар нарығы жүйесінде олардың топтасуы және қозғалысы

  84. Қазақстан Республикасының міндетті және ерікті зейнетақылық қамсыздандыру жүйесі

  85. Ашық жинақтаушы зейнетақы қорлары, олардың құқықтық мәртебесі

  86. Корпоративтік жинақтаушы зейнетақы қорлары, олардың құқықтық мәртебесі

  87. Жинақтаушы зейнетақы қорларында зейнетақы активтерін сақтауды құқықтық реттеу

  88. Жинақтаушы зейнетақы жүйесін қалыптастыру жүйесінде мемлекеттік органдар орны мен ролі

  89. Ерікті зейнетақы жарналары:оларды төлеу тәртібі және ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы тағайындау.

  90. Еңбек өткерген жылдары үшін зейнетақы. Тағайындау және төлеу шарттары.

  91. Жәрдемақы-еңбекке қабілетсіз азаматтарды материалдық қамсыздандырудың бір түрі ретінде.

  92. ҚР еңбекке қабілетсіз азаматтарды материалдық қамсыздандыру

  93. ҚР еңбекке қабілетсіз азаматтарға әлеуметтік қызмет көрсету

  94. Қазақстан Республикасында мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар, оны тағайындау және төлеу тәртібі

  95. Қазақстан Республикасының еңбекке қабілетсіз азаматтарға материалдық жеңілдіктер

  96. Мемлекеттік арнайы жәрдеақы, оны тағайындау және төлеу тәртібі

  97. Арнайы мемлекеттік жәрдемақы, оны тағайындау және төлеу тәртібі

  98. Жұмысберуші қаражаты есебінен төленетін әлеуметтік жәрдемақылар

  99. Экологиялық апат аймақтарынан зардап шеккен тұлғаларды әлеуметтік қорғау

  100. Әскери қызметшілерді және олардың отбасын әлеуметтік қорғау

  101. Әлеуметтік қамсздандыру құқығы нормаларындағы ана мен баланы әлеуметтік қорғау

  102. Қазақстан Республикасының еңбекке қабілетсіз азаматтарының кәсіби қызметін ескере отырып әлеуметтік қорғау

  103. Қазақстан Республикасында әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру

  104. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы жүйесінде дәрігерлік құқық нормалары

  105. Шетел мемлекеттерінде әлеуметтік қамсыздандыруды құқықтық реттеу ерекшеліктері

  106. Еңбекке қабілетсіз азаматтарды әлеуметтік қорғаудың халықаралық-құқықтық аспектілері

  107. Интернат-үйлері, олардың еңбекке қабілетсіз азаматтарға әлеуметтік қызмет көрсетуде алатын ролі және орны

  108. Еңбекке қабілетсіз азаматтарға дәрігерлік қызмет көрсетуді құқықтық реттеу.

  109. Еңбекке қабілетсіз азаматтардың жұмыстылығын және білім беру саласында Қазақстан Республикасының заңдылығы

  110. ТМД мемлекет-қатысушыларының халықаралық қатынастар шегінде еңбекке қабілетсіз азаматтарды әлеуметтік қорғаудың құқықтық аспектілері, даму деңгейі.

  111. Ұлы Отан соғысына қатысқандар, мүгедектер және оларға теңестірілгендер әлеуметтік қамсыздандыру құқығының субъектісі ретінде, олардың құқықтық мәртебесі, әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік және халықаралық кепілдіктер.

  112. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығындағы сақтандыру институты, оның қызмет ету ерекшеліктері

  113. Әскери қызметшілердің және олардың отбасы мүшелерінің зейнетақылық қамсыздандырылуын құқықтық реттеу

  114. Қазақстан Республикасының әлеуметтік қамсыздандыру құқығы қалыптасуы мен дамуының тарихи кезеңі

  115. Еңбекке қабілетсіз азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыруда халықаралық ұйымдардың ролі

  116. Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік қамсыздандыруды басқару жүйесі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]