Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
enbek.doc
Скачиваний:
503
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
1.32 Mб
Скачать

«Қазақстан Республикасы Еңбек құқығы» пәнін оқытудың әдістемелік нұсқауы

Азаматтар еңбек ету бостандығына конституциялық құқығын әр түрлі нысанда қолдана алады, бірақ халықтың басым көпшілігі дүниежүзінде жалдамалы еңбек тобының тұлғаларына кіреді. Жалдамалы еңбек саласында құқықтық қатынастарды реттеудің алғашқы әрекеті 19 ғасырда, өндірістік революция кезеңінде басталды. Сол кездегі қоғамға және мемлекетке жалдамалы еңбектің тұлғаларын еңбегін асыра пайдаланудан қорғау түсінігі келді. Оның мақсаты жұмыс күшін қалыпты пайдалану және ұлттың денсаулығын сақтау. Сол кезде жұмыс уақытының ұзақтығын, демалыс уақыты, жалақы, еңбекті қорғау, әлеуметтік қамсыздандыру туралы алғашқы нормативтік-құқықтық актілер пайда болды. Осылай азаматтарды құқықтық қорғаудың құқықтық базасы болып табылатын жаңа сала – еңбек құқығы пайда болды.

Еңбек құқығы дербес құқық саласы болып табылады, оның пәні, әдісі, қағидалары бар және басқа құқық салаларынан айрықша ерекшеленеді. Мысалы, жеке еңбек шарты еңбек бостандығы қағидасын жүзеге асырудың негізгі нысаны болып табылады. Жеке еңбек шарты – еңбектік құқытық қатынастардың айрықша ерекшеліктерін көрсететін еңбек құқығының ең негізгі институттарының бірі болып табылады. Жеке еңбек шартын азаматтық-құқықтық шарттардан айыру қазіргі таңда өзекті мәселе болып қала береді. Ұйымдардағы азаматтармен бекітетін азаматтық-құқықтық шарттарға көбінесе, мердігерлік шарт, сату-сатып алу шарты, олардың пәні жұмыстың қорытындысы болып табылады. Аталған шарттар бойынша қатынастар ұйым мен жеке тұлғалар арасында бекітілуі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен реттеледі және азаматтық заңдылықтың бір бөлігі болып табылады. Бұл жерде атап кеткен жөн, жоғарыда аталған шарттарды айыру кезінде тек жұмыс беруші мен жұмыскердің арасында ғана емес, сонымен қатар, жұмыс беруші мен мемлекеттік органдардың, мысалы, салық органдарымен еңбек даулары туындайды.

Еңбек құқығымен реттелетін қоғамдық қатынастар саласында жариялылық-құқықтық әдіс қолданылады: еңбек қатынастарын реттейтін қағидаларды және жұмыс берушінің міндеті болып табылатын қызметкерлерге кепілдіктерді мемлекет белгілейді. Басқа жағынан жұмыс беруші ұжымдық және жеке шарты арқылы еңбек жағдайларын бекітеді. Жеке еңбек шарты тараптары мемлекетпен белгіленген кепілдіктерді бұзбай шартын еркін пайдалана алады. Жұмыс беруші заңдылықпен белгіленген кепілдіктерді нашарлатпай, керісінше жақсарта алады. Кері жағдайда шарт талаптары заңсыз болып табылады. Нормативтік реттеудің жүйесіне жеке кәсіпорын шегінде жұмыс берушінің қабылдаған актілері кіреді.

«Қазақстан Республикасының еңбек құқығы» пәнінің мақсаттары мен міндеттері, оның заңгер-мамандарды даярлауда ролі мен мәні, сонымен қатар оқу үрдісінде алатын орны.

Қазақстан Республикасы нарықтық экономикаға көшумен байланысты еңбек ресурстарын пайдалану және еңбек заңдылығын қолдану тәжірибесінде бірнеше мәселелер туындады.

Қазақстан Республикасының еңбек құқығы негізгі құқық салаларының бірі, мемлекеттік жалпы міндетті білім стандартына сәйкес «Заңтану» мамандығы бойынша заңи жоғарғы оқу орындары мен факультеттердің студенттерін оқытуға арналған.

Аталған оқу сабағын оқытудың пәні ретінде қызметкерлердің еңбегін қолдану үрдісінде жалпы еңбектік қатынастарды реттейтін құқық нормалары және еңбектік қатынастармен тығыз байланысты қатынастарды, сонымен қатар еңбек құқығының ғылымына тән теориялық концепцияларды оқыту болып табылады. Еңбек құқығы ғылыми пән ретінде заң ғылымдарының бір бөлігі болып табылады.

Оқу курсын оқытудың мақсаттары студенттердің негізгі теориялық мәселелер жөнінде білім алу, еңбекті реттеу және халықты әлеуметтік қорғау саласында Қазақстан Республикасының заңдылығын зерттеу, заңдылықпен жұмыс істеу қабілетін иемдену, практикада туындайтын күрделі мәселелерде бейімделуге, алған білімдерін қолдану қабілетін пайымдау.

Оқу курсының міндеттері студенттерін аталған курсқа қызығушылығын арттыруға бағытталған. Студенттер бұл курстың әрбір институттарының жалпы және арнайы бөлімдерін меңгеру керек, құқықтық қатынастарда туындайтын нормаларды қолдану тәртібін оқу керек, құқықтың қайнар көздерімен жұмыс істеудің астарлы білімін меңгеру қажет.

Оқу курсын оқып бітірген соң студент құқық қолдану қызметін жүзеге асыру үшін еңбек құқығының және әлеуметтік қамсыздандыру құқығының нормаларының мазмұнын және институттарын білу қажет.

Курсты оқудың қорытынды кезеңінде студенттің алған ең аз мөлшердегі білімі, білігі және машығы: оқу үрдісінде студенттер жалпы бөлімнің теориялық мәселелері, ерекше бөлімнің негізгі құқықтық институттары жөнінде білім алуы қажет, сонымен қатар практикалық жағдайларды шешуде қолданатын нормативтік-құқықтық актілерді қолдану және сараптау жөнінде біліктену және машықтану қажет.

“Қазақстан Республикасының еңбек құқығы” курсын оқып бітірген соң студент Қазақстан Республикасының еңбек заңдылығының жүйесі, оның қағидалары, мақсаттары және құрылымы туралы мағлұмат алуы керек, оларды жетілдіру тарихын машықтау қажет, қызметкерлердің кейбір санаттарымен жеке еңбек шартын бекітудің ерекшеліктерін білуі қажет, жұмыс уақыты мен демалыс уақытын белгілеу тәртібін білуі керек, жалақының нысандары мен жүйесін қамтуы керек, лауазымды тұлғалар мен қызметкерлердің еңбек заңдылығын бұзғаны үшін заңды жауапкершіліктің әр түрлі түрлерін пайдалануды үйренуі керек, еңбек құқығының теориясын және еңбек заңдылығының нормаларын қолдана білу керек, еңбектік және зейнетақылық салада сапалы кеңес беру, сонымен қатар еңбек құқығын еңбектік және әлеуметтік-қамсыздандырушылық құқықтық қатынастарды жүзеге асыру үрдісінде пайдалана білуі керек.

Аталған курсты оқытудың нормативтік негізін еңбек құқығының және әлеуметтік қамсыздандыру құқығы саласындағы нормативтік құқықтық актілері қамтиды.

Бұл тек ішкі ұлттық заңдылықтың қайнар көздері ғана емес, сонымен қатар халықаралық құқықтың нормалары оның ішінде ерекше орын алатын ХЕҰ Конвенциялары, Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттермен бекіткен екі жақты, көп жақты Келісімдері, Шарттары.

«Қазақстан Республикасының еңбек құқығы» курсының құрылыс логикасы, біріншіден, жоғары білікті мамандарды дайындаудағы қазіргі кезеңдегі талаптарға ұштасады, екіншіден, практикада арнайы білімдерін қолдана алатын студенттердің құқықтық ой-толғауын дамыту.

Қайта құжаттау

Аталған құқық саласын құқықтық реттеу пәнін құрайтын құқықтық қатынастардың күрделілігін, біртекті еместігні, көпвекторлық қатынастарын ескере отырып, оқу курсын оқыту барысында алдын ала оқытылатын пәндермен ара қатынасын жоспарлау қажет, оларға мемлекет және құқық теориясы, конституциялық, қаржы, азаматтық, әкімшілік, отбасы құқықтары кіреді.

Салалас пәндер тізімі: әкімшілік, қаржы, салық, азаматтық, азаматтық-іс жүргізу құқығы

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]