Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
enbek.doc
Скачиваний:
503
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
1.32 Mб
Скачать

3.Еңбек шартын тоқтату негіздері

      Мыналар:

      1) тараптардың келісімі бойынша еңбек шартын бұзу;

      2) еңбек шарты мерзімінің аяқталуы;

      3) жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу;

      4) қызметкердің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу;

      5) тараптардың еркінен тыс мән-жайлар;

      6) қызметкердің еңбек қатынастарын жалғастырудан бас тартуы;

      7) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, қызметкердің сайланбалы жұмысқа (лауазымға) ауысуы немесе еңбек қатынастарын жалғастыру мүмкіндігін болғызбайтын лауазымға тағайындалуы;

      8) еңбек шартын жасасу талаптарының бұзылуы;

      9) жұмыс берушінің атқарушы органы басшысымен жасалған еңбек шартында көзделген негіздер еңбек шартын тоқтату негіздері болып табылады.

Пайдаланылатын әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы 1995ж.

  2. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі. 15 мамыр 2007ж.

  3. «Халықты жұмыспен қамту туралы» ҚР Заңы. 23.01.2001. №149 // ҚР Парламентінің жаршысы, 2001ж., №3, 18-құжат.

  4. «Қазақстан Республикасында эейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңы 20.06.1997. № 136. // ҚР Парламентінің жаршысы, 1997 ж., № 12, 186-құжат.

  5. Кисилев И.Я. Сравнительное и международное трудовое право.Учеб. для вузов. – М. Дело, 1999

  6. Лившиц Р.З. Трудовое законодательство: настоящее и будущее. М. Наука, 1989

  7. Иванов С.А., Лившиц Р.З., Орловский Ю.П. Советское трудовое право: вопросы теории.- М.: Наука, 1978

  8. Уваров В.Н. Трудовое законодательство РК, Алматы, 1997

  9. Уваров В. Н. Трудовое право. Учебник. Алматы, 2000

  10. Уваров В. Н. Трудовое право. Учебник. Алматы, 2008

6- тақырып. Жұмыс уақыты және демалыс уақыты

Мақсаты: жұмыс және демалыс уақыттарының арақатынасын білу

Жоспар:

  1. Жұмыс уақытының түсінігі, белгілері және түрлері.

  2. Жұмыс уақытының режимі.

  3. Үстеме жұмыс.

  4. Демалыс уақытының түсінігі және түрлері.

1.Жұмыс уақыты - қызметкер жұмыс берушінің актілеріне және еңбек шартының талаптарына сәйкес еңбек міндеттерін орындайтын уақыт, сондай-ақ еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақытына жатқызылған өзге де уақыт кезеңдері.

Жұмыс уақыты келесі белгілермен сипатталады:

  • заңда, жұмыс берушінің актілерінде, ұжымдық және еңбек шартында белгіленген ұзақтық;

  • ішкі еңбек тәртібіне сәйкес қызметкердің өз еңбек міндетін орындауға міндетті уақыт аралығы;

  • еңбек ұзақтығын және жұмыс бойынша міндеттерді реттейтін норма немесе келісімге сәйкес қызметкердің нақты жұмыс істеп шыққан уақыты.

Жұмыс уақыты келесі түрлерге бөлінеді:

  1. Ұзақтылығы қалыпты;

  2. Ұзақтығы қысқартылған ;

  3. Толық емес.

2.Белгілі бір есепті кезеңдегі (апта, ай) жұмыс уақыты мен демалу уақытының ара қатынасы жұмыс уақытының режимі деп аталады. Жұмыс уақыты режимінің элементтері:

  • Аптадағы жұмыс күнінің саны;

  • Күнделікті жұмыстың басталуы және аяқталуы;

  • Жұмыс ауысымының ұзақтығы және алмасуы.

Жұмыс ауысымы – бұл күнделікті жұмыстың заңға, ұжымдық немесе еңбек шартына сәйкес белгіленген ұзақтығы, оны қызметкер графикке сәйкес тәулік ішінде атқарып шығуға тиіс.

3. Үстеме жұмыстарға:       1) жүкті әйелдер;       2) он сегіз жасқа толмаған қызметкерлер жіберілмейді.       2. Осы Кодекстің 90-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, үстеме жұмыстарға тартуға қызметкердің жазбаша келісімімен ғана жол беріледі. Үстеме жұмыстар әрбір қызметкер үшін тәулік ішінде - екі сағаттан, ал ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстарда бір сағаттан аспауға тиіс. Үстеме жұмыстардың жалпы ұзақтығы айына он екі сағаттан және жылына жүз жиырма сағаттан аспауға тиіс.

4.Тынығу уақытының түрлері:       1) жұмыс күні (жұмыс ауысымы) ішіндегі үзілістер - тынығуға және тамақтануға арналған үзіліс; ауысымішілік және арнаулы үзілістер;       2) күнделікті (ауысымаралық) тынығу;       3) демалыс күндері (апта сайынғы үздіксіз тынығу);       4) мереке күндері;       5) демалыстар болып табылады.

Пайдаланылатын әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы 1995ж.

  2. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі. 15 мамыр 2007ж.

  3. «Халықты жұмыспен қамту туралы» ҚР Заңы. 23.01.2001. №149 // ҚР Парламентінің жаршысы, 2001ж., №3, 18-құжат.

  4. «Қазақстан Республикасында эейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңы 20.06.1997. № 136. // ҚР Парламентінің жаршысы, 1997 ж., № 12, 186-құжат.

  5. Кисилев И.Я. Сравнительное и международное трудовое право.Учеб. для вузов. – М. Дело, 1999

  6. Лившиц Р.З. Трудовое законодательство: настоящее и будущее. М. Наука, 1989

  7. Иванов С.А., Лившиц Р.З., Орловский Ю.П. Советское трудовое право: вопросы теории.- М.: Наука, 1978

  8. Уваров В.Н. Трудовое законодательство РК, Алматы, 1997

  9. Уваров В. Н. Трудовое право. Учебник. Алматы, 2000

  10. Уваров В. Н. Трудовое право. Учебник. Алматы, 2008

7 – тақырып. Жалақы. Қызметкерлерге кепілді және өтақырыпқылық төлемдер.

Мақсаты: қызметкерлерге жалақыдан бөлек төленетін төлемдерді білу

Жоспар:

  1. Жалақы ұғымы және төлеу әдістері.

  2. Еңбекке ақы төлеу жүйелері.

  3. Еңбектің қалыпты жағдайынан ауытқығанда ақы төлеу.

  4. Жалақы төлеудің тәртібі

  5. Қызметкерлерге кепілді және өтесақылық төлемдерді төлеу.

1.Жалақы - қызметкердің біліктілігіне, орындалатын жұмыстың күрделілігіне, санына, сапасына және жағдайына байланысты еңбек үшін төленетін сыйақы, сондай-ақ өтақырыпқы және ынталандыру сипатындағы төлемдер.

Еңбек құқығында еңбекке ақы төлеудің екі әдісі қолданылады:

  1. Орталықтандырылған (мемлекеттік нормалау);

  2. Шарттық.

Еңбекке ақы төлеудің орталықтандырылған әдісі мемлекеттік органдарда, мекемелерде жұмыс істейтін және мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын қызметкерлерге қатысты қолдынылады.

Бұл әдіс тікелей («Республикалық бюджет туралы заң», мемлекеттік қызметкерлердің ақысы) және жанама (табыс салығы) тәртіппен қолданылады.

Шарттық әдісте тараптар еңбекақының мөлшері мен тәртібін өзара келісімімен анықтайды. Бұл әдіс екі деңгейде жүзеге асырылады:

  • Еңбек шарты;

  • Ұжымдық шарт.

2.Еңбекке ақы төлеу – Еңбек кодексіне және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ келісімдерге, еңбек шартына, ұжымдық шартқа және жұмыс берушінің актілеріне сәйкес қызметкерге еңбегі үшін берілетін сыйақының міндетті төлемін жұмыс берушінің қамтамасыз етуіне байланысты қатынастар жүйесі.

Қызметкерлердің еңбегіне уақыт бойынша (мерзімдік), кесімді, тарифті, тарифсіз немесе аралас және өзге де еңбекке ақы төлеу жүйелері бойынша ақы төленеді.

3.Еңбектің қалыпты жағдайларынан ауытқығанда ақы төлеу:

  • Үстеме жұмысқа ақы төлеу

  • Мереке және демалыс күндеріндегі жұмысқа ақы төлеу

  • Түнгі уақыттағы еңбекке ақы төлеу

  • Әр түрлі біліктілік жұмыстарын орындаған кезде еңбекке ақы төлеу

  • Лауазымдарды қоса атқару (қызмет ету аймағының кеңеюі) және уақытша болмаған қызметкердің міндеттерін орындау кезінде еңбекке ақы төлеу     

  • Жаңа өндірістерді (өнімдерді) игеру кезінде еңбекке ақы төлеу   

  • Бос тұрып қалу уақытына ақы төлеу

    3.Жалақы Қазақстан Республикасының ұлттық валютасындағы ақшалай нысанда айына кемінде бір рет, келесі айдың бірінші онкүндігінен кешіктірілмей төленеді. Жалақы төленетін күн еңбек шартында, ұжымдық шартта көзделеді.

2. Жалақы төлеу кезінде жұмыс беруші әрбір қызметкерге тиісті кезеңдегі тиесілі жалақының құрамдас бөліктері, жүргізілген ұстап қалулардың мөлшерлері мен негіздері туралы, оның ішінде ұстап қалынған және аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы, сондай-ақ төленуге тиісті жалпы ақша сомасы туралы мәліметтерді жазбаша түрде ай сайын хабарлауға міндетті.       3. Жалақы төлеу күні демалыс немесе мереке күндеріне тура келген кезде төлем олардың қарсаңында жүргізіледі.

4. Жалақыны және қызметкермен еңбек шартын бұзуға байланысты өзге де төлемдерді төлеу жұмыс берушінің кінәсінен кешіктірілген кезде, жұмыс беруші қызметкерге берешек пен өсімақыны төлейді. Өсімақы мөлшері жалақы төлеу жөніндегі міндеттемелерді орындау күніне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру ставкасын негізге ала отырып есептеледі және төлем жүргізілуге тиісті күннен кейінгі күннен бастап әрбір кешіктірілген күнтізбелік күн үшін есептеледі және төлем жасалған күнмен аяқталады.

5. Еңбек шарты тоқтатылған кезде жұмыс берушіден қызметкерге тиесілі барлық сомаларды төлеу шарт аяқталған күннен кейінгі үш жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

  

  Пайдаланылатын әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы 1995ж.

  2. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі. 15 мамыр 2007ж.

  3. «Халықты жұмыспен қамту туралы» ҚР Заңы. 23.01.2001. №149 // ҚР Парламентінің жаршысы, 2001ж., №3, 18-құжат.

  4. «Қазақстан Республикасында эейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңы 20.06.1997. № 136. // ҚР Парламентінің жаршысы, 1997 ж., № 12, 186-құжат.

  5. Кисилев И.Я. Сравнительное и международное трудовое право.Учеб. для вузов. – М. Дело, 1999

  6. Лившиц Р.З. Трудовое законодательство: настоящее и будущее. М. Наука, 1989

  7. Иванов С.А., Лившиц Р.З., Орловский Ю.П. Советское трудовое право: вопросы теории.- М.: Наука, 1978

  8. Уваров В.Н. Трудовое законодательство РК, Алматы, 1997

  9. Уваров В. Н. Трудовое право. Учебник. Алматы, 2000

  10. Уваров В. Н. Трудовое право. Учебник. Алматы, 2008

№ 8 – тақырып. Еңбекті қорғау.

Мақсаты: еңбекті қорғаудың міндеті білу.

Жоспар:

  1. Еңбекті қорғаудың түсінігі және қағидалары.

  2. Еңбекті қорғауға қатысты заңдар.

  3. Еңбекті қорғауға бақылау жасайтын және қадағалау жүргізетін органдар.

1.Кең мағынада еңбекті қорғау жүйесі әлеуметгік-экономикалык, үйымдық, техникалық, гигиеналық және емдеу-профилактикалық шаралардың жүргізілуіне және еңбек процесінде адамның қауіп-сіздігіне, оның денсаулығының және еңбек қабілетінің сақталуына кепілдік беретін қүралдарды көздейді.

Еңбекті қорғау саласындағы үлттық саясат кәсіподақтар мен жұмыс берушілерді қатыстыра отырып барлық деңгейдегі өкілді және атқарушы органдардың бірлескен әрекетін көздейді. Бүл саясат мына қағидаттарға негізделген:

  • кызметкердің өмірі мен денсаулығының кәсіпорынның өндірістік қызметінің нөтижесіне қарағанда артықшылығы;

  • меншік иесінің немесе оның өкілетті өкілінің (жүмыс беру- шінің) толық жауапкершілігі;

  • бүл мәселелер бойынша мемлекеттік бағдарлама негізінде еңбекті қорғау міңдеттерін кешенді шешу жөне еңбекті қорғау сала- сывдағы қызметті экономикалық жөне өлеуметтік саясаттың басқа бағыттарымен үйлестіру;

  • меншік формасына және шаруашьшық жүргізу түріне қарама- стан барлық косіпорындар үшін еңбекті қорғау саласында бірыңғай талап белгілеу;

  • кәсіпорындарда еңбекті қорғаудың және қауіпсіздік техника- сьшың талаптарының барлық жерде бірдей орындалуына мемлекетгік қадағалау мен бақылауды жүзеге асыру;

- еңбекті қорғау саласындағы ғылым, техника жетістіктерін, озық ұлттық және шетеддік тәжірибелерді кең пайдалану;

  • қауіпсіз техниканы, технологияны және жүмыс істейтіндерді қорғау қүралдарын жасап игеруге, еңбекті қорғау жөнінде ғылыми- зерттеу жүмыстарын жүргізуге ынталандыру;

  • еңбекті корғауды қаржыландыруға мемлекеттің қатысуы;

  • көсіпорындарда қолайлы және қауіпсіз еңбек жағдайларын тудыруға септігін тигізетін салық саясатын жүргізу;

  • кәсіпорындардың қолайлы және кауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге, ал қызметкерлердің — еңбекті қорғаудың және қауіпсіздік техникасының ережелері мен нормаларын сақтауға эконо- микалық мүдделілігі;

  • еңбекті қорғау түрғысынан алғанда кәсіпорьшдардың қызметін лицензиялау;

  • өндірістік мақсаттағы қолданылатын өнімнің қауіпсіздік та- лаптарына сай келуіне сертификация жүргізу;

- еңбек жағдайларын мемлекеттік сараптау оргаңдарының тікелей жүмыс орындарында, сондай-ақ жаңа түрғызылатын жэне қайта жаңартылатын кәсіпорындардың жобаларында өндірістің қауіптілігі мен зияндылығын бағалауы; -қызметкерлерді жұмыс берушінің қаражаты есебінен арнайы киіммен және аяқ киіммен, жеке қорғану қүралдарымен, емдік- профилактикалық тағаммен қамтамасыз ету.

  • өңцірістегі әрбір тосын жағдайдын және әрбір кәсіби аүрудың міндетті түрде есепке алынуы және тергелуі, ендірістік жарақат алудың жөне кәсіби ауруға шалдығудың деңгейі туралы және еңбекті қорғауды жақсартуға бағыттаіған шаралар туралы қызметкерлердің хабардар болуын қамтамасыз ету;

- өндірісте тосын жағдайлардан зардап шеккен немесе кэсіби ауруға шалдыққан қызметкерлердің мүдделерін әлеуметтік қорғау;

  • жоғары және орта арнайы оқу орындарында еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша мамандар даярлау;

  • еңбекшілердің өкілетті үйымдарының, жүмыс берушілердің, қоғамдық үйымдардың. кәсіпорындардың және жекелеген адамдар- дың еңбекті қорғауды камтамасыз етуге бағытталған қызметіне жан- жақты қолдау көрсету;

  • еңбекті қорғау проблемаларын шешудегі халықаралық ынты- мақтастык.

2.Халықаралық шарттар мен келісімдер негізінде Қазақстан Республикасының азаматтары мен кәсіпорындары шет елдерде жүмыс атқарған жағдайда олар үшін еңбекті қорғау жөнінде халықаралык нормаларда белгіленгеннен темен емес талаптар көзделеді. Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан кәсіпорындарда жүмыс істеуші шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар Қазакстан Республикасының азаматтары сияқты еңбекті қорғауға қүқығы болады. Шет елдерде орналасқан Қазақстан Республикасының кәсіпорындарда жүмыс істейтін шетел азаматтары үшін еңбекгі қорғау саласындағы қатынастарды ретгеудің ерекшелігі мүдделі елдер ара-сындағы келісімдермен белгіленеді.

3. Ұйымдарда Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды мемлекеттік еңбек инспекторлары жүзеге асырады.       2. Мемлекеттік еңбек инспекторларына:       1) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік еңбек инспекторы - Қазақстан Республикасының еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органының мемлекеттік еңбек инспекциясының басшысы;       2) мемлекеттік еңбек инспекциясының бас мемлекеттік еңбек инспекторлары - еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік еңбек инспекциясының лауазымды адамдары;       3) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың бас мемлекеттік еңбек инспекторы - еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік еңбек инспекциясының облыстық, республикалық маңызы бар қаладағы аумақтық бөлімшесінің басшысы;       4) мемлекеттік еңбек инспекторлары - мемлекеттік еңбек инспекциясы органының облыстық, республикалық маңызы бар қаладағы аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамдары жатады.       3. Мемлекеттік еңбек инспекторлары қызметтік міндеттерін атқару кезінде заңмен қорғалады және Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады.       4. Мемлекеттік еңбек инспекторына қызметтік міндеттерін орындауға кедергі келтірген тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.       5. Өңірлік қаржы орталығы қатысушыларының Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасын сақтауына мемлекеттік бақылауды Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган жүзеге асырады.       Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган:       1) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органды Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының бұзылу фактілері туралы өз құзыреті шегінде хабардар етуге;       2) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасы талаптарының орындалу жай-күйі туралы ақпаратты еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысанға сәйкес еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға тоқсан сайын беріп отыруға міндетті.      

Пайдаланылатын әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы 1995ж.

  2. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі. 15 мамыр 2007ж.

  3. «Халықты жұмыспен қамту туралы» ҚР Заңы. 23.01.2001. №149 // ҚР Парламентінің жаршысы, 2001ж., №3, 18-құжат.

  4. «Қазақстан Республикасында эейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңы 20.06.1997. № 136. // ҚР Парламентінің жаршысы, 1997 ж., № 12, 186-құжат.

  5. Кисилев И.Я. Сравнительное и международное трудовое право.Учеб. для вузов. – М. Дело, 1999

  6. Лившиц Р.З. Трудовое законодательство: настоящее и будущее. М. Наука, 1989

  7. Иванов С.А., Лившиц Р.З., Орловский Ю.П. Советское трудовое право: вопросы теории.- М.: Наука, 1978

  8. Уваров В.Н. Трудовое законодательство РК, Алматы, 1997

  9. Уваров В. Н. Трудовое право. Учебник. Алматы, 2000

  10. Уваров В. Н. Трудовое право. Учебник. Алматы, 2008

9 – тақырып. Еңбек даулары

Мақсаты: қақтығыстың еңбек дауынан айырмашылығын білу

Жоспар:

  1. Еңбек даулары ұғымы және олардың жіктелуі.

  2. Жеке еңбек даулары.

  3. Ұжымдық еңбек даулары.

1.Еңбек дауы - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану, келісімдердің, еңбек шартының және (немесе) ұжымдық шарттың, жұмыс беруші актілерінің талаптарын орындау немесе өзгерту мәселелері бойынша қызметкер (қызметкерлер) мен жұмыс берушінің (жұмыс берушілердің) арасындағы келіспеушіліктер;

еңбек дауы субъективтілік құрамы бойынша екіге бөлінеді:

  • Жеке еңбек дауы;

  • Ұжымдық еңбек дауы.

2.Жеке еңбек дауларын келісім комиссиялары және (немесе) соттар қарайды.       Жеке еңбек дауларын еңбек дауы тараптарының өтініші бойынша келісім комиссиясы қарайды.       Еңбек шартының тараптары жеке еңбек дауын шешу үшін өз қалауы бойынша тікелей сотқа жүгіне алады.

1. Келісу комиссиясы тепе-теңдік негізінде жұмыс берушінің және қызметкерлердің өкілдерінің бірдей санынан құрылады.       2. Келісу комиссиясының сандық құрамы, оның жұмыс істеу тәртібі және келісім комиссиясы өкілеттігінің мерзімі жұмыс беруші мен қызметкерлердің арасындағы келісім бойынша қызметкерлердің жалпы жиналысында (конференциясында) белгіленеді.       3. Келісу комиссиясының қызметкерлерден құрылатын мүшелері қызметкерлердің жалпы жиналысында (конференциясында) сайланады. Келісу комиссиясының жұмыс берушіден құрылатын мүшелері жұмыс берушінің актісімен тағайындалады. Келісу комиссиясының мүшелері бірінші ұйымдастыру отырысында көпшілік дауыспен өз құрамынан төраға мен хатшыны сайлайды.       4. Келісу комиссиясы еңбек дауын өтініш берген күннен бастап жеті күндік мерзімде қарайды.       5. Қарау нәтижесі бойынша келісу комиссиясының шешімі қабылданады, ол қабылданған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей өтініш иесіне беріледі.

3.Ұжымдық еңбек дауы жұмыс берушіге жалпы жиналыстың (конференцияның) шешімімен бекітілген қызметкерлер талаптары туралы жазбаша хабарлама берілген күннен бастап немесе жұмыс беруші, жұмыс берушілердің бірлестігі өз шешімдерін хабарламаған жағдайда, осы Кодекстің 290-бабында көрсетілген мерзім өткен күннен бастап туындаған болып есептеледі.       2. Ұжымдық еңбек даулары бітімгерлік рәсімдер тәртібімен және (немесе) сот тәртібімен шешіледі.

1. Қызметкерлердің талаптарын осы Кодекстің 290-бабында көзделген тәртіппен шешу мүмкін болмаған кезде олар бітімгерлік рәсімдер тәртібімен қаралады.       Жұмыс беруші, жұмыс берушілердің бірлестігі (олардың өкілдері) қабылдамаған немесе олардың ішінара қанағаттандырған талаптары алдымен бітімгерлік комиссиясында, ал онда келісімге қол жеткізілмесе - еңбек арбитражында қаралады.       2. Тараптар ұжымдық еңбек дауын қараудың кез келген сатысында делдалға жүгіне алады. Делдалдық рәсім бітімгерлік комиссиясындағы, еңбек арбитражындағы бітімгерлік рәсімдерге қарағанда дербес рәсім болып табылады және солармен қатар жүргізілуі мүмкін.

Пайдаланылатын әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы 1995ж.

  2. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі. 15 мамыр 2007ж.

  3. «Халықты жұмыспен қамту туралы» ҚР Заңы. 23.01.2001. №149 // ҚР Парламентінің жаршысы, 2001ж., №3, 18-құжат.

  4. «Қазақстан Республикасында эейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңы 20.06.1997. № 136. // ҚР Парламентінің жаршысы, 1997 ж., № 12, 186-құжат.

  5. Кисилев И.Я. Сравнительное и международное трудовое право.Учеб. для вузов. – М. Дело, 1999

  6. Лившиц Р.З. Трудовое законодательство: настоящее и будущее. М. Наука, 1989

  7. Иванов С.А., Лившиц Р.З., Орловский Ю.П. Советское трудовое право: вопросы теории.- М.: Наука, 1978

  8. Уваров В.Н. Трудовое законодательство РК, Алматы, 1997

  9. Уваров В. Н. Трудовое право. Учебник. Алматы, 2000

  10. Уваров В. Н. Трудовое право. Учебник. Алматы, 2008

13 - тақырып. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының еңбек өтілі, оның түрлері, есептеу, растау тәртібі.

Мақсаты: Еңбек өтілінің құқықтық мәнін білу.

Жоспар:

  1. Орталықтан зейнетақы тағайындау үшiн еңбек стажын есептеу

  2. Орталықтан зейнетақы тағайындау үшiн еңбек стажын жеңiлдiкпен есептеу

  3. Еңбек стажын растау

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]