Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Экзамен 2013.docx
Скачиваний:
314
Добавлен:
20.05.2015
Размер:
358.75 Кб
Скачать

1 Масалық вирусты энцефалит.Жіктелуі.Этиологиясы.Эпидемиологиясы.Клиникасы,диагностикасы,емі.

Жіктелуі:

-энцефалит В

-жапондық

-жаз-күздік

-Примор аймағының энцефалиті

Этиологиясы мен эпидемиологиясы

Қоздырушысы-нейротроптық вирус.Ауруды масалар таратады.Вирус қан арқылы өрістейді.Инкубациялық кезеңі 5-15 күнге созылады.

Ауру Оңтүстік Батыс Азияда(Жапония,Қытай,Корея),Ресейдің Қиыр Шығысы мен Приморье аудандарында кездеседі.Аурудың таралымы тамыз бен қыркүйекте аса жоғары(80 пайыз).

Клиникасы

Ауру шұғыл,көбінесе продромасыз басталады.Жалпы дерттілік,қалтырау,аса қатты бас ауыру,лоқсу,құсу п.б.Дене қызуы 40-41°-қа дейін көтеріледі.Бет пен көздің шырышты қабығы қызарады.1-2 күн бойы ес-түстің бұзылуы(ессіздік,кома) үдей түседі,менингеалдық кейде ошақтық симптомдар(салдану,парездер,гиперкинездер,эпилепсия тәрізді ұстамалар,бульбарлық симптомдар ) белгі береді.Жалпы бұлш/еттер құрысуы байқалады.

Синдромдардың біліну басымдылығына байланысты клиникалық түрлері(менингеалдық,құрыспалық,гемипарездік,летаргиялық ж/ булбарлық) болады.

Қанда нейтрофильдік ауытқыған лейкоцитоз болады,ЭТЖ үдейді.Ми-жұлын сұйығы қысымы жоғарылаған.Ликвордағы белок мөлшері көбейген,лимфоциттері басымырақ.

Жапондық энцефалиттің соңынан ұзаққа созылатын астения,вегетативтік дистония,психикалық бұзылыстар сақталып қалады.

Диагностикасы:

-вирусологиялық тексеру

-иммунологиялық әдістер-қанда спецификалық антидененің табылуы.Жұп сарысуды зерттеу,ол үшін бірінші сынаманы-аурудың бірінші күнінде ,ал екінші сынаманы-3-4 аптада.Ең алдымен комплемент байланыстырушы зат(комплемент РСК) п.б.,уақыт өте келе олардың титрі жоғарылайды.

-РПГА(гемаглютинация бәсеңдеу реакциясы)

-РН(нейтрализация реакциясы)

ЕМІ:

-Аурудың ең алғашқы күдері науқасқа маса энцефалитімен ауырған науқастың қан сарысуын 20-30 мл енгізеді н/е спецификалық g-глобулинді күніне 9-18 мл-ге дейін т/і немесе б/е;

-Тамыр қабырғаларын нығайтатын дәрі-дәрмек(хлорлы кальций,рутин,рутамин)

-Бас сүйек қуысы гипертензиясы мен улану құбылыстарын азайту үшін диуретиктер(гипотиазид,новурит,күкірт қышқылды магнезий)

-витаминдер(С 0,5 г ж/е В6 0,05г)

-глюкоза

2 Естің бұзылыстары,клиникалық көрінісі,систематика,нозологиялық құралдар.

Ес-бұл ақпаратты бекіту,сақтау,және өткен шақ тәжірбиесін қайта жаңғыртудан тұратын психикалық үрдіс.

1)Ақпаратты бекіту қабылдаудың бұзылысы(фиксация)Ақпаратты бекіту жетк/гі клиникасы ағымындағы оқиғаларды есте сақтаудың бұзылыстарымен көрінеді.бұл фиксациялық амнезия деп аталады:Қарттық психозда,ми қоректену бұзылысында кездеседі.Бұндай аурулар өткен нәрсені есіне түсіре алмайды,яғни болған нәрсені есінде сақтай алмайды.

2)Өткен тәжірбиені есте сақталуының бұзылысы-Қабылдаған ақпараттың (ретенция)сақталуы жөнінде оны қайта еске түсіругенегізделіп,пікір жасалады,бұл дұрыс емес.Шындығында келгенде біздің жадымыз көлемі және мазмұны жағынан біз ойланғаннан едәуір мықты.Бұл гипермнезия деп аталатын клиникалық факт дәлел бола алады.Өткенді ұмыту ретсіз емес,белгілі заңдылықпен өтеді.Рибо заңы бойынша бірінші ретте неғұрлым кеш қабылданған,нашар ұйымдастырылған дағдылар зардап шегеді;одан кейін біртіндеп естегі көне оқиғалар жойылады.Мұндай науқас бір жыл бұрын әйелінің қайтыс болғанын,2 жыл бұрын тұрғылықты орнын ауыстырғанын есінде сақтамайды,бұрынғы мекен-жайын айтады,зейнетке 5 жыл бұрын немесе 10 жыл бұрын шыққанын айта алмайды,бірақ балалық шағын ,көшесін,мектепке барғанын,алғашқы ұстазының есімін айтып бере алады.

3)Өткен тәжірбиені қайта жаңғырту бұзылысы –репродукция.Репродукция бұзылысы фиксация және ретекция бұзылысында үнемі көрініс береді.Церебральды атеросклерозбен ауыратын науқаста өз естеліктерін басқару қабілеті бұзылады:жауапты жағдайда қажеттіні есіне түсіре алмайды;есімін,атаулы күндерді ,нақты атауларды.Белгілі бір уақыт өткеннен кейін,оның қажеті болмаған кезде бұл мәліметтер оңай еске түседі.

Еске түсірудің сандық бұзылыстары.

Еске түсірудің сандық бұзылыстары гипермнезия және гипомнезия болып бөлінеді

Гипермнезия-жоғарыда аталып өткендерден басқа маникальды және гипоманикальды жағдайлардағы ассоциативті тежеусіздік кезінде бақыланады.Гипомнезия –жалпы және аралшықты амнезияларға бөлінеді.Тотальды гипомнезияны әріптері өшкен,оқуға қиын көне кітаппен салыстырады,амнезия-жыртылып тасталған кітап беттері сияқты.Гипомнезияның ауыр жағыдайында соңғы жылдарда және онжылдықтарда болған жағдайларды еске түсіру мүмкін болмай қалады.Бұл уақыттың кеш кезеңіне қарай ес ыдырауы үдемелі амнезия деп аталады.

Амнезия ішінде антеро және ретрогродты амнезияны бөлеміз,Бас ми жарақатына дейін бірнеше минут,күн апта ішінде болған оқиғалардың естен жоғалуы клиникалық тәжірбиеде ретроградты амнезия деп аталады.

Еске түсірудің сапалық бұзылыстары.

Еске түсірудің сапалық бұзылуы (дисмнезия,парамнезия)-естеліктер мазмұнының өзгерісі болып табылады.Бұл құбылысты феноменологиялық зерттеу кезінде псевдореминисценция және конфабуляцияны бөлеміз. Псевдореминисценцияны ес иллюзиясы деп те атайды.Бұл болған оқиғаның уақытын немесе орнын қате есіне алу.Фиксациялық,антеро-ретроградты амнезиялар бірігіп Корсаков синдромының триадасын құрайды. Псевдореминисценция негізінде кейде экмнезия құбылысы дамиды.Экмнезия-науқастың өткен өмірі.Өткен жылдар оқиғаларын науқас қазіргі уақытта болып жатқандай уайымдайды.Науқастар өздерін 40,30,18 жастамыз ,кішкене баламыз бар ,семья құрамыз және қайтыс болған жақындары хат жазады немесе соғыс кеше ғана бітті деп атайды.Экмнезия құбылысы кәрілік психозда ,истерияда ,шизофренияның соңғы сатыларында бақыланады.

Еске түсірудің сапалық бұзылыстарына криптомнезия-яғни жасырын еске түсіру жатады.

Таныстық сезімінің бұзылысы.Ес бұзылыстары симптомдардың ішінде ерекше топ таныстық сезімінің бұзылуы болып табылады.Аталған бұзылыстар психопотологиялық шекаралық бұзылыстарға жатады.Олар сау адамдарда ,мысалы,көңіл күй өзгерістерінде,және психикалық науқас адамдарда да байқалады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]