Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Экзамен 2013.docx
Скачиваний:
314
Добавлен:
20.05.2015
Размер:
358.75 Кб
Скачать

2 Ми жарақатындағы психикалық бұзылыстар. Бастапқы және жедел кезеңнің клиникасы. Дәрігер тактикасы.

Бассүйек ми зақымдануы 3 дәрежеге бөлінеді жеңіл түрі сананы бірнеше секундқа қана жоғалту, есеңгіреу, орта түрі-сананы бірнеше минутқа жоғалту, аз уақытқа кома, ауыр түрі-сананы бірнеше сағатқа не тәулікке жоғалту, кейін сопор мен есеңгіреу жағдайына ауысады.

Ми жарақаттанғанда психикалық бұзылулар бірнеше айдан немесе жылдан соң дамиды.

Бассүйек ми зақымданғаннан кейін бірден кома, сопор, есеңгіреу болып, қатты зақымдану психозы жиі қарауытқан сананың бұзылуы ретінде дамуы мүмкін. Бұл жағдайда қатты психомоторлы қозу болып, аффективті зорланушылықта агрессивті әрекеттер, үзілді-кесілді сандырақ пен елестетушілік орын алады. Осы жағдайдың ұзақтығы –бірнеше сағаттан бірнеше күнге созылады. Одан соң аурудың есіне ештеңе сақталмай, толық амнезия болады. Делириозды, аментивті және онейроидты синдромдар туралы да жазылған. Ауыр психоздар бірнеше аптаға дейін созылады. Сана бұзылудан кейінгі мерзімде астениялық жағдайда қайтадан қалпына келеді. Корсаковтың амнезия синдромы пайда болуы мүмкін. Бұл жағдайда ес бұзылып, конфабуляция мен жалған реминисценция болуы мүмкін.

Зақымданғаннан кейінгі психикалық бұзылулар жиі зақымдану церебрастениясы, зақымдану энцефалопатиясы, зақымдану қояншығы және зақымданудағы ақыл ке істігі ретінде болады.

Зақымдану церебрастениясында ауру адам қатты жүдеп, психикалық пен физикалық қажу, ашуланшақ болады. Ауа райының өзгеруі жағдайын нашарлатады. Олар көлікпен жүргенді көтере алмайды. Зақымданудың ауыр түрінде жарылғыштық, ұстамсыздық, даукестік және жүдеушілік дамиды.Қояншық ауруы және сананың қарауытқан бұзылысы дамиды.

Зақымданудан кейін науқаста мезгіл-мезгіл аффективті(депрессивті, маниакальді) кейде елестетушілік және елестетушілік-сандырақ психоздары болады.

Ауру жазылмаса зақымдану деменциясы дамуы мүмкін. Бұл ауруда ес бұзылып, адам ынтасыз, жайбарақат болып, интеллекті төмендейді.

3 Маниакальный синдром. Клиническая характеристика.

Маниакальды синдром триада симптоммен көрінеді: көңіл күйдің көтерілуі,ойлау ағымының жылдамдауы, сөздік қимылдық қозу. Бұл синдромның облигатты белгілері. Бұл кезде науқас өз мүмкіндігін асыра бағалайды, өзін аурумын деп есептемейді, ашушаң, тез сөйлейді, ойы беткей болады, бір істі аяғына дейін жеткізе алмай келесісіне ауысып кете береді. Науқастың сыртқы бейнесі қуаныш бейнесін бейнелейді.

Классиф: қуанышты мания- классикалық формасы (гипертимия,тахипсихия, двигат. возб-е).ашушаңдық мания- жоғары тітіркендіргіштікпен, ашушаңдықпен, агрессивтілікпен, қоршаған ортамен тез конфликтке түсуге бейімділігімен көрінеді.Маниакально-параноидный түрі- сандырақтық ойлардың келуімен сипатталады әсіресе соңына түсу сандырағы.Сандырақтық түрі- орталық орында ұлылық сандырағы болады, сандырақ жиі өзінің касібіне байланысты болады.Онейроидная мания-маниакал. Синдромның шынында сананың онейроид типтес фантастикалық галююцинациялық бұзылуы байқалады. Бұндай науқастарға ешқандай проблема болмайды, көңіл күйі ардайым көтеріңкі болады. Қайғырмайды.

19 билет.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]