Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
147_rakhimjanov_kh.h._praktikalikh_khazakh_tili...doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
21.11.2019
Размер:
1.03 Mб
Скачать

2) Тапсырма: Шылау сөздерді көрсетіңіз:

  1. Сен сағат сегізде тұрдың (ба)?

  2. Сен кеш жат(па).

  3. Кешегі тапсырманы орындадың (ба)?

  4. Сен оның сөзіне сен (бе).

  5. Ол бүгін келе (ме)?

  6. Сен оны кешке көресің (бе)?

  7. Сен оған ештеңе айт (па).

3) Тапсырма: Орыс тілінен қазақшаға аударыңыз

Жұмыстан кейін (от 6 до 7 часов) мен демаламын.

(После этого) мен тамақ пісіремін.

(Начиная с 8 до 9 часов) ертеңгі күнге дайындаламын.

(К вечеру) теледидардан соңғы жаңалықтарды көремін.

(Вечером) біз саяжайға барамыз.

4) Тапсырма: Берілген етістіктер мен сұрақтарды пайдалана отырып, жұмыс күніңіз туралы әңгімелеп беріңіз

тұрамын (встаю), жуынамын (умываюсь), киінемін (одеваюсь), барамын (иду), орындаймын (выполняю), тамақ ішемін (кушаю), қайтамын (возвращаюсь), демаламын (отдыхаю), оқимын (читаю), көремін (смотрю), дайындаламын (готовлюсь), айналысамын (занимаюсь), көмектесемін (помогаю), ұйықтаймын (сплю)

Сен таңертең нешеде тұрасың?

  1. Тұрғаннан кейін не істейсің?

  2. Жұмысқа нешеде шығасың?

  3. Жұмыс нешеде аяқталады?

  4. Жұмыстан кейін не істейсің?

  5. Теледидардың алдында неше сағат өткізесің?

  6. Жолдастарыңмен қашан кездесесің?

  7. Бос уақытты қалай өткізесің?

  8. Қайда барасыңдар? Не туралы әңгімелесесіңдер?

  1. «Қонақта»

Мәтін: Кеш жарық! Менің есімім Серік. Қазір менің үйімде қонақтар отыр. Әлия, менің жолдасым, қонақтарды дастарханға шақырды. Сергей төрге отырды. Жасы кіші болса да, жолы үлкен. Сергей мен Нина (Сергейдің жұбайы) қазының, шұжықтың, бесбармақтың дәмін алғашқы рет татты. Мен қонақтарға салаттардан салып бердім. Сергейдің алма шырынынан ішкісі келді. Әлия оған шырын құйып берді. Мен достық үшін тост көтердім.

Достарыма жақсы тілек айттым. Сергей мен Нина атаммен танысты. Сергей атам үшін тост көтерді, оған зор денсаулық, ұзақ өмір, мол бақыт тіледі. Біз көңілді отырдық.

Диалог

Әлия: Ал, құрметті қонақтар, дастарханға келіңіздер!

Сергей: Рақмет, Әлия, Нина екеуіміз жаңа ғана тамақтандық

Ата: Сіздер қонақсыздар, сондықтан дастарханға келу керек. Қазақ дәстүрі бойынша ең алдымен наннан ауыз тию керек.

Серік: Дастарханға жайғасып отырыңыздар, қысылмаңыздар.

Ата: Сергей - қонақ, төрге отырсын.

Сергей: Жоқ, ата, Сіздің жасыңыз үлкен. Төрге Сіз отырыңыз.

Ата: Рахмет, қарағым, жасың кіші болса да, жолың үлкен.

Әлия : Астан алып отырыңыздар. Нина, мына шұжықтан, қазыдан дәм тат. Бесбармақ суып қалмасын. Серік, Сергейге салаттардан сал. Ас дәмді болсын.

Берік: Қай сусынды, Сергей, ұнатасың? Қандай шырынды құяйын?

Сергей: Алма шырынын. Ата, сізбен танысқаныма қуаныштымын. Мына тосты Сіз үшін көтергім келеді. Жасыңыз ұзақ болсын, денсауылығыңыз зор болсын, ауру-сырқаттан аман болыңыз.

Ата: Рахмет, балам.

Сөздік

Сусын – напиток

Суып қалу – остыть

Дәмін тату – попробовать

Салу – положить

Жайғасып отыру – сесть поудобнее

Құю – налить

Тост көтеру – поднять тост

Ауру-сырқау – хворь, болезнь

Наннан ауыз тию – отведать

Дәстүр – традиция, обычай

Ас дәмді болсын – приятного аппетита

Қарағым – милок

Қысылмау – не стесняться

Жолың үлкен – в значении: больше прав

Тапсырма: Тост мәтінін құрастырыңыз

Мысалы: Мына тосты кім үшін көтергіңіз келеді? Бұл тосты менің … көтергім келеді.

Сіз оларға не тілегіңіз келеді? Мен … ( денсаулық, бақыт, жемісті жұмыс, ұзақ өмір, аман – саулық т.б.) тілеймін.

Речевые образцы «Құттықтау», «Тілек»:

Айтылған тілек қабыл болсын! – Пусть сбудутся все сказанные пожелания! Бала-шағаңыздың қызығын көріңіз! – Будьте счастливы в семье! Той тойға ұлассын! – Пусть за этим тоем последуют другие! Жүз жасаңыз! – Живите до ста лет! Отбасыңызда сүттей ұйыған ынтымақ болсын! – Пусть будет полное согласие в Вашей семье! Қосағыңызбен қоса ағарыңыз! - Пожелание супругам жить долго и в долгом согласии (дословно – вместе состариться, поседеть). Аспаныңыз ашық болсын! – Пусть небо над Вами всегда будет безоблачным!

Тілек (пожелания) в казахском языке выражаются не только в часы радости, но и в минуты скорби. Ознакомьтесь с некоторыми формулами, речевыми образцами выражения соболезнования:

Қайғыңа (-ңызға) ортақпын – Я глубоко соболезную твоему (Вашему) горю. Ақыры қайырлы болсын. – Пусть далее все будет в порядке. Арты жақсылық болсын – Пусть далее все будет хорошо. Уақыт Сізге жеңілдік әкелсін – Пусть время принесет Вам облегчение

Есте сақтау керек: 1. Қонақ келсе құт келер. 2. От жағылмаған үй – қора, кісі келмеген үй – мола. 3. Көңіл кең болса, үйдің тарлығы білінбес. 4. Жолаушыны сусындатпай тұрып бұйымтайын сұрама. 5. Қонаққа «кел» демек бар, «кет» демек жоқ..

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]