Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
17 билет.docx
Скачиваний:
7
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
39.84 Кб
Скачать

17 ЕМТИХАН БИЛЕТІ

1. Жылжымайтын мүлік түсінігі, мақсаты және қағидалары.

2. Бағалау объектілері ретіндегі автокөлік жабдықтарының ерекшеліктері.

3. Жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеу және онымен мәмілеге келу нысандары.

                         

       1. Жылжымайтын мүліктің құнын бағалау – материалдық актив түрлерінің бірінің (жылжымайтын мүліктің) құнын бағалау. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінде (117-бап) жылжымайтын мүлікке жер телімдері, үймереттер, ғимараттар, көп жылдық екпе ағаш және жермен тығыз байланысты өзге мүлік, яғни орнынан шығынсыз ауыстыру мүмкін болмайтын мүлік, тіркелуге жататын әуе және теңіз кемелері, ішкі суда жүзу кемелері, ғарыштық нысандар жатады. Бағалау қызметіндегі жылжымайтын мүлікке табысты молайту мақсатымен үймереттер мен ғимараттар салынған жер телімі ғана жатқызылады. Бағалауда ең алдымен нақты бағалаушының нысан құнының нақты түрін (негізделген нарықтық, инвестицялық, кепілзаттық құнын, тағы басқалар) айқындау әрекеттерінің жиынтығы жатады. Жылжымайтын мүліктің құнын жеке және жаппай бағалау түрлеріне бөлінеді.

Жылжымайтын мүлік-азаматтық актіде  жеке тұлға не заңды тұлғаның 

иелігіндегі жер және басқа  жер-сулар, сол жердегі қозғалмайтын  мүліктер (ғимараттар, заводтар және  т.б)

     Жылжымайтын  мүліктің  құнын бағалау  материалдық  актив түрлерінің 

бірінің (жылжымайтын  мүліктің)құнын бағалау. Қазақстан  Республикасы

 Азаматтық кодексінде(117бап) жылжымайтын мүлікке жер  телімдері, үймереттер, ғимараттар, көп жылдық екпе ағаш және  жермен тығыз байланысты өзге мүлік, яғни орнынан шығынсыз ауыстыру мүмкін болмайтын мүлік, тіркелуге жататын әуе және теңіз кемелері, ішкі суда жүзу кемелері, ғарыштық нысандар жатады. Бағалау қызметіндегі жылжымайтын мүлікке табысты молайту мақсатымен үймереттер мен ғимараттар салынған жер телімі ғана жатқызылады. Бағалауда ең алдымен нақты бағалаушының нысан құнының нақты түрін (негізделген нарықтық, инвестицялық, кепілзаттық құнын, тағы басқалар) айқындау әрекеттерінің жиынтығы жатады. Жылжымайтын мүліктің құнын жеке және жаппай бағалау түрлеріне бөлінеді. 

  Бағалау, экономикада материалдық игіліктердің  құнын анықтау мақсатында жүзеге  асырылатын іс-әрекеттердің жиынтығы. Бағалау күрделі экономикалық  процесс. Дамыған нарықтық экономика  жағдайында Бағалар жер үлестерін сатуда, үй және пәтер саудасында, өндірістік қуаттарды сатып алу немесе инвестициялық жобаларды іске асыруда жиі қолданылады. Бағалар процесі оның негізгі қағидаларын айқындауға және жүзеге асыру тетіктері мен нақты экономикалық есептеулерге негізделеді. Бағалар экономикалық сипатына қарай номиналды, реалды және оптималды болып, ал қолданылатын обьектісіне қарай жекешелендіруге ұсынылған объектілерді Бағалар, негізгі қорды Бағалар, шаруашылық қорларын бағалар, жылжымайтын мүліктерді Бағалар, т.б. түрлерге бөлінеді.

   Бағалау  түрлері

Номиналды Бағалау  — инфляцияны есепке алмай бағаланған экономикалық сандық көрсеткіш.

Реальды Бағалау  — инфляцияның болжалды шегін  ескере отырып бағалау.

Оптималды Бағалау  — дамудың оптималды бағдарламасын  жасау құралдары. Ол әкімш. шешімдер қабылдауда басшылыққа алынады. Оптималды Бағалау белгілі бір ресурс қорының бастапқы қалпымен салыстырғанда қаншалықты өзгеріп (көбейіп не азайып) отыруының оптималды өзгерісін көрсетеді. Мұның нәтижесінде қолда бар ресурстарды (еңбек, өндірістік, табиғи т. с.с.) тиімді пайдалануға болады.

Жекешелендіруге ұсынылған объектілерді Бағалау  — мүлікті аукционда сату кезінде  бастапқы бағасын белгілеу немесе кәсіпорын  акционерлік қоғам болып қайта  құрылған жағдайда оның жарғылық қор  көлемін анықтау. Кәсіпорынның мүлкі бухгалтерлік баланс мәліметтеріне, тікелей түгелдеу негізіне сүйеніп бағаланады. Бағаланғалы отырған мүліктің құрамына негізгі қор мен салымдар, ақшалай қаражат пен басқа да қаржылық активтер кіреді.

Негізгі қорды  Бағалау — негізгі қордың құнын анықтауға бағытталған әдістер жүйесі. Негізгі қор іске қосылу мерзіміне қарай әр түрлі бағаланады. Ол мынандай түрлерді қамтиды:

1) толық алғашқы  құн — жаңа іске қосылған  негізгі қор құны. Оған ғимаратты  жабдықтау, құрылғыларды жеткізу, орнату және қосуға жұмсалған шығындар да енеді;

2) тозбасы шығарылған  бастапқы құн — негізгі қор  құнының өндірілген өнімге ауыспаған  бір бөлігі;

3) толық қалпына  келтіру құны — негізгі қорды  қайта бағалау кезіндегі нақты  жағдайларды: көтерме баға, транспортқа қойылған тарифтер, құрылыстың сметалық бағасын ескере отырып анықталған құн;

4) тозбасы шығарылған  қалпына келтіру құны — негізгі  қордың өнімге ауыспаған нақты  құны. Ол негізгі қорды қайта  бағалау кезіндегі мәліметтер  негізінде анықталады. *Шаруашылық қорын   Бағалау — табиғи көрсеткіштерді ақшаға шағып көрсету тәсілдері. Ол бухгалтерлік есеп жүргізуде қолданылады.

   Жылжымайтын  мүліктерді Бағалау — жылжымайтын  мүліктерді сатып алу, сату  процесінде олардың нарықтық  құнын анықтау үшін қолданылатын  іс-әрекеттер жиынтығы. Жылжымайтын мүліктерді Бағалауда мынадай талаптар: тұтынушының көзқарасына негізделген талаптар, жерге қатысты немесе оған орналасқан өндірістік қуаттар мен үй құрылыстарына байланысты талаптар, нарықтық ортаның қалыптасуынан туындайтын талаптар және мүлікті өте тиімді пайдалануға негізделген талаптар басшылыққа алынады.  

  Статистикалық  бағалау әдістері - әлеуметтік-экономикалық  үдерістердің сандық жағын оның  сапалық жағымен тығыз байланыста  бағалау қызметінің мақсатына  орай статистикалық зерттеулердің тәсілдері мен ережелері. Статистикалық бағалау әдістері: инвестициялық жобалардың құнын бағалау кезінде; құрылысы аяқталмаған ірі объектілердің құнын бағалау кезінде; салық салу мақсатымен мүліктің құнын жаппай бағалау кезінде; аймақ аралық кәсіпорындарды дамытудың бизнес жоспарлары мен бағдарламаларын жасау кезінде; аймақтағы және елдегі түрлі нарықтарды, салалардың тауарлары мен өнімдері жиынтық бағасының жүйелік өзгерістерін күрделі маркетингілік зерттеулерде пайдаланылады. Есептеудің негізгі екі тәсілі қолданылады, олар: қатынастар тәсілі және кемімел тәсілі

   Болжамдық  бағалау. Мұнай мен газ кендерін  геологиялық-барлау жұмыстарының  бағыты мен көлемін жоспарлауға  қажетті геологиялық нысандардағы  көмірсутектердің болжамдық ресурстарын сандық тұрғыдан бағалау. Болжамдық бағалау әр түрлі геологиялық (алап, кешен, тағы басқа) және әкімшілік (облыс, аудан, тағы басқа) нысандардың мұнаймен және газбен қанығуының геологиялық, геохимиялық, гидрогеологиялық тағы басқа белгілердің кешені негізінде болжаудың арнаулы әдістері көмегімен жүргізіледі. Болжамдық бағалау болжау деңгейімен, болжаудың басты нысандарының түрімен және мәселені шешу ретімен анықталатын көптеген болжау мүдделерінің жүйесі болып табылады. Нысандар мен болжам деңгейлері мұнайгаздың аудандастыру барысында дербестеледі. Болжаудың ең ірі нысаны ретінде әдетте шөгінді алап алынады, бірақ кейбір жағдайларда бұл рөльді мұнай-газ қалыптасуының тұйықталған аймағы немесе жекелеген кешендер де атқаруы мүмкін. Болжаудың белдемдік деңгейі жекелеген тектоникалық элементті немесе мұнай мен газ жинақталуының белдемдерін болжамдық бағалау шараларын қамтиды. Ал болжаудың жергілікті деңгейі барысында жекелеген антиклинальдық, стратиграфиялық, литологиялық тағы басқа тұтқыштардың өнімділігі бағаланатын болады. Болжаудың әрбір деңгейі қолда бар деректерге сүйене отырып бірнеше мүдделерді рет-ретімен шешіп беруге көмектеседі, олар: нақтылы аумақтың мұнай мен газға деген мүмкіндіктерін сапа тұрғысынан бағалау; нысандағы көмірсутектер ресурстарының жалпылама қорын бағалау; көмірсутектерді шикізат түрлері тұрғысынан саралау; сол шикізаттардың сапалық сипатын нақтылау (пайдалы қоспалар мөлшері, физикалық-химикалық ерекшеліктері тағы басқа). Болжамдың бағалауды жүргізудің түпкі мақсаты — қорын геологиялық-экономикалық тұрғыдан бағалау, сөйтіп кен ресурстарын игерудің ұтымды жолдарын анықтау.

2. Автокөлік құралдарын бағалау қажеттігі бүгінгі күні банктік жүйеде меншік иесінің өз автокөлік құралын кепілдікке ұсынып, несие алуына мүмкіндігінің тууымен түсіндіріледі.

Автокөлік құралдарын бағалау ─ бағалау қызметінің арнайы және ерекше түрі болып табылады, өйткені оның басқа бағалау объектілер түрлерінен өзінше бір айырмашылықтары бар, [17] олар:

-1- автокөлік құралдарын бағалау объектісі ретінде басқа бағалау объектілер түріне қарағанда, функционалдық, конструктивті және эксплуатациялық айырмашылығы бар;

-2- автокөлік құралдарына қатысты құнын анықтайтын факторлардың құрамы мен әсері басқа бағалау объектілеріне қарағанда өзгеше;

-3- автокөлік құралдары басқа бағалау объектілеріне қарағанда, құқықтық, ұйымдастырушылық, ақпараттық және әдістемелік аспектілері жағынан айырмашылығы бар;

-4- автокөлік құралдары қауіпті объект болып табылады, оның нәтижесінде материалдық залалды өтеумен байланысты құқықтық зардаптар туындайды, және ол бағалауды жүргізуді талап етеді;

-5- автокөлік құралдары нарығының құрылымы мен параметрлері басқа бағалау объектілерінің тауар нарықтарының сипаттамаларынан айырмашылығы бар, ол автокөлік құралдарының нарықтық құнын анықтауға қажетті әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз етуде үлкен бір мәселе, мұндай бағалауда негізінен салыстырмалы әдіс қолданылады.

Қазіргі жағдайда автокөлік құралдарын бағалаудың қажеттігі келесі жағдайларда туындайды:

• бизнес-жоспарды әзірлеу, автомобильдік-құрылыс өндірісін құру және дамыту;

• автокөлік құралын өндіріске жіберілгендегі, болжамды нарықтық құнын бағалау;

• «көлік құралдары» тобы бойынша негізгі қордың белсенді бөлігін қайта бағалау;

• жекешелендіру кезінде бағалау;

• мемлекет меншігіндегі автокөлік құралдарымен мәміле жасағанда;

• автокөлік құралдарының кедендік шекара арқылы Қазақстан Республикасына кіргізлгенде;

• мүлік салығын есептеу үшін салық салу базасын анықтау;

• автокөлік құралдарын сату-сатып алу, сонымен қатар аукциондық;

• автокөлік құралдарының кепілдігін рәсімдеу;

• автокөлік құралдарын жалға және лизингке беру;

• кәсіпорынның жарлық қорына салым ретінде автокөлік құралын рәсімдеу;

• қоғамнан шыққанға, қоғам тарағанда және қоғам жойылғанда қоғам қатысушысының (акционердің) салымын еншілеу (бөлу);

• кәсіпорынды жалпы бағалауда негізгі қордың бөлігі ретінде автокөлік құралдарын бағалау;

• жою немесе авария, өрт, жарылыс, найзағай соққысынан, нөсерлі жауын-шашын, бұршақ, қалың қар, жер сілкіну, сел, опырылу, көшкін, тасқын, су басу, мұз астына түсіп кету, су құбыры немесе жылу жүйесі нәтижесінде зақымдану жағдайында, сонымен қатар ұрлау (айдап кету) әрекетімен байланысты ұрлау және жойылу (зақымдану) жағдайында автокөлік құралдарын сақтандыру;

• автокөлік құралы зақымданғандағы залал құнын бағалау;

• автокөлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;

• автокөлік құралдарын сыйға тарту (салық салу мақсатында);

• автокөлік құралдарын мұраға қалдыру (салық салу мақсатында);

• сот шешімімен мүлікті (автокөлік құралдарын) бөлу;

• автокөлік құралдарымен бартерлік мәмілелер;

• мүлікті түгендеу (инвентаризациясы);

• автокөлік құралдарын конфискациялау;

• автокөлік құралдарын есептен шығару және жою.

3. Жалпы ережелер

      1. Жылжымайтын мүлікке және онымен жасалатын мәмілелерге құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) - Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жылжымайтын мүлікке құқықтардың (құқықтар ауыртпалықтарының) туындауын, өзгеруін немесе тоқтатылуын және құқықтық кадастрдағы мемлекеттік тіркеудің өзге де объектілерін мемлекеттің тануы мен растауының міндетті рәсімі.       2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.       3. Мемлекеттік қызмет «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) негізінде жүзеге асырылады.       4. Мемлекеттік қызметті аумақтық әділет органдары (бұдан әрі - уәкілетті орган), Халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - Орталық) арқылы көрсетеді, олардың мекен-жайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген.       5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің аяқталу нысаны жүргізілген тіркеу туралы белгісі бар құқық белгілейтін құжатты, не Заңда көзделген негіздер бойынша мемлекеттік тіркеуден бас тарту немесе оны тоқтата тұру туралы құжатты беру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру болып табылады.       6. Мемлекеттік қызмет заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрі - тұтынушылар) көрсетіледі.       7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі тұтынушылар қажетті құжаттарды тапсырған (тіркелген, талон алған сәттен бастап), мемлекеттік қызметті алуға өтініш берген сәттен бастап:       1) осы тармақтың 2 және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, жылжымайтын мүлікке құқықтардың (құқықтар ауыртпалықтарының) туындауын, өзгеруін немесе тоқтатылуын және басқа объектілердің мемлекеттік тіркеу жөніндегі қызмет тіркеуші органға өтініш келіп түскен сәттен бастап бесінші жұмыс күні ұсынылады;       2) жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқықтық ауыртпалықтарды) және онымен жасалатын мәмілелерді жеделдетілген тәртіппен мемлекеттік тіркеу Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген алым сомасын бюджетке төлеген жағдайда, тіркеуші органға өтініш түскен күннен кейінгі бір күннен кешіктірмей жүргізіледі;       3) мемлекеттік органдар және өзге де уәкілетті адамдар салатын ауыртпалықтарды, сондай-ақ заңдық талаптарды тіркеу тіркеуші органға өтініш түскен сәттен бастап дереу жүргізілуге тиіс;       4) құжаттарды тапсырған кезде кезек күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты 30 минуттан аспайды;       5) құжаттарды алу кезінде кезек күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты 30 минуттан аспайды.       Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.05.07 № 393 Қаулысымен.       8. Мемлекеттік қызмет ақылы көрсетіледі.       Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым ставкалары осы стандартқа  3-қосымшада көрсетілген.       Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді жеделдетілген тәртіппен мемлекеттік тіркегені үшін алым ставкалары осы стандартқа 4-қосымшада көрсетілген.       9. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында: www.minjust.kz(link is external)., сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде және осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес Орталықтардың үй-жайларьшда орналасқан стендтерде орнатылады.       10. Уәкілетті органда демалыс және мейрам күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден сағат 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін оның жұмысын қамтамасыз ететін кесте белгіленеді.       Орталықтарда құжаттарды қабылдау демалыс және мейрам күндерін қоспағанда, сағат 9.00-ден сағат 20.00-ге дейін үзіліссіз жүзеге асырылады, Орталықтардың филиалдары мен өкілдіктері үшін бір сағаттық түскі үзіліспен сағат 9.00-ден сағат 19.00-ге дейінгі жұмыс кестесі белгіленеді.       Қабылдау «электронды» кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.       Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2010.05.07 № 393 Қаулысымен.       11. Мемлекеттік қызмет Орталықтың ғимаратында көрсетіледі. Залда анықтама бюросы, күту үшін креслолар, толтырылған бланк үлгілері бар ақпараттық стенділер орналастырылады. Мүмкіндіктері шектеулі тұтынушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар көзделген.       Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2010.05.07 № 393 Қаулысымен.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]