Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

14_bilet

.docx
Скачиваний:
14
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
32.89 Кб
Скачать

«Экономика» кафедрасы

«Ауылшаруашылығы өндірісінің экономикасы» пәнінен № 14 емтихан билеті

1. Экономикалық тиімділікті бағалау

2. Өсімдік шаруашылығының халық шаруашылығында алатын орны

3. Өнімнің өзіндік құны.

1.Экономикалық тиімділікті бағалау

Ауыл шаруашылығының тиімділігі - ауыл шаруашылығындағы субъектілерінің қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі, жоғары көрсеткішті өнімділікке жетуге қамтамасыз ету қабілеттілігі, табыстылығы, өнім сапасы. Ауыл шаруашылығының тиімділігі көрсеткіштер жүйесінің көмегімен өлшенеді: еңбек өнімділігімен, қор қайтарымдылығымен, өзіндік құнмен, рентабельділік, ауыл шаруашылық өнімдерінің шығымдылығымен және т.б.  Өсімдік шаруашылығы саласының тиімділігін сипаттау үшін жалпы өнім және таза табыс, жер көлемі, еңбек шығындары, негізгі және айналым капиталы толығымен кіреді.  Кәсіпорындардың рационалды мамандануы жерді өндірістің, еңбектің және материалдық құралдардың басты құралы ретінде неғұрлым тиімді пайдалануға септігін тигізеді. Тиімділікті жалпы, тауарлы өнімнің көлемі, жалпы және таза табыстың келесілерге шаққандағы көлемі бойынша анықтауға болады: •100 га ауыл шаруашылық жеріне және 100 га жыртындыға; •1 жұмыскерге және 1 адам күнге (адам-сағатқа); •100 тг негізгі өндірістік қорларға; •100 тг барлық өндірістік шығындарға. Бұл көрсеткіштердін әр қайсысы өндірістік ресурстарды пайдалану бойынша экономикалық ақпарат береді. Мысалы, жалпы және тауарлы өнімнің жер ауданының бір бірлігіне шаққандағы көлемі ауыл шаруашылық өндірістің басты құралы - жердін пайдалану деңгейін сипаттайды. Бұл көрсеткіштердін қатынасы шаруашылықтың тауарлылығы туралы толық көрініс береді. Жер ауданының бір бірлігіне шаққандағы жалпы және таза табыс кеңейтілген ұдайы өндірісті ұйымдастыру тұрғысында жерді пайдаланудың экономикалық жағдайын синтездейді. Ауыл шаруашылық өндірісін ұйымдастырудың ең маңызды жақтарын сипаттайтын басқа бір қатар көрсеткіштер мен толықтыруларды ұсынады. Жүйелі толықтырушы көсеткіштердің қатарына жатады: •өнімділік және еңбек ақы ; •өнімнін өзіндік құны ; •күрделі салымдардың тиімділігі. Ұсыныстарда астық өндірісінін тиімділігінің сапалық жағына ерекше екпін жиі жасалады. Салалық үйымдастыру рационалдылығының ең маңызды көрсеткіштеріне еңбек өнімділігін, өнімнің өз құнын, дақылдың шығымдылығын, негізгі және айнымалы қорлардың тиімділігін, жер және еңбек ресурстарын пайдалануды жатқызған дұрыс. Жүйені жаңа көрсеткіштермен толықтыру теңденциясына қарсы кейбір авторлар бұл жүйеде негізгі көрсеткішті ерекшелер оны қалыптасып жатқан экономикалық жағдайдың тұрғысынан қолданудың дұрыстығын негіздеуге тырысуда. Мұндай көрсеткіш ретінде көбіне өндірістін рентабелділігі ұсынылады. Экономикалық тиімділікті анықтау үшін өндіріс үрдісіне әсер етуші түрлі факторларды анықтау керек. Экономикалық тиімділікті бағалағанда нәтижеге әсер етуші факторларды есептейміз. Ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігіне егіннің дұрыс пісуі, мал шаруашылығындағы өнімділік және т.б. сонымен қатар еңбек шығындарын есепке аламыз.  Табысы бар кәсіпорын рентабельді болып саналады. Неғұрлым табыс көлемі көп болса, соғұрлым өнім көлемі артады. Рентабельділік-экономиканың маңызды категориясы. Ол кәсіпорынның табыстылығы мен мен тиімділігін көрсетеді. Табыстылық дегеніміз табыстан кеткен шығынды азайту. Рентабельділік - ауыл шаруашылық өндірісінің тиімділігін қорытындылаушы көрсеткіш. Ол кәсіпорынның пайдалы, табысты жағын көрсететін экономикалық категория. Онда шаруашылықтың не саланың еңбек, жер, су, материалдық ресурстарын пайдалану тиімділігі көрініс табады.  Рентабельділік пайда сомасының өзіндік құнға немесе негізгі немесе айналым қорларының орташа жылдық құнына қатынасын көрсетеді. Рентабельділіктің өсуіне ықпал етуші факторлар - сатылған өнімнің ассортименті, оның көлемі мен құрылымы, бағасы мен өзіндік құны. Өзін - өзі ақтауды қамтамасыз ету үшін шаруашылықтың рентабельділігі 20 - 25% болуы керек. Нарық жағдайында, экономикалық дамуды әрі қарай жалғастыруда, өндірістің тиімділігін арттырудың бағыттарын, олардың өсу факторлары мен тиімділікті анықтаудың әдістерін анықтау маңызды міндет болып табылады.  Кәсіпорындарда өндірістік тиімділігін арттырудың маңызды бағыттарын дұрыс айқындау үшін, тиімділіктің негізгі көрсеткіштерін біліп алуымыз қажет.  Тиімділік көрсеткіштерінің құрамындағы табыстылық көрсеткішін жеке топқа бөлуге болады. Активтердің табыстылық көрсеткіштері және меншік капиталының табыстылығымен қатар оларға ағымды активтердің табыстылығы, ұзақ мерзімді активтердің табыстылығы, негізгі қызмет табыстылығы және қарыз капиталының табыстылығы жатады.  Егер өнім шығарылымы кез келген сараланған көрсеткіштермен есептегенде құндық көрінісімен өлшенсе, ол жалпы (мысалы, жалпы материалдық қажеттілік) деп аталады. Егер өнім шығарылымы заттай көрініспен өлшенсе, онда ол үлестік (мысалы, үлестік материалдық қажеттілік) деп аталады.

2. Өсімдік шаруашылығының халық шаруашылығында алатын орны және оның дамуына әсер ететін факторлар

Өсімдік шаруашылығы – ауыл шаруашылық өндірісінің негізгі салаларының бірі, оның құрамына: астық шаруашылығы, зығыр шаруашылығы, қызылша шаруашылығы, картоп шаруашылығы, көкөніс шаруашылығы, бау-бақша шаруашылығы, жүзім шаруашылығы, зәйтүн шаруашылығы және т.б. жатады.  Өсімдік шаруашылығының маңызы халық шаруашылығында өте зор, біріншіден, ол адамды өсімдік өнімдерімен қамтамасыз етеді. Өсімдік шаруашылығы тамақ және қайта өңдеу  өнеркәсіптерін шикізатпен қамтамасыз етудің басты көзі болып табылады. Өсімдік шаруашылығымен қатар мал шаруашылығы да жүреді, мал шаруашылығы үшін өсімдік шаруашылығы негізінен малдарды азық түрлерімен қамтамасыз етеді. Мал шаруашылығы өсімдік шаруашылығына органикалық тыңайтқыштарды береді және сабан, сабақ, жапырақ қалдықтарын пайдаланады.  Өсімдік шаруашылығында ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің  50 пайыздан астамы өндіріледі, ауыл шаруашылық өнімдерін сатудан түскен түсімнің үлесі де осы шамада.  Топырақ - климаттық жағдайларға сәйкес, біздің елімізде әр түрлі дақылдар топтарына жататын ауыл шаруашылық аудандары тарихи түрде қалыптасты, бірақ олардың орналасу жерлері ауысып тұрады. Қазіргі уақытта республикамызда дәнді дақылдар көптеген аймақтарда өсіріледі.  Өсімдік шаруашылығы -  күрделі сала, оның маңыздылығы, басты өндіріс құралы ретінде  жер болып табылады.  Жер – ауыл шаруашылығының негізі, оны дұрыс пайдалану топырақ құнарлығының жоғарылауына әкеледі, жердің сапасынан ауыл шаруашылық дақылдарының өнімдерін тиімді өсіруге әсер етеді. Жерді дұрыс қолдану шаруашылықты жүргізудің аймақтық жүйесінің талаптарын уақытында орындаумен байланысты. Шаруашылықты жүргізу жүйесінің құрамдас бөлігі, жерді қолдану мүмкіншіліктерін анықтайтын егіншілік жүйесі болып табылады.  Өсімдік шаруашылығы жүйесі кәсіпорынның мамандандырылуына, жердің, қажетті техниканың бар болуына, қолданылатын технология мен өндірістің ұйымдастырылуына тәуелді. Бұл көрсеткіштер сондай-ақ жекелеген өсімдік өсіруші салалардың мөлшеріне де әсер етеді. Өндірісті дұрыс есептеу мен өндірілген өнімді дұрыс бөлу тек егіншілік жүйесін зерттеу және қолдану, егіс алаңдары кұрылымын есептеу, ауыспалы егісті дұрыс жобалау мен орналастыру негізінде ғана мүмкін болмақ. Егіншілік жүйесі дегеніміз - топырақ құнарлығын жоғарылатуға, еңбек шығындарын және өнім бірлігіне жұмсалатын қаражатты  төмендете отырып, өсімдік шаруашылығы өндірісін арттыру мақсатында топырақты жел және су эрозиясынан сақтауға бағытталған ұйымдастыру және агротехникалық шаралар кешені.  Тарихи даму барысында топырақ құнарлығын сақтау және арттыру тәсілдері жетілдірілді, ол егіншілік жүйесі ауысымында көрініс тапты. Бұл ең алдымен машиналар мен жарақтардың, технологияның, баптап-күтілген өсімдіктер селекциясының жетілдірілуімен және ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерінің өндіріске енгізілуімен қамтамасыз етілді. Қазіргі уақытта егіншілік жүйесі алқаптарды неғұрлым үдемелі пайдалануға бағытталған шаралардың үлкен кешенін қамтиды. Кешен құрамына мыналар кіреді: 1.      Топырақ өңдеу жүйесі. 2.      Ауыспалы eгic жүйесі. 3.      Тыңайтқыштар жүйесі. 4.      Тұқым шаруашылығы. 5.      Арамшөптермен, зиянкестермен жене ауыл шаруашылық дақылдары ауруларымен күрес жөніндегі шаралар жүйесі. 6.      Топырақтың су және жел эрозиясымен күрес жөніндегі шаралар жүйесі. 7.      Танап қорғаушы орман өсіру. Егіншілік жүйесі белгілі бір табиғи және экономикалық жағдайларға қарай колданылады. Казақстанның ұлан-ғайыр аумағында бірыңғай егіншілік жүйесін дамытуға болмайды, ол мүмкін емес. Әртүрлі топырақ, климат жағдайларында егіншілік жүйесінің құрамдас бөлігінің маңызы бірдей емес. Егіншілік элементтерінің әрқайсысының нақтылы мазмұны, өзінің жергілікті маңызы бар. Ауыл шаруашылық өндірісін ұтымды ұйымдастыру міндеті осы элементтер арасында өзара дұрыс байланыстар орнату, бүкіл жүйе нәтижелерін шешуші түрде анықтайтын басты буынды табу болмақ,  мысалы, құнарлылығы төмен топырақ жеткілікті ылғалдандырылған аудандарда, суармалы егіншіліктегі тәрізді, тыңайтқыштар жүйесі бірінші орынға шығарылады, ал солтүстік Қазақстанның астықты аудаңдарындағы басты мәселелер — эрозиямен күрес шаралары және топырақта ылғал сақтау, фосфорлық тыңайтқыштар енгізу, таза пар алқаптарын ұлғайту және басқалар. Қазіргі заманғы егіншілік жүйесі жерді интенсивті пайдалану негізінде топырақ құнарлығын арттырумен қарастырылады. Елдің аймақтары бойынша  әзірленген жүйе белгілі табиғи және экономикалық жағдайларға негізделіп қолданылады, барынша сапалы дақылдарды егуді кеңейту арқылы егістік ауданының құрылымын жақсарту қарастырылады.   Егіншілік жүйесінің негізгі элементтеріне мыналар жатады: ауыспалы егістік жүйесі; топырақты өңдеу жүйесі; мелиоративті шаралар жүйесі (суару, құрғату, химиялық мелиорация, мәдени- техникалық жұмыстар және т.б); тыңайтқыш жүйесі; тұқым шаруашылығы жүйесі;  өсімдікті қорғау жүйесі; сулы және желді эрозиямен күресу шаралар жүйесі; танапты қорғау үшін ағаш егу; Ғылыми негізделген егіншілік жүйені қолдану – Қазақстандағы  өсімдік шаруашылығының өркендеуінің негізгі шарттарының бірі. Тек салаларды интенсивтендірудің өзі өсімдік шаруашылығының өнім өндірісін жоғарылатуға мүмкіндік береді, өйткені ауыл шаруашылығында жер алқаптары, әсіресе жыртылған жердің көлемі шектеулі. Соңғы жылдары егістік ауданының халық басына келетін үлесі төмендеген. Егіншіліктің кез-келген жүйесінің негізі ауыспалы егіс жүйесі болып табылады. Бұған егісті, көкөністі, шалғын жайылымды, фермалар жаны, топырақты қорғау және т.б. ауыспалы егістер жатады. Ғылыми негізделген ауыспалы егістер топырақтың сулы – ауалы режимін жақсартады, оны өңдеудің ұсынылған жүйесін енгізуге, тиімділігі жоғары техникаларды, органикалық және минералды тыңайтқыштарды, өсімдікті қорғау құралдарын қолдануға жағдай жасайды.  Ұтымды жасалған ауыспалы егіс жыл бойы ауыл шаруашылық кәсіпорындарында материалдық және еңбек ресурстарын тепе-тең пайдалануға мүмкіндік береді.  Өндірісті шоғырландыру және өндірісте шаруашылықтың мамандандыруын анықтайтын ауыспалы егістің интенсивті типін енгізуді қажет етеді. Осындай ауыспалы егісте егіншілік жүйесінде қарастырылған барлық шаралар кешенін орындау өте маңызды.  Топырақтың экономикалық құнарлылығының ұдайы өндірісін кеңейтудің негізгі техинкалық құралдары егіншілікті химияландыру, жерді суландыру және кешенді механикаландыру.  Мамандардың бағалауы бойынша  егістік ауданының бір гектарына есептелген өнімділікті тыңайтқыштарды қолдану нәтижесінде 50 пайызға, өндірістің барынша жетілген техникасы мен технологиясын қолдану арқылы  25-30 пайызға, жаңа сорттар енгізу арқылы 20-25 пайызға дейін көтеруге болады.  Минералды тыңайтқыштарды қолдану – егіншілікті химияландандырудың негізі. Тыңайтқыштарды енгізу арқылы экономикалық тиімділікті көтеру топырақтың құнарлығын басқа да факторлармен оңтайлы үйлестіру кезінде жүзеге асады. Өсімдік шаруашылығы өнімінің өнімділігін интенсивті технология арқылы қысқа мерзімде арттыру кезінде өндірістік шығындар құрылымында тыңайтқыштар және өсімдіктерді қорғау құралдарының  үлес салмағы айтарлықтай жоғары болуы тиіс. (мысалы, астық дақылдарында 1,4 – 4 есеге дейін). Минералды тыңайтқыштардың тиімділігі оны органикалық тыңайтқыштармен кешенді қолданғанда жоғарылайды, сонымен қатар  топырақтың химиялық құрамын жақсартуға, қарашіріктің көлемінің өсуіне, топырақтың құрылымын және сақталуын жоғарылатуға әсер етеді. Соңғы жылдарда минералды және органикалық тыңайтқыштарды жеткізу өте күрт төмендеп кетті. Топырақтың құнарлығына әсер етуші құралдың бірі - кешенді механизацияландыру болып табылады. Машиналарды ұтымды қолдану топырақта ылғалдың жиналуына әкеледі, жылу режимін реттейді, танапты ластанудан сақтайды, оңтайлы мерзімде ауылшаруашылық жұмыстарының орындалуына ықпал етеді. Ауыл шаруашылығы өндірісін кешенді механизациялау өсімдік шаруашылығындағы еңбек өнімділігін айтарлықтай көтереді. Ауыл шаруашылығын техникамен қамтамасыз ету Қазақстанның АӨК-дегі басты мәселелердің бірі болып табылады. Ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін және бәсекелестік қабілетін көтерудің бірден – бір жолы – ауыл шарушылығының материалдық – техникалық базасын күшейту, өндірістік-технологиялық қызмет көрсету және техникалық ресурстарды тиімді пайдалануды ұйымдастыру. Соңғы жылдары ауыл шаруашылығының материалдық – техникалық базасын жаңарту үрдісі оң көрініс табуда. Мәселен, 1998 жылға дейін ауыл шаруашылығы техникасының жеткізілімі күрт төмендесе, 1999 жылдан бастап техниканың саны бірте-бірте өсуде. Елімізде бірте-бірте ауыл шаруашылығы машиналарын жасау зауыттары қалпына келтіріліп, ауыл шарушылығы техникаларын, дизельді қозғалтқыштарды және қосалқы бөлшектерді шығаратын бірлескен кәсіпорындарда сатылған техниканы кепілдікті және кепілдігі өткеннен кейін қызмет көрсету бағытында сервистік орталықтар құрылуда. Ресурстар нарығында отандық банктік құрылымдар капиталының қатысуымен бір – біріне бәсекелес коммерциялық лизингтік және диллерлік компаниялар құрылуда. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы машина – трактор паркінің жағдайы бүгінде қанағаттанарлық деп айтуға болмайды. Ауыл шаруашылығы өндірісінің негізгі мәселелерінің бірі – машина- трактор паркін пайдалану мерзімінен асырып қолдану. Трактор мен комбайындар паркі 13 – 14 жылдай жұмыс істейді. Бұл нормативтік мерзімінен 1,5 – 2 есе көп. Техниканың негізгі түрлері – 80-85% құрайды, бір техникаға шаққандағы жүктелім нормативтен 1,2-1,6 есе асып түседі. Ауыл шаруашылығын техниканың негізгі түрлерімен қамту нормативтік қажеттіліктің 40-60 пайызын құрайды. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер техника жетіспеушілігін шешу үшін дәнді дақылдар  өндіру технологиясын толық жүргізбейді, түбінде  ол ауыл шарушылығы дақылдары өнімдерінің төмендеуіне әкеліп соғады. Қазіргі кезде қызмет көрсету және ресурстар нарығы жетілген нарыққа тән қасиеттерге сәйкес келмейді, оның қалыптасуы өндірістік және нарықтық инфрақұрылымның төменгі деңгейінде өтуде.  Республикамызда ауыл шаруашылығы техникаларымен қосалқы бөлшектер жасауға арналған 130 зауыт пен жөндеу кәсіпорыны бар. Сонымен қатар, отандық ауыл шарушылығы техникаларын жасайтын кәсіпорындар өнімдерінің ішкі нарықта алатын үлесі 5-6% ғана, қалған қажеттілік импорттық жеткізілім есебінен жабылады. Шешімін табу кезек күтірмейтін мәселелердің бірі лизингке беріліп жатқан машиналар сапасының жоқтығы, сондай – ақ лизингтік операциялар жасайтын компаниялардың техникалық базасының төмендігі. Қызмет көрсету нарығында агросервистік және ауыл шаруашылығы кәсіпорындары технологиялық және өндірістік процестің біркелкі орындалуын қамту жағынан тығыз байланыста болса, екінші жағынан бірге өндірген ауыл шаруашылығы өнімінен түскен пайданы көбірек иемдену үшін экономикалық күресте бәсекелес болып табылады. Бұл ерекшелік техникалық сервистің жүйесінде өзара тиімді экономикалық қарым – қатынастың тұрақтануы жағынан қиыншылық  туғызады. Машина – трактор паркін жаңарту мәселесін шешу жолында ең бірінші аграрлық сектордағы инвестициялық белсенділікті көтеру керек, оны қаржыландырудағы негізгі іс - әрекет болып келетін лизинг пайдаланудың үлкен ықпалын тигізетінін тәжірибеде көрсетіп отыр. Экономикасы дамыған елдердің тәжірибесіне қарасақ, лизингтік операциялардың жылдық қаражат айналымы 250 млрд. долларға дейін жетеді, соның 85 пайызы техника мен құрал – жабдықтардың лизингі, ал 15 пайызы жылжымайтын мүлік лизингін құрайды. Бұл лизингтің аграрлық сектор үшін маңыздылығын көрсетеді.  Қазақстанда негізгі капиталға бүкіл қаражат салымдарының лизингтік үлесі 0,68 % ғана құрайды. Мысалы, бұл көрсеткіш Ресейде - 4% деңгейінде, ал дамыған елдерде – 15-20%. Еліміздің агроөнеркәсіптік кешеніндегі лизингтік нарықтың әлеуеті мен сыйымдылығы, әр түрлі деректердің мәліметіне сүйенсек, 2 млрд. долларға бағаланып отыр. Бірақ Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникалары лизингінің нақты нарықтық айналымы шамамен 0,2 млрд. долларды ғана құрайды немесе қажетті мөлшерден 10 есе аз. Ауыл шаруашылығының жүйесінде тұқым шаруашылығына үлкен көңіл бөлініп отыр, тұқымның төмен сапасына байланысты ауыл шаруашылығының өнімі жетіспей немесе аз жиналып қалады. Қазақстан    генетикалық өсімдік қорына бай, елдегі селекционерлер Қазақстанның топырақ-климаттық жағдайына келетін әр түрлі сорттар мен гибридтің мыңдаған түрін жасап, оларды өндіріске енгізуде. Бірақ тұқым шаруашылығының әлі де болса жолға қойылмауынан, тұқым шаруашылығының бірінші және екінші репродукция тұқымдарымен қамтамасыз етілмеуінен, тауар өндірушілердің қажеттілігі толығымен қанағаттандырылмайды.  Республикамыздың аграрлық секторында болған қайта құрулар, өсімдік шаруашылығына да айтарлықтай әсер етті.  Реформа болған жылдарында ауыл шаруашылық өнімдерін өткізуінде өзгерістер болды. Яғни, мемлекеттік сатып алу шұғыл қысқартылды, тауар өндірушілер мемлекетпен келісім шарт негізінде өтті, өнімді өткізу кезінде коммерциялық және делдал ұйымдар белсенді қатыса бастады, сол себептен өнімді өткізу құрылымы өзгертілді. Реформаға дейін тауарлы өнімнің негізгі үлесін мемлекет сатып алса, ал қазір сауда орталықтарында, дүкендер мен дүнгіршектерде сатыла бастады. Өнімнің жартысы бартерлік келісім бойынша өткізіле бастады, ал ол тауар өндірушілер арасында үлкен мағынаға ие.  Ауыл шаруашылығы дақылдарының өндірісінің экономикалық тиімділігі көрсеткіштер жүйесімен анықталады: өнімділік, өзіндік құн, ақшалай көріністегі бір гектардан алынған өнім, егістік ауданының гектарына шаққандағы өнімділік, бір теңге өндірістік шығынға және бір адам сағатқа келетін жалпы және таза табыс. 

3.Жүйелі толықтырушы көсеткіштердің қатарына жатады: •өнімділік және еңбек ақы ; •өнімнін өзіндік құны ; •күрделі салымдардың тиімділігі. Ұсыныстарда астық өндірісінін тиімділігінің сапалық жағына ерекше екпін жиі жасалады. Салалық үйымдастыру рационалдылығының ең маңызды көрсеткіштеріне еңбек өнімділігін, өнімнің өз құнын, дақылдың шығымдылығын, негізгі және айнымалы қорлардың тиімділігін, жер және еңбек ресурстарын пайдалануды жатқызған дұрыс. Жүйені жаңа көрсеткіштермен толықтыру теңденциясына қарсы кейбір авторлар бұл жүйеде негізгі көрсеткішті ерекшелер оны қалыптасып жатқан экономикалық жағдайдың тұрғысынан қолданудың дұрыстығын негіздеуге тырысуда. Мұндай көрсеткіш ретінде көбіне өндірістін рентабелділігі ұсынылады. Экономикалық тиімділікті анықтау үшін өндіріс үрдісіне әсер етуші түрлі факторларды анықтау керек. Экономикалық тиімділікті бағалағанда нәтижеге әсер етуші факторларды есептейміз. Ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігіне егіннің дұрыс пісуі, мал шаруашылығындағы өнімділік және т.б. сонымен қатар еңбек шығындарын есепке аламыз.  Табысы бар кәсіпорын рентабельді болып саналады. Неғұрлым табыс көлемі көп болса, соғұрлым өнім көлемі артады. Рентабельділік-экономиканың маңызды категориясы. Ол кәсіпорынның табыстылығы мен мен тиімділігін көрсетеді. Табыстылық дегеніміз табыстан кеткен шығынды азайту. Рентабельділік - ауыл шаруашылық өндірісінің тиімділігін қорытындылаушы көрсеткіш. Ол кәсіпорынның пайдалы, табысты жағын көрсететін экономикалық категория. Онда шаруашылықтың не саланың еңбек, жер, су, материалдық ресурстарын пайдалану тиімділігі көрініс табады.  Рентабельділік пайда сомасының өзіндік құнға немесе негізгі немесе айналым қорларының орташа жылдық құнына қатынасын көрсетеді. Рентабельділіктің өсуіне ықпал етуші факторлар - сатылған өнімнің ассортименті, оның көлемі мен құрылымы, бағасы мен өзіндік құны. Өзін - өзі ақтауды қамтамасыз ету үшін шаруашылықтың рентабельділігі 20 - 25% болуы керек. Нарық жағдайында, экономикалық дамуды әрі қарай жалғастыруда, өндірістің тиімділігін арттырудың бағыттарын, олардың өсу факторлары мен тиімділікті анықтаудың әдістерін анықтау маңызды міндет болып табылады.  Кәсіпорындарда өндірістік тиімділігін арттырудың маңызды бағыттарын дұрыс айқындау үшін, тиімділіктің негізгі көрсеткіштерін біліп алуымыз қажет.  Тиімділік көрсеткіштерінің құрамындағы табыстылық көрсеткішін жеке топқа бөлуге болады. Активтердің табыстылық көрсеткіштері және меншік капиталының табыстылығымен қатар оларға ағымды активтердің табыстылығы, ұзақ мерзімді активтердің табыстылығы, негізгі қызмет табыстылығы және қарыз капиталының табыстылығы жатады.  Егер өнім шығарылымы кез келген сараланған көрсеткіштермен есептегенде құндық көрінісімен өлшенсе, ол жалпы (мысалы, жалпы материалдық қажеттілік) деп аталады. Егер өнім шығарылымы заттай көрініспен өлшенсе, онда ол үлестік (мысалы, үлестік материалдық қажеттілік) деп аталады

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]