Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

13_bilet

.docx
Скачиваний:
6
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
55.26 Кб
Скачать

«Экономика» кафедрасы

«Ауылшаруашылығы өндірісінің экономикасы» пәнінен № 13 емтихан билеті

1. Мал шаруашылығының халық шаруашылығындағы маңызы

2. Баға жүйесі және олардың ерекшеліктері

3. Қазақстандағы астық өндірісінің қазіргі жағдайы.

1  Мал шаруашылығының халық шаруашылығында алатын орны

Мал шаруашылығы - аграрлық сектордың басты салаларының бірі, ол ауыл шаруашылығы экономикасына айтарлықтай әсер етеді. Халықты азық-түліктің жоғары сапалы түрлерімен қанағаттандыру дәрежесі негізінен мал шаруашылығы өнімінің мөлшері мен оның сапасына байланысты. Ет, сүт, жұмыртқа тағамдық өнімдердің негізгілері және белокпен жабдықтаудың басты көзі болып табылады. Бұл салада тұрғындардың  негізгі тағамдық азықтары жасалады, адам орта есеппен тағамға қолданылатын  калорияның 30 %-ға жуығын  және белоктың  60%-ға жуығын  мал шаруашылығы өнімі есебінен алады. Мал шаруашылығы өнеркәсіп салалары үшін бағалы шикізат түрлерін береді: жүн, тері және т.б. Яғни мал шаруашылығы өнеркәсіптің ет-сүт, тағам, жеңіл және басқа салалары өндірісін шикізатпен қамтамасыз етеді. Мал шаруашылығы  салаларын дамыту ауыл шаруашылығында материалдық және еңбек ресурстарын тиімді пайдалануға әкеледі.  Мал өнімдерін өндіру, өңдеу, оны тұтынушыға жеткізу адамның қалыпты өмір сүру қабілетін арттырады. Бұл жағдайлар аграрлық нарықтың даму деңгейімен сипатталады.  Мал шаруашылығы егіншілікпен өзара тығыз байланыста болады. Ол табиғи-экономикалық жағдайларға және шаруашылықтың даму деңгейіне тәуелді. Егін шаруашылығы мал шаруашылығын азықпен қамтамасыз етеді: елдің ауыл шаруашылық алқабының үштен екісіне жуығы мал азығын алу үшін пайдаланылады. Өз кезегінде өсімдік  шаруашылығының әртүрлі қалдықтарын пайдалана отырып, мал шаруашылығы егін шаруашылығына үлкен ықпал етеді. Мал шаруашылығы деген ұғым ауыл шаруашылығының  бір топ салаларын: ірі қара мал шаруашылығын, қой шаруашылығын, құс шаруашылығын, шошқа шаруашылығын, бал арасы шаруашылығын,  аң шаруашылығын және басқаларын қамтиды. Бұл салалар адамға керекті өнім мақсатында мал мен құстың түр-түрін өсіру және жетілдіруге арналған. Олар сүт, ет, жұмыртқа, бал және басқа маңызды тағамдар алудың көзі болып табылады. Мал шаруашылық өнімін ұйымдастыру кезінде шаруашылықта қабылданған мал шаруашылығы жүйесін ескеру керек. Мал шаруашылығы жүйесі дегеніміз - мал басын неғұрлым өнімді пайдалануға, еңбек пен қаржы шығындары төмен болған жағдайда бәсекеге қабілетті өнім өндіруді ұлғайтуға бағытталған, ғылыми негізделген ұйымдастыру-экономикалық  және зоотехникалық шаралар кешені деп түсіндіріледі. Мал шаруашылығы жүйесі егіншілік жүйесімен ажырамас байланыста болады. Мал шаруашылығы жүйесі материалдық-техникалық, технология-лық және ұйымдастыру-экономикалық элементтерден тұрады. Элементтердің бірінші талабына: мал ұстауға арналған қора-қопсы түрлері, бұларға  қызмет көрсету жөніндегі жұмыс үрдістерін орындайтын машиналар, фермалардың жабдықтары, өндірістің басқа құралдары жатады.  Фермаларды өндірістің өнеркәсіптік  әдістері қолданылған сайын капитал салымдары және мал басын ұстауға жұмсалатын материалдық –ақшалай шығындар ұлғаяды, бұлар мал өнімділігін аттыру арқылы өтелуге  тиіс. Шығындардың ұлғаюы кешенді механикаландырылған қорлардың күрделі құрылысынан және малды бағып-күту жөніндегі жұмыс үрдістерінің автоматтандырылуынан болады. Жүйенің технологиялық элементтеріне мал басын ұдайы  өсіру жүйесі, малдың тектілік, асыл тұқымдық сапасын, азықтандыру түрін, мал ұстау әдістерін, сондай-ақ мал ауруларымен күрес шараларын жақсарту жатады. Жүйенің ұйымдастыру-экономикалық элементтеріне мал шаруашылығы құрылымы мен салалардың бағыты, жер алаңының бірлігіне есептегендегі мал басының тығыздығы, табын құрылымы мен тектілік құрамы жатады. Бұған сондай-ақ фермалардың мамандандырылуы, мөлшері мен орналасуы,                                              еңбекті жоспарлау мен есептің ұйымдастырылуы, салалар  мен мал топтарының шаруашылық ішіндегі  және шаруашылықаралық  байланыстары жатады. Жүйенің осы үш элементі өзара байланысты және өзара сабақтас. Бұл элементтер мал шаруашылығының  барлық салаларына тән, бірақ әрбір сала үшін олардың әр түрлі өзіндік ерекшелігі болуы мүмкін. Мал шаруашылығының әртүрлі даму кезеңдерінде жүйенің жекелеген элементтерінің маңызы бірдей  емес. Мысалы, малдың жоғары асыл тұқымды қасиеттері азық жетіспеушілігі кезінде толық жүзеге аса алмайды. Мал шаруашылығында азық қорын  жасауға ерекше көңіл бөлу қажет. Ғылыми мекемелердің  деректері бойынша,   мал шаруашылығы өнімін өндіру деңгейі 59%-азықтандыруға, 24%-өсіру жағдайына және 17% -басқа технологиялық факторларға тәуелді. Мал шаруашылығы – агроөнеркәсіп кешеніндегі төменгі табысты сала, ол табиғи-климаттық факторларға тәуелді. Ондағы өндіріс мерзімдік, циклдық жағдайда жүреді. Оның үстіне ауыл шаруашылығы өндіргіш күштерінің даму тұрғысынан алғанда өнеркәсіпке қарағанда нашар. Сондықтан ауыл шаруашылығы кәсіпорындары өзгеріп отырған экономикалық және технологиялық жағдайларға байланысты өзгереді.

2. Ауыл шаруашылығының бағалар жүйесі.

Баға жүйесінің агроөнеркәсіп кешенінде құрылуы келесі кезеңдерден тұрады: 1. Материалдық-техникалық ресурстар мен қызметтерді сатып алу кезінде 2. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен сату кезінде 3. Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кезінде 4. Сату кезінде 18-сызба

Нарықтық қатынастарды дамыту тәжірибесінде нарықтық зерттеулердің негізгі объектісі ретінде әр түрлі бағаларды қолданады.

Нарық жағдайында сатушы мен сатып алушының арасындағы қатынастарды көрсететін негізгі бағалар келесілер: - еркін және келісім – шарттық  - реттелетін баға - көтерме баға - бөлшек баға - өзгермелі баға - сатып алу бағасы Еркін баға – бұл нарықта тауарды сатуда қалыптасатын баға. Сатушы мен сатып алушы арасында келісім-шарт болмаса да келіскен бағаның болуы. Сатып алушы мен өндірушіні экономикалық қызығушылықтарын есепке ала отырып, еркін және келісілген баға бекітіледі. Сұраныс пен ұсыныс механизмі арқылы нарықта еркін бағаның дәрежесі анықталады. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде еркін бағаның қалыптасу заң жүйелері табысты құрастыру және бағаны бекіту арқылы жасалады. Бұл халықтың тұрмыста қолданатын тауарларына қатысты. Еркін бағаның принциптеріне мемлекеттің бағаны реттеуші ролі әсерін тигізбейді. Реттеуші баға – динамикасы, деңгейі мемлекетпен реттелетін баға түрі. Дамыған елдердің ауыл шаруашылығының шикізат тауарлары мен фермерлік шаруашылықтарда өндіретін тауарлардың бағалары мемлекеттің қатысуымен реттеліп отырады. Осыған сәйкес нарық жағдайын ескерумен бағаның төменгі және жоғарғы шегі анықталып, бағаның шекті дәрежесімен мемлекеттік бағалар бекітіледі. Бағаны реттеп отырудың ең негізгі әдістерінің бірі дәреженің шекті рентабельділігін анықтау болып табылады.  Тауардың өндірістік шығындары мен әр дананың коммерциялық шығынын есепке ала отырып көтерме баға қалыптастырылады. Нарықтық экономика шарттарында сауданы бекітуде бәсеке әсерін тигізеді. Егер бәсеке болмаса, көтерме баға қалыптасуын мемлекет қадағалауы тиіс. Ең алдымен, бұл энергетикалық тауарлар, транспорт және байланыс қызметтеріне бағалар бекітілуі тиіс. Мемлекеттік атқарушы органдардың көтерме бағаларды реттеуде басқа да әдістерді қолданады.  Бөлшек баға – сатып алушысына қатысты емес бағалар, бөлшек сауда тауарларының бағасы болып табылады. Бөлшек сауданың құрамына көтерме баға мен кәсіпорынның тауарды сатып алу бағалары кіреді. Бөлшек саудаға көтерме сауданың бағаларына шығындарды қосу арқылы бөлшек сауданың бағасы анықталады. Бұл бөлшек саудамен айналысатын кәсіпорындар бағаларды өздері анықтайды. Кейбір тауар түрлерін жергілікті атқарушы органдар реттеп отырады. Бөлшек саудамен айналысатын кәсіпорын белгіленген баға шектерінен асыруға құқығы жоқ. Бұл баға шегіне қосымша бағаға салық және арнайы салық салынады.  Салыстырмалы баға – тауар айналысы мен басқа көрсеткіштерді өнімнің табиғи көлемде динамикасын өлшеуде қолданылатын бағалар. Тұрақты және өзгермелі бағалар бағалардың салыстырмалы динамикалық көрсеткіштеріне әсерін тигізбейді. Сауданың инфляция жағдайында және бағаның өсуі жағдайында қоғам өндірісінің тұтыну тауарларын салыстырмалы бағалар көрсетеді. Сатып алу бағалары – мемлекет өз қажеттіліктері үшін ауыл шаруашылығы кәсіпорындарынан сатып алған өнімнің бағаларын айтамыз.  Сонымен қатар, нарықтық экономикада келесі баға түрлері кең қолданылады: - әлемдік - базистік - анықтамалық - трансферттік - кепілдік Тауарларды экспорт немесе импорт жағдайында сатып алуда әлемдік баға қолданылады. Олар әлемдегі алдыңғы қатарлы өндірушілер мен жабдықтаушыларға қатысты бекітіледі. Базистік баға – келісім-шарт жасау алдында жеңілдік жасау үшін қолданылады. Анықтамалық баға - өткен кезеңдегі нақты жасалған келісім-шарт бойынша бағаларды көрсетеді. Трансферттік баға – халықаралық бірлестіктің, кәсіпорынның, трансұлттық корпорацияның аясында тауарларды жабдықтау және қызмет көрсету есептерінде қолданылатын баға түрі. Трансферттік бағаларды қолдану аясы: жартылай өнім, жабдықтардың бөліктері. Бағалық қарым – қатынастардың қалыптасуы уақытқа байланысты ауыл шаруашылығы өндірісінің ерекшеліктерін көрсетеді. Мысалы, өсімдік шаруашылығының өніміне өзінің белгілі бір кезең аралығында сұраныс пен ұсыныс өзгеріп отырады. Бұл жағдай тек қана кезеңді түрде түсетін өнімдерге емес, жыл ішіндегі басқа да өндірістік шығындарға байланысты. Мысалы, сүт шаруашылығында өнімдерді өндіру кезеңдері әр түрлі болады. Олардың ең жоғарғы шегі қыста болса, жаз мезгілінде салыстырмалы төмен болады. Бағалық динамика аграрлық өнімдер үшін мезгіл факторларынан басқа циклдік немесе келеңсіз факторлар әсерін тигізеді. Бағаның бір жыл ішінде кезеңдік қайталануы бағаның циклдық динамикасын көрсетеді. Ол келесілерге байланысты : - күрделі инвестициялардың қажеттілігінен, аграрлық салада машина алуда немесе ғимарат салуда көрінеді. Жаңа өндіріске көшу немесе мамандандыруды өзгерту бағаның өзгеруіне әкеледі. - Бағаның өзгерісінен, ұсыныстың өзгеруі. Сыртқы факторлардың әсерінен өндірушілердің баға өзгертуіне алып келеді. Қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді, орта мерзімді кезеңдерде тауарды жабдықтау кезінде баға өзгерістері. - Нарық коньюнктурасы шартынан аграрлық саланың баға өзгерістері. Басқа салаларға қарағанда аграрлық сала нарық коньюнктурасының әсеріне түсе қоймайды. Басқа тауар түрлеріне қарағанда, азық – түлікке сұраныс баяу төмендейді. Егер аграрлық сала нарық коньюнктурасының әсеріне түсетін болса, ол баға өзгерісіне алып келеді. Егіс алқабының көлеміне байланысты бағалар өзгеріп отырады.  Өткізу арналары қатысушыларының баға жөніндегі шешімдер мен келісімін қамтамасыз ету үшін шаруа 4 факторды ескеруі қажет: арналар қатысушыларының пайда үлестері, бағалық кепілдемелер, ерекше келісімдер және баға көтерілуінің әсері. Көтерме және бөлшек саудаға өзінің шығындарын жабу үшін, сонымен қатар жеткілікті табыс алу үшін белгілі бір пайда үлесі қажет. Шаруамен олардан алынатын баға осыны ескеруі қажет. Көтерме және бөлшек сауданың қалыптасқан үлестерін төмендетуге тырысу олардың жағынан қарым-қатынастың жоғалуына немесе нақты өніммен жұмыс істеу мүмкіндігінің жойылуына әкелуі мүмкін. Баға қалыптастыру стратегиясын жасаған кезде шаруа өзінің бекіткен бағасына мемлекеттің реакциясын мүмкіндігінше болжап ескеруі қажет. Мемлекет баға белгілеу үрдісіне келесідей жағдайларда араласады: шаруа қожалығы мен бөлшек, көтерме сауда арасындағы жоғары баға жөніндегі келісімі болған кезде; шаруалар мен көтерме саудагерлер бөлшек сауда бағасын қатаң бақыласа; ұсақ бөлшек саудагерлерді қорғау мақсатында бағалық алалау кезінде; бөлшек саудамен өндіріс шығындарынан төмен бәсекелестерді ығыстыру мақсатында орташа пайда қосылған бағамен өнім сату кезінде және т.б. Мемлекет баға саясатына әкімшілік, экономикалық әдістермен әсер ете алады.  Бағаларды мемлекеттік әкімшілік реттеу әдістеріне жатады: 1. бағаларды қалпында сақтап қалу және олардың шектен тыс өсіп кетпеуін болдырмау мақсатында белгілі бір деңгейде бекітудің басқа да әдістері; 2. тауар өндіруші бағаларын бақылау; 3. мемлекет пен тауар өндіруші арасындағы келісім; 4. бағалардың өзгеру шектерін және диапазонын белгілеу (шекті жоғары, шекті төмен баға өзгерістері, бағалардың ауытқу интервалы) Бағаларды экономикалық (жанама) реттеу әдістеріне жатады: 1. несиелеу, субсидиялаудың түрлі нысандары, салық саясаты арқылы тауарөндірушілер өнімдері пайдалылығының белгілі бір деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған шаралар; 2. өндірісте тұтынылатын өнімдердің бағасын өзгерту арқылы іске асырылатын (машина, шикізат, материалдар бағасы) жекелеген өнім түрлерінің өндіріс шығындарына әсер етуі; 3. жекелеген өнім түрлерінің ұсыныс пен сұранысқа, олар арасындағы анықталған сәйкестікті қалыптастыру мақсатында әсер етуі; 4. мемлекеттің өнімді жоғары бағамен сатып алуы. Нарықтық бағаларды реттеу. Сұраныс пен ұсыныстың баға қалыптастыру саласындағы экономикалық функциялардың ерекшелігі – олар нарықтық бағалардың деңгейін емес, нарықтық бағалардың тауар құнынан ауытқуын реттейді. Сұраныс пен ұсыныс қатынастарының әсер ету сипаты мен механизмдерін зерттей келе, егер нарықта тауарлар саны, олардың сұранысынан үлкен немесе кіші болса, онда нарықтық бағаның нарықтық құннан ауытқуы байқалады. Бірақ нарықтық бағалардың нарықтық құндардан ауытқуына сұраныс пен ұсыныстың әсер етуі бұл қатынастың басты баға қалыптастырушы фактор ретінде шығуын білдірмейді. Нарықта қалыптасатын баға негізінде өнім өндіруге қоғамдық қажет еңбек шығындарымен анықталатын құн жатыр. Еңбек шығындары ұсыныс пен сұраныс қатынасына тәуелсіз. Демек, сұраныс пен ұсыныс заңы және құн заңы бір-бірімен тығыз байланысты, диалектикалық қарым-қатынаста болады, бірақ анықтаушы заң құн заңы болып табылады

3.Қазақстанның солтүстік облыстарында өсірілетін  жаздық бидай ерекше жоғары сұранысқа ие. Ол Қазақстанның стратегиялық қорлары ретінде қолданылады. Қазақстан негізгі экспорттық дақылы бидай өндіруден әлемде алтыншы орынды иеленеді. Қазақстанның бірегей климаты басқа елдердің бидай ұнының қасиеттерін жақсартушы ретінде әлемдік нарықта сұранысқа ие болып отырған жоғары сапалы, құрамында протейн мол астықтың қалыптасуына ықпал етеді.  Астық ауыл шаруашылығы өнімі ретінде экономикалық жағынан бірнеше артықшылықтары бар. Ол құрғақ күйінде жақсы сақталады, үлкен қашықтыққа оңай тасымалданады. Осындай астықтың ерекшеліктері  астық сақтау қоймаларын, элеваторлар салуда, сонымен қатар тасымалдауда және азық-түліктің мемлекеттік қорларын құруда ескеріледі. Қазақстан республикасында өсірілетін астық және астық бұршақтық дақылдар қолданылуы бойынша топталады: азық-түліктік және жем-азықтық . Азық-түліктік дақылдар құрамына нан өнімдері (бидай және қара бидай) және жармалар (қарақұмық, тары, күріш). Ал жем-азықтық дақылдарға арпа, сұлы, жүгері, сонымен қатар астық бұршақтық дақылдары жатады.  Бидай Қазақстандағы азық-түліктік астық дақылдарының жетекшісі болып табылады. Астықтың жалпы өнім көлемінде  бидайдың үлес салмағы 70 пайыздан асады. Бидай жоғары өнімділікті дақыл, дамыған шет мемлекеттерде оның егістік ауданының бір гектарынан 40-70 центнерге дейін өнім алады.  Ал Қазақстанда орташа астықтың өнімділігі 10-12 центнерді құрайды.   Қара бидай. ол елдің астық балансында айтарлықтай орын алады. Соңғы жылдары астық дақылдарының егістік құрылымында оның үлесі өсуде. Егер 2005 жылда елдің дақылдарының құрамында  қара бидай үлесі 6% болғанда, 2008 жылда -7,4 %, онда 2007 жылда – 7,8% алған болатын. Қысқы бидайға қарағанда, қысқы қара бидай суыққа төзімді келеді.  Ол шаруашылықтарда өсіріледі, тек қана арпаға ғана орын береді. Өнімділігі жағынан бидайдан кейінгі орынды қара бидай алады.   Арпа, жүгері, сұлы  жем- азықтық дәнді дақылдардың негізгілері болып табылады. Арпаны құс және малдарға беретін әр түрлері құрама жем құрамына қосады. Арпа сонымен қатар азықтық  мақсатта да қолданылады, яғни одан жармалар дайындалады және арақ-шарап өнеркәсібінде шикізат ретінде пайдаланылады. Елімізде арпаның орташа өнімділігі 11-13 центнерді құрайды.  Жүгері өсіруде оның  биологиялық ерекшелігіне байланысты  шектеулі болады. Оның түсімінің төмендеуі  жүгері өндіруші шаруашылықтардың сапалы тұқым материалдарымен толық қамтамасыз етілмеуінен болады.  Сұлы  астығы жылқы, құстар, асыл тұқымды малдар үшін құндылығы өте жоғары жем- азық болып табылады.  Ашық экономика және азық – түлік пен ауыл шаруашылығы өнімін сатудың әлемдік жүйесінің шарттары егіншілік мәдениетін арттыруды, өнімнің сапасын жақсартуды, экспортты жандандыруды және өндірісті әртараптандыруды талап етеді. Жоғары сапалы бидай өндіру аймақтары көбінесе өнімділіктің орташа деңгейі гектарынан 10-25 ц. шегінде қара- қоңыр және қара топырақ аймақтарымен шектелетіні мәлім. Бұлар – Ақмола, Қарағанды, Павлодар және Қостанай облыстарындағы күн сәулесі өте жеткілікті мөлшерде түсетін құрғақ және қуаң дала аймақтар. Негізгі егін егетін аймақтар болып, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және  Ақмола облысы табылады, олардың астық дақылдарының ауданы республиканың астық үлесінің 70 пайызын құрайды. 2006 жылы олармен 14000 га егілді, бұл 2005 жылға қарағанда 6,2 пайызға көп. 2007 жылы ауа райының қолайлы жағдайына байланысты барлық негізгі дақылдардан жоғары өнім алу мүмкіндігі туды, яғни бұл жылы республикада 20137,8 мың тонна астық жиналып, оның орташа өнімділігі 13,3 ц/га-ны құраған. Бұл көрсеткіш 2006 жылмен салыстырғанда 3626,3 мың тоннаға немесе 21,9 пайызға артық болып отыр.

Кесте 13. 2005 - 2007 жылдардағы астық шаруашылығының негізгі көрсеткіштері

 

Жалпы өнім, мың тонна

Өнімділік, ц/га

2005 жыл

2006 жыл

2007 жыл

2005 жыл

2006 жыл

2007 жыл

Қазақстан Республикасы

13781,4

16511,5

20137,8

10,0

11,7

13,3

Ақмола облысы

2966,8

3475,9

4456,1

8,5

9,6

11,6

Ақтөбе облысы

220,7

129,3

459,2

4,7

2,9

7,8

Алматы облысы

979,2

967,3

1059,5

19,7

19,8

22,2

Атырау облысы

0,1

0,1

0,1

1,4

1,0

1,3

Батыс Қазақстан облысы

149,6

271,0

422,9

3,9

6,1

8,5

Жамбыл облысы

655,1

431,1

425,9

16,6

11,8

13,0

Қарағанды облысы

269,8

401,7

554,1

3,9

6,3

8,1

Қостанай облысы

3537,2

4733,0

5899,3

10,5

13,4

15,0

Қызылорда облысы

259,2

256,2

263,3

30,7

30,4

31,1

Павлодар облысы

286,6

354,7

514,7

5,2

6,7

8,3

Солтүстік Қазақстан облысы

3493,4

4613,0

5027,9

16,8

14,6

17,0

Оңтүстік Қазақстан облысы

400,6

361,0

342,4

11,2

14,5

15,1

Шығыс Қазақстан

561,4

516,4

711,5

10,4

9,5

11,9

Астана қаласы

0,6

0,6

0,6

13,3

13,6

14,0

Алматы қаласы

0,5

0,2

0,3

10,5

8,9

9,1

Бүгінгі күні ең маңызды мәселе – Қазақстанда астық өндірісін тұрақтандыру. Оны өндірудің технологиялық аспектілерін қозғамай-ақ, астық өндіру салаласындағы нарықтық экономиканың төменгі бағыттарын баса айтуға болады. Жалпы, дүние жүзінің қай мемлекетін алып қарасаңыз да, ауыл шаруашылығы бағдарламаларында астық өндіру мәселесі бірінші болып тұрады. Сондықтан да астық өндіруде оны нарығы экономикалық қатынастарды дамытуды қажет етеді.  Жоғарыда аталған мәселелер Қазақстан Республикасының «Астық туралы» Заңында көрсетілген, осы құжатта жалпы астық туралы жүйелі шаралар, мәселен, астықтың жылжуы, оның тауарлық мониторингі, астықты сақтау, мемлекеттік қолдау және т.б. белгіленген. Бұл белгіленген шаралар мемлекеттің жалпы макроэкономикалық жағдайы тұрақтанса, халықтың сатып алу жағдайы артса, ауыл шаруашылығы секторының банкротқа ұшыраған кәсіпорындары қайта іске қосылып,  жабылған есеп шоттары ашылса ғана жүзеге асады.  Ең маңызды қағиданың тағы бірі - астық өндірушілердің астық нарығына жол табуы. Бұл мәселені шешудің ұйымдастыру нысаны жер-жерде сауда-саттық кооперативтерін құру.  Бұндай кооперативтер әр аймақта енді ғана құрылып жатыр. Оларды ұйымдастырудағы басты кедергі біріншіден - қаржы тапшылығы, екіншіден - салық заңдарының пісіп жетілмеуі. Астық нарығының ең мызғымайтын шарты оның осы заманға сай биржалық сауданың дамуы. Астық биржалық тауар, бірақ астық биржасы тек астық өндірісі ұдайы өскен кезде ғана өркендейді. Ол үшін республикада сатушы ретінде және астық нарығына дер кезінде интервенция жасай      тын ірі коммерциялық құрылымдар, ұжымдар болуы заңды нәрсе. Осыған орай қазіргі уақыттың өзінде бірегей ақпараттық-маркетингтік орталықтар құру кезек күттірмейтін шара. Сондай-ақ астық нарығын реттеу үшін республикада астық комитеті немесе астық тауар өндірушілер Одағын  құру қажет.  Қазақстан Республикасын жалпы алғанда астық шаруашылығында қазіргі таңда мынадай негізгі мәселелер бар: - ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің құнарлығы төмендеп бара жатыр; - ұсынылған ауыспалы егістер сақталмауы; - көптеген шаруашылықтарда минералдық тыңайтқыштар дұрыс және мерзімді еңгізілмейді; - машина – трактор паркінің 80 пайызға тозуы; - жаңар – жағар май бағасының қымбаттауы. Астық  нарығы  -  еліміздің  азық  - түлік  нарығының ең  ірі  маңызды  буыны  болып  табылады.  Реттеу  объектісі ретіндегі   оның  мәні  астықтың  азық – түлік  қорын  қалыптастырудағы   жетекші  рөлі,  астық  және  оның  өңдеуден  кейінгі   өнімдерінің  сан түрлі   мақсатта  пайдаланылатындығы,  астық нарығына  қатысушылар  арасындағы экономикалық қатынастардың  алуан  түрлілігі   және  ерекшелігіне  байланысты  анықталады.      

3 Астық өндірісінің экономикалық тиімділігі және арттыру жолдары

Астық өндірісінің тиімділігі табиғи және құндылық көрсеткіштер жүйесімен сипатталады. Тиімділіктің табиғи көрсеткіштерінің ішінде астық дақылдарының өнімділігі және жыртылған жер ауданының бірлігіне келетін өндірілген өнім негізгілері болып табылады (21-сызба) Астық дақылдарының өнімділігіне табиғи- климаттық жағдайлар мен шаруашылықтың материалдық-техникалық, қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілу жағадайы әсер етеді. Тәжірибеде көрсеткендей, кейбір аудандарда астықтың жоғары өнімділігіне жерлерді суландыру арқылы және құрғақшылыққа төзімді жаңа сорттар егу арқылы қол жеткізіледі.  Астық өндірісінің рентабельділігіне екі көрсеткіш ықпал етеді: орташа сатып алу бағасының деңгейі және өнім бірлігінің өзіндік құны.

Кесте 14. Ауыл шаруашылығы дақылдарының орташа сату бағасы 1 тоннаға теңгемен

 

2003

2004

2005

2006

Бидай

14442

13856

12094

13007

Қара бидай

9166

11228

12240

12025

Қарақұмық

26851

28518

29133

30666

Жүгері

10569

12516

13779

13465

Арпа

7604

8655

9185

9329

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]