Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қазақстан Респуликасының салық саясаты, қызмет...doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
17.11.2019
Размер:
173.57 Кб
Скачать

Қорытынды

Қорытындылай келе мен салықтың пайда болуын, экономикалық мәнін, жұрнақтарын, өзгерістері мен толықтырулары туралы айтып, мәнісін толық аштым.

Жалпы курстық жұмыс 3 үлкен бөлімнен тұрады.Әрбір бөлімге тоқталып кетсек, бірінші бөлімде салықтар қалай пайда болды, одан олардың экономикалық мәні туралы, жұрнақтары, сонымен қатар салық саясатының құқықтық негіздері және шетелдік тәжірибесі туралы айтылған.

Ал екінші бөлімде Қазақстан Республикасындағы ақшаның пайда болуы және әр түрлі реформалардан кейін ақшаның тұрақтандырылуы және басқа шет елдерден ақша несие-саясатының айырмашылығы.

Қорытынды бөлімге келетін болсақ, яғни үшінші бөлімде қазіргі салықтық саясаттың даму перспективалары туралы баяндалған, дәл айтқанда қазіргі салық саясатындағы өзгерістер мен толықтырулар туралы мәлімделген.

Салық – заңды актілерге сәйкес салық төлеушілермен жүзеге асырылатын бюджетке төленетін міндетті төлем.

Салық – белгілі бір объектілерден төленетін төлем.

Салық дегеніміз – белгілі бір мерзімде және белгілі бір көлемде алынатын, заң бойынша қарастырылған міндетті төлемдер.

Салықтар мемлекеттің өмір сүруінің негізі болып саналады. Мемлекеттегі ұстау үшін, халықтың ақшалай немесе натуралдық формада тұрақты түрде төлейтін жарналары қажет болады. Адамзаттың даму тарихында салықтың нысандары мен әдістері мемлекеттің сұранымдары мен қажеттеріне қарай бейімделіп, өзгерістерге ұшырап отырды.

Бұл мәселелердің барлығы бүгінгі таңдағы ел экономикасын әлемдік экономиканың бір бөлігі ретінде қалыптастыруға бетбұрыс жасаған-қоғам өмірі мен экономика саласында өтіп жатқан жаңа саяси экономикалық қарым-қатынастар жағдайындағы өзгерістер тұрғысынан жан-жақты қарастырдым.

Қазақстан Республикасының дамуының 2030 жылдарға дейінгі стратегиясында мемлекеттің экономикалық саясатының басты бағыттарының бірі экономиканың шикізаттық бағытынан кетіп, оны одан әрі әртараптандыру және жаңа технологияларды дамыту болып айқындалды. Экономиканың серпінді өсуінің перспективасы отандық жоғары технологиялық экспортқа бағытталған өндірістің дамуына, кәсіпкерлік субъектілерінің инвестициялық белсенділігіне тікелей байланысты. Аталған мақсаттарға жету үшін алдымен экономикалық әдістерге, атап айтқанда, экономиканың дамуын мемлекеттік ынталандырудың жанама тәсілінің негізгі құрамдаушысы болып табылатын салық салу жүйесіне негізделген.

Салықтық қызмет өзара тығыз байланысқан құқықтық және экономикалық қатынастардың жүйесінен тұрады. Мемлекет тиісті заңдар мен басқа нормативтік-құқықтық актілерді қабылдауы арқылы салықтар мен міндетті төлемдерді белгілейді, өзгертеді, жояды және олардың уақтылы, белгіленген мөлшерде бюджетке түсуіне бақылау жүргізеді.

Қолданылған әдебиеттер тізімі

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 158-164 беттері

  2. Қазақстан Республикасы Президентінің «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Заң күші бар Жарлығы 1995 жылы 24 сәуір 236-245 беттері

  3. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі.2008 жылы 4 желтоқсан. 198-211 беттері

  4. Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексінде (Салық кодексі) жасалған өзгертулер мен толықтырулары қоса.2006 жылы 1 қаңтар. 156-163 беттері

  5. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралы» Заңы. 1991 жылы 25 желтоқсан. 28-36 беттері

  6. Әубәкіров Я. «Экономикалық теория негіздері».-Алматы.Республикалық баспа кабинеті, 2004 ж. 142-155 беттері

  7. Ермекбаев Б.Ж., Арзаева М.Ж. «Шет мемлекеттер салықтары».-Алматы, 2004 ж. 36-55 беттері

  8. Жүнісов Б.Ж. «Нарықтық экономика негіздері».-Алматы,1994 ж. 183-196 беттері

  9. Каирова Д. «ҚР Статистикалық жылнамасы».-Алматы, 2004 ж. 119-123 беттері

  10. Күлекеев Ж.Ә., Есенғалиева К.С., Тастандиева Н.Б. «Микро-макроэкономика терминдерінің орысша-қазақша сөздігі».-Алматы, 1995 ж.45-59 беттері

  11. «ҚР 2010 жылдарға дейінгі стратегиялық даму жоспары».-Астана, 2002 ж. 96-112 беттері

  12. Мамыров Н.Қ., Тілеужанова М.Ә. «Макроэкономика».-Алматы.Экономика, 2003 ж. 216-224 беттері

  13. Осипова М.Г. «Экономикалық теория негіздері».- Алматы, 2002 ж. 43-55 беттері

  14. Сейтқасымов Ғ.С. «Ақша,несие,банктер.»-Алматы.Экономика, 2001 ж. 13-22 беттері

  15. «Салықтар» журналы, №6, 2005ж. 25-31 беттері

  16. Тұралин Ә.З., Тұралина Ж.Ә.Экономикалық теория негіздері.-Петропавл, 2001 ж. 98-116 беттері

  17. Үмбетәлиев А.Д., Керімбек Ғ.Е. «Салық және салық салу».-Алматы. Экономика, 2006 ж. 126-132 беттері

  18. Үмбетәлиев А.Д., Керімбек Ғ.Е. «Кәсіпорын экономикасы және кәсіпкерлік».-Астана.Фолиант, 2005 ж. 66-69 беттері

  19. Щеденов Ө.Қ., Сағындықов Е.Н., Жүнісов Б.А., Байжомартов Ү.С., Комягин Б.И.Жалпы экономикалық теория.-Ақтөбе.А-Полиграфия, 2004 ж. 56-63 беттері

  20. Бекболсынова А.С. «Салық жүйесінің негіздері» 5-26 беттрі

  21. Сұлтанова Б.Б. «Салық есебі» оқу құралы 13-25 беттері

  22. «Экономика негіздері» журнал №3 2008 жыл. 30-31 беттері

18