Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қазақстан Респуликасының салық саясаты, қызмет...doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
17.11.2019
Размер:
173.57 Кб
Скачать

1 Салық саясатының теорялық аспектілері

1.1. Салық ұғымы, маңызы және экономикалық мәні.

Салық – шаруашылық субъектілеріненжәне мөлшерлеме (ставка) бойынша бекітілген заң тәртібі негізінде азаматтардан алынатын мемлекеттікміндетті төлем.Салық не үшін қажет, заңды және жеке тұлғалар мемлекетке неліктен салық төлеуі керек? Бұл сұраққа жауап беру үшін,сіздің отбасыңызды шағын мемлекет деп таниық. Осы мемлекеттің өмір сүру үшін баспана ман коммуналдық қызмет төлеміне, тамақтануға, жиһаз, киім алу және басқа да өмір сүру қажеттіліктеріне қаражат керек. Сондықтан да табыс алатын отбасының әр мүшесі отбасы бюджетін құруға қатысуы қажет. Бұл – ақиқат. Мемлекетте де осы сияқты, шекараны қорғау, басқару органдарын тәртібін қамсыздандыру, құқық қорғау және тағы басқалар бойынша қызметтерді орындау үшін жалпымемлекеттік қаражат қоры, басқа сөзбен айтқанда мемлекет қазынасы болуы керек. Қоғамның әр

мүшесі өзінің меншікті табысынан мемлекет қазынасына ақша бөлуі керек. Сонымен, Салық – қоғамдағы сатып алушылықтың даму қажеттілігімен, мемлекеттің болу фактісімен анықталған объективті қажеттілік болып табылады. Мамлекеттің өз қызметтері мен міндеттерін жүзеге асыру мақсатында шаруашылық-тандыру субъектілері мен азаматтардан ұлттық табыстың белгілі үлесін міндетті жарна түрінде алуы салықтың маңызын құрайды.

Мемлекет қазынасының жарнасын өндірістің негізгі қатысушылары: материалдық және материалдық емес игіліктерді өз еңбегімен жасайтынжәне беллгілі табыс алатын қызметкерлер, сонымен қатар шаруашылық субъектілер, капитал иеленушілері жүзеге асырады.

Салық жарнасының есебінен бюджетте шоғырланған мемлекет ресурсы құрылады, кейін ол ғылым мен білімнің дамуы үшін, әлеуметтік-экономикалық, әскери-қорғаныс, құқық қорғау және басқа да мәселелерді шешу үшін пайдаланылады. Салық төлеушілердің бюджетпен өзара қатынас жүйесі бір жағынан, салықты бюджетке шоғырландыру бойынша өзара қатынасы, бір жағынан, түрлі саланы бюджетпен қаржыландыру бойынша өзара қатынасы арқылы спатталады.

Бюджет қажы жүйесіндеге негізгі «күретамыр» салық болып табылпды. Салық салу тәсілдері мен нысандары әр түрлі болып келеді. Бұл салық төлеушілердің төлем қабілеттілігін тұрақтандыруға, жалпы салық ауыртпалығын психологиялық білдірмеуге, табыстың түрлі нысаны (формасын) бейнелеуге, тұтынуға және жинақтауға \ әсер етуге мүмкіндік туғызады.

Салықтар – тауарлы өндіріспен бірге, қоғамның топқа бөлінуімен және мемлекеттің пайда болуымен, оған әскер, сот, қызметкерлер ұстауға қаражаттың қажет болуынан пайда болды.

Салықтың экономикалық мәні – шаруашылық субъектілерінен, азаматтардан ұлттық табыстың бір бөлігін алу жөніндегі өндірістік қатынастардың бір бөлігі болып табылатындығында.

Салықтың мәні мемлекет өз пайдасына жалпы ішкі өнімнің белгілі мөлшерін нақтылы жарна ретінде алып қалады.

Салықтар мемлекеттің өмір сүруінің негізі болып саналады. Мемлекеттегі ұстау үшін, халықтың ақшалай немесе натуралдық формада тұрақты түрде төлейтін жарналары қажет болады. Адамзаттың даму тарихында салықтың нысандары мен әдістері мемлекеттің сұранымдары мен қажеттеріне қарай бейімделіп, өзгерістерге ұшырап отырды.

Салықтарға экономикалық әдебиеттерде әр түрлі анықтама мен түсініктеме берілген. Мәселен, Салық кодексінде «Салықтар – мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгіленген, белгілі бір мөлшерде жүргізетін, қайтарымсыз және өтеусіз сипатта болатын бюджетке төленетін

міндетті ақшалай жарналар» деп атап көрсетілген.Салық – заңды актілерге сәйкес салық төлеушілермен жүзеге асырылатын бюджетке төленетін міндетті төлем.

Салық – белгілі бір объектілерден төленетін төлем.

Салық дегеніміз – белгілі бір мерзімде және белгілі бір көлемде алынатын, заң бойынша қарастырылған міндетті төлемдер.

Салықты материалдық тұрғыдан алғанда – бұл, салық төлеушінің белгілі бір мерзімде және белгіленген тәртіпте мемлекетке беретін белгілі бір ақша сомасы болып табылады (салық натуралдық тұрғыда материалдық құндылық болып саналады).

Салықтың материалдық белгісі – салық төлеуші белгілі бір соманы мемлекетке міндетті түрде беруі болып келеді.

Материалдық салықтық қатынастар – ақшалай қатынастар, өйткені ол ақша қаржыларының салық төлеушіден мемлекеттік ақша қорларына жылжуы дегенді білдіреді.

Экономикалық категория тұрғысынан қарағанда салық – салық төлеушілерден мемлекетке қарай белгілі бір мөлшерде, белгілі бір мерзімде және белгіленген тәртіпте бір бағыттағы ақшаның қозғалысы болып саналады.

Салық құқығы – мемлекеттің салықтық әрекеті процесінде пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.

Салық материалдық тұрғыда белгілі бір ақша сомасын (ақшалай нысанда) немесе салық төлеушілердің мемлекетке беруі тиіс белгілі бір заттардың санын (натуралдық заттай нысанда) білдіреді.

Сонымен салықтардың мазмұны мынадай:

Салық – мемлекетке тиесілі қоғамдық жиынтық өнімді бөледі;

Салық – ақшалай нысанда төленеді;

Салық – қайтарылмайтын төлем болып табылады;

Салық – баламасыз сипатта болады;

Салық – салықты төлеген кезде меншік нысандары айқындалады;

Салық – тұрақты экономикалық қатынас туғызады.

Ал, енді осы белгілердің мазмұнын тереңірек қарастырамын.

- Салық – мемлекетке тиесілі қоғамдық жиынтық өнімді бөледі.

Мемлекеттік аппарат мемлекетке тиесілі ақша сомасын өндірмейді. Сондықтан мемлекет жеке және заңды тұлғаларға салық салу арқылы қажетті соманы өндіріп алып отырады. Мұның экономикалық сипаттамасы

мемлекет салықты белгілеу және өндіріп алу арқылы өндірілген қоғамдық жиынтық өнімнің бір бөлігін өзіне тиесілі сома ретінде айналдырып алады. Бұл жерде салық қатынасы бөлуші сипатта болады.

- Салық - ақшалай нысанда төленеді.

Натуралдық нысанда төленуі де мүмкін. Мәселен, ауыл шаруашылығы саласында жиналған өнімнің бір бөлігі салық ретінде төленеді.Салық кодексінде салық ақшалай нысанда төленуі тиіс деп атап көрсетілген.

- Салық – қайтарылмайтын төлем болып табылады.

Салықты төлеген кезде ақша тек бір бағытта ғана қозғалады, яғни салық төлеушіден мемлекетке бағытталады.Мұның қайтарымды төлемдерден (мысалы, мемлекеттік қарыз) айырмашылығы:

Біріншіден, ақша салық төлеушілерден мемлекетке қарай қозғалады;

Екіншіден, кері қайтады, яғни мемлекеттен салық төлеушілерге бағытталады.

Ал, қайтарымсыз дегеніміз – ақшаны мерзімсіз алуды білдіреді, яғни ол соманың қашан қайтатыны белгісіз.

- Салық – баламасыз сипатта болады.

Салық құнның ақшалай нысанда бір бағытта қозғалысын айқындайды, төлеген салыққа қарсы тауар түрінде болса да қозғалыс жоқ. Толығырақ айтқанда, салық қандай да бір тауарға, немесе мемлекеттік қызметке төлем болып есептелмейді, яғни ақшаның өтеусіз алынуын көрсетеді.Сондықтан салық – баламасыз төлем болып табылады.

Азаматтардың мүлік салығын төлеген кезде, оның салық қатынастары қысқартылмайды, қайта салық төлеушілердің ағымдағы кезеңде төлеген салықтарымен қоса, келесі салық кезеңдерінде де салық төлеуге міндетті болады. Бұл процесс салық төлеушілердің меншік иесі ретінде құқынан айырылғанға дейін жалғасын таба береді.

Сонымен қатар салықтың құқықтық бірнеше белгілері бар, атап айтқанда:

- Салық – құқықтық нысанда жүзеге асады;

- Салық – мемлекеттің бір жақты белгіленімі болып табылады;

- Салық төлеу арқылы алу құқықтық сипатта жүзеге асырылады.

Салық экономикалық категория ретінде және өзінің қалыптасуы барысында мынадай үш қызметті атқарады:

- Салықтың ең бірінші кезектегі атқаратын қызметі, бұл – қазыналық.

- Салықтың келесі қызметтерінің бірі – бақылау (реттеу).

- Салықтың келесі атқаратын қызметтерінің бірі – қайта бөлу.

1.2. Салықтың мақсаты және жұрнақтары.

Салық элементтері - салық заңы регламенттелген салықтың қолданылу жағдайын анықтайтын құрамдас бөліктерінің жиынтығы. Салықтың бірнеше элементтері бар, атап айтқанда:

1 Салық субъектісі.

Салық субъектісі – заңды немесе жеке тұлға, яғни салықты төлеушілерді атаймыз. Салықты төлеушілер:

- Қызметкерлер - өз еңбегімен материалдық және материалдық емес игілік жасайтын, сонымен бірге белгілі бір түсім алатындар, яғни жеке тұлғалар;

- Шаруашылық субъектілері – капитал иелері, яғни заңды тұлғалар.

Салық төлеуші – салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуші болып табылатын тұлға.

Тұлға – жеке тұлға және заңды тұлға болып бөлінеді.

Жеке тұлға – Қазақстан Республикасының азаматы, шет мемлекеттің азаматы, азаматтығы жоқ адам.

Салық тасымалдаушылар – іс жүзінде салық ауыртпалығы түсетін жеке тұлғалар, соңғы салық төлеушілер, яғни мемлекет азаматтары.

Заңды тұлға – Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңдарына сәйкес азаматтық, оның ішінде шаруашылық құқықтар мен міндеттер субъектісі ретінде әрекет ететін ұйым (шетелдік заңды тұлға) немесе кәсіпорын. Шет мемлекеттің заңдарына сәйкес құрылған компания, ұйым немесе басқа да корпорациялық құрылым.

Заңды тұлғаның өз балансы, елтаңбасы, мөрі және банкіде есеп айырысу шот есебі болады.

Салық кодексінің мақсаттары үшін олар құрылған шет мемлекеттің заңды тұлғасы мәртебесіне ие ме, жоқ па, оған қарамастан дербес заңды тұлғалар ретінде қарастырылады.

2 Салық объектісі.

Салық объектісі – салық есептелетін база, яғни салық не үшін төленетінін қарастырады, мәселен: табыс, мүлік, тауар, мұра, жер және т.б. осы аталғандардан салық төленеді.Мүлік жылжитын және жылжымайтын мүлік болып бөлінеді:

- Тауар – қажеттілік пен тұтынуды қанағаттандыратын зат. Айналымнан алынбаған, сатуға немесе айырбасқа арналған кез келген еңбек өнімі болып табылады.

- Мұра – қайтыс болған азамат мүлкінің оның мұрагерлеріне көшуі. Көптеген мемлекеттерде мұраға салық салынады.

- Жер – белгілі бір өлшемдегі пайдалану мүмкіндігі орасан зор табиғи байлық. Күнделікті пайдаланылады.

3Салық жеңілдіктері.

Салық жеңілдіктері – төлем қабілеті, қоғамдық өндіріске қатысу және басқа да факторларды ескеріп заңмен қарастырылған жалпы ережеден шығару.

Салық жеңілдіктері – заңға сәйкес салық төлеушіні біртіндеп немесе салық төлеуден түгел босату.Салық жеңілдіктерін бірнеше белгілер бойынша топтауға болады:

- Салық субъектілері бойынша жеңілдіктер.

- Салық объектісі бойынша жеңілдіктер.

- Салық мөлшерлемесі бойынша жеңілдіктер және т.б.

4 Салықты есептеу тәртібі.

Негізінде салықты есептеудің 5 кезеңі бар:

Бірінші – салық салынатын объектіні есепке алу;

Екінші – салық салу объектісінен салық базасын есептеу;

Үшінші – салық мөлшерлемелерін қолдану;

Төртінші – салық жеңілдіктерін қолдану;

Бесінші – салық сомасын есептеу;

Салық сомасын есептеуде мыналарға міндеттілік жүктеледі:

Біріншіден, салық төлеушілердің өзіне (мәселен, корпорациялық табыс салығын төлеген кезде);

Екіншіден, салық органдарына (жеке тұлғалардың жер салығын төлеуі);

Үшіншіден, салық агенттеріне (жеке табыс салығы).[19.105б]

Салық есептеуді жүзеге асыруға байланысты салық қызметақылы (салық органдары есептейді) және қызметақысыз (салық төлеушілердің өздері немесе басқа тұлғалар есептейді) болып бөлінеді.

Қызметақысыз салықта салық төлеушілердің өздері төлеуге тиісті салық сомасын есептейді.

Салық алу бірлігі – салық объектісін өлшеу бірлігі болып табылады.

Салық алудан толығымен босатылатын салық объектісінің ең аз бөлігі – салық алынбайтын минимум болып табылады.