Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қазақстан Респуликасының салық саясаты, қызмет...doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
17.11.2019
Размер:
173.57 Кб
Скачать

2.3. Қазақстан Республикасының салық саясаттың құқықтық негіздерін талдау

Негізінде құқықтық негіздер деп-құрамындағы әмірлі нұсқамаларының сақталуы мемлекеттік мәжбүрлеу шараларымен қамтамасыз етілген, өзінің заңи күші таралатын ауқымындағы нормативтік‑регламенттеу жағдайының темірдей құрсауына түсетін барлық тұлғаларға қатысты нақты айқындалған міндеттер мен құқықтар белгілейтін, сан мәрте қолдану мақсатында ұзақ мерзімді көздей отырып тиісті нормативтік құқықтық актілерге қалыптастырылған жалпыға міндетті жүріп-тұру (міндеттерін атқару және (немесе) құқықтарын пайдалану) қағидаларын айтамыз.

Салықтық саясаттың құқықтық негіздер мемлекеттің қаржылық қызметінің барысында туындайтын мемлекеттік қаржылық қатынастарды реттеуге атсалысатын көптеген қаржылық құқықтық қатынастардың ішінен айрықша дараланып, мемлекеттің қаржы жүйесіне кең арналы транзиттік қаражаттар ағымын бағыттап, бұруды мақсаттайтын әрі күнделікті жүзеге асыратын, көбінесе императивті-әмірлі, сонымен бірге қажетті кездерді диспозитивті-икемді, мемлекет пен қоғам тарапынан әрдайым шексіз әлеуметтік үміт артылып және мол материалдық мүдде жүктелінетін құқықтық негіздер болып табылады.

Сонымен, салықтық саясаттың құқықтық негіздер деп-мемлекеттің салықтық қызметінің үдерісінде туындайтын салықтық қатынастардың қатысушылары үшін жүріп-тұру қағидаларын белгілейтін құқықтық нормаларды айтамыз.

Қаржылық құқықтық негіздердің айрықша түрі ретінде ерекшеленетін салықтық құқықтық негіздер:

- уәкілетті мемлекеттік органдар тарапынан белгіленеді және мемлекеттік өктем-әмірлі сипатта болады;

- салықтық заң актілерін қабылдау жолымен белгіленеді;

- өздерінің мән-жайына және бағыт-бағдарына қарай әрқашанда тиісті субъектілердің мемлекет алдындағы нақты салықтық міндеттемелерін айқындап көрсете отырып, сол міндеттемелердің туындауын негіздейді және т.б.

Салықтық саясаттың құқықтық негіздердің құрылымы өзінің құрамдас жұрнақтары мен ішкі құрылысын көрсетеді.

Салық салу аясында қолданылатын құқықтық реттеу әдістеріне байланысты салықтық-құқықтық негіздер императивтік және диспозитивтік, сондай-ақ салықтық-құқықтық реттеу пәніне орай материалдық және ұйымдастыру салықтық құқықтық негіздері болып бөлінеді.

Салықтық төлеушілерге салықтық құқық қабілеттілігіне және әрекет қабілеттілігіне ие заңды және жеке тұлғалар жатады. Олар салық салудың экономикалық қағидалары мен тиісті заңның талаптарына орай резиденттер және резиденттер еместер болып бөлінеді.

Салық кодексінде тиісті баптарында салық төлеушілердің негізгі құқықтары мен міндеттері белгіленген.

Қазақстан Республикасының салық салу аясындағы салық төлеуші:

- заң жүзінде белгіленген өзіне тиесілі салықтық міндеттемелерін дер кезінде және толық көлемде орындауға;

- салық есептеудері мен салық салуға байланысты құжаттарды заңда белгіленген тәртіп негізінде табыс етуге;

- сауда операцияларын жүзеге асыру немесе қолма-қол ақша, банктік төлем карточкасы, чектер арқылы қызмет көрсету кезінде тұтынушылармен есеп айырысуды фискальдық жады бар бақылау-кассалық машинаны міндетті түрде қолдануға және тұтынушының қолына бақылау чегін беруге міндетті.

Кестеден байқап отырғанымыздай, жеке тұғалардың табыс салығы бойынша, салықтық түсімдер 2004 жылмен салыстырғанда 2006 жылы ұлғайғанын байқауға болады. Үлес салмағының төмендеген жері – 2005 жыл, негізгі есеп, 2004 жылдың қаңтарынан бастап күшіне енген өзгеріске сәйкес табыс салығының ставкасы төмендетілген және сонымен бірге кәсіпкерлерден түсетін жеке табыс салығының аз да болса, былтырғы жылмен салыстырғанда жоғарылағанын байқау қиын емес, бұл әрине шағын кәсіпкерлі қызыметпен айналысатын жеке тұлғалар санының көбейгенін білдіреді және мемлекетіміздің қолданып отырған жеке кәсіпкерлерге патент негізінде және оңайлатылған декларациянегізінде және оңайлатылғандекларация негізінде алық салу сәйкесінше табыстарды заңдастыра отырып, салық базасын ұлғайтқанын білдіреді.

2003 жылдан бастап Қазақстанда шағын бинес өкілдерінің саны жыл сайын жоғарылау үрдісіне ие. Соңғы бес жылда шағын кәсіпорындар саны 1,5-2 есе, жеке кәсіпкерлер саны 2,7 есеге, шаруа қожалықтарының саны 1,6есеге артып отыр.

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБИКАСЫНЫҢ ҚАЗІРГІ САЛЫҚ САЯСАТЫНЫҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫ

Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2015 жылдарға дейінгі стратегиясында мемлекеттің экономикалық саясатының басты бағыттарының бірі экономиканың шикізаттық бағытынан кетіп, оны одан әрі әртараптандыру және жаңа технологияларды дамыту болып айқындалды. Экономиканың серпінді өсуінің перспективасы отандық жоғары технологиялық экспортқа бағытталған өндірістің дамуына, кәсіпкерлік субъектілерінің инвестициялық белсенділігіне тікелей байланысты.

Аталған мақсаттарға жету үшін алдымен экономикалық әдістерге, атап айтқанда, экономиканың дамуын мемлекеттік ынталандырудың жанама тәсілінің негізгі құрамдаушысы болып табылатын салық салу жүйесіне негізделген, кәсіпкерлердің инвестициялық белсендігін қолдауға басым бағытталған мемлекеттік саясат қажет. Заң жобасының негізгі негіздері мынадай бағыттар бойынша өзгерістерді көздейді: 1. Инвестициялық жоба шеңберінде іске қосылатын преференциялардың қолданылу мерзіміне қарай тіркелген активтердің құнын жылдық жиынтық табыстан тең үлестермен шегерімге жатқызу жөніндегі қолданыстағы негізді сақтай отырып, қызметін жаңа өндірістерді құру жөніндегі инвестициялық жобалар шеңберінде ғана жүзеге асыратын жаңадан құрылған салық төлеушілер үшін корпорациялық табыс салығынан босату жөніндегі негізді енгізу арқылы экономикадағы инвестициялық ахуалдың тартымдылығын күшейту үшін корпорациялық табыс салығы бойынша инвестициялық салықтық преференцияларды беру нысанын кеңейту. Мұнда ұзақ мерзімді инвестицияларды ынталандыру үшін, жекелеген жағдайларда қызмет түрлеріне және тіркелген активтерге инвестициялардың көлеміне қарай Қазақстан Республикасының Үкіметіне преференциялардың қызмет ету мерзімін он жылға дейін белгілеу мүмкіндігі беріледі. 2. Қосылған құны жоғары тауарларды өндіретін және сапа мен экологиялық менеджменттің халықаралық стандарттарына сәйкес келетін менеджмент жүйесін енгізген ұйымдар үшін корпорациялық табыс салығын есептеудің жеңілдетілген тәртібін енгізу. Қосылған құны жоғары өнімді өндіретін ұйымдаға ерекше салық салу режимі есептелген корпорациялық табыс салығының сомасы 30 процентке азаюын көздейді. Отандық өнімнің сапасын және бәсекеге қабілеттілігін ынталандыру мақсатында, қосылған құны жоғары тауарларды өндіру процессін ИСО 9000 және 14000 сериялы сапа мен экологиялық менеджменттің халықаралық стандарттарының талаптарына сәйкестігіне сертификаттау кезінде, корпоративтік табыс салығы сомасының азаюы 30 проценттен 50 процентке дейін ұлғаяды.

3. Салық кодексінің 98-бабына табыс алынатын жағдайда ғылыми-зерттеу, жобалау, іздестіру және тәжірибе-конструкторлық жұмыстарға жұмсалатын шығыстардың салық салынатын табысты айқындаған кезде шегерімдерге жатқызылатын негізді алып тастау жөнінде өзгеріс енгізіледі, бұл негізгі құралдарды сатып алуға, оларды орнатуға жұмсалатын шығыстардан және күрделі сипаттағы шығындардан басқа, көрсетілген шығыстардың барлығын нәтижелеріне қарамастан шегерімдерге жатқызуға мүмкіндік береді.

Салық заңдарының қызметін ғылым саласында жүзеге асыратын ұйымдардың кірістерін корпорациялық табыс салығынан босату, қызметін арнайы экономикалық аймақтардың аумағында ғылыми әзірлемелер саласында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салудың ерекше тәртібімен мемлекеттік тапсырыс шеңберінде жүзеге асыратын ғылыми-зерттеу жұмыстарын ҚҚС-тан босату жөніндегі қолданыстағы ережелерімен қатар жоғарыда аталған Салық кодексіне ұсынылып отырған негіздер ғылыми және инновациялық саясатты ынталадырады және олардың нәтижелерін өндіріске енгізуге ықпал етеді. Сондай-ақ заң жобасы: - демеушілікті салық төлеушілердің жеке тұлғаларға немесе коммерциялық емес ұйымдарға демеушілік көмекті көрсетуін көтермелеуге бағытталған әлеуметтік институт ретінде, осындай салық төлеушілердің салық салынатын табысын түзетуге құқық беруге және адамдарды демеушілік көмек түрінде алған табыстарын салық салудан босату арқылы регламенттеу; -ең алдымен ұжымдық инвестициялау схемасын (пай қорлары және акционерлік инвестициялық қорлар) дамытуға бағытталған, сондай-ақ сақтандыру нарығын дамытуға ықпал етуге танылған, қаржы операцияларына және қаржы нарығы субъектілеріне, соның ішінде сақтандыру нарығына салық салу;

- жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу мәселелерін – көрсетілген шикізаттың экспортын жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалардың экспортталатын шикі мұнай мен газ конденсатына рента салығын төлеу мақсатында «Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу» бөлімінен «Жалпы ережелер» бөліміне ауыстыру;

- салықтық әкімшілендіру негіздерін салық төлеушілердің салық қызметі органдарымен өзара қарым-қатынастары кезінде рәсімдерді оңайлату әрі Салық кодексінің негіздерін қолданған кезде әртүрлі оқылудың алдын алу мақсатында басылымды нақтылау арқылы жетілдіру;

- Салық кодексінің негіздеріне сәйкес келтіру мақсатында басқа бір қатар заң актілеріне түзетулер енгізу мәселелерін қамтиды. Салық заңдарына ұсынылып отырған барлық өзгерістер бәсекелестікті, қазақстандық өнімді және ел экономикасына инвестицияның құйылып түсуін ынталандыруға, бұл толығымен елдің индустриялық-инновациялық дамуының бағыттарына сай келеді, сондай-ақ салық төлеушілердің салық міндеттемелерін орындау кезінде рәсімдерді оңайлатуға бағытталған.

Салық заңдарына ұсынылып отырған толықтыруларды енгізуімен отандық компаниялардың ұзақ өмірлік циклы бар күрделі өнімді шығарумен қатар ұзақ мерзімді жобаларды іске асыруда мүдделілігі артылады, негізгі құралдардың жоғары технологиялық түрлерін енгізу нталандырылады, бұл келешекте ел экономикасына оңтайлы ықпалын тигізеді.