Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қазақстан Респуликасының салық саясаты, қызмет...doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
17.11.2019
Размер:
173.57 Кб
Скачать

Мазмұны

КІРІСПЕ

1-тарау САЛЫҚ САЯСАТЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АПЕКТІЛЕРІ

1.1.Салық ұғымы, маңызы және экономикалық мәні

1.2.Салықтың саясатының мақсаты және түсінігңі

1.3.Салық саясатының қызметі

2-тарау ҚАЗАҚСТАН РЕСПУЛИКАСЫНЫҢ САЛЫҚ САЯСАТЫ,

ҚЫЗМЕТ ЕТУ МЕХАНИЗМІН ТАЛДАУ

2.1. Қазақстан Республикасының салық саясатының

бағыттарын талдау

2.2. Қазақстан Республикасының салық саясатының қызмет

ету механизімін талдау

2.3. Қазақстан Республикасында салық саясатының құқықтық

негіздерін талдау

3-тарау ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАЗІРГІ САЛЫҚ

САЯСАТЫНЫҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫ

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

ҚОСЫМШАЛАР

КІРІСПЕ

Салықтар мемлекеттің саяси және экономикалық қызметтерін қаржыландырудың негізгі көзі болып табылады.

Салықтар – мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгілеген, белгілі бір мөлшерде жүргізетін, қайтарымсыз және өтеусіз сипатта болатын бюджетке төленетін міндетті ақшалай төлемдер.

Қазақстан Республикасының Салық кодексін қабылдаудағы ең негізгі ерекшеліктері және қол жеткізген жетістіктеріміз ретінде салықтарды бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерден ажырата отырып, оны «ерекше тауар» түрінде қарастырылғанын атап өтуге болады.

Салықты материалдық тұрғыдан алғанда – бұл, салық төлеушінің белгілі бір мерзімде және белгіленген тәртіпте мемлекетке беретін белгілі бір ақша сомасы болып табылады (салық натуралдық тұрғыда материалдық құндылық болып саналады).

Салықтың экономикалық мәні – шаруашылық субъектілерінен, азаматтардан ұлттық табыстың бір бөлігін алу жөніндегі өндірістік қатынастардың бір бөлігі болып табылатындығында.

Салық жүйесі де өз алдына сала болып қалыптасуы үшін, біршама қиындықтарды бастан кешіре отырып, көптеген өзгерістер мен толықтырулар жасалынып, қазіргі кезде тұрақты жүйеге түсті.

Қазақстан Республикасы өз алдына егемендік алып, тәуелсіз мемлекет болғасын, экономиканы дербес түрде басқарды. Мемлекеттік басқару жүйелеріне көптеген өзгерістер жасалып, бірнеше заң жобалары

қабылданды. Оларға қаншама өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Қазақстан Республикасы егемендік алып, тәуелсіз мемлекет болғанына он жеті жыл толды. Осы кезең аралығында салық жүйесіне көптеген өзгерістер енгізілді.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 35-бабында «Заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады» деп атап көрсетілген.

Курстық жұмыстың мақсаты - Салықтардың пайда болуын, экономикалық мәнін, жұрнақтарын, өзгерістері мен толықтырулары туралы айтып, мәнісін толық аша білу.

Курстық жұмыс кіріпеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан, қолданған әдбинттерден, қосышадан тұрады.

Курстық жұмысты жазу барысында Қазақстан Республикасының заңдары, шетелдік және отандық ғалымдардың еңбактері, марзімі басылымдағы мәліметтер, статистикалық ақпарат көздері, интернет елісінен алынған ақпаратар қолданылды.