Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қазақстан Респуликасының салық саясаты, қызмет...doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
17.11.2019
Размер:
173.57 Кб
Скачать

1.3. Салық саясатының қызметі.

Салық – мемлекеттің пайда болу кезеңінен бастап қоғамдық

экономикалық қатынастардың негізгі буыны болып келеді. Мемлекеттік құрылғы нысандарының дамуы мен өзгеруі әлеуметтік-экономикалық процесте салық рөлінің күшеюіне, салық қызметінің кеңеюіне әкелді.

Салық мәні оныңатқаратын қызметіне тікелей қатысты. Қызмет (функция) берілген экономикалық категорияның қоғамдық міндеті қалай жүзеге асырылып жатқандығын көрсетеді.

Қаражаттыңмемлекеттік бюджетке түсуін қамтамасыз ететін салықтың қазыналық (фискалдық) қызметі тарихи түрде бірінші болып табылады. Бұл қызмет негізінде мемлекеттің қаржы ресурстары қалыптасады. Өндірістің тауар-ақша қатынастарының дамуына байланысты, қазыналық қызмет мемлекетке түсетін барлық ақшалай кірісті анықтайды.

Экономикалық категория ретіндегі салықтың бақылау қызметі салық түсімін бақылап, оны қаржы ресурстарындағы мемлекет қажеттіліктерімен салыстырады. Бақылау қызметінің көмегімен әр салық арнасы мен салық «пресінің» жалпы тиімділігі бағаланып, ұлттық табысты мемлекеттендіру деңгейі анықталады, салық жүйесі мен бюджет саясатына өзгеріс еңгізу қажеттілігіайқындалады. Салықты бақылау қызметін жүзеге асыру,оның толықтығы мен тереңділігі (мазмұндылығы) төлем тәртібінің жағдайына байланысты. Сондықтан бақылау қызметін іске асыру үшін бекітілген заңға сәйкес, барлық салық төлеушілердің салықты уақытылы және толық мөлшерде төлеуін қамтамасыз еткен жөн. Осыдан салықты есептеу дұрыстығын және оның мемлекеттік бюджетке уақытылы түсуін бақылау бойынша салық инспекциясы қызметінің негізі міндеттері анықталады. Салық-қаржы қатынастарының бақылау қызметі тек бөлу қызметіжағдайында ғана байқалады.

Ұдайы өндірістік процесте салықтың бөлу қызметі рөлінің көпжақтылығын сипаттайтын қасиеттері бар. Бастапқы кезде салықтың бөлу қызметі таза қазыналық сипатта болады: әскерді, шенеунік аппаратынқамтамасыз ету мүмкіндігіне ие болу үшін мемлекеттік қазынаны, біртіндеп әлеуметтік саланы (ағарту, денсаулық сақтау және т.б.) толтыру қажет болды. Бірақ мемлекет еліміздің шаруашылық өмірін ұйымдастыруға белсенді араласа бастағаннан кейін, салық механизміарқылы жүзеге асырыла бастаған реттеу қызметтері пайда болды. Сондықтан да қазіргі өркениетті мемлекет жағдайында бөлу қызметі мемлекеттің экономикалық қызметін реттегіш белгілеріне ие болды және салықты реттеу қызметі ретінде таныла алады. Мемлекет салық механизмі арқылы халық шаруашылығының дамуына мақсатты әсер етеді. Бұл жағдайда салық нысандарын, олардың мөлшерлеме өзгерісін, төлету тәсілдерін,жеңілдіктерді таңдау пайдаланылады. Бұл реттегіштер қоғамдық ұдайы өндірістің құрылымы мен үйлесіміне (пропорциясына), жинақтау және тұтыну мөлшеріне әсер етеді, оларды ғылыми-техникалық прогрессті ынталандыруда пайдаланған тиімді. Салықты реттеудің көмегімен салықтың қосалқы қызметтері: ынталандырушы және тежеушілік, сонымен қатар ұдайы өндірістік бағыттағы қосалқы қызметтер жүзеге асырылды.

Салықтың ынталандырушы қосалқы қызметтері жеңілдіктер,

артықшылықтар және ерекшелік жүйесі арқылы байқалады. Ынталандырушы қосалқы қызметті жүргізу нәтижесінде салық салу объектісі өзгеріп, салық салу базасы азаяды, салық мөлшерлемелері төмендейді. Ынталандыру реттегіштері көбінесе, салық төлеушілерді өндіріс пен өндірістік емес құрылыстың дамуына, мүгедектер мен зейнеткерлерді, қайырымдылық қызметін және т.б. қамсыздандыру шығынын қаржыландыру мәселелеріне ынталандыруда пайдаланылады.

Салықтың тежеушілік (қайта ынталандыру) қосалқы қызметі өз алдына ынталандырушы қосалқы қызметке қарама–қарсы міндеттерді қояды және салық мөлшерлемелерінің өсуі арқылы байқалады. Өндірістік бағыттағы қосалқы қызмет жалпымемлекеттік табиғат ресурстарын пайдалануда алынатын салықтардан көрінеді.

Реттелген салық жүйесінде салықтың барлық қызметтері жүзеге асырылады. Осыны пайдалана отырып, мемлекет салық жарнасының жүйесін анықтап, салықтың қызмет ету механизімін әзірлейді, қоғам дамуының әр нақты кезеңінің әлеуметтік-экономикалық мақсаты мен міндеттеріне байланысты орындалған экономикалық саясатқа сәйкес, салық саласында турлі іс-шаралар жүргізеді.

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САЛЫҚ САЯСАТЫ, КЫЗМЕ ЕТУ МЕХАНИЗМІН ТАЛДАУ.

2.1. Қазақстан Республикасының салық саясатының бағыттарын талдау.

Салық саясатындағы жариялық халықты салықтан түсетін кірістердің қандай мақсаттарға жұмсалатындығы туралы хабардар етуге мол мүмкікіндік береді. Бұны білу әрбір салық төлеушінің құқығы. Қазірдің өзінде, қаржы қызметінің басшылықтары салық саясатын эканомиканы басқарудың негізгі элементі екендігін түсінуде. Өз кезегінде мемлекеттің салық саясаты қоғамдағы салық мәдениетінің жалпы деңгейі мен жағдайы арқылы анықталады.

Салық салумен және салық төлемдерін жинаумен байланысты көптеген проблемалар барлық деңгейдегі бюджеттің қалыптасуына теріс әсерін тигізеді. Кірістерді, астыртын экономиканы және басқа да іскерлік қатынастар шеңберіндегі теріс құбылыстарды жасыруды тудыратын себептер әр түрлі болады, оның ішінде салық саясатындағы жариялылықтық жоқтығы және салық қызметіндегі қызыметкерлер мен тұрғындардың салық мәдениеттілігінің төменділігі.

Жаңа терминалогиялық түсініктер енгізу арқылы салық салудың Батыс әдістеріне негізделген салық Кодексін қайта жасау және оны әзірлеу жаңа құжаттардың кең көлемде насихатталуын талап еткен. Алайда, бұл жүзеге аспады .

Салық реформасына дайындық салық төлеушілердің негізгі бөлігі үшін елеусіз өткен: талдау жасаушылар мен салық төлеушілердің арасында пікірталас болмаған.

Сонымен бірге, салық жүйесі жеңілдіктердің көптігінен, салалық сипаты бойынша пайдаға салынатын салық ставкалардың дифференциациясының әсерінен және басқа да себептері бойынша салық төлеушілерге де, қаржыгерлердің өзіне де өте күрделі болуда. Осыларды ескере отырып, тек бұрынғы қабылданған заңдарды қарапайымға енгізілген заңды актілерді кең көлемде жариялау қажет. Бұл салық жүйесі туралы қоғамдық ой-пікірлерді, сондай-ақ заңды жобаларды қоғамдық талдау жүргізу жолында алдағы өзгерістерді нақты анықтауға, және оларға алдын-ала шешім қабылдауға мүмкіндік берер еді. Салық төлеушілердің пікірлері мен ұсыныстарын ескере отырып қабылданған заңдар елдегі экономикалық жағдайлардың өзгерісіне байланыссыз өтімді, әрі ұзақ мерзімде қызмет етер еді.

Қазақстандағы салық мәдениетінің деңгейі тұралы ой-пікір айту қазірде оңай емес. Бұған дәлел-көптеген кәсіпкерлікпен айналысушылардың әртүрлі жолдарымен салықты төлеуден жалтару немесе өздерінің табыстарын жоққа шығару, немесе оларды төмендету. Сондықтан да салық мәдениетімен байланысты қандай да болмасын мәселелерді шетелдік әдістермен байланыстыру түрінде бағалап қарауға тура келеді. Шынында да, экономикалық дамудағы, қоғамдық өмір деңгейіндегі, салық салу жүйесіндегі айырмашылықтар басқа бір елдің тәжіриебесін толығымен қолдану мүмкіндігін болдырмайды. Жоғарғы салық мәдениетінің элементі Батыс елінде кең тараған салық ведомстволарының субъектілерінің салық заңдылықтарын дұрыс емес талдауының нәтижесінде қаржылардың шығындалуымен байланысты жіберген қателіктерін талдау тәжірбиесі болып табылады.

Салық мәдениетінің әлеуметтік аспектілігі, яғни салық төлеушілердің және салық инспекторының мәртебесі мемлекет көзқарасынан тысқары қалған жоқ. Расынанда да, өзінің сыртқы пішініне қарай салық құрамы бойынша еліміздің салық салу моделі Батыс еліндегі модельге ұқсас болып келеді, алайда ол шетелде азаматтар мен кәсіпкерлердің нарықтық белсенділігін түсірмейді, ал біздің елімізде керісінше. Бұл қарама-қайшылық әртүрлі экономиклық дамуымен және салық саясатындағы ерекшеліктермен түсіндіріледі. Батыстың салық төлеушілері үшін экономикалық дамуының жоғарғы деңгейі жағдайында салық ставкалары жеңілдетілген.

Біздің жағдайымызда салық төлеуші айлап еңбекақысын алмаса, үшін мемлекетке салықты төлеу қабілеттілігі теріс әсер береді және салықты алудың дұрыс емес екендігі туралы ой туындайды. Бұдан басқа, Батыста әлеуметтік қамсыздандыру ешқандай сынаушылықты ұстамайды, және салық төлеушіні бюджеттен тыс қорлардың қалыптасуына қатыстыруға ұсыныс жасау үшін жағдай жасамайды.

Шетелдік салық мәдениетінің ең маңызды элементі - салық төлеушілігі шыдамдылық, олардың жеңілдік алуына, тікелей субсидиялар, үкіметпен ұсынылған қыйсындарының кеңістіктерін таңдауға мүмкіндігі.

Қазақстанда кейбір экономикалық бағалануы бойынша ұлттық жиынтық өнімге шаққанда салық үлесі 50 пайыздан жоғары. Бұл жағдайда кәсіп орындағы салықтық жоспарлануы маңызды болуы керек. Алайда фирмалардың қызметкерлерін салықтық жоспарлауға үйрету, оқыту орталықтарының жоқтығы көп қиындық туғызады.

Салық органдарында насихаттауы бойынша, салық заңдарын анықтау бойынша (секторлар) бөлімдер қарастырылған, бірақ салық инспекторларының жұмысының көптігінен, бұл бөлімдердің қызмет етуі тиімді болмауы мүмкін. Салық төлеушілерді салық мәдениетіне үйрету мектеп кезінен басталу керек деген пікір туындайды. Бұл курс салық салудың тарихи маңызын, салық философиясын, салық құқының кейбір тарауларын, содай-ақ жер салығын, көлік құралдарының салығы, мүлік салығын төлеу бойынша салық декларациясын толтыру бойынша рекомендациялар, жылдық жиынтық кіріс туралы декларациясымен таныстыру курсы болып табылады.

Қазақстандағы салық мәдениетінің ақпараттық аспектісі жапы алғанда дами басталу жағдайында болуда. Салық жүйесіндегі өзгерістер туралы ақпарат құралдарынан тарату-ақпараттық қызмет көрсету үлгілеріне жатады. Батыс елінде ақпараттық қамтамасыз ету шеңбері өте кең.

Бұл:- салық төлеушілерге ақпараттық кеңестер беру, салық декларациясын толтыру бойынша ақысыз ақпараттық жәрдемдесу, әртүрлі

семинарлар, ақпарат таралу құралдарындағы салық жарнамалары.

Бұл материалдар барлық әлеуметтік топтарға бағытталған кәсіпкерлік істі бастаушылар, имигранттар, үй шаруасындағы тұлғалар және т.б.

Біздің елімізде салық Кодексінің салық төлеушіге де, салық инспектіріне де бірдей қабылдау мақсаты бар. Шетелде нормативті құжаттар салық төлеушілер үшін хабардар болудың кез-келген деңгейіне дейін жеңілдетілген. Ақпараттық материалдар құжаттар дайындалғаннан кейін салық мамандарымен бірге және ақпарат бөлім қызыметкерлерінің арасында ұқыпты түрде өңдеуден өтеді. Біздің жағдайда ақпараттық материалдар бірінші басылымдар дайындалған күйінде жариаланады, бұл әрине қатардағы салық төлеушілер үшін өте күрделі болып табылады.

Қазақстан Республикасындағы салық жүйесінде салық құқығын анықтаудың нақты орны жоқ. Сонымен бірге салық мәдениетін қалыптастыруда салық заңдарын бұзушылықтың заңды түрде анықталуы өте маңызды болуы керек. Құқық бұзушылықтың негізгі себептері салық заңдарының бұзылуына жауапкершілікті ұсынатын қарапайым құқықтық нормаларды білмеушілік, салық төлеушілердің заңдылықтың сақталуына қол жеткізу және өз құқықтарын тиімді түрде пайдалану қабілеттерінің жоқтығы.

Салық мәдениетін қалыптастыру - бұл экономикалық, әлеуметтік, ақпараттық және құқықтық аспектілері бар күрделі процесс болып табылады.

Салық мәдениеті біздің елімізде де әрбір салық төлеушілер үшін реттеуші құрал ретінде болуы керек және салық жүйесінің эволюциялық, үйлесімді дамуына сәйкес әсер етуі тиіс.