Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силлабус қазақ тілі журфак.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
16.11.2019
Размер:
44.56 Кб
Скачать

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті Мемлекеттік тіл кафедрасы

Келісілген:

Факультет деканы

_____________ проф. Қ. Әбдезұлы

2012 ж. "19" маусымы, № хаттама

Университеттің ғылыми-

әдістемелік кеңесінде бекітілді

2012 ж. «29» тамызы, хаттама №1

Оқу жұмысы жөніндегі проректор

__________________ Әбдібеков У.С.

2012 ж. "29" тамызы

Пәннің оқу-әдістемелік кешені

Қазақ тілі

_______________________ ______________________________

Мамандық: журналистика (5В 050400)

Оқу түрі: күндізгі

Алматы - 2012

ПОӘК Эксперименттік білім беру бағдарламасы және Қазақ тілінің типтік оқу бағдарламасы ( ф.ғ.д. А.Б. Салқынбай, ф.ғ.к. С.М. Иманқұлова. «Қазақ тілі», ҚР БжҒМ 14.02.2011 ж. №14 бұйрығымен бекітілген және қолданысқа енгізілген, Алматы, 2012) негізінде әзірленді.

Кафедра мәжілісінде қаралып ұсынылды.

2012 ж. «12 » маусымындағы №10 хаттама

Кафедра меңгерушісі _________________ проф. А.Б. Салқынбай

Факультеттің әдістеме кеңесінде ұсынылды.

2012 ж. «15 »маусымындағы, № 8 хаттама

Төрағасы ________________________ доц. С.Ш. Ақымбек

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Журналистика, Қоғаммен байланыс

(5В050400)

мамандықтары бойынша білім алушы

студенттеріне арналған бағдарлама

Филология, әдебиеттану және әлем

тілдері факультетінің

ғылыми кеңесінде бекітілді

2012 ж. « ___»_____ №____хаттама

Декан ________ проф. Қ. Әбдезұлы

С И Л Л А Б У С*

«KAZ 1001» - «Қазақ тілі» (3 кредит)

І курс, о/б, күзгі семестр

Оқытушы: Толқын Болатқызы Сейдімханова

Жұмыс орны: мемлекеттік тіл кафедрасы, 326-кабинет

Телефоны: жұм.: 3773336 (1325), ұялы тел.: 87013201323

Модуль мазмұны

Мақсаты:

Қазақстан Республикасының қазіргі таңдағы экономикалық даму деңгейі, басқа елдермен халықаралық байланысының нығаюы, әлемдік қауымдастықта ықпалының артуы біліктілік деңгейі әлемдік стандарттарға сәйкес келетін, өз елінің тарихи құндылықтары тілі мен тарихына, мәдениетіне құрметпен қарап, ғаламдану үдерісінде мемлекетіміздің жедел дамуына үлес қосатын мамандарды даярлаудың қажеттігін туғызып отыр. Сондықтан мемлекеттік тілді меңгерген білікті мамандарды қалыптастыру, даярлау оқу мазмұнының негізгі міндеті болып табылады.

Бағдарламаның мазмұны тіл үйренушінің қарым-қатынасқа түсу салаларын ескере отырып, сөйлеу әрекетінің 4 қағидатына (тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым) негізделген тіл үйренушінің мақсаты, тілді қолдану саласы, коммуникативтік жағдаяттар компоненттері, контекспен байланыстылығы тіл бірліктерінің қолданыстағы қызметіне сай анықталады. Модульде тілдік құзіреттілікті қалыптастыру коммуникативті-функционалдық грамматикаға негізделеді.

Осы тұрғыдан алғанда, ең басты мақсат – тұрмыстық, әлеуметтік тақырыптардағы мәтіндер негізінде тіл үйренушілердің сөйлеу біліктілігін жетілдіру, лексикалық қорын, грамматикалық білік-дағдыларын қалыптастыру, қазақ тілі грамматикасы туралы білімін дамыту.

Міндеттері:

  • тілдік білім берудің негізгі құзіреттілігі және оның нәтижелі болуы;

  • коммуникативті-функционалдық бағыт;

  • пән мазмұны мен оның нәтижесінің белгіленген типтік стандарт бойынша оқытылуы мен тілді меңгертуі;

  • пән мазмұнының сала, тақырып, шағын мәтін және қатысымдық типтік жағдаяттарынан құралған когнитивті-лингвомәдени кешен түрінде берілуі;

  • тілдік құзіреттілікті анықтаудың параметрлік өлшем бірліктерін көрсету.