Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силлабус Философия мехмат.doc
Скачиваний:
35
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
150.02 Кб
Скачать

Әл-фараби атындағы қазақ ұлттық университеті

Философия және саясаттану факультеті

Философия кафедрасы

Бекітілді

Философия және саясаттану факультетінің Ғылыми Кеңесінің отырысында

Факультеттің деканының м.а.

___________ З.Н. Исмагамбетова

«31» мамыр 2013 ж. №11 Хаттама

Мамандықтар: «5В070300 – Ақпараттық жүйелер», «5В060200 – Информатика»,

«5В060100 – Математика», «5В070500 – Математика және компьютерлік модельдеу», «5В060300 – Механика»

СИЛЛАБУС

Философия

2 курс, қ/б, 3 семестр (күзгі), кредит саны - 2

Дәріскер:

Рамазанова Әлия Хайруллақызы, философия ғылымдарының кандидаты, доцент,

телефондары (жұмыс (2130), ұялы тел.87075288675), e-mail: alia.ramazanova@mail.ru,

каб. 413

Оқытушы (практикалық, семинар, зертханалық сабақтар):

Рамазанова Әлия Хайруллақызы, философия ғылымдарының кандидаты, доцент,

телефондары (жұмыс (2130), ұялы тел.87075288675), e-mail: alia.ramazanova@mail.ru,

каб. 413

Пәннің мақсаты мен міндеттері:

Мақсаты: курс студенттердің философиялық мұраны меңгеруіне, философияның негізгі теориялық мәселелер аясымен танысуына, сонымен бірге, философиялық мәдениет пен өзіндік дүниетаным, қисынды және креативті ойлай білу, өзінің ұстанымын айқындай алу негіздерін қалыптастыруға бағытталған.

Міндеттері:

- философияның танымдық қызметін әлемдік ғылымның даму контекстінде зерделеу;

- философиялық және ғылыми рационалдықтың қалыптасуының негізгі үрдістерін қарастыру;

- әлемнің біртұтастығы, оның сүруі мен дамуының құрылымдық деңгейлері мен салалары туралы қазіргі заманғы түсндірмелерді философия тұрғысынан байыптау.

Біліктіліктер (Оқыту нәтижелері):

Жасай алуы керек:

- философиялық мәтіндермен жұмыс істеу, оларды қоғам мен табиғаттың өзекті мәселелерін зерттеуде пайдалану;

- әлемнің ғылыми суреттемесін ның пайда болуы мен эволюциясына қатысты мәселелерді саралау;

- ғылым таным философиясының ұғымдық аппараты мен терминологиясын жақсы меңгеру;

- өзіндік ғылыми ұстанымын қалыптастыру және дәлелдеу;

- мамандығы бойынша таным үдерісінің ғылыми-теориялық мәселелерін айқындап, шешімін таба білуі керек.

«Ғылыми таным философиясы» пәнін оқу нәтижесінде бакалавр білуі қажет:

- ғылыми таным философиясының пәнін, құрылымы мен қызметтерін;

- Табиғат пен қоғам, адам мен қоғамды зерттеудің дүниетанымдық қырлары мен әдіснамалық ұстындарын;

- әлемдік философия мен ғылымының дамуының негізгі үрдістерін.

Бакалавр келесі дағдыларға ие болуы тиіс:

- ғылыми таным философиясының мәселелерін талдай алу және аталған біліктіліктерді іс жүзінде пайдалану;

- ғылыми таным философиясын қоғам өмірінің әртүрлі саласы мен өз қызметінде шығармашылық тұрғыда қолдану.

Пререквизиттер:

1.Тарих

2.Саясаттану

Постреквизиттер:

1. Құқық негіздері

2.Мәдениеттану

3.Әлеуметтану

ПӘННІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН МАЗМҰНЫ

Апта

Тақырып атауы

Сағат саны

Максималды балл

1 Модуль. Философия ғылыми білім мен мәдениет тарихында

1

1 дәріс. Философияның мәні мен мақсаты

1

1

1практикалық сабақ

Философияның объектісі мен пәні.

Таным философиялық және арнаулы-ғылыми зерттеудің объектісі ретінде.

1

1

1 СОӨЖ

Әлем туралы білімдердің кеңеюі мен тереңдеі үдерісіндегі ғылыми таным философиясының маңызының артуы.

Танымды философиялық зерттеудегі философияның негізгі мәселесінің алатын орны мен рөлі.

2

1

2 дәріс. Ежелгі дәуірлердегі ғылыми танымның бастаулары

1

1

2 практикалық сабақ

Шығыстық ғылым мен философия

Антика дүниесіндегі ғылым бастаулары

Қазақ дүниетанымының ерекшеліктері

1

1

2 СОӨЖ

Араб-мұсылман философиясының ғылыми танымның дамуына қосқан үлесі.

Батысеуропалық схоластикалық философияның ғылыми білімнің дамуына қосқан үлесі.

Реализм мен номинализмнің айтысы.

2

1

3

3 дәріс. Жаңа дәуір философиясындағы сенсуалистік және рационалистік таным теориялары.

1

1

3 практикалық сабақ

«Гносеологиялық робинзонада» Жаңа дәуірдегі сенсуалистік және рационалистік таным теорияларының әлеуметтік-философиялық негіздері ретінде.

Ф. Бэконның танымдағы объекті, субъекті және экспериментальды тәжірибенің бірлігінің қажеттілігі туралы тұжырымдамасы.

1

1

3 СОӨЖ

Сөз ұғымының Т. Гоббсс философиясындағы таңба ретіндегі тұжырымдамасы.

Д. Локктың сенсуализмі, Р.Декарт,Б.Спиноза және Г.Лейбництің рационализмі, Д.Юмның скептицизмі.

И. Канттың сыни таным теориясы.

«Рух феноменологиясы» Гегельдің таным теориясы ретінде.

1

1

4

4 дәріс. ХIХ-ХХI ғасырлардағы идеалистік және материалистік диалектикалық таным теориясының қалыптасуы мен дамуы.

1

1

4 практикалық сабақ

Ойлау мен болмыстың теңдігінің гегелдік принципі.

К. Маркстің тарихты материалистік тұрғыда түсінуінің гносеологиялық мәні.

1

1

4 СОӨЖ

И. Шеллинг философиясындағы субъекті мен объектінің теңдігі.

Ф.Энгельстің еңбектеріндегі табиғатты танудың диалектикасы.

Э.Гуссерлдің феноменологиялық таным философиясы.

Гадамердің герменевтикалық эпистемологиясы.

Эмпириокритицизмнің таным теориясындағы «ойлауды үнемдеу» принципі.

Логикалық позитивизм мен «Вена мектебіндегі» тілі ғылымы мәселесі.

1

1

5

5 дәріс. Ғылыми таным философиясы үдеріс ретінде, оның негізгі принциптері, құрылымы мен деңгейлері.

1

1

5 практикалық сабақ

Қазіргі заманғы ғылыми таным философиясының дамуындағы объективтілік, жүйелілік, қарама-қайшылық, тарихилық принциптері.

Танымның негізгі деңгейлері: күнделікті-қарапайым, ғылыми-эмпирикалық және ғылыми-теориялық.

1

1

5 СОӨЖ

Пәндік іс-әрекет – әлеуметтік бейнелеудің негізі.

Ойлау мен тілдің бірлігі адамның қоғамдық-тарихи мәнінің көрінісі ретінде.

Танымының объектісі, негізгі мақсаттары мен міндеттерінің қоғамдық практиканың мәселелермен өзара байланыстылығы.

Таным үдерісінің интерналды және экстерналды факторлары.

1

1