Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Байболат Л.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
21.09.2019
Размер:
1.08 Mб
Скачать

Сөздер және сөз тіркестерімен танысыңыздар

Ақша, ақшалай, нақтылы, босқа, сәт, басқару, мезгілінде, үлгере алмау, кешігу, орындау,үлгеру, меңгеру, қажеттілік, тиісті, міндет, ақсүйектік, кісілік, мойындамау, сезіну, қадағалау, белгілеу, іскер, мәртебелі

Уақыт –алтыннан қымбат

Уақыт – адам өмірінің ақшалай құны.Уақыт - әркімнің нақтылы

өмір капиталы. Адамның босқа кеткен әрбір сәті отқа жаққан теңгемен тең.

Уақытты басқару-өнер. Біреу жұмысқа мезгілінде келіп, мезгілінде кетеді. Бірақ ешнәрсеге үлгере алмайды.. Екінші біреу үнемі кешігіп жүреді, әйтсе де, жұмысын өз уақытында тамаша орындап үлгереді. Кеңес Одағы кезінде адамдарда уақытты меңгеруге деген еш қажеттілік болмады. Барлығының жұмысы бар, жұмыс уақыты белгілі, тиісті демаласын алады. Міндетін орындаса болды. Қазір олай емес, әркім өзі үшін жұмыс істейді.

Уақыт-ақсүйектікті мойындамайды. Ханға да, қараға да берілетін мерзім – тәулігіне жиырма төрт сағат. Елдің бәріне ортақ бірақ күнтізбе бар, тек оны әркім әр түрлі пайдаланады. Кісінің кісілігі уақытты босқа жібермеуден басталмақ. Адам уақытты сезінгенде ғана өзін-өзі қадағалап отырады, өзіне-өзі бағыт белгілейді. Дүниедегі жаман дерт – еріншектікті жеңеді. Өзін нағыз адам етіп тәрбиелеп шығады.

Бүгінде іскерлер әлемін басқаратын – ұлы мәртебелі уақыт.

Батыстың «уақыт – ақша» деген мәтелі бізге де келіп жатқан сияқты.

1. Сөздердің орыс тіліндегі аудармасын көрсетіңіз.

Нақтылы обязанность

сәт конкретный

үлгере алмау необходимость

кешігу человечность

меңгеру следить, наблюдать

қажеттілік непризнавать

тиісті великосветский

міндет уважаемый

ақсүйектік момент, миг

кісілік освоить, усвоить

мойындамау опаздывать

қадағалау неуспевать

мәртебелі необходимый, должный

2.Берілген етістіктерді «уақыт» сөзімен тіркестіріп, мағынасына сәйкес

сөйлем құраңыздар.

Үлгі: уақыт табу – Білім алуға әрқашан уақыт табылады.

өткізу, бағалау, пайдалану, үнемдеу, жоспарлау,басқару, жоғалту

3.Уақытқа қатысты берілген тіркестерді түсініп, дәптерлеріңізге

көшіріп жазыңыздар.

Уақыт аз қалды, уақыт белгілеу, уақыт және кеңістік, уақыт зымырап өтіп

барады (время летит быстро), уақыт келді, уақыт күтпейді, уақыт қымбат,

уақыт озған сайын (с течением времени), уақытты мақсатсыз босқа өткізу,

уақыттың босқа өтіп кеткеніне өкіну (жалеть о потерянном времени).

4. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер.

Уақыт дегеніміз не?

- Уақытты басқару дегенді қалай түсінесіздер?

- Кеңес Одағы кезінде адамдар уақытты қалай пайдаланған?

- Ақсүйектік, кісілік деген сөздердің мағынасы қандай?

- Сіздер үшін бүгінгі уақыт талабы қандай?