Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Байболат Л.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
21.09.2019
Размер:
1.08 Mб
Скачать

22. Сөйлемдерден ұқсатуларды, салыстыруларды табыңыз.

Наурыздағы орташа жалақы мен күн көру деңгейін (прожиточный минимум) салыстырамыз. Орташа жалақы – 28 мың, ал күн көру деңгейі -15 мың.

Етістіктің І жақ, көпше түрі бірлескен іс-әрекетті, бірлесіп істеу ниетін білдіреді. Осы құрылым реферат мәтіндерінде автордың ойын беру үшін де қолданылады.

23. Объектілерді салыстыру үшін берілген сөздерді пайдаланып, сөйдемдер құраңыз.

Салыстырылатын объект Салыстыру негізі

Үлгі: Қала орталығы және шеті. Сәулеті

Әрине, қала орталығының сәулеті қала шеті сәулетінен жақсы.

1. Дала және тау өсімдіктер түрі

2. Қазақстаннның оңтүстігі тұрғындар тығыздығы

мен солтүстігі

Атом және жылу қоршаған ортаға әсері

электростанциясы

4. Мемлекеттік меншік пен пайдалы жақтар

Жеке меншік

24. Сөйлемдерді оқыңыз, теңеулерді табыңыз, жазыңыз.

Ол кезде біз Ворошилов, Буденный, Блюхтер сияқты маршалдарды құдайдай көруші едік. Москва түбінде баласымен кездескен әкедей болып тұрмын. Панфилов өліпті деген хабар тарағанда, батальон дауыл шайқаған сансыз теректей теңселіп кетті. Тура өзіміздің Сарыарқаның сарбаз ағаларының бірі сияқты еді. Әкемнің ақ батасын менің арымның, азаматтығымның, адамгершілігімнің ақ туындай етіп, күні азаматтығымның, адамгершілігімнің ақ туындай етіп, күні бүгінге дейін төбеме көтеріп келемін.

(«Ақиқат пен аңыз» кітабынан)

25. Теңеу, салыстыруларды табыңыз.

Қоғам дегеніміз – оркестр. Ол балаша қуанды. Бала – ертеңгі болашағымыз. Қарттар – кешегі тарихымыз. Гүл – жердің көркі, қыз –елдің көркі. Жақсы сөз –жарым ырыс. Балалы үй – базар.

26. Сөйлемдерді оқыңыз. Қай сөйлемдерде объектілердің, құбылыстың, бірдейлігі, жақын ұқсастығы айтылады.

1. Маған менің әпкем тұратын қала ұнайды. Менің сол қалада тұрғым келеді. Менің осындай қалада тұрғым келеді.

2. Кафедра мәжілісінде жасалған баяндамасын конференцияда да жасады. Кафедра мәжілісінде жасалған баяндамасы сияқты конференцияда да сондай қызық баяндама жасады.

3. Кешегі айтқан оқиғалары туралы айтып тұрса да, оны тыңдау қызық. Ол бүгін де кешегідей жақсы сөйлейді.

26. Әңгімелесушіге қарсылығыңызды білдіріңіз. Объектінің, іс-әрекеттің ұқсас, бірдейлігін айтыңыз.

Үлгі: 1. – Осы жылы қар өткен жылға қарағанда азырақ.

  • Жоқ, қателесесің, биыл қыс өткен жылғы сияқты қарлы.

2. – Біз осы жылы оқыған оқулық.

– Жоқ, өткен жылы оқыған оқулық.

  1. Қазақ тілін басқа оқытушы жүргізетін сияқты.

  2. Сіз жаңа теледидар сатып алдыңыз ба?

  3. Бүгін кешегідей суық емес сияқты.

  4. Бүгінгі сабақ кешегі сабақ сияқты.

27. Сөйлемдерді оқыңыз, ұқсатуды білдіретін сөздерді жазып алдыңыз,

объектіні салыстыру формаларын көрсетіңіз.

Әпкем кейде анам тәрізді. Ағам дана қарттар сияқты сөйлейді. Үй ескі

замокты еске түсіреді. Мектеп – кеме тәрізді. Оқу – инемен құдық қазған сияқты. Мен сияқты, сіз секілді оқытушылар көп.

Назар аударыңыз!!!

Салыстыру, ұқсатуларда мына сөздер пайдаланылады.

Сияқты, секілдііспеттес, сықылды, тәрізді, ұқсас, бірдей.

Объектілерді салыстыру, ұқсату барысында мына сөз тіркестері де

қолданылады:

бір біріне, бір бірімен, бір біріне, біріне бірі. Ал толық ұқсатуда бірдей сын

есімі де қолданылады. Мысалы: Ағайындылар ұқсайды. Олар бір біріне

ұқсайды, біріне бірі ұқсайды. Егіздер бірдей, айыра алмадық. Мына мақала

мен мына мақаланың мазмұны бірдей.

Мына тұрақты тіркестер де ұқсастықты білдіруде қолданылады;

Аузынан түсіп қалғандай; Бір судың тамшысындай; Егіздің сыңарындай;

Сойып қаптап қойғандай.

Ұқсамайды; Айырмасы жер мен көктей; үш қайнаса сорпасы қосылмау

(Г.Смағұлова., Мағыналас

фразеологизмдер сөздігі).

27. Сөйлемдерді мағынасына қарай ал, бірақ, және жалғаулықтарын

пайдаланып біріктіріңіз.

А.Виноградовтың Паганини туралы жазғанын сүйсіне оқылым, ........ Байрон туралы жазғанын оқи алмадым. Нобель сыйлығының лауреаты Г.Г.Маркестің «Жүз жылғы жалғыздығын» бірнеше рет оқыдым, ...... Шолоховтың «Тынық Донын» бір-ақ рет оқыдым. Нобель банкротың ұлы болды, ...... өзі әлемдегі бай адамдардың бірі болды. Нобель ешқашан мектепте, университетте оқымады, ....... ол өз бетінше оқыды. Оның ақылға сыймас махаббаты болды, ....... отбасы болмады.