Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Байболат Л.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
21.09.2019
Размер:
1.08 Mб
Скачать

12. Қорытынды сабақ ретінде.

ХХ ғасыр бізге не қалдырды (ғылым, табиғат, экология)” деген тақырыпта дискуссия өткізіңіздер.

Табиғат – Ана шыдамды, бірақ ... (социологиялық мониторинг)

1. Сөздікпен жұмыс: кедейшілік, айырықша, сел, дауыл, нәзік, шыдамдылық, шек, бағалау, қолайсыз.

2. Ойтүрткі сұрақтар:

а. Қандай факторлар қоршаған орта үшін қауіпті деп ойлайсыз?

ә. Қоршаған орта жағдайы үшін қауіпті деп ойлайсыз?

б. Экологиялық мәселелерді шешу үшін қандай шаралар қажет деп ойлайсыз.

3. Мәтінді оқыңыз.

2001 ж. Иоханнесбургте Біріккен Ұлттар Ұйымының Бүкілдүниежүзілік саммиті әлемдік қауымдастықтың алдына бірқатар өзекті мәселелерді планета болашағына, адамзат болашағына қатысты мәселерді ұсынды. Атап айтқанда, бұл мәселелер кедейлікпен күрес, терроризмге қарсы күрес, қоршаған ортаны қорғауға қатысты. Соңғы фактор айырықша маңызды. Әлемнің әр түрлі аймақтарындағы катаклизмдер, Европадағы сел, Азия, Африкадағы қауіпті дауылдар Жер экосистемасының нәзіктігін аңдатады. Табиғат ананың шыдамдылығының шегі бар екендігін байқатады.

Қазақстанды да экологиялық мәселелер айналып өтіп жатқан жоқ. Семей сынақ аймағындағы тұрғындар әлі күнге ядролық жарылыстардың зардабын шегуде. Арал теңізіне қатысты жағдайлар да күрделі қалпында. Табиғатқа аяусыз қарайтындармен күресу керек және күресуге болады. Осы сұрақ қоршаған орта экология мәселесіне тікелей қатысты мамандарға сараптамалық сауалнама жүргізу барысында басты сұрақтың бірі болды.

Бәрінен бұрын Респонденттерге еліміздегі экологиялық жағдайды бағалау ұсынылды. Сұралғандардың 18,7%: осы сала бойынша мәселелер бар, басқа елдер, аймақтарға қарағанда жағдайдың тым нашар еместігін айтты. Сарапшылардың 68,8 пайызы экологиялық мәселелердің тым қолайсыз еместігін, бақылауда ұстау қажеттілігін айтты. 12,5% мамандар: жағдайдың жоғары дағдарыста екендігін, ерекше шаралар қолдану керектігін айтты.

Экожүйенің бұзылуына әсер ететін факторлар көп. Бірақ олар Қазақстан үшін қауіпті. Бұл сұраққа жауапты №1 кестеден табасыз. Сарапшыларға экологиялық зардаптардың себептеріне қатысты жауаптардың ең нақты нұсқасын таңдау ұсынылды. Жауап бергендердің көпшілігі – 93,8%-ы табиғатты тиімсіз пайдалануға байланысты деген жауапты таңдады, сарапшылардың 50%-ы заңның (неэффективность законодательства) тиімсіздігін айтты; 43,8% тұрғындардың экологиялық-құқықтық мәдениетінің төмендігін айтты; 25%-ы дамудың техногендік түрлерін айтты; 25% пайызы қару сынаудың салдары, – деді; 6,3% трансшегаралық ластанудан, – деді.

Сарапшылардың пікірінше “Табиғаттан бәрін ала беруге болады” деген белгілі социалистік принцип кейбір қазақстандықтар үшін әлі де бұрынғыша билік құрып келеді. Мұны қоршаған ортаның жағдайы үшін Қазақстандағы қоғамдық қатынастық қандай субъектілер жауапты деген сұраққа жауаптан табасыз (2-ші кесте) сарапшылардың көпшілігі (кесте де соны көрсетіп тұр) қоршаған ортаның сапасы күрделі мөлшерде Қазақстан Парламентіне байланысты деп атады. Шындығында, қоршаған ортаны сақтауға шақырған сауатты, нақты жасалынған заңға көп нәрсе байланысты. “Табиғатты қорғау заңы талаптарға сай және табысты орындалып жатыр” деген сұраққа бірде бір сарапшы жауап бере алмады. Жауап берушілердің 56,3% – пайызы заңның кемшін тұстары баршылық деп жауап берді.

Мамандарға қойылған тағы бір маңызды сұрақтың жауабы мынау болды: экологиялық мәселелерді шешудің бастысы – қаржы ресурстарының және ұйымдастырудың тапшылығы. Мұны №3 кестеден көруге болады. (“Казахстанская правда” , 19.09.2005 г.)