Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Байболат Л.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
21.09.2019
Размер:
1.08 Mб
Скачать

Мемлекеттік шекара туралы түсінік

1. Сөздермен жұмыс (сөздікті пайдаланыңыз):

Хатталған, мойындалған, дербес, шекара сызығы, шарт, құқық, мызғымастық, тұтастық, құрметтеу.

2. Ойтүрткі

Сұрақтарды топ болып талқылаңыздар.

а. Халықаралық құқықтың қандай маңызды принциптерін білесіздер?

ә. Аумақ деген не, аймақ деген не?

б. Мемлекеттің елтаңбасын, туын, әнұранын, астанасын кім айқындайды?

в. Мемлекеттік шекара сызығы нені талап етеді?

г. Кез келген мемлекеттің аса маңызды сипаты не?

3. Көршіңізден, досыңыздан сұхбат алыңыз.

а. Қазақстан қандай мемлекеттермен шекаралас, көршілес?

ә. Қазақстан – Қытай шекарасы туралы заңды құжаттарды білесіз бе?

б. Қазақстан – Қытай шекарасының ұзындығын білесіз бе?

в. Бірінші рет Қазақстан – Қытай мемлекеттік шекарасы туралы келісімге қашан қол қойылды?

г. Халықаралық құқық принциптері Декларациясы бойынша мемлекеттер нені құрметтеуі тиіс?

4. Түсіндірме сөздік бойынша шекара, аймақ, тұтастық сөздерінің мағыналарын талқылаңыздар.

  1. Мәтінді оқыңыз. Таныс емес сөздерді сөздіктен қараңыз.

5. Шекара туралы түсінік

Заңдық негізде хатталған және халықаралық тұрғыда мойындалған шекара – бұл кез келген мемлекеттің аса маңызды сипаты. Егер елтаңбасын, туын, әнұранын, астанасын және тағы басқаларын әр ел өзі дербес айқындайтын болса, ал мемлекеттік шекара сызығының өтуі тиісті халықаралық шарттардың жасалуын талап етеді.

Ал ең бастысы – заңдық негізде хатталған шекара халықаралық құқықтың екі маңызды принципінің сақталуына жәрдемдеседі. Ол принциптер мыналар: шекараның мызғымастығы принципі және мемлекеттің аумақтық тұтастығы принципі. Ал, 1945 жылғы БҰҰ Жарғысы бойынша, кейінірек 1970 жылғы Халықаралық құқық принциптері туралы Декларация бойынша қатысушы мемлекеттер бір-бірінің аумақтық тұтастығын құрметтеуі тиіс.

6. Мына сөйлемдерді мәтінге сәйкес аяқтаңыз:

1. Заңдық негізде хатталған ...

2. Ал ең бастысы ...

3. Ол принциптер мыналар: ...

4. Ал, 1945 жылғы БҰҰ Жарғысы бойынша ...

7. Төмендегі етістіктер мен сөз тіркестерін пайдаланып, мәтінді әңгімелеңіз.

Заңдық негізде хатталған, мойындалған шекара, дербес айқындайтын, әр ел, мемлекеттік шекара сызығының өтуі, талап етеді, халықаралық құқықтың сақталуына жәрдемдеседі, шекараның мызғымастығы, мемлекеттік аумақтың тұтастығы, БҰҰ Жарғысы, қатысушы мемлекеттер, аумақтық тұтастығын құрметтеу.

8. Мына сөздердің синонимдерін табыңыздар: ел, дербес, айқындау, халықаралық, шарт, хатталған, маңызды, мызғымас, тұтастық, кейінірек, туралы, құрметтеу.

9. Сіздің пікіріңіз

Келісіңіз немесе қарсылығыңызды білдіріңіз.

1. Шекара – мемлекеттің аса маңызды сипаты емес.

2. Мемлекеттік шекара сызығының өтуі тиісті халықаралық шарттардың жасалуын талап етеді.

3. Заңдық негізде хатталған шекара халықаралық құқықтың екі маңызды принципінің сақталуына жәрдемдеседі.

4. Шекараның мызғымастығы және мемлекеттің аумақтық тұтастығы маңызды принциптер емес.

5. Халықаралық құқық принциптері туралы Декларация бойынша мемлекеттер бір-бірінің аумақтық тұтастығын құрметтеуі тиіс.