Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
статистика шпор МЭ-21.doc
Скачиваний:
9
Добавлен:
19.09.2019
Размер:
1.04 Mб
Скачать

5.Статистикалық топтау және топтау белгісін таңдау принциптері, түрлері

Статистикалық бақылаудың нәтижесінде жиналған бастапқы мәліметтеді қорытындылаудың негізгі тәсілі топтау әдісі болып табылады.

Статистикалық топтау әдісі деп қоғамдық құбылыстар мен процестерді өздеріне тән белгілеріне, өзара ұқсастығына немесе аса маңызды өзгешіліктеріне, түрлеріне үлгілеріне сәйкес бір-бірінен ажыратуға болатын топтар мен ішкі топтарға бөлуді айтады. Мұнда зерттеліп отырған қоғамдық құбылыстар мен процестер жиынтығы жекелеген белгідлері бойынша біртекті топтарға бөлінеді. Олардың әрқайсысы статистикалық сандық көрсеткіштермен сипатталады. Сондықтан, топтау әдісі статистикалық зерттеудің аса маңызды кезеңі болып саналады және ол сатылы жүргізіледі. Топтау әдісінің алдына қойған мақсаты мен мәні бар. Оның басты мақсаты жиналғсн мәліметтерге талдау жасау үшін ретке келтіріп ықшамдау, өзгермелі белгілеріне қарай іріктеу, жиынтық бірліктерін қанша топқа бөлу керек екендігін анықтау және көрсеткіштер жүйесін белгілеу. Топтау әдісі стаистикалық талдаудың алғашқы сатысы ретінде зерттеу жұмысын әр түрлі бағытта жүргізуге көмекьтеседі. Осы әдіс арқылы мына мәселелер шешіледі: 1) жалпы жмынтықты біртектес сапалық бөліктерге, яғни әлеуметтік экономикалық түрлеріне қарай бөлу 2) қоғамдық құбылыстар мен процестердің құрамын және оның ішкі құрамдас бқліктерінің өзгеруін зерттеу 3) қоғамдық құбылыстар мен процестер арасындағы өзара байланыс пен қатынасты белгілеріне қарай анықтау. Топтастырудың негізгі сұрағы топтардың санын анықтау. Топтардың санын анықтау барысында Стердж формуласын қолданамыз:

n = 1+ 3,332*lgN

n = топтың саны

lgN = генералды жиынтықтың бірлігі.

Топтастырудың түрлері: типологиялық, құрылымдық, аналитикалық. Сонымен қатар, жай және қиылыстырылған, бастапқы және екінші қайтара болуы мүмкін.

Топтастырудың түрлері: типологиялық, құрылымдық, аналитикалық. Типологиялық топтау дегеніміз статистикалық бақылау арқылы жинақталған әр түрлә бағыттағы жиынтық көрсеткіштерді сапалық жағынан бір жүйеге келтіріп, топтарға бөлуі және оның қорытынды көрсеткіштеріне талдау жасауын айтады. Құрылымдық топтау деп біртектес, бітрипті жиынтық бірліктерінің өзгерісін өздеріне тән белгілеріне қарай бөлуді айтамыз. Аналитикалық топтау дегеніміз себептік блгілері қоғамдық құбылысытң өзгергендігін, ал нәтижелік белгілері сол себептердің тигізген әсерін көрсететін топтау. Сонымен қатар, жай және қиылыстырылған, бастапқы және екінші қайтара болуы мүмкін. Егер жиынтық бірліктері бір ғана белгі бойынша топталған болса, жай топтау деп, ал екі немесе одан да көп белгілеріне қарай топталған, бөлінген болса онда оны күрделі топтау деп атайды. Қайта топтау деп алғашқы топтастырылған топтық көрсеткіштерді жаңа топтарға өзгерту әдісін айтады.

Топтау әдісінің алдына қойған мақсаты мен мәні бар. Оның басты мақсаты жиналғсн мәліметтерге талдау жасау үшін ретке келтіріп ықшамдау, өзгермелі белгілеріне қарай іріктеу, жиынтық бірліктерін қанша топқа бөлу керек екендігін анықтау және көрсеткіштер жүйесін белгілеу. Топтау әдісі стаистикалық талдаудың алғашқы сатысы ретінде зерттеу жұмысын әр түрлі бағытта жүргізуге көмекьтеседі. Осы әдіс арқылы мына мәселелер шешіледі: 1) жалпы жмынтықты біртектес сапалық бөліктерге, яғни әлеуметтік экономикалық түрлеріне қарай бөлу 2) қоғамдық құбылыстар мен процестердің құрамын және оның ішкі құрамдас бқліктерінің өзгеруін зерттеу 3) қоғамдық құбылыстар мен процестер арасындағы өзара байланыс пен қатынасты белгілеріне қарай анықтау

Топтау әдісі зерттеу жұмысын келесі бағытта жүргізуге көмектеседі

  • жалпы жиынтық біртектес сапалық бөліктерге, яғни әлеуметтік-экономикалық түрлеріне қарай бөлу

  • қоғамдық құбылыстары мен процесстердің құрамына және оның ішкі құрамдас бөліктерінің өзгеруін зерттеу

  • қоғамдық құбылыстар мен процесстер арасындағы өзара байланыс пен қатынасты белгілеріне қарай анықтау

Статистикалық белгілер статистикалық шамалармен көрсететін қасиет, құбылыстардың ерекше белгісі немесе ерекшелігі. Олрдың төрт түрі бар: сапалы және атрибуттық, сан, кеңістік, уақыт белгілері. Төрт белгіден туатын белгілер: бастапқы және қосымша, факторлық және нәтижелік.

Өзгермелі мәндеріне сәйкес: бүтін топтау, деңгей аралықты топтау

  • Топтау кезінде топтық белгілері бүтін санмен берілетін болса, онда ол бүтін сан өзгермелі топтауға жатқызылады

Студент

нөмері

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

Баға

3

3

4

5

4

4

5

4

3

4

3

2

4

3

4

Топ саны 4 тең -2,3,4,5

Топ нөмері

Баға

Студенттер саны

Студенттер үлесі

1

2

1

0,067

2

3

5

0,33

3

4

7

0,46

4

5

2

0,133

барлығы

 

15

1,000

  • Деңгей аралықты топтауда тұрақты және тұрақсыз деңгей аралықты шамалар қолданылады

  • Егер бос топтар мәселесі туындаса онда тұрақсыз деңгей аралықты шама арқылы мәліметтер топталады

6.Статистикалық кесте элементтері, түрлері, құру ережесі

Статис-қ мәліметтерді жинақтаудың ж/е топтаудың қорытынды көрсеткіштері кесте түрінде беріледі. Сандық көрсеткіштердің кесте арқылы берілуі және олардың өзара байланыстылығының толық көрсетілуі статистиканың жеткен үлкен жетістігі деуге болады. Статистикалық кестенің негізгі ерекшелігі сол – ондағы барлық көрсеткіштерге бір-ақ ат беріліп, қысқаша ғана не туралы екендігі баяндалады. Сонымен бірге, әрбір жолдары мен бағаналарына өздерінің мағынасына қарай қысқаша аттары, ал ішінде пайда болған тор сызықтарға сандық мәндері жазылады. Статистикалық кесте деп- көлденең және тігінен сызылған сызықтардың бір-бірімен қиылысуынан туындайтын, сандық мәліметтерді ұтымды түрде қолдануын айтамыз. Оның қолданылуы – қоғамдық құбылыстардың сандық көрсеткіштерін нақты көрсете алады және талдау, зерттеу жасауға ықпал етеді. Оның негізгі 2 элементі: бастауыш пен баяндауышы. Бастауыш- зерттелетін объектіні, сандарды суреттейтін статистикалық жиынтық немесе оның топтастырылған бірліктері. Бастауыш кестенің сол жағына орналасып, жолдардың мағынасы ретінде беріледі. Баяндауыш зерттеліп отырған объектінің сандық көрсеткіштермен сипатталуы немесе толық мазмұндалуы. Ол оң жағына орналасады, бағаналар аты ретінде беріледі. Егер де бастауыштың көрсеткіштері баяндауыштан көп болатын болса, онда олардың орындарын ауыстыруға, яғни бастауышты бағаналарға, баяндауышты жолдарда көрсетуге болады.

Түрлері: Бастауыштың құрылысына қарай стат-лық кестелер жай, топтық және күрделі болып бөлінеді. Жай кесте- бастауыш бір ғана белгі арқылы бөлініп, процестер құбылыстар аттары көрсетілсе. Олар өз кезегінде: тізімдік, территориялық, хронологиялық болып бөлінеді. Тізімдік жай кесте бастауышында зерттелетін объектінің тізімі беріледі. Территориялық жай кесте деп кесте бастауышында зерттелетін аймақтың тізімі берілсе айтамыз.кесте бастауышында уақыт мерзімі. Ал баяндауышында сандық көрсеткіштер берілетін болса, онда оны хронологиялық жай кесте деп айтамыз. Топтық кесте- кесте бастауышы топталған белгінің негізінде құралған болса. Күрделі кесте- кесте бастауышында келтірілген құбылыстар екі не одан да көп көрсеткіштер б/ша топталып, ал әр топ одан да басқа жеке бөліктерге бөлінеді. Құру ережелері: Кестенің жоғарғы жағында оның нақты аты жазылып, бастауыш пен баяндауышты дұрыс жазып толтыру, яғни сөздерін толық беру қажет. Бірақ, жолдарда, бағаналарда көрсетілген көрсеткіштердің қай уақытта, қай жерден алынғаны, өлшем бірліктері көрсетілуі тиіс. Егер өлшем бірліктерін жазғанда бір өлшем аты ғана берілген болса, онда оны кестенің жоғарғы жағына атынан кейін жазуға болады, ал өлшем бірліктері әр түрлі болатын болса, онда оларды кестенің бастауышынан кейін бөлек бір бағана етіп көрсету қажет. Ескеретін жайт, кестенің бастауышы мен баяндауышы өте көп болмауы керек. Себебі, кестенің көлемі неғұрлым көп болса, соғұрлым оның оқылуы қиындап, дұрыс қорытынды жасауға мүмкіндік бермейді.

7.Нақты шамалардың түрлері мен мағыналары.

Нақты шама қоғамдық құбылыстардың мөлшерін, көлемін, санын білдіреді. Нақты шаманың дербес және жалпы түрлерін ажыратуға болады. Дербес нақты шама жиынтықтың жеке бөліктерінің мөлшерін білдіреді. Жалпы нақты шамалар жеке дербес нақты шамалардың қосындысынан тұрады. Нақты шаманың өлшем бірлігі: натуралды, еңбекті, демократиялық және құнды. Натуралды өлшем бірлігі ол м, км, кг, т. Еңбек өлшем бірлігі: адам күн, адам сағатғ адам жыл, т.б. демократиялық өлшем бірлігі: адам, туу, өлу, көшу. Құн өлшем бірілігі бір көлемде жиналған тауарлардың тұтыну көлемі.

  • Статистикалық нақты шамалар

Қоғамдық құбылыстар мен процестердің белгілі бір жердегі және бір уақыттағы мөлшерін,көлемін, аумағын,деңгейін сипаттайтын нақты сандық көрсеткіштер

Нақты шамалар:

  • Жеке нақты шамалар

Жиынтықтың жеке бөліктерінің мөлшерін өздеріне тән қасиеттер арқылы көрсетеді

  • Жалпы нақты шамалар

Жеке нақты шамалар дың қосындысынан алынады

Нақты шама типтері:

  1. Табиғи

Сол қарастырылып отырған заттың, нәрсенің өзіне тән табиғи-физикалық қасиеттеріне байланысты қолданылатын өлщем бірліктері. оған салмақ, көлем, ұзындық сияқты өлшем бірліктері жатады.

  1. Еңбек өлшемді

Еңбек өлшем бірліктері өнім өндіруге және қызмет көрсетуге жұмсалынған жұмыс уақытының мөлшерін анықтауға арналған. Ол адам-сағат, адам-күн, адам-жыл сияқты өлшем бірліктерін қолдану арқылы өлшенеді. Яғни бір адамның бірсағат, күн және жыл ішінде істеген жұмысының нәтижесін көрсетуге болады және оны ақшалай өлшемге айналдыруға тура келеді.

  1. Құндылықты

Құндылықты немесе ақшалай өлшем бірліктері өндірілген өнімнің өзіндің құнын, еңбекақы көлемін, таза пайда мен зиянды, банк несиесімен есептесу және т.б көрсеткіштерді жинақтау үшін қолданылады. Ақшалай өлшем бірліктеріне тиын мен теңге, доллар жатады.

  1. Шарты өлшемд і

Оған өзінің қолданылуы жағынан бірдей, ал сапалық құрамы жағынан әр ін есептеу үшін пайдаланылады. Оны есептеу кезінде арнайы коэффиценттер жүйесі қолданылады. Шартты өлшем бірліктерін қолдану және есептеу кезінде орташа көрсеткіштерді пайдалануға болады.

8.Статистикалық жинақтаудың мәні, мақсаттары және түрлері

Статистикалық жинақтау - бақылау нәтижесінде, жиналған бастапқы мәліметтерді ғылыми жүйеде өңдеуді және жиынтық белгілерін өздеріне тән белгілері б/ша топқа боліп, қорытынды көрсеткіштерді есептеуді айтады. Ол жай және күрделі болып 2ге бөлінеді. Жай жинақтау- жиналған материалдарды топқа бөлмей, қорытынды көрсеткішерін есептеу. Бұл жинақтаудың ең жеңіл түрі және ол жиналған мәліметтердің көрсеткіштерін қосу арқылы есептелінеді. Күрделі жинақтау- деп алдынала жасалынған бағдарлама б/ша жиынтық бірліктерін топқа бөлуді және әрбір топ б/ша сол жиынтықтың жалпы мөлшерін есептеп шығаруды айтамыз.мысалғға. студенттер санын мамандықтарына б/сты қосу. Статис/қ мәліметтерді жинақтау 2 түрлі жолмен ұйымдастырылады:централды және децентралды. Централды барлық мәліметтерді бір орталыққа жмнап, осында қорытынды жасау. Мысалы: адамның тууы, өлуі, некелесуі ж/е т.б. Децентралды алғашқы мәліметтер төменгі сатыдағы мекемелерде жинақталып, қорытынды мәліметтер жоғарғы сатыдағы мекемелерге тапсырылады. Мысалға, халық санағы, әр бір ауыл қорытыны көрсеткіштерді облыстық статистика агенттігіне тапсырады.