Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Билеты Физика.docx
Скачиваний:
8
Добавлен:
14.09.2019
Размер:
87.75 Кб
Скачать

2. Денелердің өзара әрекеттесуі кезіндегі жылдамдықтарының өзгеру дәрежесін анықтайтын физикалық шама масса деп аталады. Массаны m әрпімен белгілейді.

Тығыздық. Зат массасының осы зат көлеміне қатынасымен өлшене отырып, сол затты сипаттайтын өте маңызды физикалық қасиеттердің бірі.

Заттың тығыздығын анықтау үшін міндетті түрде көлемдері 1 м3 немесе 1 см3 болатын денелерді жасаудың қажеттігі жоқ. Ол үшін алдымен тығыздығы анықталатын дененің массасы мен көлемін өлшеп алып, сонан соң массаны көлемге бөлсек болғаны. Сонда біз көлем бірлігіне сәйкес келетін массаны, яғни тығыздықты табамыз. Сонымен заттың тығыздығын табу үшін дененің массасын оның келеміне бөлу керек. Заттың тығыздығын - р, дененің массасын - м, оның көлемін - В әріптерімен белгіеді. Зат тығыздығының бірлігі үшін бірліктердің Халықаралық жүйесінде (СЫ) килограмның метр кубқа қатынасы (кг/м3) алынған. Бұл - көлемі 1 м3 болатын, массасы 1 килограмға тең біртекті заттың тығыздығы. Есептеулер жүргізу кезінде тығыздықтың г/см3, т/м3сияқты баска да бірліктері қолданылады.

17-билет

1.Электр заряды – бөлшектер мен денелердің сыртқы электрмагниттік өріспен өзара әсерін, сондай-ақ олардың электрмагниттік өрістерінің өзара байланысын анықтайтын негізгі сипаттамалардың бірі. Э. з. 2 түрге ажыратылады және ол шартты түрде оң заряд және теріс заряд деп аталады. Аттас зарядтар бірін-бірі тебеді, ал әр аттас зарядтар бірін-бірі тартады. Дененің Э. з. оның құрамына енетін барлық бөлшектің Э. з-ның алгебр. қосындысына тең. Э. з. дискретті, яғни барлық бөлшектер мен денелердің Э. з. еселі болып келетін ең кіші элементар Э. з. болады. Оқшауланған электр жүйесінде зарядтың сақталу заңы орындалады. Қозғалмайтын Э. з-ның арасындағы өзара әсер Кулон заңымен, ал Э. з. және оның эл.-магн. өрісінің арасындағы байланыс Максвелл теңдеулерімен сипатталады. Заттағы өрісті қарастырған кезде Э. з. еркін заряд және байланысқан заряд болып ажыратылады. Э. з-ның бірліктердің халықаралық жүйесіндегі (СИ) өлшеу бірлігі – кулон (к).

Электроскоп – (электро... және грек. скопео – көремін) дененің электрлену дәрежесін анықтауға арналған прибор. Ол жеңіл металл (алюминий) жапырақшалар ілінген металл шариктен (не сырықтан) тұрады. Шарикке (не сырыққа) электрленген денені тиістіргенде жапырақшалар бір-біріне тебіледі. Жапырақшалардың бір-біріне қашықтау дәрежесі (арасындағы бұрышы) шамамен шарикке (сырыққа) берілген электр зарядының мөлшеріне пропорционал. Егер Э. металл қораптың ішіне орналастырылып (металл қорап сырыққа тиістірілмейді), сым арқылы жермен қосылса, онда жапырақшалардың арасындағы бұрыш Э. шаригіне (сырыққа) тиістірілген дененің жермен салыстырғандағы потенциалының өлшеуіші болады.

2. Тербелістердің серпімді ортаның бір бөлшегінен екінші бір бөлшегіне таралу процесі механикалық толқын деп аталады. Суға лақтырылған тастың түскен жерінде пайда болады. Тас түскен жердегі су ығысады да, ол жерде ойыс пайда болады. Ойыс төңірегінде ығысқан су дөңгелек сақина пішінді өркеш түзеді. Бұл өркеш сол мезетте-ақ жан-жағына қарай кеңейе отырып, тастың түскен жерінен алыстай бастайды. Біріншіден кейін екінші, содан соң үшінші, т.с.с. өркештер пайда болады. Өркештер бір-бірінен ойыстармен бөлшеді. Бұл процесс толқындық қозғалыс болып табылады. Дыбыс, кең мағынасында – газ, сұйықтық немесе қатты күйдегі серпімді орта бөлшектерінің толқын түрінде таралатын тербелмелі қозғалысы; тар мағынасында – адамдар мен жануарлардың арнаулы сезу органымен субъективті түрде қабылданатын құбылыс.

Акустика (грекше акұстікос — естілетін, тыңдалатын) — физиканың ең төменгі жиіліктен (шартты түрде 0 Гц) ең жоғарғы жиілікке (1011—1013 Гц) дейінгі аралығын қамтитын серпімді тербелістер мен толқындарды және олардың затпен өзара әсерлесуі мен түрліше қолданылуын зерттейтін саласы.

18-билет

1.Айнымалы электромагниттік өріс тербелістерінің кеңістікте таралуын электромагниттік толқын деп атайды. Максвеллдің болжамы бойынша электромагниттік толқын тогы бар өткізгіштің бойымен, диэлектрикте және электр зарядтары жоқ вакуумде де тарала алады. Максвелл теориясынан шығатын аса маңызды салдардың бірі — электромагниттік толқынның таралу жылдамдығының шектілігі. Оның есептеулері бойынша электромагниттік толқынның таралу жылдамдығы:

Мұндағы Ф\м — электрлік және Гн\м— магниттік тұрақтылар. Бұл электромагниттік өрістің іргелі қасиеті. Электромагниттік толқынның ортадағы таралу жылдамдығы Максвелл формуласы бойынша анықталады:

, (3.2)

мұндағы — ортаның сыну көрсеткіші, — ортаның диэлектрлік және — магниттік өтімділіктері.

Электромагниттік толқынның теориялық есептеулер арқылы табылған вакуумдегі жылдамдығы тікелей өлшенген жарық жылдамдығына тең болуының маңыздылығы ерекше. Жарық — электромагниттік толқын болып шықты.

Радиобайланыс – бұл радиотолқындардың (электромагнитті тербеліс) көмегімен әртүрлі арақашықтықтағы ақпараттардың алмасуына арналған электробайланыстың бір түрі. Радио (лат. радіаре – сәулелену), «радиобайланыс» термині - «сәулелену көмегімен болатын байланыс», яғни өткізгішті сымның көмегінсіз (сымсыз байланыс).