Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
топики by Nar.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
13.09.2019
Размер:
64 Кб
Скачать

Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы.

Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы- дүниежүзіндегі ең ірі қорғаныс мекемесі болып табылады. Негізінен БҰҰ-ға көмекші ұйым ретінде құрылды. Қазақстанның бұл ұйымға кіргенінен көп пайда түсті. Өйткені бұл ұйымның негізгі осындай міндеттері нақты жазылған: аймақтағы қақтығыстардың алдын алу, дағдарысты жағдайды реттеу, қақтығыс салдарын ликвидациялау. Бүгінгі таңда ЕҚЫҰ құрамына 56мүше. ЕҚЫҰ Еуроатлантика мен Еуразия кеңестігін біріктіріп отыр. 1992 жылы Қазақстан ЕҚЫҰның жана мүшесі болып қабылданды. 1995 жылы Вена қаласынан ҚР өзінің тұрақты өкілдігін ашты.Ал 2010 жылы Қазақстан ЕҚЫҰ төраға болып сайланды.

Сыртқы саясат. Халықаралық қатынастар

Қазақстан Ресеймен, Қытаймен және АҚШ-пен, Орталық Азия мемлекеттерімен және Оңтүстік Шығыс елдерімен өзара саяси, қауіпсіздік, экономика салаларындағы қатынасты дамытуға мән бере отырып, көпвекторлық саясатты жүргізуде. ҚР соңғы он жылда әлемдік қауымдастықпен барлық салаларда өркениетті байланыстар дамыта білген ашық қоғамға айналды. Көптеген елдермен өзара тиімдә және ұтымды қарым-қатынастар қалыптастырып, инвестициялардың келуі өсе түсті.

Қазақстанның дипломатиялық және экономикалық қатынастарының алғашқы қадамдары

1995 жылғы 15 ақпанда Президент Ңұрсұлтан Назарбаев мемлеткеттің сырткы саясаты мәселелері бойынша кеңес өткізді. Бұның негізгі тақырыбы Еуропа Одағымен байланысты екендігін, басқа да мемлекеттерімен қатынаста , ең алдымен, сауда –экономика салада, бүкіл Еуропа атынан саясат жүргізетіндігін атап өтті.

Қазақстан дипломатиясының кезеңдері.

Кеңес одағының күйреуі және қос кіндікті дүниенің құлауына байланысты халықаралық қатынастардың жаңа жүйесі пайда болды. Қазақстан Республикасы т»уелсіздік алған алғашқы жылдары ақ өзінің сыртқы саясатын тездетіп қалыптастыруы қажет болды, әйтпесе, біздің мүдделерімізге орасан ңұқсан келуі мүмкін еді. Қазақстанның сыртқы саясатының тұжырымдамасын Президент Нұр Назарбаев өзінің 1992жылғы мамыр айында шыққан «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» атты еңбегінде атап көрсетті. Мұнын мәні - әлемдік деңгейдегі істерде елеулі орын алатын және еліміздің ңақты мүдделері тоқайласатын мемлекеттердің бәрімег досық және өзара сенімділік сипатындағы қарым –қатынастарды дамыту деген сөз. Сонымен, Қазақстан дипломатиясы қалыптасу кезеңі ойдағыдай аяқтап, қазіргі кезде кемеліне келуіне байланысты еліміздің халықаралық қатынастар жуйесіндегі орны мен рөлін айқындауға қызмет етіп отыр.

Дипломатиялық хат-хабар жазысу.

Дипломатиялық хат-хабар жазысу – мемлекеттің сыртқы саяси және дипломатиялық қызметінің негізгі нысандарының бірі, мемлекеттер арасындағы қарым – қатынастарды іске асыратың әртүрлі ресми қатынас хаттар мен дипломатиялық сипаттағы құжаттардың жиынтығы. Дипломатиялық хат-хабар жазысу мемлекеттін сыртқы экономикасына, саясатына, басқа елмен қарым-қатынасына үшін манызды болып табылады. Дипломатиялық тәжірибеде жиі пайдаланатың дипломатиялық хат-хабар жазысу құжаттар : жеке нота, вербальды нота, жадынамалық жазбалар, меморандум, жеделхаттар, жеке жолдаулар.