Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТАМОЖЕННЫЙ КОДЕКС РК (каз.яз.).doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
17.08.2019
Размер:
2.19 Mб
Скачать

Кеңес беру

30-бап. Кеден ісі саласында ақпарат беру

1. Кеден ісі саласында ақпарат беру уәкілетті органның Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мерзімді баспасөз басылымдарында Қазақстан Республикасының кеден ісі саласындағы нормативтік құқықтық актілерін ресми жариялау жолымен жүзеге асырылады.

2. Кеден ісі саласында ақпарат беру ауызша түсіндірулер мен хабарландыруларды, ақпараттық стенділерді, таблоларды, буклеттерді және өзге де баспасөз материалдарын, сондай-ақ бейне, дыбыс және ақпаратты тарату үшін қолданылатын, оның ішінде жалпы қол жеткізілетін және тегін танысуға арналған басқа да техникалық құралдарды пайдалану арқылы да мынадай орындарда:

1) Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде;

2) әуежайларда, темір жол және автомобиль станцияларында, су порттарында;

3) халықаралық тасымалдарды орындайтын автокөлік құралдарының, әуе және су кемелерінің бортында;

4) осы Кодексте белгіленетін кедендік бақылау аймақтарында, сондай-ақ кеден органдары белгілейтін өзге де жерлерде жүзеге асырылады.

3. Кеден органдары сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушылардың уәкілетті орган белгілеген тәртіппен ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы Қазақстан Республикасының кеден ісі саласындағы нормативтік құқықтық актілер туралы ақпаратқа кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз етеді.

31-бап. Кеден ісі саласында кеңес беру

1. Кеден ісі саласында кеңес беру кеден органдарының сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушыларға Қазақстан Республикасының кеден заңдарының ережелерін түсіндіруі болып табылады.

2. Кеден ісі саласында кеңес беру кеден органдарының орналасқан жері бойынша және кеден органдарының жұмыс уақыты кезеңінде жүзеге асырылады.

3. Кеден органдары кеңес беруді сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушылардан жазбаша өтініш алынған кезде, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы жазбаша нысанда жүргізеді. Келіп түскен өтініштер кеден органдарында міндетті түрде тіркелуге тиіс. Жазбаша өтінішті қарау мерзімі, осы баптың 4-тармағында аталған жағдайларды қоспағанда, ол тіркелген күннен бастап он жұмыс күнінен аспауға тиіс.

4. Берілетін кеңестің дұрыстығы және объективтілігі үшін қосымша құжаттар мен материалдар табыс етуді талап ететін өтініштерге қатысты, сондай-ақ кеден органдарының сол өтінішті қарау үшін айтарлықтай мәні бар ақпаратты алуға басқа мемлекеттік органдарға және өзге де ұйымдарға өтініш жасауы қажет болған жағдайда кеңес берудің мерзімі жазбаша өтініш тіркелген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспауға тиіс.

32-бап. Кеден ісі саласында толық емес немесе көрінеу жалған ақпарат бергені үшін жауапкершілік

Кеден органдарының лауазымды адамдары кеден ісі саласында толық емес немесе көрінеу жалған ақпарат бергені не ақпарат беруден заңсыз бас тартқаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

2. Ерекше Бөлім

4-Бөлім. Тауарлардың шығарылған елі. Сыртқы

Экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы. Алдын-ала шешім

7-тарау. Тауарлардың шығарылған елін анықтау

33-бап. Тауардың шығарылған елін анықтау

2005.20.06 № 62-III ҚР  Заңымен  1  тармақ  өзгертілді   (бұр. ред. қара)

1. Тауардың шығарылған елі тауарды Қазақстан Республикасының кедендік аумағына  әкелу және тауарды бұл аумақтан әкету жөнiндегі демпингке қарсы, өтемдiк және қорғау шараларын қоса алғанда, тарифтік және тарифтік емес реттеу шараларын қолдану мақсатымен анықталады.

 2005.20.06 № 62-III ҚР  Заңымен  2  тармақ  өзгертілді   (бұр. ред. қара)

2. Тауар толық өндірілген немесе осы Кодекстің 35-бабында белгіленген жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу өлшемдеріне сәйкес жеткілікті дәрежеде қайта өңделген ел тауардың шығарылған елі болып есептеледі. Тарифтік және тарифтік емес реттеу шараларын қолдану мақсаты үшін  елдер тобы және елдердiң кеден одақтары тауардың шығарылған елі деп есептелуі мүмкін.

 

34-бап. Белгілі бір елде толық өндірілген тауарлар

Мыналар белгілі бір елде толық өндірілген тауарлар болып есептеледі:

1) елдің жер қойнауынан, оның аумақтық суларында (теңіздерінде) немесе оның құрлықтық қайраңында өндірілген пайдалы қазбалар;

2) белгілі бір елде өсірілген немесе жиналған өсімдік тектес өнім;

3) белгілі бір елде туған және (немесе) өсірілген тірі жануарлар;

4) белгілі бір елде өсірілген жануарлардан алынған өнім;

5) белгілі бір елде аңшылық немесе балық аулау кәсіпшілігінің нәтижесінде алынған өнім;

6) белгілі бір елдің кемесімен не ол жалға алған (кіреге алған) кемемен алынған теңіз балық аулау кәсіпшілігі өнімі мен теңіз кәсіпшілігінің басқа да өнімі;

7) белгілі бір елдің қайта өңдеуші кемесінің бортында осы баптың 6) тармақшасында аталған өнімнен ғана алынған өнім;

8) белгілі бір елдің, сол теңіз түбін немесе сол теңіздің қойнауын өңдеуге арналған ерекше құқықтары болған жағдайда, осы елдің аумақтық суларынан (теңізінен) тыс жерлердегі теңіз түбінен немесе теңіз қойнауынан алынған өнім;

9) өндірістік немесе қайта өңдеу жөніндегі өзге де операциялар нәтижесінде алынған қалдықтар мен металл сынықтары (қайталама шикізат), сондай-ақ сол елде жиналған және тек шикізат күйінде қайта өңдеу үшін ғана жарамды, пайдалануда болған бұйымдар;

10) белгілі бір елге тиесілі не ол жалға алған (кіреге алған) ғарыш кемелерінде ашық ғарышта алынған жоғары технологиялар өнімі;

11) белгілі бір елде осы баптың 1)-10) тармақшаларында аталған өнімнен ғана дайындалған тауарлар;

12) белгілі бір елдің аумағында өндірілген электр энергиясы.

35-бап. Тауарды жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу

өлшемдері

1. Егер тауарларды өндіруге екі және одан көп елдер қатысса, осы баптың ережелеріне сәйкес жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу өлшемдеріне сай келетін тауарларды қайта өңдеу немесе дайындау жөніндегі соңғы операцияларды жүзеге асырған ел тауарлардың шығарылған елі болып есептеледі.

2. Тауарды белгілі бір елде жеткілікті дәрежеде қайта өңдеудің өлшемдері мыналар болып табылады:

1) Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша тауар кодының тауарды қайта өңдеу нәтижесінде болған алғашқы кез келген төрт белгінің деңгейінде өзгеруі;

2) бұл операциялар орын алған ел тауардың шығарылған елі болып есептелуі үшін жеткілікті өндірістік немесе технологиялық операцияларды орындау;

3) құнының проценттік үлесі түпкі өнімнің бағасында тіркелген үлесіне жеткен кездегі тауар құнының өзгеруі (адвалорлық үлес ережесі).

3. Нақты тауарларға қатысты осы баптың 2-тармағының 2) және 3) тармақшаларында аталған жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу өлшемдерін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

4. Адвалорлық үлес ережесі қолданылған жағдайда құн көрсеткіштері:

1) импортталған тауарлар үшін - бұл тауарлардың оларды түпкі өнім өндіру жүзеге асырылатын елге әкелу кезіндегі кедендік құны бойынша немесе импортталған тауарлардың шығу тегі белгісіз болған жағдайда олардың түпкі өнім өндіру жүзеге асырылатын елдің аумағында алғашқы сатылуының құжат арқылы расталған бағасы бойынша;

2) түпкі өнім үшін - сатушының тауарды тиеу, кедендік ресімдеу және экспорт елінен әкету шығыны қосылмайтын зауыт (қойма) бағасы ("франко-зауыт" жағдайларындағы баға) бойынша есептеп шығарылады.

5. Тауардың белгілі бір елде жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу өлшеміне:

1) тауарларды сақтау немесе тасымалдау кезінде олардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі операциялар;

2) тауарларды сатуға және тасымалдауға дайындау жөніндегі операциялар (лекті бөлшектеу, жөнелтуді қалыптастыру, сұрыптау, қайта орау);

3) бекіту материалдарының (бұрандалардың, гайкалардың, болттардың және басқаларының) көмегімен не жапсыру, пісіру, дәнекерлеу немесе желімдеу арқылы тауар компоненттерін құрастыру деп түсінілетін қарапайым құрастыру операциялары;

4) егер түпкі өнімнің сипаттамалары араластырылатын тауарлардың сипаттамаларынан ерекшеленбейтін болса, әр түрлі елдерде шығарылатын тауарларды (компоненттерді) араластыру;

5) мал сою;

6) жоғарыда аталған операциялардың екі немесе одан да көп санының құрамдастырылуы сай келмейді деп есептеледі.

6. Егер тауарлардың жекелеген түрлеріне немесе Қазақстан Республикасы тарифтік преференциялар беретін қандай да бір елге қатысты Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелінетін тауарлардың шығарылған елін анықтаудың ерекшеліктері өзгеше ескертілмесе, жалпы тәртіп қолданылады:

егер тауарларды қайта өңдеу немесе дайындау жөніндегі операцияларды жүзеге асыру нәтижесінде Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша коды алғашқы кез келген төрт белгінің деңгейінде өзгерген болса, тауар сол елде шығарылған болып есептеледі.

36-бап. Бөлшектелген немесе құрастырылмаған түрде жеткізілетін тауарлардың шығарылған елін анықтау

1. Бірнеше лек етіп жеткізілетін бөлшектелген немесе құрастырылмаған түрдегі тауарлардың шығарылған елін анықтау кезінде, егер өндірістік немесе көліктік жағдайлары бойынша оларды бір лек етіп тиеу мүмкін болмаса, сондай-ақ тауарлар легі қателік салдарынан бірнеше лекке бөлінген жағдайларда, біртұтас тауар ретінде қарастырылады.

2. Осы баптың 1-тармағының ережелері мына шарттар сақталған кезде қолданылады:

1) мұндай жеткізудің себептерін көрсетіп, лек-легімен жеткізілетін бөлшектелген немесе құрастырылмаған түрдегі тауарлар туралы кеден органын алдын ала хабардар ету және Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша тауарлардың кодтарын, әр лекке кіретін тауарлардың құны мен шығарылған елін көрсетіп әр лектің сипаттамасын табыс ету. Қателіктің немесе мекен-жайына дұрыс жолданбаудың салдарынан тауарды бірнеше лекке бөлу жағдайларында тауарды бөлудің қателігін құжатпен растау қосымша табыс етіледі;

2) тауарлардың барлық легін бір елден бір келісім-шарттың шеңберінде бір жеткізушінің беруі;

3) тауарлардың барлық легін бір кеден органында декларациялау;

4) тауарлардың барлық легін Қазақстан Республикасының кедендік аумағына кеден органы тауарлардың алғашқы легіне қатысты жүк кедендік декларациясын қабылдаған күннен бастап алты айдан аспайтын мерзімде әкелу. Тауарлар алушыға байланысты емес себептер бойынша тауарларды жеткізіп беру мүмкін болмаған жағдайда кеден органы декларанттың дәлелді өтініші бойынша тауардың қалған легін әкелу мерзімін ұзартуы мүмкін. Бұл орайда аталған ұзарту тауардың алғашқы легі әкелінген күннен бастап бір жылдан аспауы керек.

37-бап. Тауарлардың шығарылған елін анықтау кезіндегі ерекшеліктер

1. Тауарлардың шығарылған елін анықтау кезінде оларды өндіру немесе қайта өңдеу үшін пайдаланылатын энергия, машиналар, жабдықтар мен аспаптар есепке алынбайды.

2. Машиналармен, жабдықтармен, аппараттармен немесе көлік құралдарымен пайдалануға арналған құрал-саймандар, керек-жарақтар, қосалқы бөлшектер мен аспаптар, егер құрал-саймандар, керек-жарақтар, қосалқы бөлшектер мен аспаптар жоғарыда аталған машиналармен, жабдықтармен, аппараттармен немесе көлік құралдарымен жиынтықта және техникалық ілеспе паспортында, техникалық формуляр мен басқа да техникалық құжаттарда көрсетілген мөлшерде әкелінсе және сатылса, сол машиналар, жабдықтар, аппараттар немесе көлік құралдары әкелінген елде шығарылған деп есептеледі.

2007.26.07. № 312-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Қазақстан Республикасының кедендік аумағына тауар әкелінетін орама және (немесе) ыдыс сол тауардың елінде шығарылған деп есептеледі, бұған орама және (немесе) ыдыс Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес тауардан бөлек қаралатын жағдайлар қосылмайды. Бұл жағдайларда орама және (немесе) ыдыс шығарылған ел тауар шығарылған елден бөлек анықталады.

2007.26.07. № 312-III ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

4. Тауардың шығарылған елін анықтау мақсаты үшін, оның ішінде адвалорлық үлес тәртібін қолдану кезінде, егер Қазақстан Республикасының кедендік аумағына тауар әкелінетін орама және (немесе) ыдыс сол тауардың елінде шығарылған деп есептелсе, тауардың бөлшек саудада сатылатын орамасы және (немесе) ыдысы  ғана есепке алынады.

38-бап. Тауардың шығарылған елін растау

Тауардың шығарылуы туралы сертификат не тауардың шығарылуы туралы декларация тауардың шығарылған елін растау болып табылады.

39-бап. Тауардың шығарылуы туралы сертификат

1. Тауардың шығарылуы туралы сертификат - тауар шығарылған елді куәландыратын және сол мемлекеттің немесе, егер әкетілетін мемлекетте сертификат тауар шығарылған елден алынған мәліметтер негізінде берілсе, әкетілетін мемлекеттің уәкілетті органы берген құжат.

 2005.20.06 № 62-III ҚР  Заңымен  2  тармақ  өзгертілді   (бұр. ред. қара)

2. Тауарларды Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан , сондай-ақ еркiн қойма аумағынан Қазақстан Республикасының кедендік аумағының басқа бөлігіне әкету кезінде тауардың шығарылуы туралы сертификатты, егер аталған сертификат келісім-шарттың талаптары бойынша, тауар әкелінген елдің ұлттық ережелері бойынша қажет болса немесе аталған сертификаттың болуы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделсе, тиісті уәкілетті мемлекеттік орган береді.

Осы сертификатты берген тиісті уәкілетті мемлекеттік орган оның көшірмесін және соның негізінде тауарлардың шығарылуы куәландырылған өзге де құжаттарды олар берілген күннен бастап кемінде үш жыл сақтауға міндетті.

3. Егер тауардың шығарылуы туралы сертификатта тауардың шығарылған елі туралы мәліметтер Қазақстан Республикасында қолданылатынға қарағанда жеткілікті дәрежеде қайта өңдеудің өзгеше өлшемдеріне негізделген болса, тауардың шығарылған елі осы Кодекстің 35-бабында аталған өлшемдерге сәйкес анықталады.

40-бап. Тауардың шығарылуы туралы декларация

1. Тауардың шығарылуы туралы декларация дайындаушының немесе сатушының тауарға қатысты тауардың ілеспе құжатында тауардың шығарылған елі туралы жасаған мәлімдемесі болып табылады.

2. Егер тауардың шығарылуы туралы декларацияда тауардың шығарылған елі туралы мәліметтер Қазақстан Республикасында қолданылатынға қарағанда жеткілікті дәрежеде қайта өңдеудің өзгеше өлшемдеріне негізделген болса, тауардың шығарылған елі осы Кодекстің 35-бабында аталған өлшемдерге сәйкес анықталады.

41-бап. Тауардың шығарылуы туралы сертификат беру шарттары

1. Тауарды Қазақстан Республикасының кедендік шекарасына әкелу кезінде, егер:

1) сол тауардың шығарылған еліне Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес тарифтік артықшылықтар берілген;

2) кеден органында тауардың тауарларды әкелу тарифтік емес реттеу шараларымен реттелетін елдерде шығарылғаны туралы негізделген ұйғарымдар болған;

3) Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттарда бұл көзделген жағдайларда, тауардың шығарылуы туралы сертификат табыс етіледі.

2. Осы баптың 1-тармағында аталған жағдайларда тауардың шығарылуы туралы сертификат Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттарда көзделген белгілі бір нысан бойынша табыс етіледі.

3. Осы баптың 1-тармағы 1) тармақшасының ережелеріне қарамастан, егер:

1) Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелінетін тауарлар таңдап алынған кедендік режимнің шарттарына сәйкес кедендік баждарды және салықтарды төлеуден босатылса;

2) бір келісім-шарттың шеңберінде көп рет жеткізіп беруді, сондай-ақ нақ сол тауарды бір жөнелтуші нақ сол алушының атына әртүрлі келісім-шарттар бойынша қайталап жеткізіп беруін қоспағанда, әкелінетін тауарлар легінің кедендік құны тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген тоғыз жүз айлық есептік көрсеткішке балама сомадан аспайтын болса;

3) жеке адамдар Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізетін тауарларға Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген нормалар мен шарттар сақталатын болса;

4) бұл Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделсе, тауардың шығарылуы туралы сертификатты табыс ету талап етілмейді.

4. Тауардың шығарылуы туралы сертификаттың түпнұсқасы, тауарды кедендік ресімдеу алдын ала және уақытша декларациялау рәсімі бойынша жүргізілетін жағдайларды қоспағанда, кеден декларациясымен және кедендік ресімдеуді жүзеге асыруға қажетті басқа да құжаттармен бір мезгілде табыс етіледі. Сертификат жоғалған жағдайда оның ресми расталған көшірмесі қабылданады.

 2005.20.06 № 62-III ҚР  Заңымен  5  тармақ  өзгертілді   (бұр. ред. қара)

5. Тауарлардың  шығарылуын сертификатта көрсетілген мәліметтерді тауардың ілеспе құжаттарында бар мәліметтермен бірдейлендіргеннен кейін кеден органдары белгілейді. Тауардың жоғалуы, кем шығуы жағдайларын қоспағанда, оның  іс жүзінде жеткізіп берілген мөлшері мен сертификатта көрсетілген мөлшері арасындағы алшақтық бес проценттен аспауға тиіс. Бұл ретте тәуелсiз сараптама актісi (қорытындысы) мен кедендік тексеру актiсi тауардың жоғалуы, кем шығуы фактісін растайтын құжаттар болып табылады.  Өзге жағдайларда тауардың шығарылуы туралы сертификат қате ресімделген болып есептеледі.

6. Сертификаттың немесе ондағы мәліметтердің түпнұсқалығына қатысты күмән туындаған жағдайда кеден органы тауар шығарылған елдің сертификатты куәландырған, мемлекет уәкілеттік берген органына, сертификаттарды іріктеп тексеруді жүзеге асыруды қоса алғанда, қосымша не нақтылаушы мәліметтерді хабарлау жөнінде дәлелді өтінішпен шыға алады. Бұл орайда тауардың шығарылуын растайтын құжаттар табыс етілгенге дейін тауар сол елде шығарылған болып есептелмейді.

7. Кеден органдарында уәкілетті орган арқылы ресми түрде табыс етілген бланктер үлгілерінің, мөртаңбаларының, тұлғалар қойған қолдардың, сондай-ақ тауарлардың шығарылуы туралы сертификаттарды растауға және беруге уәкілетті ұйымдардың мекен-жайларының болуы тауарлардың шығарылуы туралы сертификаттарды кеден органдары қабылдауының шарттары болып табылады.

8. Егер тауардың шығарылуы туралы сертификатты табыс ету талап етілмесе, онда тауардың шығарылған елі тауардың шығарылуы туралы декларациямен расталады.

42-бап. Тауардың шығарылу себептері бойынша тауарды жіберуден бас тарту үшін негіздемелер

1. Егер тауардың шығарылған елі Қазақстан Республикасының заңдарына немесе Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес тауарлары Қазақстан Республикасына әкелуге жатпайтын ел болып табылатын жағдайда кеден органы тауарларды жіберуден бас тартады. Кеден органының бұл бас тартуы декларантқа жазбаша түрде табыс етіледі.

2. Тауардың шығарылуы туралы сертификатты немесе тауардың шығарылуы туралы декларацияны дұрыс ресімдемей табыс ету немесе оларды табыс етпеу, осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, оларды жіберуден бас тарту үшін негіздеме болмайды.

3. 2007 ж. 8 қаңтардағы  № 211-III  ҚР Заңымен алып тасталды  (бұр. ред. қара)

  2005.20.06 № 62-III ҚР  Заңымен   (бұр. ред. қара) ;  2007.08.01  № 211-III  ҚР Заңымен   (бұр. ред. қара) 4  тармақ  өзгертілді   

4. Осы баптың 2-тармағында аталған тауарларға қатысты кеден органы кедендік декларация тiркелген күннен бастап бір жыл өткенге дейін сол тауарлардың шығарылған елін растауды алған жағдайда артықшылық режимі немесе ең қолайлы режим қолданылады (қалпына келтіріледі).

 

43-бап. Тауарлардың шығарылған елін анықтауға қатысты

қосымша ережелер

1. Қазақстан Республикасының тарифтік артықшылықтары "тікелей тиеп жіберу" ережелері сақталған жағдайда беріледі. Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарда белгіленген жағдайларда, қатысушы елдер үшін тарифтік артықшылықтар беру шарты ретінде "тікелей сатып алу" ережелерінің орындалуы қажет.

2. Белгілі бір тауарлар транзит елдерінде болған жағдайда, соның ішінде бұл елдердің аумағында олар қоймаға уақытша қойылған немесе кедендік қоймаға қойылған кезінде кедендік бақылауда болған жағдайда, экономикалық, географиялық, техникалық немесе көліктік себептердің салдарынан тауарлар бір немесе бірнеше елдің аумағы арқылы өткізілетін реттерді қоспағанда, тауарды өзге мемлекеттің аумағы арқылы тасымалдамай (алып жүрмей), тауарды ол шығарылған елден Қазақстан Республикасына жеткізу "тікелей тиеп жіберу" деп ұғынылады.

3. Мынадай шарттар орындалған:

1) тауарлар өздері шығарылған елдің аумағынан көрмелер немесе жәрмеңкелер өткізілетін елдің аумағына жеткізілген және оларды өткізу кезінде кедендік бақылауда болған;

2) тауарлар оларды көрмеге немесе жәрмеңкеге жөнелткен кезден бастап көрсетуден басқа қандай да бір өзге мақсаттарға пайдаланылмаған;

3) табиғи тозу не тасымалдаудың (алып жүрудің) және сақтаудың қалыпты жағдайларындағы табиғи кему салдарынан болған тауарлардың жай-күйіндегі өзгерістер ескеріле отырып, тауарлар Қазақстан Республикасына олардың көрмеге немесе жәрмеңкеге қойылған күйінде жеткізілген жағдайда көрмелерде немесе жәрмеңкелерде сатып алынған тауарлар да "тікелей тиеп жіберу" ережелеріне жатады.

4. Қазақстандық тұлға мен Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шартқа қатысушы ел резидентінің арасындағы шарт негізінде тауарлардың Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілуі "тікелей сатып алу" ережелеріне жатады.

 

8-тарау. Сыртқы экономикалық қызметтің тауар

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]